- Қазақстандық қоғамды гуманизациялау жағдайында әлеуметтік педагогтің жұмыс жүйесі
Аты-жөні: Жонисов Ержан Мержанович - Аты-жөні: Жонисов Ержан Мержанович
- Туған күні, жылы: 24 .12.1990
- Білімі: жоғары
- М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ, тарих және құқық факультеті
- Мектеп атауы: Жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі
- Еңбек өтілі: 2 жыл, 3 ай
«Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай сападағы адам ету үшін педагог бар күшін, бар білімін жұмсап, шаршамай үйрете білуі керек» - «Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай сападағы адам ету үшін педагог бар күшін, бар білімін жұмсап, шаршамай үйрете білуі керек»
- Мағжан Жұмабаев
- Мақсаты : Жас ұрпаққа саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Барлық Қазақстандықтардың қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы, әлеуметтік қатынастар арқылы адамгершілігі мол, сонымен қатар, өндірістік нарықтық қатынастарды түсініп, кәсіби, қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістерді ұғу, келешек ұрпақтың мықты болуына септігін тигізу.
-
- Міндеті: Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту.
Кіріспе Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады. Осы тұрғыда әлеуметтік педагог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтай отырып, ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететін мынадай заңдарды басшылыққа алады: - Әлеуметтік педагог өз қызметінде гуманизация және демократизация қағидаларын жүзеге асыру мақсатында мынадай заңдарды басшылыққа алады: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - ҚР «Білім беру туралы заңы»; - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; - БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»; - ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»; - «ҚР баланың құқықтары туралы заңы»; - «Патронаттық тәрбие туралы ереже»; - «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»; - ҚР Еңбек кодексі; - ҚР Қылмыстық кодексі; - «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.
- Әлеуметтік педагог - Өз жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагог ұжымда позитивті микроахуал қалыптасуына, тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіруге басымдық бере отырып, әр баланың қабілеттілігін жүзеге асыруына, тұлғалық қызығушылығын қорғауына, бос уақытын ұйымдастыруына, әлеуметтік пайдалы әрекетке жұмылуына ықпал етеді, оқушылар мен мұғалімдердің арнайы мәселелерін зерттейді, оларды шешу шараларын қарастырады. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасымен үздіксіз байланыста болады. Ол балаларды ата-аналардың қатігездігінен, менмендігінен, баланы басынуы сияқты мәселелерге ерекше назар аударады, балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді; Әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату), адамдарға әсер ету арқылы іс-құжаттар номенклатурасын түзеді.
- Әлеуметтік педагогтің іс-құжаттар номенклатурасы
- Әлеуметтік педагогтің іс-қағаздары және нормативтік құқықтық актілер.
- Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы (лауазымдық міндеттері).
- Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі және әлеуметтік зерттеу жұмыстары.
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есепке алу журналы.
- Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың картотекасы.
- Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жеке іс-қағаздары
- Сыныптың әлеуметтік паспорты (куәлігі)
- Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар тізімі (жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары, мүгедек балалар және оралман оқушылар тізімі)
- Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
- Қиын балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.
- Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру.
- Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест, семинар-тренингтар т.б.)
- Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.
- Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері - рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір-салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды.
- Адамгершілік тәрбие отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық.
Әлеуметтік педагогтің оқушы отбасымен байланыс жасау кезіндегі есте сақтайтын негізгі шарттары - Отбасына ескертпей келмеу
- Отбасында 5-10 минуттан артық болмау
- Отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен тұрып бастамау, егер ата-аналар қобалжып өздері айтпаса, әдеппен ғана өзіңіз ұсыныңыз
- Әңгімені әкімшілік-әміршілдік сыңаймен жүргізуге болмайды
- Ата-ананы үйретпеңіз, тек кеңес беріңіз
- Негізінде әңгімені баланың көзінше оған да ата-анаға да өзіңізге де қолайсыз болмайтындай стилді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ
- Сонымен қатар ата-аналарға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған қағазбен бірге сол мәселеге қатысты жаднама жазып жіберу тиімді болмақ
- жанұялық қарым-қатынасты, материалдық жағдайын білу;
- Сыныптан тыс шараларға қатысу
- Әлеуметтік педагогтің ізденісі- шығармашылық жетістіктің кепілі
- Қортындылау
-
- Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
- «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
- Пайдаланған әдебиеттер: 1. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. Оқулық. - А., 2012,- 272б. 2. Мұханбетжанова Ә.М., Иргалиев А.С., Мұханбетчина А.Г. Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы. - Орал, 2013. - 75 бет. 3. Әлеуметтік педагогқа қажетті материалдар жинағы. Әлеуметтік педагогтарға арналған көмекші құрал. Ә.М.Мұханбетжанова. - Орал., 2007. 4. Мардахаев Л.В. Методика и технология работы социального педагога: Учеб. - метод. пособие. - М., 2003. 5. Мұханбетжанова Ә.М., Мұханбетчина А.Г., Ерниязов О.Н. Әлеуметтік педагог жұмысының әдістемесі. Оқу құралы. - Орал., 2008. - 120 б. 6. А.Құнанбаев шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1954.
- 7. Ш.Құдайбердиев шығармалары. - Алматы, 1988.
- 8. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары.
- 9. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі, ақылдық-көзі. - А., 1980
- 10. Әлеуметтік және өзін-өзі тану педагогика журналы. - №5., 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |