10
Зерттеу міндеттері. Зерттеу тақырыбының мақсатын іске асыруға
байланысты мынадай міндеттер белгіленді:
1. Болашақ тарих мұғалімдеріне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту
мүмкіндіктерін анықтау;
2. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих мұғалімдерін
даярлаудың теориялық негіздерін айқындау;
3. Болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлаудың педагогикалық шарттарын анықтау;
4. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих мұғалімдерін
даярлауға бағытталған оқыту мазмұнын әдістемелік тұрғыдан негіздеу;
5. Болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлау әдістемесінің тимділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерістен
ӛткізу және кәсіби пәндерді оқытуды жетілдіру мен оны тәрбие үдерісімен
ұштастыруға байланысты ұсыныстар енгізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары оқу орындарында болашақ тарих
мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға даярлау - олардың қоғам
сұранысына сай жеке тұлғасын және кәсіби іс-әрекетінде әдістемелік
дайындығын дамытады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: педагогика,
философия және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы
ілімдері; тұлға дамуы мен қалыптасуының жалпы диалектикалық, сана мен іс-
әрекет бірлігі, тарихилық пен шынайылық қағидалары; философиялық,
аксиологиялық және жүйелілік кӛзқарас теориясы; таным теориясы; рухани-
құндылықтар ілімі, «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын педагогикалық
үдеріске енгізу тұжырымдары, оқыту теориясы.
Зерттеу кӛздері: Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Білім туралы»
Заң, Бiлiм бepудi дaмытудың 2011-2020 жылдapғa apнaлғaн мeмлeкeттiк
бaғдapлaмacы, Отан тарихының мазмұнын қарастырған ғылыми зерттеулер мен
жазба ескерткіштер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық
идеясын негіздеуге қатысты сӛйлеген сӛздері мен Жолдаулары, Қазақстан
Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы (1994), Қазақстан
Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы (1995),
Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы
(1996), «Қазақстан – 2050» даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы 2016-
2019 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен тұжырымдамалары,
стандарттары (5В011400 - тарих мамандығына арналған), бағдарламалары мен
ресми мемлекеттік құжаттар; ғылыми-практикалық конференциялардың
материалдары, ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен озат педагогикалық
тәжірибелер.
Зерттеу әдістері: Жaлпы ғылымилық әдicтep (зepттeлiп oтыpғaн мәceлeгe
бaйлaныcты нормативтік құжaттарды зерделеу; тарихи, пcиxoлoгиялық-
пeдaгoгикaлық, ғылыми-әдicтeмeлiк әдeбиeттepгe тaлдaу жacaу); эмпиpикaлық
әдicтep (білім алушылaрдың oқу, ic-әpeкeттepiн пeдaгoгикaлық бaқылaу,
11
caуaлнaмa жүpгiзу, әңгiмeлecу); пeдaгoгикaлық экcпepимeнт, оқу-тәрбие
үдерісін үлгiлeу әдici; зepттeу дepeктepiн cтaтиcтикaлық ӛңдeу; экcпepимeнт
жұмыcтapының нәтижeлepiн мәлiмeттepiн caндық жaғынaн capaптaп,
қopытындылaу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Бірінші кезеңде (2013-2014 жж.) − зepттeу проблемасы бағытындағы
тарихи, пeдaгoгикaлық-пcиxoлoгиялық, ғылыми-әдicтeмeлiк әдeбиeттep мeн
нopмaтивтiк құжaттapғa тeopиялық тaлдaу жacaлды. Зepттeудің ғылыми
аппараты анықталды, құндылықтар және «Мәңгілік Ел» құндылықтары мен
оларды оқыту бойынша басылым кӛрген әдебиеттер, ғылыми мақалалар
зерделенді. Жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу
бағдарламаларына талдау берілді. Анықтау эксперименті жүзеге асырылды.
Екінші кезеңде (2014-2015 жж.) – зерттеу тақырыбы бойынша
материалдар жинау жалғасын тапты, болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік
Ел» құндылықтарын оқытуға даярлаудың әдістемелік жүйесі (оқыту мақсаты,
оқыту мазмұны, әдістері, оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары және
кешенді әдістемелік нұсқаулықтар) әзірленді, қалыптастыру эксперименті
басталып, аралық кесінділер алынды, алынған нәтижелер жүйеленді. Ғылыми
мақалалар даярланып, басылым кӛрді. Оқу құралдары бойынша материалдар
жиналды.
Ҥшінші кезеңде (2015-2016 жж.) – қалыптастыру экcпepимeнті жалғасын
тапты, зepттeу жұмыcының нәтижeлepi қopытындылaнып, жүйeгe кeлтipiлдi,
бақылау эксперименті жүзеге асты, алынған нәтижелер статистикалық
ӛңдеуден ӛтті, ғылыми-әдістемелік мақалалар жарияланды, диссертация талап
бойынша рәсімделді, әдебиеттер жүйеге келтірілді, ғылыми ұсыныстар
даярланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мыналармен айқындалады
1. Болашақ тарих мұғалімдеріне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту
және оны оқытуға ЖОО кәсіби базалық, әдістемелік пәндердің мүмкіндіктері
анықталды;
2. Мектептегі Қазақстан тарихы пәні мен оны оқытудағы педагогикалық
үдеріс мазмұны тұрғысынан «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ
тарих мұғалімдерін даярлаудың теориялық негіздері айқындалды;
3. ЖОО педагогикалық жүйе тұрғысынан және моделдеуді жүзеге асыру
бойынша болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлаудың педагогикалық шарттары анықталды;
4. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих мұғалімдерін
даярлау мазмұны педагогикалық іскерліктерді қалыптастыру тұрғысынан
негізделді;
5. Болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлау әдістемесінің тимділігі тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерістен
ӛткізілді.
Зерттеудің теориялық мәнділігі. Тарих сабақтарында оқушыларға
«Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша оқу материалдарын оқытуға
Достарыңызбен бөлісу: |