Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет6/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

 
14 
 
әдістемелік  тұрғыдан  негізделді  және  болашақ  тарих  мұғалімдерін  «Мәңгілік 
Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлау  әдістемесін  тәжірибелік-эксперименттен 
ӛткізу  барысы,  әдістемелік  пәндерді  оқытуды  жетілдіру  мен  оны  тәрбие 
үдерісімен ұштастыруға байланысты ұсыныстар мазмұндалды. 
Қорытындыда  теориялық  және  әдістемелік  жұмыстың  нәтижелеріне 
негізделген  тұжырымдар  мен  ғылыми  тұрғыда  негізделген  нақты  ұсыныстар 
берілді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
15 
 
1  «МӘҢГІЛІК  ЕЛ»  ҚҦНДЫЛЫҚТАРЫ  ЖӘНЕ  БОЛАШАҚ  ТАРИХ 
МҦҒАЛІМДЕРІН 
ДАЯРЛАУДЫҢ 
ТАРИХИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
1.1  Тарих  пәні  мҧғалімдерін  даярлаудың  тарихи-әдіснамалық 
мәселелері                                                                                                                                                                                         
Қaзaқcтaн Pecпубликacының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 
арнаған  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару 
жолында»  атты  Жолдауында  «XXI  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің 
тығырыққа  тірелері  анық»,  −  дей  отырып  [86,б.  84-85],  білім  беруді  әлемдік 
стандарт  деңгейіне  жеткізу  үшін  жаңа  сипаттағы  педагогикалық  мамандар 
қорын жасау қажеттілігін баса айтқаны баршаға мәлім. Мектепте, жоғары оқу 
орнында білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны іске асыратын 
басты  тұлға  мұғалім  болса,  бүгінгі  таңда    мұғалімдерге  қойылып  отырған 
талаптар ӛте жоғары. Елімізде жаңа экономика құру үшін барлық оқу орнында 
кәсіби құзыретті және бәсекеге қабілетті мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. 
Елбасының  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының 
басты  бағыты»  тақырыбындағы  Жолдауы  еліміздің  халқына,  оның  ішінде 
педагогтарға  ерекше  бағдар  бергені  белгілі.  Елбасы  мұнда  басымдық  берген 
бағыттардың  ішінде,  адам  капиталына  ерекше  назар  аударды,  оның  ішінде 
«Қазақстанда  адами  капиталдың  сапалы  ӛсуі,  ең  алдымен,  білім  беру  мен 
денсаулық  сақтауға  байланысты  екендігін  айта  келіп,  «Біріншіден,  оқыту 
үдерісіне  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу;  екіншіден, 
педагогтар  құрамының  сапасын  арттырудың  маңызы  зор;  ...  бесіншіден,  оқу 
жастарға  тек  білім  ғана  беріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оларды  әлеуметтік 
бейімделу  үдерісінде  пайдалана  білуге  де  үйренуі  тиіс;  алтыншыдан,  оқыту 
үдерісінің  тәрбиелік  құрамдасын  күшейту  қажет»  деп  маңызды  іс-шараларды 
атап  кӛрсетті  [87].  Аталған  мәселелер  білім  беруді  ұйымдастыруға,  болашақ 
педагогтарды даярлау сапасын арттыруға әдіснамалық бағдар береді. 
Білім  беру  жүйесі  құрылымына  сәйкес  елімізде  даярланып  жатқан  пән 
мұғалімдері  негізінен  екі  мәселеге  бағдар  алатыны  белгілі.  Оның  біріншісі, 
білім  беру  жүйесіндегі  (оның  ішінде  оқу  пәні  мазмұнындағы)  ӛзгерістерді 
қамтуы;  екіншісі,  елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  мен  қоғамдық 
ӛзгерістерді қамту мен оны жүзеге асыруға бағдарлануы.  
Қазіргі  кезде  еліміздің  экономикалық  және  әлеуметтік  мәдени  жағдайына 
сай,  қоғам  ӛмірінің  барлық  салаларында  ӛзін-ӛзі  жетілдіріп,  әлеуметтік 
мүмкіншілігін    дамытатын  білімді,  тарихи  білімі  терең,  барлық  іс-тәрбие 
әрекетінде  шығармашылық бағытты ұстанатын білікті  маман  тәрбиелеу  ӛзекті 
болып  отыр.  Демек  қоғам  дамуының  қазіргі  кезеңінде    жоғарғы  оқу 
орындарында оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білім 
мен  біліктерін  ӛмірдің  жаңа  жағдайында  пайдалана  білуге  үйрету  қажеттілігі 
туындайды. 
Кез  келген  пән  мұғалімдерін  даярлаудың  пайда  болуы  мен  даму  тарихы 
бар.  Солардың  бірі  немесе  бірегейі  тарих  пәні  мұғалімдерін  даярлау  тарихы. 


 
16 
 
Тарих пәні мұғалімдерін даярлау тарихы біріншіден КСРО кезеңіндегі болашақ 
пән  мұғалімдерін  даярлаумен  және  мектептік  оқу  пәнін  оқытумен  ӛзара 
байланысты.  Сол  себепті  де,  тарих  пәні  мұғалімдерін  даярлау  тарихын  ӛткен 
ғасырдың  басындағы  білім  берумен  байланысты  қарауға  болады.  Бұл  бағытта 
біздерге  педагогика  тарихы  бойынша  ғылыми  жұмыс  жазған  ғалымдардың 
(Сейталиев  К.Б.,  Жарықбаев  Қ.,  Қалиев  С.,  т.б.)  еңбектері  басшылыққа 
алынады. 
Үздіксіз 
педагогикалық 
білім 
жүйесінде 
рухани-адамгершілікті, 
рефлексияға  қабілетті  ақпараттық  коммуникативтік,  әлеуметтік  –  тұлғалық 
кәсіби  маңызды  сапалары қалыптасқан,  әдіснамалық,  зерттеушілік  әдістемелік 
деңгейі  жоғары  мұғалімдерін  қалыптастыру  қажеттілігін  туындатады.  Ӛйткені 
ӛзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытуға  педагогикалық  ақиқатқа  жаңашылдық 
тұрғысынан ӛзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, кәсіби мәнділігін  жүзеге асыра 
алатын  белгілі  бір  әлеуметтік  мәртебені  иеленген,  тарихты  жақсы  меңгерген 
мұғалім  ғана  қоғам  талап  етіп  отырған  біртұтас,  ашық,  дамыған  тұлғаны 
қалыптастыра алады.  
Қазақ  жеріндегі  білім  беру  жүйесі,  тарихы  кеңестік  кезеңнің  дамуымен 
ӛзара  байланысты.  Кеңестік  кезең  мектебін  құрудағы  негізгі  міндеттердің  бірі 
халық  ағарту  саласындағы  ескі  кадрларды  қайта  тәрбиелеп,  жаңа  кадрлар 
даярлау болды. 
Қазан  тӛңкерісінен  кейін  қазақ  жерінде  мектеп  пен  ағарту  саласында 
елеулі ӛзгерістер туындай бастады. Халықты қажытқан жаһандық және азамат 
соғыстарының  қиян-кескі,  зобалаң  зардаптарына  қарамастан  ӛлкедегі  мектеп 
саны  едәуір  ӛсе  түсті.  Сол  кездегі  ағарту  саясатындағы  басты  мәселенің  бірі 
жаңадан  ашылып  жатқан  ауыл-село  мектептерін  мұғалім  кадрларымен 
камтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты [29, б. 58]. 
Мұның біріншісі − бұрынғы патшалық Ресей кезіндегі ескі мұғалім кадрларын 
мектепке тарту, екінші жол − білімге құштар, сауатты жастарды қысқа мерзімді 
курстардан  ӛткізу,  үшіншісі  −  арнайы  педагогикалық  оқу  орындарын  кӛптеп 
ашу арқылы мұғалім даярлау. 
1917  ж.  Қазан  тӛңкерісіне  дейін  Қазақстанда  кәсіби  тарихшыларды 
даярлайтын жоғары оқу орны болмады. 1920 ж. қыркүйегінде Ташкентте қазақ 
жастары үшін даярлық бӛлімі бар Түркістан мемлекеттік университеті ашылды. 
Сонымен қатар, ұлттық интеллегенция кадрлары Мәскеуде орналасқан Шығыс 
еңбекшілеріне  арналған  коммунистік  университет  пен  басқа  да  жоғары  оқу 
орындарында даярланды. 
ХХ  ғ.  20-жылдары  Қазақстанда  алғашқы  жоғары  білімді  педагог-
мамандарды  даярлайтын  оқу  орындары  ашылғанға  дейін  педагогикалық 
кадрлар  Қазақстаннан  тыс  жерлерде  даярланып  келді.  Әсіресе,  қолӛнері  мен 
техникалық,  ауыл  шаруашылық  еңбегіне  баулитын  пән  мұғалімдері 
(инспекторлар).  Педагог  кадрларды  орталықтағы  жоғары  оқу  орындарында 
даярлау үдерісі одан кейінгі жылдары да жалғасты [48, с.115-116]. 
Елімізде де оңды ӛзгерістер орын алды. 1920 ж. қазанда Қазақ АССР-ның 
Оқу-ағарту халық комиссариаты құрылды. Оның тӛрағалығына А.Байтұрсынов 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау