Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет9/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70

 
21 
 
Республикамызда  халық  ағарту  комиссариатының  коллегиясы  аталған 
кемшіліктерді  жою  мақсатында  педагогикалық  білім  беру  жүйесіне  түбірлі 
ӛзгерістер енгізуді жүзеге асырды [94,т. 20]. 
Сондай-ақ,  ХХ  ғасырдың  30-жылдары  мұғалім  сӛзі  оқушыларға  тарихи 
білім  берудің  бірден-бір  кӛзі  болып  табылды.  Кӛрсетілген  кемшіліктерді  жою 
мақсатында білім беру жүйесіне тӛмендегідей түбірлі ӛзгерістер енгізуге шешім 
қабылданды: 
-  оқу  жұмысының  әдістерінің  белсенділігін  арттыру  бағытында 
педагогикалық үдерісті қайта құру; 
-  оқушылар  жұмысының  барлық  түрлерін,  оның  ішінде  қоғамға  пайдалы 
жұмысты педагогикалық мектептің оқу-тәрбие міндеттерімен үйлестіру. 
ХХ  ғасырдың  30-40-жылдары  мектептегі  тарихи  білімнің  қалыптасуы 
демократияны  қаталдықпен  жаныштады  және  Сталиндік  партия  тарихы 
тұжырымдамасына  орай  мектептегі  тарих  оқулықтарында  тарихи  шындық 
бұрмаланды.  Бұл  ӛз  кезегінде  болашақ  тарих  мұғалімдерін  даярлауға  ықпал 
етті.  Мектеп  тарих  курсы  мазмұнының  дұрыс  анықталмауы  мен  бұрмалануы 
болашақ  мамандарды  даярлауға  кері  әсерін  тигізді,  себебі,  болашақ  мамандар 
«мектепте нені оқытамын?» деген сұрақты дұрыс шешуге даярлық кӛрмеді. 
ХХ  ғасырдың  30-40-жылдары  аралығында  педагогикалық  мамандарды, 
оның ішінде тарихшы мұғалімдерді даярлауда тӛмендегідей кемшіліктер орын 
алды: 
-  1933  жылы  бекітілген  оқу  жоспарында  кӛппәнділіктің  орын  алуы  және 
арнаулы  мамандандыру  пәндеріне  сағат  санының  жеткіліксіздігі  мен 
студенттердің ӛзбетінше жұмыс жасауына қажетті уақыттың берілмеуі; 
-  педагогика  курсының  педагогикалық  үдеріс  заңдылықтарын  нақты  бала 
ӛмірімен, мектеп ӛмірімен байланысты болмауы. 
Сонымен қатар, оңды тәжірибелер болды, олар: 
-  1934  жылдың  ӛзінде  бірнеше  оқулықтар  қазақ  тіліне  аударылды,  пәндер 
бойынша терминологияны жасауда кӛптеген жұмыстар жүргізілді; 
-  1935  жылы  бекітілген  оқу  жоспарында  мамандық  бағыты  бойынша 
арнаулы  пәндерге  бӛлінген  сағат  сандарының  артуы,  кӛппәнділікті  азайтуы 
және  педагогикалық  институттардағы  жоғары  курс  студенттерінің  ӛз  бетінше 
істейтін жұмысына уақыт бюджеті арттырылды; 
-  психология  пәніне  бӛлінген  сағат  мӛлшерінің  кӛрсетілген  мерзім  ішінде 
40 сағаттан 80 сағатқа дейін артуы және 1938-1939 оқу жылынан бастап жалпы 
психология курсын студенттер ана тілінде оқи бастады. 
ХХ  ғасырдың  40-жылдарындағы  тарих  мұғалімдерінің  әдістемелік 
даярлығында  мұғалімнің  сабақты  түсіндіріп,  айтып  беруі  алдыңғы  орында 
болды.  Оқушылардың  ӛзбетінше  білім  алуына  жеткілікті  кӛңіл  бӛлінбеді. 
Оқулықтарда  фактілер  үстемдік  етті,  оқулықтарға  енген  күрделі  тарихи 
ұғымдардың мәні жеткілікті дәрежеде ашылмады. 
Қазақ  КСР  Халық  Ағарту  Комиссариатының  1940-шы  жылғы  мәліметіне 
сүйенсек, осы  жылы  Қазақстанның  тӛмендегідей жоғары оқу  орындарында: 1. 
Алматы  педагогикалық  (ҚазПИ);  2.  Алматы  мұғалімдер  (ҚазПИ  іргесінде);  3. 


 
22 
 
Орал  педагогикалық  және  мұғалімдер;  4.  Қызыл-Орданың  педагогикалық;  5. 
Семейдегі  педагогикалық  және  мұғалімдер;  6.  Шымкенттегі  мұғалімдер;  7. 
Петропавл мұғалімдер; 8. Қарағандының мұғалімдер; 9. Ақтӛбенің мұғалімдер; 
10.  Гурьевтің  мұғалімдер  институттарында  тарих  факультеттері  болған  [95,  л. 
70]. 
ХХ ғ. 30-40 жылдары Қазақстанда педагогикалық сала бойынша ашылған 
ЖОО-дағы  тарих  факультеттерінің  білімдік  бағыттары  негізінен  бір  мақсатты 
кӛздеген.  Ол  мақсат  –  педагогикалық  тәрбиеде  коммунистік  идеологияны 
алдыңғы  орынға  шығарып,  орыстық  шовинизмді  күшейту  болды  деген  [82,  б. 
213]  қорытынды  шығаруға  болады.  Қазақстанда  ЖОО  мамандар  даярлау 
тарихына  үңілсек,  ол  педагогикалық  оқу  орындарының  кӛптігімен 
ерекшеленеді.  Тарихи  білімнің  негізінде  кеңестік  идеологиялық  ұстындардың 
халық  санасында  орнығуы  дәл  осы  оқу  орындарының  жұмыс  бағыттарына 
байланысты болды да, олардың мӛлшері саясат арқылы ӛлшеніп, оған қатысты 
мәселенің бәрі коммунистік идеология шеңберінен аспағаны белгілі. 
Тарихты  оқытуды  түбегейлі  жетілдіру  үшін  тек  қана  жаңа  кітаптар  мен 
бағдарламалардың  щығарылуын  емес,  мұғалімдердің  дайындығының  және 
қайта  дайындығының  едәуір  жақсаруын  талап  етті.  Тарих пәнінің  мұғалімдері 
ӛздерін  қайта  даярлауға,  тек  қана  КСРО  тарихын  ғана  емес,  сонымен  қатар 
шетел тарихын оқып үйренуге мәжбүр болды. Ол кезде шын мәнінде халыққа 
білім беру кадрларының мамандығын кӛтеру институттары мен педагогикалық 
жоғарғы оқу орындарында жаңа тарих курстары ашылып жатты. Экономикалық 
және  тарихи  циклдары  бар  тарих-экономикалық  бӛлімдерінің  орнына 
педагогикалық жоғарғы оқу орындарында тәуелсіз тарих факультеттері құрыла 
бастады [82, б.211]. 
1941  ж.  22  маусымда  неміс-фашист  басқыншыларының  халқымыздың, 
бейбіт  ӛмірін  бұзып,  басқыншылық  шабуыл  жасауы,  бірқатар  ӛзгерістердің 
орын  алуына  алып  келді.  Олар:  білім  саласында  әйел  кісілер  санының  ӛсуі, 
оқушы балалар санының кӛшіп келгендер есебінен ӛсуі, т.б. Соғыс жылдарында 
КСРО құрамындағы ұлттардың тарихын насихаттау негізінде халықты жаппай 
күреске  жұмылдырып,  отансүйгіштік  сезімді  қалыптастыруға  байланысты 
біршама іс-шаралар ұйымдастырылғаны белгілі.  
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  С.М.Киров  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік 
университетінде тарих бӛлімі ашылды (1943 ж.). Сонымен қатар, 1944 жылдан 
бастап  қазақ  педагогикалық  институтында  құрылған  тарих  факультеті  де 
мамандар даярлай бастады [88, с. 71]. 
Тарих  мұғалімдерінің  даярлығын  жетілдіруде  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде 
шықпай  қалған  және  1946  жылдан  қайта  жарық  кӛре  бастаған  «Преподавания 
истории в школе» деп аталатын әдістемелік журналының ӛзіндік орны болды. 
Республикамыздағы  Ы.Алтынсарин  атындағы  педагогикалық  ғылыми-зерттеу 
институты  «Тарих,  КСРО  Конституциясы  және  география»  [96]  секторлары 
мектептерге  дидактикалық-әдістемелік  кӛмек  кӛрсете  білді.  КОКП  Орталық 
Комитеті  мен  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  1959  жылғы  8-қазанындағы 
«Мектепте тарихты оқытудағы кейбір ӛзгерістер туралы» қабылданған қаулыға 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау