6
КІРІСПЕ
Зерттеудің кӛкейкестілігі әлемдік қоғамдастықтың қазіргі даму кезеңі
әлемдік экономикалық интеграцияның тереңдеуімен, әлемнің әр түрлі
аймақтарының әлеуметтік және мәдени ӛзара байланыстарының кеңеюімен,
жаһандану мәселелерімен, әлеуметтік құрылыстың ӛзгеруімен, бұрын белгісіз
болған салаларда сапалы жаңа іс-әрекет түрлерінің пайда болуымен
сипатталады. Жастардың жаңа жағдайларға бейімделуі құндылықтарды қайта
бағалау, болмыстың жаңа сенімді тіректерін және ӛмір сүру бағдарларын іздеу
арқылы жүзеге асады. Бұл мәселені шешу білім берудегі нормативтік
құжаттарда кӛрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің
міндеттері ретінде: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау;
азаматтық пен патриотизмге, ӛз Отаны - Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген кӛріністерге
тӛзбеуге тәрбиелеу, т.б. атап кӛрсетілген [1]. Бұл міндеттерді шешу ӛз кезегінде
болашақ мамандарды бағдарлы даярлауға да байланысты.
Еліміздің дамуы және болашақта бағдар алуы үшін ұлттық идея
қалыптастырылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында «Біз ұлттың
тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек. ... Біз
болашаққа кӛз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп
«Мәңгілік Ел» идеясын тұжырымдап, ұсынды [2]. Қазіргі кезде уақыт сынынан
ӛткен қазақстандық жолдың тәжірибесі негізінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
идеясының жеті құндылығын айқындап берді, олар: Қазақстанның тәуелсіздігі
және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;
зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға
негізделген экономикалық ӛсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың,
мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және
бүкіләлемдік, ӛңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Бұл
құндылықтар қоғамның тірегіне айналуы үшін білім беру жүйесіне енгізіліп,
болашақ ұрпақ болмысына сіңірілуі тиіс.
Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты
Жолдауында: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп,
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел –
елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат кӛзі. Ол «Қазақстан 2050»
стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің ӛзі – Мәңгілік
Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы...» деп [3],
«Мәңгілік Ел» идеясының мәні мен мазмұнын және оның бастауы тым тереңде
жатқандығын атап кӛрсетті. Шындығында, қазақ тарихының мазмұнында осы