Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет5/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

 
12 
 
байланысты  алынған  тұжырымдар  мен  қорытындылар  тарих  пәнін  оқыту 
әдістемесін  теориялық  тұрғыдан  толықтырады,  сабақты  жетілдіруге 
байланысты 
ұсынған 
технологиялық 
карта 
тарих 
пәнін 
оқытуды 
технологияландыруды  дәйектейді.  Болашақ  тарих  мұғалімдерін  даярлау 
әдістемесінде белгіленген ұстанымдар «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға 
даярлауды  жетілдіруге  игі  әсер  етеді.  Зерттеудің  теориялық  нәтижелерін 
Қазақстан  тарихын  оқытуда  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  бойынша  оқытуды 
жетілдіруде және болашақ тарих мұғалімдерін даярлау үдерісінде пайдалануға 
болады. 
Зерттеу жҧмысының практикалық маңызы 
-  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  болашақ  тарих  мұғалімдерін 
даярлау бағдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды; 
-  Болашақ  тарих  мұғалімдеріне  арналған  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқытуға бағдарлы даярлау» атты оқу-әдістемелік құралы оқу үдерісіне енгізілді; 
-  «Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және түркілік ислам ӛркениетінің құндылықтары: 
Қара  бура  әулиенің  тағлымы  мен  ӛнегесі»  атты  халықаралық  ғылыми-
тәжірибелік конференция» ұйымдастырылды (2-3 маусым 2016 жыл, Түркістан 
қаласы). 
Зерттеу  нәтижелерін  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  тарих 
мұғалімдерін  кәсіби  дайындау  үдерісінде,  олардың  кәсіби  біліктілігін 
жетілдіруде,  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  жетілдіретін  институттарда 
қолдану пайдалы. 
Эксперименттік база ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық 
қазақ-түрік, 
М.Әуезов 
атындағы 
Оңтүстік 
Қазақстан 
мемлекеттік 
университеттері  мен  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық 
институтының  «5В011400-Тарих»  мамандығы  бойынша  білім  алушылары 
алынды. 
Қорғауға ҧсынылған негізгі тҧжырымдар 
1. Білім беру үдерісіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу – бұл ғылыми 
негізде  әлеуметтік-педагогикалық  іс-әрекетке  дайындықты  кӛрсететін 
педагогикалық  үдерісті  ұйымдастырудағы  үдеріс  және  нәтиже  болып 
табылады; 
2.  Болашақ  тарих  мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға 
даярлаудың  теориялық  негіздеріне  –  мектептегі  оқыту  үдерісі  мен  оқытуды 
технологияландыру  және  оны  жүзеге  асыратын  ЖОО  оқыту  үдерісін 
ұйымдастыруды  қамтитын  педагогикалық  жүйе  құраушылары  (мақсаты, 
міндеті,  мазмұны,  әдіс-тәсілдері,  формалары  (технологиясы),  құралдары, 
нәтижесі) алынады; 
3.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  болашақ  тарих  мұғалімдерін 
даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделін жүзеге асырудағы педагогикалық 
шарттар  –  ЖОО  аталған  даярлықты  жүзеге  асырудағы  педагогикалық  жүйе 
құраушыларын жүзеге асыратын жиынтық құрастырушылармен анықталады; 


 
13 
 
4.  Болашақ  тарих  мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға 
даярлау әдістемесі ЖОО оқу жұмыстарының түрлерімен және жүзеге асыратын 
педагогикалық іскерліктерді қалыптастырумен негізделеді; 
5.  Әзірленген  оқу-әдістемелік  құрал  болашақ  тарих  мұғалімдерін 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлауды  практикалық  тұрғыдан 
жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. 
Зерттеу  нәтижелерінің  дәлелдігі  мен  негізділігі  әдіснамалық  және 
теориялық  қағидалармен,  зерттеу  пәніне  сәйкес  әдістерді  қолданумен, 
эксперименттік 
жұмыс 
бағдарламасының 
педагогикалық 
мақсатқа 
сәйкестігімен,  ғылыми-теориялық  тұжырымдардың  практикада  алынған 
мәліметтермен  үйлесімділігі  және  олардың  тиімділігін  тәжірибе  жүзінде 
тексерумен, практикаға ендірумен талапқа сай қамтамасыз етіледі. 
Зерттеу  нәтижелерін  сынақтан  ӛткізу  және  ендіру  эксперимент 
барысында және халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық 
конференцияларда,  шетелдік,  республикалық  баспа  беттерінде,  жоғары  оқу 
орындарындағы  ғылыми-әдіснамалық  семинарларда,  ғылыми-әдістемелік 
мәжілістерде,  кафедра  отырыстарында  талқыланып  Оңтүстік  Қазақстандағы 
университеттер мен институттың оқу-тәрбие үдерісіне ендірілді. 
Зерттеу  жұмысының  басты  нәтижелері  17  еңбекте  кӛрініс  тапқан.  Оның 
ішінде  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Білім  және  ғылым  саласындағы 
бақылау  комитеті  ұсынған  5  ғылыми  басылымдарда,  Scopus  компаниясының 
ақпараттық  базасында  тіркелген  2  жарияланымда    және  9  халықаралық  (оның 
ішінде 3 шетелдік) ғылыми-практикалық конференция материалдарында және 1 
оқу-әдістемелік құралында. 
Диссертацияның  қҧрылымы.  Диссертация  нормативтік  сілтемелер, 
анықтамалар,  белгілеулер  мен  қысқартаулар,  кіріспе,  ІІІ  бӛлімнен  және 
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.  
«Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтары  және  болашақ  тарих  мҧғалімдерін 
даярлаудың  тарихи-әдіснамалық  мәселелері»  атты  бірінші  бӛлімде  − 
болашақ  тарих  мұғалімдерін  кәсіби  даярлаудың  тарихи  және  әдіснамалық 
мәселелері  және  ЖОО  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  кәсіби  пәндерде 
оқытудың мүмкіндіктері қарастырылды. 
«Болашақ  тарих  мҧғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтарын 
оқытуға  даярлаудың  ғылыми-педагогикалық  негіздері»  атты  екінші 
бӛлімде  болашақ  тарих  мұғалімдерінің  кәсіби  іс-әрекетінің  нысаны  болып 
табылатын  орта  мектепте  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  және  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарын  оқыту  мен  оны  жетілдіру  қамтылды;  болашақ  тарих 
мұғалімдерін 
«Мәңгілік 
Ел» 
құндылықтарын 
оқытуға 
даярлаудың 
құрылымдық-мазмұндық  моделі  әзірленді  және  оны  жүзеге  асырудың 
педагогикалық шарттары баяндалды. 
«Болашақ  тарих  мҧғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтарын 
оқытуға даярлау әдістемесі және тәжірибелік-педагогикалық жҧмыс» атты 
үшінші  бӛлімде  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  болашақ  тарих 
мұғалімдерін даярлауға бағытталған оқыту әдістері мен формалары, құралдары 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау