8-тақырып: Қ.Жұбанов және орфография мәселелері. Қ.Жұбанов және тарихи лексикология
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбанов және орфография мәселелері.
2. Қ.Жұбановтың шетелдік сөздерді өзгертпей, орыс тіліндегі жазу талаптарына сай алуды ұсынғаны.
3. Қ.Жұбанов және тарихи лексикология туралы.
4. Қ.Жұбанов сөздің қызметі, сөз мағынасын топтастыру туралы.
Дәріс тезисі
Қ.Жұбанов өз кезінде шетелдік сөздерді өзгертпей, орыс тіліндегі жазу талаптарына сай алуды ұсынғанын білеміз, сондықтан да қазақ жазуында ана тіліміздегі төл сөздерімізді бір бөлек, ал шетел сөздерін екінші бөлек заңдылықпен жазуға тура келгенін, яғни бір қазақ жазуында екі түрлі әліпби мен екі түрлі орфография қатар қолданылып келгенін айтпақпыз. Ғалымның мұндай ұстанымы жазу сауаттылығын қалыптастырудың алғашқы кезеңінде шетел сөздерін жазудағы қиындықты болдырмау, әр түрлі қолданыстардың алдын алу және шетел сөздерін дәл сол тұста қазақ тіліне бейімдеп жазу ісі де белгілі бір қиындықтарды туғызатынын болжай білген деп түсінеміз.
Қ.Жұбанов сөз мағынасын негізгі мағына, грамматикалық мағына деп бөледі. Сөздің атау ретіндегі мағынасын негіздік мағына дейміз. Мысалы, бас (голова) деген сөзді алсақ, оның зат есімдік, жекелік, атаулық (септеусіз мағынасында), тәуелсіздік, болымдылық мағыналары бар. Осындағы соңғы мағыналарды грамматикалық мағына дейміз. Бұндағы негізгі мағына – Ғ.Мұсабаевтың айтып отырған сөздің лексикалық мағынасы.
Ғ.Мұсабаевтың айтып отырған негізгі мағынасы қазіргі тіл білімінде айтылып жүрген сөздің архисемасы болып табылады. Ал тұрақты мағына сөздің дифференциалды мағынасы дегенге саяды. Нақты, тура мағына заттар мен құбылыстардың, олардың белгілерін, іс-әрекеттерін атап көрсететін мағыналарды жинақтайтын номинативтік мағынаны құрайды.
Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта топтастырылып келеді. 50-жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыда топтастыру орын алды. Семантикалық топтастыру – ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделген болатын. Мысалы, мәдени, шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атаулар, адамға байланысты сөздер т.б. Бұл топтастыруға Ғ.Мұсабаев келісе қоймайды: «Бұлайша топтастыру арқылы тілдегі барлық сөздерді қамтуға болмайды, сөз мағынасын топтастыруда қолайсыздығына қарамастан, оның бірқатар түркологиялық еңбектерде орын алғанын көреміз», – дейді.
Сөз мағынасын сөздердің жүйедегі орны арқылы анықтау қазіргі структурализм өкілдері арасында кең таралған. Тілдің жүйелі құбылыс екендігін көпшілік ғалымдар мойындайды.
Әдебиеттер:
1.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2.Сыздық Р. Ғалым-азамат (профессор Құдайберген Жұбанов туралы) –Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.–68 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
Өткізу форматы: дәріс сабағында топтық жұмыс жасалады, топқа тапсырма беріліп, постер қорғалады, балық қаңқасы арқылы қорытынды жасалады
Достарыңызбен бөлісу: |