7-тақырып: Қ.Жұбанов және стилистика, тіл мәдениеті жайы. Қ.Жұбанов және латын негізді әліпби туралы.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбанов және стилистика, тіл мәдениеті жайы
2. Қ.Жұбановтың ірі публицистикалық еңбектері.
3. Қ.Жұбанов және латын негізді әліпби туралы.
4. Қ.Жұбановтың құрастырған латын графикасына негізделген әліпбиі.
Дәріс тезисі
Қазақ тіл білімінде стилистикаға қарасты мәселелердің зерттелуі Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады. Қ.Жұбановтың Абай поэтикасының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да еңбектері бұл саладағы алғашқы қарлығаштар болды. Қазақ тілтаным ілімінің теориялық негізін қалаушы профессор Қ.Жұбановтың ірі публицистикалық еңбектерінің бізге жетіп отырғандары: «Абай−қазақ әдебиетінің классигі», «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі», «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жөнінен».
Қ.Жұбановтың «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» атты мақаласында өрілетін сөз саптаулары мен өзіндік ерекшеліктерін саралай отырып, төмендегідей сөз тіркестерін көреміз: Жебір тап – қанаушы тап, эксплуататор шындығында жебір тап билеген қоғамда мәдениетті елдің мәдениеттілігінен өзге елдің көретін зияны көп... түске кірмеу – саяси- әлеуметтік тұрғыдан танылмау беймәлімдік «... бір елдің кейін қалуына «өзі айыппты емес те болады екен» деп бұрын түске де кірмейтін еді, қоңсы қону – шендесу, қатар түзеу. әңгіме жоғары мәдениет пен төменгі мәдниеттің қонсы қонуында ғана емес, тап қатынастарының конкрет жағдайында екендігіне көзі жетіп, сол конкрет жағғдайларды талдап барып, классиктер осы пікірге келген, қазанның күйесінше жұғу - мәдени ауыс-түйістердің сипаты. Мәдениет қазанның күйесінше жұғатын нәрсе емес. Арқандала бастау – басыбайлылыққа көшу. Қазақтың жері кесіліп, көш жолы үзіліп, ру, әр ауыл, әр үй жерге арқандала басталды. Мәдениет бірлігін сөгу – рухани ыдырау . Әр жердегі қазақ әртүрлі жағдайда жасап, мәдениет бірлігін сөгуге айналды. Үйітіп жеу – басып алу. Өйткені бір елді бір ел үйітіп жейтін бұрынғы заңның орнына, жаңа заң тудырған жаңа дүние пайда болды. Нәмәлтай әдебиет – жартымсыз, болмашы... нәмәлтай әдебиеті қазақ тілінің бұл ауруына ем қарай алмады. Тоғыта бастау – варваризмге жол беру, тіл тазалығын сақтау. Араб-парсы сөздерінен арашаламақ болып бастап тұрып, ақырында сол араб-парсы сөздерін олардың өздері тоғыта бастады. Бұл келтірілген мысалдардан көретініміз – профессор Қ.Жұбанов қазақтың халықтық тіліндегі небір шұрайлы қолданыстарға әлеуметтік – саяси астар беріп, оларды ғылыми- публицистикалық айналымға енгізген.
Кейіннен 1933 жылдан бастап осы әліпбиді, емлені жетілдіру жұмыстарына Қ.Жұбанов та белсене араласты. Оның қазақ әліпбиі құрамына ұсынған әріптері: Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Gg, Hh, Ii, Kk, Ll, Mm, Nn, Ŋ ŋ, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss , Tt , Uu, Yy, Xx, Zz, Z′z′, Ь ь, апостроф, барлығы 25 әріп және бір жіңішкерту белгісі. Ол қазақ әліпбиі мен емлесі туралы өзінің жасаған алғашқы жобасында «дәйекше» қолдануды ұсынып, соның нәтижесінде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіндегі 34 әріпті 25 әріпке дейін азайтуға болатынын көрсетті. Ғалымның бұл ұсынысынан кезінде А.Байтұрсыновтың да «дәйекше» қызметін пайдаланғанын бағалай білгені деп түсінеміз. Қ.Жұбанов латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіндегі 13 әріпті (17 таңба) төменде көрсетілгендей етіп, 7 таңбаға дейін қысқартады: «а»-(а, ә), «о»-(о, ө), «e»-(е), «u»-(ұ, ү), «ь»-(ы, і), «y»-(ұу/үу), «i»-(ый/ій) ;
Әдебиеттер:
1.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2.Сыздық Р. Ғалым-азамат (профессор Құдайберген Жұбанов туралы) –Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.–68 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
Өткізу форматы: дәріс сабағында топтық жұмыс жасалады, топқа тапсырма беріліп, постер қорғалады, балық қаңқасы арқылы қорытынды жасалады
Достарыңызбен бөлісу: |