Әдебиеттер:
1. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2. Жұбанова М.Қ. Ұлттық дидактика мен тәрбие тағылымы мәселелері. /Жұбанов зерттеулері негізінде / - Алматы : Арыс, 2016. - 240 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
6-тақырып: Қ.Жұбанов және қазақ әдеби тілі. Қ.Жұбанов – полиглот ғалым.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбанов және қазақ әдеби тілі туралы.
2. Қ.Жұбановтың «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» атты мақаласы.
3. Қ.Жұбанов – полиглот ғалым.
4. Қ.Жұбанов бірнеше шығыс тілдерін меңгерген
Дәріс тезисі
Қ.Жұбанов 1935 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» атты мақаласын жариялады. Бұл мақалада, профессор Жұбанов қазақ тілінің тұтастығын, біркелкілігін, сөз еткенде, тіліміздің бұл қасиеті қазақ халқының ішкі−сыртқы жағдайларымен байланысты ертерек, яғни ХІV-XVIII ғасыр аралығында қалыптасқанын айтады. Тілдегі мұндай тұтастық, бір өңділік тұрмыста ұзаққа созылған тығыз қатынас болғандығын көрсетеді. Ондай тығыз қатынас болмаса, өзі көп, неше түрлі елден құралған бір халықтың тілі мұншама бірікпеген болар еді»−дейді. Қазақ елінің басын біріктіріп, 500 жылдай ыдыратпай ұстаған негізгі факторларға ғалым төмендегілерді жатқызады:
1. Шаруашылығы бірыңғай /мал шаруасы/ жерлес елдің шеттегі жаудан мал басын бірігіп қорғауы еді;
2. Көшпелі мал шаруашылығы және жер мүлкінің ортақтығы адамды бір орынға арқандамай, бір−бірімен араласуына, Ертістен көшіп, Сыр құлауына, Шудан көшіп Жайық келуіне толық мүмкіндік беретін еді;
3. Бір ру мен екінші рудың қонысқа, басқаға таласып үздіксіз жауласып, әр жауласудың нәтижесінде үздіксіз араласып, жарасып тұратын еді.
Құдайберген Жұбанов – полиглот ғалым. Ол түркі тілдерін былай қойғанда, шығыс тілдерін, ағылшын, неміс, француз, орыс және басқа славян тілдерін біліп, жапон, қытай, монғол тілдері деректерін де өз еңбектерінде тиімді қолданған. Сондықтан көп тіл білуі қазақ тілінің ерекшелігін жалпы тіл білімі деректерімен салыстыра зерттеуге көмегі тиген. Ол жалпы тіл білімі, славян тіл білімі, шығыс тіл білімі, түркі тілдері теориясын өте терең білгендігін өзінің зерттеу еңбектерінде анық байқатады. Сонымен бірге, ғалым өз кезіндегі тіл білімінің зерттеу тәсілдерін жете меңгеріп, тарихи-салыстырмалы тәсілді қолдану үлгісін көрсетті. Бұған қоса Қ.Жұбановтың зерттеуге, ізденуге деген қабілетін, орасан зор талантын қоссақ, ғалымның ғылыми еңбектерінің әлі күнге дейін теориялық маңызы мен мәнін жоймағанын түсінуге болады. Ал ол кісі сол уақытта 18 тіл біліп, әрі ғылымда неге үңіліп, нені зерттеу керек екенін айқын аңғара білген. Жапон тілін білгендіктен, оны жапондардың тыңшысы деп те айыптаған. «Жапон тілін не себепті үйрендің»,— дегенде: «Қытай тілін үйренгім келген. Жапон тілін жетік меңгерген адам қытай тілін тез үйренеді. Ал Қытайда біздің қаншама мұрамыз жатыр», — деген екен. Сол кездің өзінде Құдайберген Жұбанов Еуропаны бір бөлек, Азияны бір бөлек алып қараған.
Қ. Жұбанов бала кезінен көп тіл білуге ұмтылған. Ол әдебиетке қызығып, көптеген араб-парсы әдебиетін, атап айтқанда, Фирдоусидің «Шaxнaмасының», Сағдидің «Гүлістанының», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүнінің» және т.б. классикалық туындылардың түпнұсқасын оқып, шығыс тілдерін осы арқылы терең меңгеруге талаптанған.
Әдебиеттер:
1. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2. Жұбанова М.Қ. Ұлттық дидактика мен тәрбие тағылымы мәселелері. /Жұбанов зерттеулері негізінде / - Алматы: Арыс, 2016. - 240 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
4.Жазықова М. Қ.Жұбановтың әдістемелік мұрасы және лингводидактиканың өзекті мәселелері. Монография. – Ақтөбе: Ақтөбе МПИ баспасы, 2013.-126 б.
Достарыңызбен бөлісу: |