Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды



жүктеу 112,5 Kb.
бет15/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

Әдебиеттер:
1.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2.Сыздық Р. Ғалым-азамат (профессор Құдайберген Жұбанов туралы) –Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.–68 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
4.Жазықова М. Қ.Жұбановтың әдістемелік мұрасы және лингводидактиканың өзекті мәселелері. Монография. – Ақтөбе: Ақтөбе МПИ баспасы, 2013.-126 б.
11-тақырып: Қ.Жұбановтың «Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы» мақаласы. Қ. Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» мақаласы.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбановтың «Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы» мақаласы.
2. Қ.Жұбановтың күй жанры туралы ойлары.
3. Қ. Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» мақаласы.
4. Қ.Жұбановтың «Абай – классик ақын» деген тезис ұсынуы.
Дәріс тезисі
Қ.Жұбанов «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы» зерттеуінде күй жанрының шығу тегін қарастыра отырып, «Ақсақ құлан», «Аққу күйі», «Қасқырдың ұлығаны» атты күйлерге түсінік беріп өтеді. Бәрімізге белгілі жайт, бұл күйлердің шығу тарихын баян ететін ел ішінде жақсы аңыздар да сақталған. Бұл аңыздарды жанры жағынан «күй аңыздарына» жатқызамыз.
Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов Әбдіқадыр Мұрағидың кітабындағы көк, ыр, дола сөздерінің қазақша айтылымы: көк - күй, ыр – жыр, дола – толғау деп түсіндіреді. Күй бір басқа, жыр мен толғау бір басқа, соңғы екеуі дауыспен айтылатын музыка екендігін Мұрағи атап көрсеткен дей келіп, қазақ халқының қадым заман кезінде де күйі болғандығын айғақтаушы Әбдіқадыр еңбегіне «көне тарихтың көзіндей» ерекше мән береді.
Құдайберген Жұбанов 1934 ж. жазған «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» деген еңбегін жазды.

1.

Абай шағатай әдебиетінің үлгісімен өлең жазып та көрген, бірақ ішінде қалмай, сыртына шығып, соны жол іздеген.

2.

Абай қазақтың халық әдебиетінің айдын жолымен жүріп кетуге шамасы келе тұра, оны өзіне баянды жол деп есептемеген, онан да шетке шыққан.

3.

Абай жер жүзінің классик әдебиетінің үлгісін таңдап ұстап, қазақ әдебиетін Байрон, Шиллер, Гете, Пушкин, Лермонтов, Толстой ізімен батысқа жетелеген.

4.

Әдебиет арнасын басқа жаққа бұрумен байланысты өлеңнің мазмұндылығы, көркемділігі, бояуы өзгеру керек деп табады. Бұл үшін:




  1. Өлеңдегі «басы артық» сөздерді шығарып, өлең сөзінің мәнділігін арттырады;

  2. Көлденең суреттерді шағындап, қиындап, олардан жаңа бейне құрастырылады, бұрынғы мақал-мәтел, халық сенімі секілділердің қатып, құрысып қалған суреттерін жанды жүрдек кейіпке айналдырады;




  1. Қазақ өлеңін түр жағынан байытып, жаңа өлшеулер, жаңа ұйқасымдар, жаңа ритмдер туғызады;




  1. Әдебиет тіліндегі шығыс үлгісінен келіп жүрген араб-парсы сөздерін де қуып, әдебиет тілін тазартып, қазақ тілінің бар байлығын іске асыруға жол ашып, жазба әдебиет тіліміздің іргесін қалайды;




  1. Көркем шығармаларды өзі де шығарып, ірі ақындардан аударып, әдеби аударманың, жаңа заман әдебиетіндегі бірқатар белгілі жанрлардың үлгісін іспен береді.

5.

Мақалдардың жарамсызы көп екенін ашып көрсетіп, өзі де бірнеше мақал шығарады.

6.

Қазақ музыкасына да жаңалық ендірудің талабын істейді.

Сонымен қатар, зерттеуде айтылмаған Абайдың соны жаңалығы – қазақ әдебиетіне сегіз тармақты өлеңді алып келуі(«Сегіз аяқ»). Құдайберген Жұбановтың аталмыш еңбегінің құндылығы – Абайдың шын мәнінде ұлы классик екендігін дәлелдегені. Ақынның әр жанрда халық әдебиетіне қосқан үлесін түгел қамтып, санамалап жеткізуі. Абайдың сыншыл ақын екенін, сол сыншылдығының арқасында әдебиетімізді біраз биіктеткенін айқын көрсетеді.

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау