«Аєылшын филологиясы» мамандыєына арналєан



жүктеу 285,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі285,5 Kb.
#22886

ПОӘК 042-18/28. 1.038. /03.2013


________ 2013 ж.

№ 2 басылым



56 беттің -шісі



Барлық мамандықтарға арналған

«Кәсіби қазақ тілі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2014
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Практикалық сабақтар

3 Семинар сабақтары

4 Курс жұмысы және диплом жобасы (жұмысы)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
Лексикология – тілдің лексикасын және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

Семасиология – тілдегі сөздерге мағыналарды зерттейтін сала.

Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.

Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерртейтін сала.

Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншіл аттарын қарастыратын сала.

Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

Термин сөз – ғылымның, техниканың, спорттың белгілі бір салаларына жататын сөз.

Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналасатындарға ғана

Ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді.

Терминдер – ғылым мен техникалық, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі.

Публицистикалық стильге радио – теледидарлар, газет –журналдар тілі жатады. Мұнда қоғамдық саяси мәселе қарастырылады.

Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.

Көркем әдебиет стилінің белгілері жазушы әр сөзді саралап, стильдік мақсатта қолданады.

Фразеологиялық тіркес – құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары

Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ерекшеліктері.

Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым – қатынасын зерттейді



2 Тәжірибелік сабақтар
Тәжірибелік сабақ №1

Тақырыбы:Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны

Жоспар/План:



  1. Курс бойынша қысқаша түсінік, мақсаты, негізгі тапсырмалар.

  2. Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары.

1. Кәсіби мәтінмен жұмыс істеу.

А) Тіл және оның мақсат-міндеттері.

В) Тіл, сөйлеу, кәсіби терминдер, мамандық тілі, мәтін, әдеби тіл нормасы.

Тіл – ұлттың жаны

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы- тіл.

Тілдің қоғамдағы басты міндеті адамдар арсындағы қатынас құралы болу.

Тіл- ойдың айнасы.

Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдени төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

Әдеби тіл – жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік – жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ түсінікті.

Ғылым тілі – ғылым негізінде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы.

Мәтін – адам, қоғам, табиғат жөнінде ақиқат ақпарат береді, шындықты баяндайды.

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы, яғни коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл тазалығы – сөз мәдениеті жалпы ұлт мәдениетінің айнасы іспетті.

Сондықтан адамдар сөйлеуге аса жауапкершілікпен қараулары керек.
Бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіби қазақ тілінің қоғамдағы басты міндеті.

  2. Тіл, әдеби тіл, ғылыми тіл.

  3. Тіл мәденеиеті, тіл тазалығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

Практикалық сабақ № 2

Тақырыбы: Кәсіби қазақ тілінің негіздері. Кәсіби мәтін.

Сабақтың мазмұны: Тіл теориясындағы тілдік жүйе. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Қазақстандағы техникалық терминологияның дамуы.

Бұл жерде 1920-1930ж. «Термин» атауы бірдей «шет сөздер», кейде «пән сөздер», кейде «жат сөздер» немесе «терминдер» болып әр түрлі қолданғаның ескеру қажет.

Алғашқы қазақ сөздіктері:


  1. Орынборда 1906ж. «Орысша-қазақша қысқаша сөздік».

  2. Орынборда 1923ж. Е. Омаровтың редакциясымен басылған «Физика пән сөздері».

  3. Мәскеуде 1925ж. Қ. Кемеңгерұлының редакциясымен «Қазақша – орысша тілмаш».

  4. Қызылорда 1926ж. Н. Қаратышқановтың редакциясымен «пән сөздер».

  5. 1931 ж. «Атаулар сөздігі».

  6. 1931-1935ж. «Терминологиялық сөздік».

  7. 1935ж. Қызылорда «Қазақ тілінің термин-і»

1940-1990ж.аралығында 150-ден астам терминологиялық сөздіктер шығыпты. Ал, 1991-2003ж. Кезінде тағы 100-ден астам сөздік шықты.

  1. А.Ысқақовтың басшылығымен шыққан оң томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» (1874-1986жж.)

  2. Ак. І.Кенесбаевтың «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977ж.)

  3. «орысша- қазақша сөздік» (1954,1978,2003жж.)

  4. «Қазақ тілінің сөздігі» (1999ж.)



Қазақ тілі теориясы. Тіл білімнің жүйеленуі.

  1. Фонетика

  2. Лексика (полисемия, ауыспалы мағыналы сөздер, омоним, синоним, антоним, архаизм, көнерген сөз, кәсіби сөздер, терминдер, историзм, семасиология, этимология )

  3. Морфология

  4. Синтаксис

Лексика (грек: «сөздік қор») мына тақырыптарды зерттейді:

  1. Жалпы қолданыстағы сөздер;

  2. Қолдану аясы шектеулі сөздер;

  3. Көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер.

Лексикология – тілдің лексикасын және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

Семасиология – тілдегі сөздерге мағыналарды зерттейтін сала.

Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.

Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерртейтін сала.

Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншіл аттарын қарастыратын сала.

Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

Термин сөз – ғылымның, техниканың, спорттың белгілі бір салаларына жататын сөз.

Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналасатындарға ғана түсінікті сөз.


Бақылау сұрақтары:

1. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы.

2. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері.

3. Тіл білімінің жүйеленуі.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы».

7.Тұрсынова. Кәсіби қазақ тілі. - Алматы, 2013.


Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Семасиология туралы түсінік

Кәсіби мәтін.

Сабақтың мазмұны: Семасиология және оның ерекшеліктері. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кеңеюі.

Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logos сөз - ілім) - заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика.

Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.

Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:



  • Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект - предикат", "субъект - объект", "жанды - жансыз", "белгілі - белгісіз", "іс-әрекет-жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.

  • Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.

Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде әр түрде сипатталады.

  1. Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.

  2. Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.

Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген сондами бастады. Бұл еңбектерде Семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі - онда мәдениетке кен эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл Семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды. Семантиканың салыстырмалы-тарихи деп аталатын 2-кезеніңде ол "семасиология" деген атпен тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Бұл кезенде нақты тарихи салыстырмалы зерттеу принциптері негізінде Семантиканың тарихи зандылықтары қалыптаса бастады, салыстырмалы-тарихи көзқарас этимологиялық зерттеулерде айқын көрінді. (Э. Бенвенист, В. И. Абаев, Э. В. Севортянт. Семантиканың 3-кезені 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталады. Оған тән сипат - Семантиканың логика мен философияға жақындасып, синтаксиске бағыт алуы. Сол себепті бұл кезенді синтаксистік-семантикалық немесе логикалық-семантикалық кезен деп атауға болады. Оған тән негізгі теориялык тұжырымдар:

  1. Шындық өмір заттардың жиынтығынан емес, онда болатын окиғалар мен фактілердің жиынтығынан тұрады деп қарау. Соған байланысты Семантиканың негізгі бөлігі заттардың атын білдіретін сөз емес, фактілер туралы айтылатын сейлем болып табылады деп қарау;

  2. Тілдегі кейбір сөздер тілден тыс болмыспен тікелей байланысты, олар заттарды білдіретін терминдер арқылы анықталады деп қарау;

  3. Баска мағыналарға негіз болатын бастапқы мағынаны сипаттау Семантиканың басты міндеті деп есептеу. Бұл сияқты пікірлер тілге жалпы методологиялық көзқарастан туган.

20 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Кеңес тіл білімінде дистрибуциялық талдау сынға ұшырап, Семантикалық құбылыстар жан-жақты зерттеле бастады. Сөздің болмыстағы және тілден тыс байланыстары зерттеліп, Семантиканың шындық өмірдегі көріністерін ашуға мән берілді. Мұның өзінде негізгі бағыт абстракты немесе жекелеген сөйлемдерді емес, тілдің прагматикасын ескере отырып, сөйлеу кезіндегі, диалогтегі, мәтіндегі нақты сейлемді талдауға арналды.
Бақылау сұрақтары:

1.Семасиология және оның ерекшеліктері.

2.Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кеңеюі.
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

Тәжірибелік сабақ №4

Тақырып: Стиль нормалары туралы түсінік.

Жоспар:


1.Кәсіби стиль нормалары

2.Кәсіби сөздер мен терминдер туралы түсінік

3.Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы рөлі (мәтімен жұмыс)

Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай ресми құжаттар және іс қағаздар стилі, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль болып бөлінеді.

1.Ресми құжаттар стилі.

Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми құжаттардың тілімен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.

2.Ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді.

Басты ерекшелігі- логикалық жүйелі ой қорытындысы.

Түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми оқулық шағын стиль, ғылыми – көпшілік шағын стиль.

Мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық.

Басты лексикалық ерекшелігі – терминдер;

3.Терминдер – ғылым мен техникалық, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі.

4.Публицистикалық стильге радио – теледидарлар, газет –журналдар тілі жатады. Мұнда қоғамдық саяси мәселе қарастырылады.

Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.

5.Көркем әдебиет стилінің белгілері жазушы әр сөзді саралап, стильдік мақсатта қолданады.

Стильдік ұстамына қарай сөздер бірнеше топқа жіктеледі:



  • Кәсіби лексика

  • Ресми лексика

  • Кітаби лексика

  • Сөз сөйлеу лексикасы

  • Жалпылама лексика

  • Архаизмдер мен тарихизмдер

  • Неологизмдер

  • Бейнелегіш сөздер

6.Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолдану өрісі шектеулі сөздер.

ІІ. Тапсырмалар: Мақал – мәтелдер



  1. Не ексең - соны орасың

Что посеешь, то и пожнешь.

  1. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсың.

Не имей сто рублей, а имей сто друзей.

  1. Көз-қорқақ, қол батыр.

Глаза бояться, руки делают.

  1. Семь раз отмерь, один раз отрежь

Жеті рет өлшеп, бер рет кес.

1 - тапсырма

Фармакология, какаин, ұйықтататын, жансыздандыратын дәрі, синтез, антибиотиктер, витаминдер, гормоналдық ферментті препараттар, дәрілік өсімдіктер, антисептикалық, ұнтақ, таблетка, микстура, тұндырма, ерітінді, паста

3-тапсырма

Антибиотиктер – бисептол, цефозолин, ампицелин, зитмак, пеницилин, лицетин, метрандазол, сицилин, тинтдазол, цефомандол.

Жөтелді басатын:

Таблетки от кашля – декстрометорфан, амбробене, доктор мом, корни Солодки, гвайфенезин, мукалтин, бромгексин, лазолван, бронхолитин.

Ауруды басатын – Но-шпа, Найз, анальгин, диклофенок, метадон, суфентанил, бупринорфин.

4- тапсырма

Фармокология дамыды

Дәрілер шығару

Дәріханаларды сақтау

Аурудан сақтандыру

Тірі ағзадан жасау

Ғайн ебектерінде жасалған.
Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіби стиль нормалары

2. Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы рөлі.
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.


Тәжірибелік сабақ №5

Тақырып: Фразеология.

Фразеология (грек.- сөйлемше, - ұғым)

1.Тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы.

2.Бір тілдегі тұтас фразеологиялық қор.



Фразеологиялық тіркес – құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары.

  • Тұрақты тіркес – сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздермен мүлдем басқа мағына беретін тіркес.

  • Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.

Мысалы:

Ит өлген жер – алыс

Тайға таңба басқандай – анық

Тілді үйіреді – тәтті

Көз шырымын алу – ұйықтау.

* * * * * * *

Мал шаруашылығымен байланысты тұрақты тіркестер.

Қой аузынан шөп алмас – момын,жуас

Ат ойнатты – басынды

Ат арылту – әуре болу

Ат ізін салмау – хабарласпау

Ат - тонын ала қашу – басын алып қашу

Ереуіл атқа ер салу – елін қорғауға аттану

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық заман орнау

Қойға шапқан қасқырдай – тас – талқан ету

Тойған қозыдай - жуас

Түйенің тұяғы түсетін жер – өте алыс жер

Түйенің танитыны жапырақ – білетіні бір -ақ нәрсе


Бақылау сұрақтары:

1.Фразеология ғылымы және тұрақты тіркестер.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.


Тәжірибелік сабақ №6

Тақырып: Сөйлеу. Сөйлеу нормалары, тілдік амалдар, тіл мәдениеті

Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп айтады.



Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ерекшеліктері.

Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым – қатынасын зерттейді.

Тіл мәдениетінің басқа тіл салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдануын, жазу, сөйлеу мәдениетінің жақсы қарым – қатынаста болу.



Тіл мәдениеті. Тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

  1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы)

  2. Этика- сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері)

  3. Коммуникативті норма -(сөйлеу қарым-қатнасының тиімділік қағидалары)

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделген.

Сөз дәлділігі-сөздің реальді шындықтағы заттармен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі.

Сөздің тазалығы-сөйлеушінің және жазушының әдеби тіл- нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Сөздің мәнерлігі-сөйлеушінің және жазушының тыңдарманын және оқырманы қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті.

Сөздің байлығы-әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін пайдалана білуі.

Сөздің қисындылығы- жеке сөздің ,сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолдануын айтады.



Тренинг

Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлемді дұрыс құра.



  1. Зерттейді, технологиясы, дәрі –дәрмек, өнімдерін, химиялық, органикалық, мұнай, заттардың (Органикалық заттардың химиялық технологиясы дәрі –дәрмек , мұнай өнімдерін зерттейді)

  2. Көмірсутектер, болатын, мұнай,қовпасы, сұйықтық , жанатын, майлы.( Мұнай-көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық)

  3. Деп, 1808, швед, жылы,Я. Берцемус, ғалымы,заттарды, алынатын, организмнен, «органикалық заттар », атады. ( 1808 жылы швед ғалымы Я. Берцемус организмнен алатын заттарды «органикалық заттар»деп атады)

  4. Бірімен-бірі, атомдары, және, атомдары, атомдармен, басқа, ортақ, атомдармен, электрон, түзеді, жұптарын (Көміртек атомдары бірімен-бірі және басқа атомдары мен ортақ электрон жұптарын түзеді )

Бақылау сұрақтары:



  1. Сөйлеу, сөйлеу нормалары.

  2. Тіл мәдениеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.


Практикалық сабақ №7

Тақырып: Сөз әдебі. Сөйлеу мәдениеті

Күнделікті тірлік барысында әр түрлі адамдар бір - бірімен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе алмасады.

Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілік өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.

Сөйтіп, сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешірініз, мүмкін болса, мақұл көрсеніз, рұқсат етсеніз, қалауыңыз білсін деген сөздер тілге сыпайлық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады.

Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс ырғағы да зор роль атқарады.

Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп қиналады.

Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу салаларын әрдайым ескеру қажет.

Сөйлеудің салаларына кіретіндер : сөз мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі , қисындылығы, мәнерлігі , бейнелілігі , әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

Студент тілінде болатын кемшіліктің себептері.

1.Ортаның әсері.

2.Сөйлеу дағдыларының жоқтығы .

3.Жекелеген студент тіліндегі кемшілік.

Адамдармен сөйлесуде мән беру керекті қағидалар:

1.Ойланбай сөйлеме!

2.Тақырыпты жақсы біл!

3.Сабырлы бол!

4.Әділ бол!

5.Мақтанба!

6.Асырып айтпа!

7.Ашуыңа ие бол!

8.Сұрақтарға жауап бер!

9.Орынсыз қалжыңдама!

10.Басқаларды жамандама!

11.Жаман сөздерді қолданба!

12.Сөйлесіп жатқан адамды тыңдай біл!

13.Сенен ақыл сұрамайынша кеңес берме!

14.Адамдардың бетін қайтарма!

15.Саған сөйлеп жатқанда өзге іспен айналыспа!

16.Жазған нәрсеңді ен болмағанда бір рет оқы!
Бақылау сұрақтары:

1. Сөйлеу мәдениеті.

2. Сөйлеу мәдениетіндегі кемшіліктер.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.




Практикалық сабақ №8

Тақырып: Мемлекеттік тілдің қолдануының категориялары.

Жоспар:


1.Кәсіби тілдің құзіреті, қолдану жиілігі.

2.Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары.

3.Қарым-қатынас жасау түрлері.

4.Қатынасындағы тілдің құзіреті, коммуникативті қызметі.

Мемлекеттік тілде қарым –қатынас категориялары:

1) Айтылым – (аудирование)

2)Тыңдалым

3)Қатысым(коммуникативті)

4)Аталым (номинативті)

Қарым –қатынас жасау түрлері.


  1. Тілдесу;

  2. Хат арқылы;

  3. Интернет, ғаламтор жүйесі арқылы;

  4. Телефон, радио, теледидар;

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

Қашаннан да елдіктің қайнар көзі- белгілі бір халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады. Яғни, ел болған жерде оның тілі- мемлекеттік тілі болу керек.

Біздің мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Бұл Ата заңымыздың 7-бабында көрсетілген. Сондықтан мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгенің бәрін жасау керек.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселе, ҚР тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп келеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады.

Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңнен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамассыз етіледі.

Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.

Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.


Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары.

2.Тілдің коммуникативті қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Тұрсынова. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы. 2013.


Тәжірибелік сабақ №9

Тақырып: Кәсіби қазақ тілі. Мазмұны, құрамы



Кәсіби қазақ тілін оқытудың маңызы

Кәсіби салаларда мемлекеттік тілді оқыту ол әр салада қазақ тілін сол салаға бейімдеп оқыту, сол салада қолданылатын терминдерді пайдаланып сөйлеуге жаттықтыру, сол саланың іс-құжаттарын, нормативтік құқықтық актілерді ең алдымен қазақ тілінде толтыруға жаттықтыру, демек бұл қазақ тілінің ішіндегі ауызекі сөйлесуге үйрету деңгейін жоғары кәсіби сала тілі.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оның қоғамдық өмірінің әр алуан саласында қызмет етуі және іс-қағаздарының қазақша жүргізілуі.

Кәсіби салада оқыту, негізінде сұхбат түрінде жүргізіледі, яғни студент курс соңында өз саласына қатысты сұрақ-жауапты игеруі,

Сала терминдерін пайдалана сөйлей білуі, өз саласына байланысты туындаған мәселелер бойынша сұрақтар және өз саласындағы барлық құжаттарды қазақ тілінде жүргізе білуге үйренеді.

Студент кәсіби сөйлеу бағытында оқытылады және оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу тілдерін толық игереді, оқу-түсіну, ойын түсінікті етіп жаза білу, мәселеге байланысты ойын дұрыс жеткізу, өз саласына қатысты алған құжатты дұрыс түсіне білу, өз ойын толық күрделі сөздер( терминдер) арқылы жеткізуді игереді.

Оқу материалына негізінен өз мамандығына байланысты мәтіндер алынады .
Бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіби қазақ тілі, мазмұны.

  2. Кәсіби қазақ тілін оқытудың маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.



3. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

Тәжірибелік сабақ №10

Таұырып: Этномәдени айшықтары. Кәсіби мәтін

Этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы.

Этнолингвистикалық көзқарас алғаш 19 ғ-дың 2-жартысында В.Гумбольдт, А.А. Потебня зерттеулерінде пайда болды. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, салт-дәстүріне, сондай-ақ өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық мәдениеттің қыр-сырына ерекше мән беріп келеді. Этнолингвистиканың қалыптасу үдерісін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу нысанын сол салада істелген жұмыстың ауқымын бағыт-бағдары мен сипатынан пайымдауға болады. Мәселен, үндіеуропалықтар мен үндіеуропа тілдеріне бағышталған Т.Гамкралидзе мен В.И. Ивановтың (“Индоевропейцы и индоевропейские языки”, 1977) еңбегінде үндіеуропалықтардың рухани-мәдени ортақтығы олардың тілі негізінде сөз болса, Н.И. Толстойдың (“Этнолингвистический словарь славянских древностей”, 1996) сөздігінде славян халықтарының жанды тілінде сақталған байырғы мәдениетіне қатысты көнерген сөздері қарастырылады. Ал өткен ғасырда жазылған В.А. Серашевскийдіңеңбегінде түркі халықтарының бірі – сахалардың этнол., этногр. болмысы сөз болады. Этнолингвистика тарихындағы күрделі еңбектердің біріне мажарларға қатысты 5 томдық этностық лексиконды жатқызуға болады. Осы орайда қазақ Этнолингвистикасы бойынша Ә.Қайдардың Қазақтар ана тілі әлемінде” атты 4 томдық Э-лық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде Этнолингвистика мәселелері проф. І.Жұбановтың, сонымен қатар жеке ғылым саласы ретінде М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде айтылып жүр. Этнолингвистиканың бір міндеті – сан алуан қайнарлардан (ауызекі жанды тілден, ауыз әдебиет үлгілерінен, лексикограф. еңбектерден, т.б.) этнос болмысына қатысты фактілерді жинау болса, екіншіден оларды саралап жүйеге салу, мазмұнын айқындау, түсіндіру, яғни оларды этностың өзі туралы сөйлете білу. Этнолингвистикаға тән ерекшелік – оның тілдік объектілер мен фактілердегі жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып саралай қарастыру. Сонымен қатар атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, астарлы ауыс мәнге ие тұрақты тіркестерді (фразеологизм, теңеу-салыстыру, мақал-мәтел), тіпті мағлұмат беретін көркем жанрлық мәтіндерді де нысана етіп қарастырады. Әдеб.: Копыленко М.М., Основы этнолингвистики, А., 1996. Ә. Қайдар.

 «Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының негіздерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты тақырып бойынша көптеген ғасырлар бойы жиналып қордаланған және әлі де жинақталып жатқан өте бай тіліміздің лексикалық байлығы, заттар мен бізді қоршаған табиғи құбылыстардың атаулары, адамдардың қоғамдық қарым-қатынасына, тұрмыс-салтына, бұрынғы көшпелі ру-тайпалар мен бүгінгі қауымның өмір сүру тәсілдері мен әдет-ғұрпына байланысты сан алуан тілдік деректер – лексика-фразеологиялық, паремиологиялық, ономасиологиялық, кәсіби-терминологиялық, эвфемистік, теңеу-салыстыру, т.б. ұлан-ғайыр этнолингвистикалық мағыналық бірліктер жинақталды. «Қазақтар: ана тілі әлемінде» деп аталатын еңбектің мақсаты – қазақ тілінің сөздік қорындағы жарты миллиондай (Ә.Қайдардың жобалауы бойынша) мағыналық бірлігін (смысловые единицы мәнінде) қамтитын 3 томдық этнолингвистикалық сөздігін жасап, XXI ғасырда өмір сүретін ұрпаққа өз болмысын танытатын ана тілінің асыл қазынасын мирас етіп қалдыру. Бұл жұмыспен ғалым 30 жылдан астам уақыт шұғылданып келеді.


Зерттеу, негізінен, қазақ этносының табиғи, рухани болмысы туралы тілдік сипаттамаларды, оның рухын, дүниетанымын, ұғым-түсінігін білдіретін тілдік деректерді жүйелеп, жинақтап көрсетуге бағышталды. Зерттеу жұмысының нәтижелері «Қазақ қандай халық?»  атты жинақ пен «Қазақтар ана тілі әлемінде»  атты 3 томдық этнолингвистикалық сөздікте толық көрсетілді. Оның 1-томы жарыққа шықты. Бұл қазақ этносының басқа түркі, т.б. этностардан көптеген (тәрбиесі, ділі, тілі, діні жағынан) ерекшелігінің барлығын, түпкі мақсатқа тез жетудің ең оңтайлы жолы екендігін сипаттайтын приоритеттеріміздің бірегейі болып саналады.

 Қазақ тілі: этникалық-әлеуметтік дамудың басты факторы

– жергілікті тіл ерекшеліктері құрамындағы этнографизмдердің лингвомәдени аспектілері;

– әдеби тіл құрамындағы этнографизмдердің лингвокогнитивтік аспектілері;

– қазақ этнолингвистикасының теориялық негіздері;

– тіл мен материалдық мәдениеттің этнотанымдық байланысы;

– әлеуметтік кеңістікке байланысты лексика-фразеологиялық жүйенің этномәдени мазмұны;

– дәстүрлі кәсіп, шаруашылық лексикасының когнитивтік негіздері;


Бақылау сұрақтары:



  1. Этномәдени айшықтар.

  2. Этнолингвистикалық көзқарас.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

Практикалық сабақ № 11

Тақырыбы: Кәсіби саладағы қанатты сөздердің мәні мен рөлі.

Нақыл сөздер (афоризмдер, қанатты сөздер) – күрделі мәселелерді терең өте дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз.

Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары саладағы, қанатты сөз ойшылы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын көрінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуімен шыққан, іші-алтын, сырты күміс сөз төресі. Олар мақал – мәтелдермен қатар туып отырады. Қанатты сөздердің бірден –бір айырмашылығы – олардың белгілі бір авторы болады.

Сонымен қатар, қанатты сөздер көптеген салада қолданысқа ие. Соның бірі мысалы, ұстаз мамандығы саласына байланысты біраз қанатты сөздер бар:



  1. Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға. (Абай)

  1. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,

Өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. ( Ы.Алтынсарин)

  1. Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. (К.Д. Уилинский)

  2. Ұстаз ізденетін болуы, ойлай болуы, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек. (В. Маяковский)

  3. Адамның адамшылдығы ... жақсы ұстаздан болады. (Абай)

  4. Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. (Ы.Жақаев)

  5. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын ойлау. (Ж.Ж.Руссо)

Органикалық химия.

Жоспар:


  1. Органикалық химияның ғылымы ретінде пайда болуы, дамуы және мағынасы.

  2. Органикалық химия

  3. Химиялық құрылыс теориясы

  4. Молекуланың химиялық құрылысы

  5. Изомерлену құбылысы

  6. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының дамуы мен маңызы.

Органикалық заттар адамға өте ертеден таныс болды. Себебі адамның өмір сүруіне ең қажетті заттар – ішетін тағам, киетін киім, жағатын отын.Бертін келе адамдар өсімдіктерден бояулар алып, тері мен мақтаны бояуды, қант өндіруді, сабын жасауды, сірке суымен өсімдік майын алуды үйренді.

Көміртектің қосылыстары туралы ғылым ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Швед ғалымы И.Берцелиус 1808 жылы тірі организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін ғылымды «органикалық химия» деп атауды ұсынады.

Бірақ ол органикалық заттар ерекше « тіршілік күшінің» әсерінен тірі организмдер ғана пайда болады деп есептейді.Мұндай ғылымдардың түсініктері витаместік өзқарас болады.

Бірақ көп уақыт өтпей органикалық затар синтезделе бастады. Ф.Велер 1828-несепнәр синтездеді, Н.Зинин-1842ж . анилинді, Г.Кольбе-1845ж. Сірке қышқылын, М.Бертло майды, А.Бутлеров қантты заттарды синтездеді.

Қазақстанда органикалық химия өткен ғасырдың 30-жылдарынын дами бастады.

Мақал-мәтелдер

«Еңбек. Кәсіп»

1.Рахат түбі-кейіс,

Бейнет түбі-кеңіс.

2.Ер еңбегіне бір тойсын.

3.Қолы қимылдағанның

Аузы қимылдар.

4.Жас кезінде бейнет бер,

Қартайғанда дәулет бер.

5.Еңбектен ер өседі,

Егіздеп төл өседі.

Қанатты сөздер.

Тіл туралы.

1.Тұл-бұл, сөз бұлақ. (Шәкәрім)

2.Оқу құралының ең ұлығы-бала оқыту.(А.Байтұрсынұлы)

3.Тіл-адамның адамдық белгінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.(А.Байтұрсынұлы)

4.Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. (А.Байтұрсынұлы)

Тренинг

№1


  1. От көмір жейді, тот темір жейді.

  2. Арпа бидай ас екен, алтын-күміс-тас екен.

  3. Шебердің қолы алтын, шешеннің сөзі алтын.

  4. Аз сөз алтын, көп сөз күміс.

  5. Темір таттанып тозар.

  6. Ескі мата сөз болмас, ескі темір біз болмас.

  7. Қойдың сүті- бал.

  8. Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай.

  9. Мата кессең ұзың кес, қысқартуың оңай.

№2

  1. Оттегі

  2. Су

  3. Сутек

  4. Тұз

Бақылау сұрақтары:

  1. Жаттығулар жүйесі.

  2. Жаттығулардың түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

7. Өмірзақ Т., СансызбайӘ. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006.

Практикалық сабақ №12

Тақырыбы: Тілдік бірлік. Кәсіби мәтін.

Тілдік бірліктер – тілдік жүйеде әртүрлі мағынаға және қасиетке ие болатын бірліктер. Тілдік бірліктер тілдік жүйенің белгілі деңгейін қалыптастырады. Фонема – фонемалық, морфома – морфологиялық, сөз – лексикалық деңгейдің бірліктері болады.

Тілдік бірліктер терминін кең мағынанда тілдің зерттеу объектісіне қатысты әртүрлі мәселелерді қамтитын белгіліеуші ретінде де түсінуге болады.

Тілдік бірліктер


Жай Күрделі

(күрделі, туынды сөйлем)

Жоспар:


  1. Кәсіби мәтін және оның ерекшеліктері.

  2. Мәтінмен жұмыс істеудің түрлері.

  3. Аударма жасау.

  4. Кәсіби мәтінді оқу және аудару.

Химическая технология, продукты потребления, промежуточные продукты, неорганическая химия, кислоты, щелочки, нефть, газ, прикладная химия, химическая промышленность, термин.

Процессы химической технологии:(органическая и неорганическая)


  1. По организациям: периодичные и непрерывные.

  2. От закономителей:

  1. Гидромеханические ХП

  2. Тепловые ХП

  3. Массообменные или диф

  4. Химические

  5. Механические

Химическая технология – наука о наиболее экономических и экологических целесообразных методах, и справках переработки сырых природных материалов в продукты потребления и промежуточные продукты.

Химиялық технология – табиғи шикізаттарды тұтыну өніміне және аралық өнімге экономикалық және экологиялық жағынан ұтымды жолдар арқылы өңдеу туралы ғылым.

В содержание профессиональной деятельности бакалавра специальности 5В072100 - "Химическая технология органических веществ" включается: производственно – технологическая деятельность, расчетно – проектно-конструкторская деятельность, сервисно – эксплутационная и научно – исследовательская деятельность. Производственно – технологическая деятельность подазумевает :


  1. Организацию и осуществление входоного контроля сырья и материалов, используемых в производстве, катализаторов, сорбентов, химической поглотителей композиционных материалов, карбидов ув. и редких металлов, образивных металлов, взрывчатых веществ;

  2. Оценку состава и свойств используемых сырья, промежуточных продуктов;

  3. Контроль и обеспечение высокой эффективности использования оборудование, сырья и вспомогательных материалов;

  4. Осуществление технологического процесса в соответствии с требованиями технологического регламента.

5В072100 "Органикалық заттардың химиялық технологиясы " мамандығының бакалавры.


Органикалық химияның дамуы, маңызы.

Органикалық химия ерте заманнан бері адамзатқа таныс. Көптеген құбылыстардың қасиеттері мен себебімен таныс болмасада, әртүрлі жайттармен кездейсоқ танысып жатты. Мысалы, қарапайым тамақ істеу, от жағу, киім, тері өңдеу әртүрлі химиялық реакциялар негізінде іске асады. Органикалық химия адам баласының өмірінде бүкіл саласында өзіндік ерекше орын алады. Тіпті адам ағзасының өзі көпетеген органикалық заттардан тұрып, әртүрлі хиимялық заңдарға бағынады. Бертін келе, адамдар даму нәтижесінде аң терісін өңдеп, одан киім тігуді, әр түрлі жабайы өсімдіктерден бояғыш заттар алуды үйреніп, одан әрі жетіліп отырды.

"Органикалық химия" терминін алғаш 1808 жылы швед ғалымы Й. Берселиус ұсынып, енгізген болатын. Сол заманнан бері қазіргі заманға дейін органикалық химия даму үстінде, ғылымдардың арасында бірегей орын алады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Кәсіби мәтін ерекшеліктері.

  2. Кәсіби мәтінді аудару.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

7. Өмірзақ Т., СансызбайӘ. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006.

Практикалық сабақ №13.

Тақырыбы: Кәсіби тілдегі ұлттық реалия мәселерері. Кәсіби мәтін.

Реалия аудармасы- тілдің ұлттық және тарихи маңызды мәселелерінің берілуі.

Реалия деген сөздің өзі латын тіліндегі көпше түрде қолданылатын сын есім (realis – нағыз, шын дегенді білдіреді және оны көп жағдайда мағынасы жағынан өмір деген түсінікпен байланыстырады).

Басқа тілдің реалиялар сәйкессіздігі келесі жағдайларда байкалады:



  1. Реалия тек бір тіл тобына ғана тән ол екінші топта бұл сөздер кездеспейді. Мысалы: дәріхана – the chemist's.

  2. Реалия екі тілдік топқа да тән бірақ олардың біреуінде реалия ерекше көрсетіледі.

  3. Әр түрлі ортада ұқсас функциялар түрлі реалиялармен беріледі. Мысалы: soda fountain – балмұздақ.

  4. Ұқсас реалиялар әр түрлі болады.

Алкендер.

Берілген тақырыпты оқу барысында алкендердің изомерлеріне – құрылыс формулаларын құрастыруға көңіл аудару қажет.

Алкендердің құрылыс изомериясының бірнеше түрі бар:



  • Көміртек қаңқасы изомерленуі

  • Қос байланыстың орналасу изомерленуі

  • Кеңістік изомерленуі.

Қос байланыстың әр түрлі орналасуына байланысты барлық изомерлердің құрылыс формуласын шығару үшін келесідей жасау керек:

  • Көміртек қаңқасы изомериясына байланысты барлық құрылыс формуласын шығару

  • Көміртектің төрт валенттілігіне байланысты қос байланысының орнын ауыстыру.

Мысалы: құрамы С5Н10 болатын түгел пентендердің құрылыс формуласын жазу:

Шешімі:


  1. Көміртек қаңқасының құрылысы бойынша ерекшеленетін барлық изомерлердің формуласын құру.

  1. С-С-С-С-С С

  2. С-С-С-С с) С-С-С

С С

  1. Қос байланыстардың орнын ауыстырамыз(а,b)

  1. С-С-С-С-С С=С-С-С-С СН2=СН-СН2- СН2-СН3

С-С=С-С-С СН3-СН=СН- СН2- СН3

  1. С-С-С-С С=С-С-С СН2=С- СН2- СН3

С С СН3

С-С=С-С СН3-С=СН- СН3

С СН3

С-С-С=С СН3-СН-С= СН2



С СН3

Демек, С5Н10 үшін 5 изомері бар.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ұлттық реалия мәселерері.

  2. Кәсіби мәтін.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

7. Өмірзақ Т., СансызбайӘ. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006.


Практикалық сабақ №14

Жаттығулар жүйесі-кәсіби ұғымдардың мәні мен мағынасын түсіндіре отырып тілді мамандыққа сай үйрететін, алған тілдік білімді тәжірибемен ұштастырып, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатында орындалатын жұмыс кешені.

Жаттығулардың түрлері:


  1. Машықтандыру жаттығулары;

  2. Шығармашылық жаттығулары;

  3. Кәсіби-жағдайының жаттығулары.

Әр мамандықтың өзіне ғана тән кәсіби сөздері мен термидері, іс –қағаздарының түрлері мен құжаттары барын ескерсек, студенттер кәсіби бағытта дайын болады.

Студент мынандай мәселелерді үйренуі тиіс:



  • Өзара сөйлесу;

  • Мемлекеттік тілге қатысты мәліметті әңгімелеуді;

  • Іс-қағаздарды сауатты толтыруды;

  • Сызбалар негізінде іс-қағаздарды құрастыру;

  • Деңгейлік тапсырмалар негізінде сауатты жазуға;

  • Іскерлік іс-қағаздарын стандарттық талаптарға сай құрастыру;

  • Мемлекеттік тілде іс-қағазды компьютерде басып шығару;

  • Көпшіліктің алдында сөз сөйлеу білу;

  • Мамандығына байланысты тілдік қарым-қатынас жасауға.

Инженерная промышленность.

Инженерная деятельность – вид трудовой деятельности, основывающийся на специальные знания и квалификацию, способности и умение в решении технико – технологических и организационных проблем в области материальной промышленности.

Деятель (специалист) разлечается по способом и путям решении инженерных проблем.

Возможно и такое, что в связи с особенностями промышленных сфер однотипные виды деятельности требует множество различных знании и навыков.

Самое главное – глубокое основание инженерами своей специальности.

Инженерная специальность – это использование навыков в точном качестве инженерной деятельности.

Инженерная делятельность специализируется по 3 направлениям:


  1. Специализация по различным сферам.

Например: деятельность технолога различается по специальностям – технология машинастроения, технология нефти и газа.

  1. Специализация по содержанию трудовой операции. Это – информационные операции, операции логического мышления, органезационные операции.

В зависимости, какая из этих операций занимает большую часть в деятельности инженера, различают инженер – проектировщик, инженер – исследователь, инженер – конструкор.

  1. Функциональная специализация

Это связано с тем, что с развитием технических основ производства в различных сферах промышленности стали появлятся новые инженерные специальности.

Динамика трудовой деятельности инжера зависит от объективных факторов, среди них самое важное – уровень развитие промышленности, число и хороктеристика сфер промышленности, успехи технических прцессов, переподготовка инженерных кадров в связи с НТР.

Социальные задание промышленности – определить число и специализацию студентов, обучающихся в высших технических учебных заведениях.

Инженера определенной специальности могут также работать по различной квалификации, т.е. различными видами деятельности.

Понятие "квалификация" подразумевает степень подготовленности к трудовой деятеьности рабочего в соответствии с требованиями мест работы.

Различие в квалификации по специальностям инженеров: инженер – исследователь, инженер – конструктор, инженер – технолог, инженер – эксплутатор.


Инженер мамандығы.

Инженер – негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық – технологиялық ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шешуде пайдаланатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің иесі.

Инженерлік еңбек дегеніміз – техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерді жобалау, жасау, жетілдіру және іске қосу, басқару прцестерін қамтамассыз ете отырып, қоғамдық талап – сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін ғылым мен тәжірибеге негізделген шығармашылық сипаттағы ерекше ақыл ой еңбегі.

Бақылау сұрақтары:



  1. Инженер.

  2. Инженернік еңбек.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

4. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.




Практикалық сабақ №15

Қорытынды сабақ. Кәсіби лексиканы жинақтау.
Жоспары:

  1. Тілдік практикаға арналған жаттығулар семинар тренингтер, зертханалық жұмыс, семестрлік жұмыс.

  2. Кәсіби мәтіндермен жұмыс.

№1

  1. Органикалық синтездің мақсаты – құнды физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері бар заттарды алу және теория болжамдарын тексеру.

  2. Гидрирлеу – қос байланыс бойынша сутектің қосылуы.

  3. Алкилдеу – сутектің көмірсутек радикалына ауысуы.

  4. Бүгінде органикалық және мұнай – химиялық өндірістің жаңа технологиялары енгізілген.

  5. Органикалық заттар өндірісінде ішкі басқару жүйесінде ақаулар болды.

№6


  1. Дұрыс, себебі «судың да сұрауы бар» және де «су – тіршілік көзі», оны үнемдеуіміз керек.

  2. Жоқ олай деме, «жаңбыр жауса жер ырысы», жаңбыр жауса жақсы емеспе.

  3. Иә, «қыстың қамын жаз ойла» дегендей қысқа қамдану керек.

Қыс суығымен, жаз ыстығымен ерекшеленеді.

«Қыс – қысыл, жаз - жазыл»

Қыстағы суық, жаздағы ыстық.


  1. Себебі, көктем кеш келді. Көктем келсе күн жайылып, жер көгерер.(сәуір болмай тәуір болмас)

  2. Иә, дұрыс айтасың «әкесіне қарап ұл өсер, шешесіне қарап қыз өсер» демекші (алма ағашынан алысқа түспейді).

  3. Ол жаман. Оларға дұрыс күтім керек. Оларды бағалап, аялауымыз керек. Қазақта айтады ғой : «Атадан мұраға мал қалғанша, тал қалсын».(Күтімі жаман ағаштың бітімі жаман)

  4. Суда ластама. Оның дұрыс емес. «Бұлақ көрсен көзін аш», - дейді ғой (ағын суда арамдық жоқ).

Бақылау сұрақтары:



  1. Инженер.

  2. Инженернік еңбек.

Ұсынылатын әдебиеттер:



1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

4. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.



5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3, 6-апталарда, 2-кредит бойынша 11, 14-апталарда ОЖСӨЖ сабағында тексеріледі. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.



Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

1.Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздердің қазақша-орысша баламалары.

Кәсіби сала мамандығы бойынша фразеологиялық тіркестердің қазақша-орысша баламалары.

2.Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы. Кәсіби мәтіндер.

Аударма техникасын құрастырушы, ережелер, қателер және оларды жою. Кәсіби салаға байланысты мақал-мәтелдер.

Аудармада мәтін атауының ерекшелігі. Оқу техникасының аударма жасауда маңызы. Мәтінді толық және дұрыс түсіну. Аудармашының сөздікпен жұмыс істей білуі. Аударма жасауда қазақ тілі ерекшеліктерін білу. Технологиялық мамандық студентінің аударма негіздері туралы білімінің маңызы. Кәсіби салаға байланысты мақал-мәтелдер.


Сұрақтар


  1. Тіл және оның мақсаты мен міндеттері.

  2. Қазіргі қазақ тілінің ерешеліктері.

  3. Семасиология туралы жалпы түсінік.

  4. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кеңеюі және тарылу жолдары.

  5. Кәсіби сөздер туралы түсінік.

  6. Термин сөздер туралы ұғым.

  7. Дұрыс сөйлеу қағидасы .( сөз байлығы, сөз әдебі және тіл тазалығы)

  8. Сөзді дұрыс айту нормалары.

  9. Қоғамдық орындарда тіл әдебенің сақталу жолдары (Тақырыпқа сәйкес диолог құрыңыз)

  10. Ғылыми тілдің сипаты дегенимиз не, мысал келтіріңіз .

  11. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер туралы түсінік. Қанатты сөздер қатарына мысалдар келтіріңіз.

12.Кәсіби сала мамандығы бойынша фразеологиялық тіркестер туралы түсінік. Фразеологиялық тіркестер қатарына мысалдар келтіріңіз.(Орысша-қазақша баламаларын атаңыз).

13.Кәсіби сала мамандығы бойынша мақал-мәтелдер туралы түсінік. Мақал мен мәтелдін айырмашылығы (Мысал келтіріңіз.)

14. Әдеби тіл нормасы туралы түсінік.

15.Стиль туралы ұғым. Оның түрлеріне тоқталыңыз.

16.Аударма: түсінігі, түрлері,оған қойылатын талаптар.

17. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі кәсіби қазақ тілінің рөлі.

18. Мамандыққа байланысты орысша-қазақша сөз тіркестерін келтіріп бірнеше сөйлем құраңыз.

19. Қарым-қатынас жасау деген ұғымға тоқталыңыз.



20. Сөзді дұрыс айту нормалары.


жүктеу 285,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау