Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды



жүктеу 112,5 Kb.
бет8/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

Әдебиеттер:
1. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2. Жұбанова М.Қ. Ұлттық дидактика мен тәрбие тағылымы мәселелері. /Жұбанов зерттеулері негізінде / - Алматы : Арыс, 2016. - 240 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
4.Жазықова М. Қ.Жұбановтың әдістемелік мұрасы және лингводидактиканың өзекті мәселелері. Монография. – Ақтөбе: Ақтөбе МПИ баспасы, 2013.-126 б.
Өткізу форматы: дәріс сабағында топтық жұмыс жасалады, топқа тапсырма беріліп, постер қорғалады, балық қаңқасы арқылы қорытынды жасалады
4-тақырып: Қ.Жұбанов және сөз тұлғалары туралы. Қ.Жұбанов және қазақ тілі синтаксисі.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбанов және сөз тұлғалары туралы.
2. Қ.Жұбановтың сөздерді таптастыруы.
3. Қ.Жұбанов және қазақ тілі синтаксисі туралы.
4. Қ.Жұбановтың «Жаңа грамматиканың жаңалықтары», «Қазақ тілінің емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері(Жанғазыға хат)» еңбектері.
Дәріс тезисі
Қ.Жұбанов «сөздің бір қалыпта тұрмайтынын», «өзгеріп, түрленіп отыратынын» айта келіп, «Сөздің сыртқы көрінісін сөздің тұлғасы дейміз»,- деп анықтама беріп, сөз тұлғасының түріне қарай оларды алтыға бөліп көрсетеді: « 1.Түбір сөз, 2.Қосымшалы сөз, 3.Кіріккен сөз, 4.Қыйулы сөз, 5.Қосар сөз, 6.Қосалқы сөз».
«Сөздің түп мағынасын беретін бөлшегін түп бөлшек, немесе қысқартып түбір дейміз»,-деген анықтама беріп, «Айдын көл-де шағала, Айдын көл-ді жағала»,- деген өлең жолындағы «көл-де, көл-ді» сөздерінің түп бөлшегі «көл» деп көрсеткен. Қ.Жұбанов «екі сөзден құралып, бір нәрсенің атын көрсетіп, тұратын», «әрқайсысы о баста екі сөз болғанмен, бүгінде бір сөз болып кеткен» сөздер айтылып, оны «жалғасушы кіріккен», «қиюлы кіріккен» деп екі түрде қолданылған. «Қосар сөздер» деп қазіргі қос сөздерді атаған екен. «Қосарынан айтылатын сөздерді қосар сөздер дейміз»,-деп «бала-шаға», «үлкен-кіші», «ұзын-қысқа», «сатыр-сатыр», «көзбе-көз», «шай-пай», «қап-қара», «сап-сары» деген сөздерді мысалға келтірген. 1). Теңдес қосар: а). Мәндес қосар:(бала-шаға, қатын-қалаш, қыз-қырқын т.б); б). Қайшы мәнді қосар(үлкен-кіші, аға-іні, ұлы-қызы, т.б.); в). Көрші мәнді қосар (тау-төбе, әке-шеше, аяқ-табақ, т.б); 2). Сөздес қосар: а).Үндес қосар(сатыр-сұтыр, жарық-жұрық, қаңғыр-күңгір, т.б); б).Өңдес қосар(ұзын-ұзын, жылы-жылы, бара-бара, т.б); 3). Матаулы қосар (қолма-қол, жүзбе-жүз, көзбе-көз, ауызба-ауыз т.б). 4). Тіркеулі қосар (жылқы-мылқы, шай-пай, нан-пан, астық-мастық, т.б) 5). Қосақты қосар. «Сөздің алдына бір буын қосылып айтылатыны да болады»,-деп, «қап-қара», «қып-қызыл», «ұп-ұзын», «кіп-кіші» т.б сөздер. «Қайсыбір сөздер түбірше, онша жұмсала алмай, басқа бір түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып ғана жүре алады. Ондай сөздерге көбінесе жаңадан үстеу де, жалғау да жалғанбайды. Осындай сөздерді қосалқы сөздер дейміз»,-деп, «шейін», «сайын», «менен», «да», «тым», «өте», «ең» деген т.б сөздерді мысалға келтірген.
Қ.Жұбановтың қазақ тілі синтаксисі саласындағы ғылыми дискурсын арнайы зерттеудің маңызы зор. Қ.Жұбановтың 1933 жылы шыққан «Политехникалы мектеп» журналында жарияланған «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар» атты еңбегі, 1936 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығы, «Қазақ тілінің програмы» бағдарламасы және «Жаңа грамматиканың жаңалықтары», «Қазақ тілінің емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері(Жанғазыға хат)», «Из истории порядка слов в казахском предложении», «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах», «Образование сложных слов в казахском языке», «О формах сочетания слов в казахском языке», «О построении речи на казахском языке», т.б. ғылыми мақалаларындағы ғылыми дискурсы қазіргі таңда да өзекті болып отыр. Ол сөйлемнің жеке түрлері мен бөлшектері болатындығын айта келіп, әр түрге айырып топтастырады. 1. Жай сөйлем; 2. Жайылма сөйлем; 3. Күрделі сөйлем /Құрмалас/. Әсіресе жеке түрге бөлуде дыбыс сазы назарға алынып, айтылу мақсатына қарай емес, «хабарлы», «сұраулы», «лепті» сөйлемдердің орнына «хабар сазды», «сұрау сазды», «леп сазды» деп белгілейді. Ал алдыңғы үш түрлі сөйлемнің қандай мүшелері бар, қандай мүшелері жоқ болуына қарай топтастырады.

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау