Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды


-тақырып: Қ.Жұбанов және аударма мәселесі. Қ.Жұбанов және қолданбалы тіл білімінің жаңа бағыты



жүктеу 112,5 Kb.
бет13/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

9-тақырып: Қ.Жұбанов және аударма мәселесі. Қ.Жұбанов және қолданбалы тіл білімінің жаңа бағыты.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбанов және аударма мәселесі.
2. Қ.Жұбановтың қазақ аударма теориясы жайындағы пайымдаулары.
3. Қ.Жұбанов және қолданбалы тіл білімінің жаңа бағыты туралы.
4. Қ.Жұбанов және «Мәтін лингвистикасы», «Мәтін теориясы» бағыты туралы.
Дәріс тезисі
Профессор Қ.Жұбановтың ғылыми жұртшылық назарынан тыс қалып келе жатқан тағы бір қыры – оның аудармашылық өнері мен аударма жайындағы ой-пікірлері. Тілдерді салыстыра қарастыру арқылы бір тілден екінші тілге аударуда оның асқан таланты байқалады. Ғалым құрылымы бөлек тілдердің семантикалық айшықтарын бірінен екіншісіне аударуда өзінің айрықша қабілетін танытады. Ол «Бюллетеньде» жарияланған мақалаларын екі тілде жазған. Осының өзінен-ақ оның аудару шеберлігін байқауға болады. Ғалымның алғашқы аудармасы есебінде К.К.Юдахиннің 1929 жылы Қызылордада өткен қазақ тілі бойынша орфографияға байланысты ғылыми конференцияда сөйлеген сөзін аударуын айтуға болады. Қ.Жұбанов аудару барысында буквализмге (әріпқойлық) ұшырамай, ұтымды жол табуды нұсқаған ойын байқаймыз. Аудару барысында Қ.Жұбановтың тілдердің ұлттық табиғатына мұқият мән бергені байқалады. Оның тікелей аудармаға қатысы жоқ ізденістерінің өзінде де сөйлем құрау мәселесінде ылғи да өзге тілдердің материалдарымен салғастыра қарап отырғаны қызық. Әсіресе оның қазақ тіліндегі сөз тіркесімділігі жайында жасаған талдауы көңіл аударарлық. Әдетте қазақ тілі агглютинативті тілдер қатарына жататындықтан, ондағы сөзжасам түрлері жалғаулар көмегімен жасалады дейтін ұғым қалыптасқан ғой. Қ.Жұбановтың «Жалғамалы тілдер тек жалғамалылықпен ғана шектелмейді» деп керісінше түйін жасайды. Оның ойынша, бұл мәселеде қазақ тілінің сөз тіркесімділігі айрықша рөл атқарады. Оған мысал ретінде Сен көрген қымбат алпауыттан да қызыл құрт Ертай ұстаның Темірбайдан алған торы бесті аты жақсы деген 15 сөзден тұратын сөйлемді талдап көрсетеді. Осындағы 15 сөздің үшеуінде ғана сөз тудырушы қосымша бар да, қалған 12-сі түбір сөз болып келеді. Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыра отырып, түрлі тіркесім жасауға болатынын, сол арқылы жаңа мағыналық өзгерістер туғызылатынын тәптіштеп талдайды. Қ.Жұбанов аударма барысында әр тілдің өзіне тән ұлттық табиғатын түсіне білудің маңызына ерекше назар аударады. Ол аударма барысында әріпқойлыққа жол бермей, балама аударма жасаудың ұтымды жолын табуға шақырады. Ғалымның көрсетуінше, көптеген аудармалардың басты кемшілігі – жеке сөздердің дұрыс аударылмауына, тілдердегі родтықжәне видтікұғымдардың ескерілмеуіне және сөзқолданудағы грамматикалық қателерге байланысты ғалым қазақ тілінде родкатегориясының жоқтығын, немесе видтікұғымды білдіретін сөздердің екі тілде дәл баламасы болмайтындығын ескертіп кетеді. Мысалы: орыс тілінде кездесетін «пастух» деген родтық ұғым бар да, ал «қойшы», «жылқышы» деген видтік ұғым жоқ, және, керісінше, «хлев», «конюшня» деген видтік ұғымдар бар да, ал жалпы «қора» деген ұғым жоқ. Орыстың «тетясы» қазақшаға «жеңеше», «апа» деп аударылады да, ал қазақтың «апасы» орыс тілінде «сестра», «тетя» ұғымдарын білдіруі мүмкін. Қ.Жұбанов сондай-ақ орыс тіліндегі «лощадь», «корова», «толстый», «мелкий» сөздерін қазақ тіліндегі ат, сиыр, жуан, жіңішке сөздерімен салғастыра сөз етіп, ескермеуге болмайтын қызықты тұстарға мән береді. Қараңыз, шынында «лощадь» дегенді қазақтар «ат» деп те, кейде «жылқы» деп те айта береді.
Қазіргі дарияға айналған қазақ тіл білімінің алғашқы бастауы, әлі күнге сарқылмаған бұлағы – Қ.Жұбанов зерттеулері. Қазақ тіл біліміндегі «статистикалық лингвистика» саласының бастауында да проф. Құдайберген Жұбанов тұрды. Қ.Жұбанов былай дейді: «Ілиястың не бәрі 12 жол «Қойшы ойы» деген кішкене өлеңінде 488 дыбыс бар. Бірақ, 488 дыбыс 488 түрлі емес, мұнда не бары 28-ақ түрлі дыбыс бар. Осы 28 түрлі дыбыстың бірі 10, бірі 50 рет қайталап барып 488 болған». Осындай есеп-қисаптан кейін, Қ.Жұбанов мынандай тұжырым жасаған: «Қазақ тілінде де сапасы әр түрлі болатын дыбыстардың арнаулы саны бар» . Бұл деректер қазақ тілі біліміндегі статистикалық әдістің профессор Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алғандығын айна-қатесіз дәлелдейді. Профессор Қ.Жұбанов дыбыстың құрамы әр алуан болып келетін қазақ буындарының алты вариантын мынадай шартты белгілермен таңбалаған: Д-ты; Д-сыз+Д-ты; Д-ты+Д-сыз; Д-сыз+Д-ты+Д-сыз; Д-сыз+Д-ты+Д-сыз+Д-сыз. Бұлай белгілеу әдісі де қолданбалы тіл білімінің жаңа саласы талаптарына сай келеді.
Профессор Қ.Жұбановтың сөйлем құрылымына қатысты зерттеулерінде сөйлем ішіндегі сөзтұлғалар мен сөз тіркестер қазіргі кезде қолданылып жүрген «граф» немесе «құрастырушылар моделі» деген терминдермен аталмаса да, сөйлемге енетін сөздердің әрбіреуін тиісті нөмірлермен таңбалау және олардың тәуелділіктерін сызба түрінде кесінділер мен төртбұрыштар арқылы беру молынан кездеседі. Мәселен, ғалымның «О формах сочетания слов в казахском языке» атты мақаласында 15 сөзқолданыстан тұратын мындай сөйлемді қарастырады: «Сен(1) көрген(2) қымбат(3) алпауыттан(4) да(5) Қызыл(6) құрт(7) Ертай(8) ұстаның(9) Темірбайдан(10) алған(11) төрт(12) бесті(13) аты(14) жақсы(15)». Осы сөйлемдегі сөздердің орын ауысуынан сөйлем мағынасының өзгеру заңдылығын көрсету мақсатымен, әрбір сөзді нөмірлеп алып, бес түрлі айтылым ретінде бөлек-бөлек қарастырып, пайымдаулар жасайды. Әрі қарай осы сөйлемдегі сөздерді түпнұсқадағы баламаларымен салыстыра отыра, олардың мағыналары мен тұлғалық өзгерістерін талдайды. Міне, мұндай әрекеттер қазіргі кезде арнайы әдіс ретінде сөйлем синтаксисін модельдеуге қатысты зерттеулерде жиі қолданыс тауып жүр.

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау