Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды



жүктеу 112,5 Kb.
бет14/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

Әдебиеттер:
1.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. (Құрастырған: Ғ.Әнес). –Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. –640 б.
2.Сыздық Р. Ғалым-азамат (профессор Құдайберген Жұбанов туралы) –Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.–68 б.
3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. - Ақтөбе: 2018.-133 б.
Өткізу форматы: дәріс сабағында топтық жұмыс жасалады, топқа тапсырма беріліп, постер қорғалады, балық қаңқасы арқылы қорытынды жасалады
10-тақырып: Қ.Жұбанов және антропонимика туралы. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қазіргі тіл білімі жаңа бағыттарының көрінісі.
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбанов және антропонимика туралы.
2. Қ.Жұбановтың «Күнсұлу, Айсұлу, Айжарық, Таңжарық деген кісі аттарын талдауы.
3. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қазіргі тіл білімі жаңа бағыттарының көрінісі
4.Жұбановтың еңбектерінде алғаш гендерлік тұрғыдан сөз болғандығы.
Дәріс тезисі
Кез келген ұлттың антропонимдер тарихына барлау жасау арқылы олардың ата-бабаларының жүріп өткен тарихи жолы, мәдениетi, тұрмыс- тіршілігі, әдеп-ғұрпы мен дәстүрі, дүниеге көзқарастары жайында мол мәлімет алуға болады. Мысалға қазақ тіліндегі Айжарық, Айсұлу, Айтолық, Айтолды, Күнаш, Күнай, Күнсұлу, Күнтуар, Бөрібай, Жолбарыс, Арыстан, Бұқабай, Түлкібай, Итбай, Алтын, Күміс, т.б. кісі аттарын айтуға болады. Қ.Қ.Жұбанов өзінің «Из истории порядка слов в казахском языке» атты макаласында күрделі тұлғалы кісі есімдерінің синтаксистік құрылысына жан-жакты талдау жасай отырып, казіргі тіліміздегі Күнсұлу, Таңсұлу, Таңжарық, Айжарық т.б. кісі есімдерінің тіркесу амалдары арқылы көрінетін халқымыздың танымдық сипатына да түсінік бере кетеді. Мұнда да анықтауыштар (сұлу, жарық) анықталушы (күн, ай, таң) зат есімдерінен кейін келіп тұр. Мұндай жорамал шындыққа әбден жанасымды, себебі соңғы компоненттерді (сұлу, жарық) баяндауыш деп, ал біріншілерін (күн, ай, таң) бастауыш деп қарауға еш мүмкіншілік жоқ. Қ. Жұбановтың пайымдауынша, «Күнсұлу, Айсұлу, Айжарық, Таңжарық деген кісі аттары тіліміздің қазіргі нормалары бойынша синтаксистік құрамдарға бөлшектеуге, ажыратуға келмейді, себебі қазір зат есімдер анықталушы сын есім болып тұрғанда анықтауыш қызметінде жұмсалмайды, керісінше анықтауыш – сын есім, анықталушы – зат есім болуға тиісті» деген тұжырымға саяды. Сондықтан қазіргі антропонимдер құрамында сақталып қалған анықталушы+анықтауыш тіркестерін де (Күнсұлу, Айсұлу, Таңжарық т.б.) ерте замандардан сақталған, уақыт сынынан өткен, қырналып таразыланған, заманы озған синтаксистік құрылымдардың бірі деп есептеуге болады. Олай болса, әр дәуірде қойылған кісі есімдерінің де өзіндік ерекшеліктері болады.




Қ.Жұбанов еңбектерінен қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттары да көрініс береді. Ғалым Б. Хасанұлы: «Жалпы тіл білімінде «еркектің тілі», «әйелдің тілі» деген ұғым берік орныққан. Оларға көңіл аударған бірлі-жарым ғалымдар да жоқ емес», − дей келіп, қазақ әйелдерінің тілдік ерекшелігі туралы Қ.Жұбанов еңбектерінде алғаш гендерлік тұрғыдан сөз болғандығын атап көрсетеді. Тіл мен адамның жыныстық айырмасына байланысты тіл қолданыс ерекшелігін Қ.Жұбанов әйел тілінің өзіндік белгілері арқылы көрсетіп, әр түрлі халық әйелдерінің өзіне тән мимикалық тілі болатынын түсіндіреді. Қазақ әйелдерінің тілдік ерекшелігі туралы Қ. Жұбанов еңбектерінде алғаш гендерлік тұрғыдан сөз болады: «Әйелдерге ғана арнаулы, жүйелі болмаса да, әйел тілінің өзгешелігі қазақта да жоқ емес. Сол өзгешеліктердің бірі әйелдерде ғана болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), «аузын шылп еткізу» (таңданғанда), аузын быртылдату (кекеткенде). Міне, мұның соңғы екеуінде үнсіз ым ғана емес, дыбыс шығару да бар. Бірақ дыбыс айырынды (членораздельный) емес». Қ. Жұбановтың кейбір сөздердің этимологиясына байланысты айтылған пікірлері де гендерлік лингвистикалық зерттеулерге негіз болары сөзсіз. Мысалы, «Қазақта ескі кездегі шамандарды «абыз» деп атаған. Ру құрылысы дәуірінде олар ру бастықтары болғандықтан, рудың ақсақалы, үлкені болғандықтан «абыз» сөзі барлық үлкендіктің аты болып кеткен. Әйелдің үлкенін де қазақтар − абысын, татарлар − абыстай, ағаны − абзи дейтіндер сол «абыз» ұғымынан шыққан сөздер» дейді.


жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау