Кожаханова Г.Т.
Ю.А. Гагарин атындағы ЖББОМ
Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы
оқушылардың оқу белсендігін арттыру
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім беретін
мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене бітімі мен рухани дамыған азаматын
қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін
білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық
игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» мақсаты қолға
алынған. Осы сұранысты қамтамасыз ететін Кембридж бағдарламасы деп
танылып отыр. Бағдарлама негізі топтық жұмыс. Топтық жұмыс кезінде
оқушы белсенділігі арттырылады. Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің
топтағы орнын анықтай алады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс-
әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың
негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де
келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны.
Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей:
- Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары
дамиды;
- Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады;
- Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны
қолдана алды.
Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе
отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда
жаңашылық алып келеді. Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ
мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ
ішінде кері байланыс жүзеге асады.
Кейбір дағдылар рефлексивтік оқыту тұрғысынан қолданылады.
• Нақты және түсінікті сипаттама
• Белгіленген жорамал мен құндылықтарды мойындау
• Шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау.
Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға
деген ынталары арта түскендей. Топтық жұмыстарды мен тақырыпты ашу
және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық
жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі
бір-біріне сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында
барлық оқушы жұмыс жасауға талпынды. Біреуі сурет салады, біреуі
жазады, біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы
жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренеді. Әр сабақты өткен кезде топ
ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, рөлдерді бөліп сабақты
қызықты орындауға тырысып жүрмін. Бірлескен оқуда оқушылар
ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір-бірін
тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын
оқытуды, өз тобын алға тартуды үйренеді.
Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде
оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет.
Топтық жұмыста барлық топ мүшелері алдына қойған мақсатты бірлесе
шешеді. Олардың бойында өз тобын алға жетелеуге бағытталған сезім пайда
болады. «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» жұмыс жасайды. Топ мүшесі өзінің
тобының артта қалмауына жанталасады. Топ жұмысы зерттелген кезде
сыныптағы сөйлемейтін оқушының белсенділігі көрініс берді. Бұл жағдайға
мұғалім де, сыныптастары да таңғала қарады. Топ жұмысының тағы бір
маңызды ерекшелігі тапсырманың белгілі бір деңгейде ғана орындалмауы,
оның топ ішінде түрленуі, шарықтауы, жаңа нәтижелерге жетуі. Дәстүрлі
сабақтарда біз оқулық шеңбері бойынша тапсырманы беріп келдік, ал қазіргі
сабақта мұғалім тапсырманы орындау кезінде оқушыға еркіндік береді.
Оқушылардың белсенділігі зерттелген кезде өзін сабақта төмен көрсетіп
жүрген оқушының бойындағы ашылмаған жаңа қырлары көрінеді. Оған
сыныптастары басқа көзбен қарай бастайды. Топ өзінің ережесін шығара
отырып оны орындауға тырысады. Олардың бойларында формативті бағалау
кезінде басқа топтардан қалмау керектігі туралы, білімін көрсету, мақсатқа
жету туралы бәсекелестік пайда болады. Сыныпта топтық, ынтымақтастық
атмосфера туады. Топ ішінде шешілмейтін мәселе болмайтынын оқушылар
түсіне бастайды. Әр оқушыда танымдық түрткі пайда болып, оқуға деген
қызығушылық туады. Әр сабақта топ құрамы өзгеріп отыру керек. Топ
барлық сабақта тек бір оқушылардан ғана тұрмағаны жөн.
Топ ішіндегі туындаған эмоционалды әрекет кезінде оқушылар арасында
жағымды байланыс пайда болады. Олар өзге оқушыларды да түсінуге
тырысады. Оқушылар арасында басқа топ мүшесімен диалог құру, сұрақтар
қою, өзгені тыңдау, өзінің көзқарасын қорғау, қорытынды шығару дағдылары
пайда болады.
Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар:
- Бірыңғай топтық жұмыс.
- Сараланған топтық жұмыс.
Психолог Ю.Н.Кулюткин былай деп жазады: «Топқа бір-біріне деген
достық сезімі бар оқушылар жиналуы тиіс. Сол кезде ғана ынтымақтастық
атмосферасы туындайды. Қорқыныш пен үрей болмайды» дейді Ю.Н.
Кулюткин.
Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады,
әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға
талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде
тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен
жетістікке жеткізеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Золотова, А.В. Коллективная работа на уроках /А.В. Золотова//
Начальная школа. -2002. -№10-11.
13. Котов В.В. Организация на уроках коллективной деятельности
учащихся. -Рязань, 2013.