27
- Жүзде неше ондық бар? Ондық бірліктен неше есе көп? Ондық
жүздіктен қаншаға кем?
- 5 ондық пен 7 жүздіктен құралатын қандай сан? ІІ разрядтың 6
бірлігі мен І разрядтың 3 бірлігінен ше? 49, 94 сандарында әрбір
разрядтың неше бірлігі бар?
- 10 (20, т.б.) санынан бастап, бір–бірден ( он–оннан, бес-бестен)
қосып санаңдар;
- 34, 35, 36 ... қатарындағы келесі бірнеше сандарды атаңдар;
сандар қатарындағы 99 сандарының көршілес сандарын атаңдар. Бұл
сандар қалай жасалады?
Сонымен қатар балалардың қайсысы жүзден әрі қарай санай
білетіндерін айқындаған пайдалы. Демек, «Мың көлеміндегі
сандарды нөмірлеу» тақырыбының табысты оқытылуы алдыңғы
тақырыпты оқытудың нақты нәтижелеріне байланысты.
«Сандарды оқу, жазу және салыстыру» тақырыбында
бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санау арқылы сәйкес
сандарды шығарып алу; жүздіктермен, ондықтармен және
бірліктермен санау, сәйкес сандарды атау және салыстыру; үш
таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру, үш таңбалы санның
құрамы және оның жіктелуі, шамалар және олардың жаңа бірліктері
(км, г, т, қ, секунд) қарастырылады.
«Мың көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбы бойынша
сабақтар мынадай:
1-сабақтың тақырыбы: Жүздіктермен санау және сәйкес
сандардың атаулары.
Сабақтың мақсаты: жаңа санау бірлігі – жүздікпен және соның
көмегімен санау арқылы алынатын сандардың атауларымен
таныстыру.
2–3 сабақтардың тақырыбы: Жүздіктермен, ондықтармен,
бірліктермен санау.
Сабақтың
мақсаты:
жүздіктермен,
ондықтармен
және
бірліктермен санау арқылы сандарды шығарып алудың мәнін
түсіндіру; сәйкес сандарды атауға, жазуға, оқуға және салыстыруға
үйрету.
4–5 сабақтардың тақырыптары:Үш таңбалы сандарды оқу, жазу
және салыстыру.
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандардың жасалуы туралы
түсінік беру, оларды оқуға, жазуға және салыстыруға үйрету.
28
4. Көп таңбалы сандарды оқыту теориясы мен
технологиясы
Көп таңбалы сандардың нөмірленуін оқытудың негізгі
міндеттері:
- оқушыларды жаңа санау бірлігі – мыңдықпен және жаңа класс
- мыңдар класымен таныстыру;
- млн. көлеміндегі сандардың атай және жаза білуге үйрету, ол
үшін бұл сандардың аталуы және натурал сандар қатарындағы
орналасуы жайында түсінік беру;
- кластардың аттарын және әрбір кластың разряд бірліктерінің
аттарын үйрету, дұрыс айтуға дағдыландыру.
Төртінші сынып математикасында қиын, әрі қызықты тақырып -
көп таңбалы сандардың нөмірлеуі. Оқушылар біртіндеп санау
процесінде әртүрлі сандардың пайда болуы, аталуы, жазылуы оларға
таныс 10 цифрға (0-9) байланысты екенін түсіне бастайды. Осы
мәселелер көп таңбалы сандарды нөмірлеудің негізгі мәнін ашып
береді, бірақ мұнымен бірге сандарды салыстыру, натурал тізбегі,
сандарды 10, 100, 1000 есе арттыру және кеміту, санда барлығы неше
бірлік немесе ондық бар екендігін, т.с.с. анықтау, арифметикалық
амалдардың бірінше жағдайларын орындау сияқты маңызды
мәселелер қарастырылады.
«Көп таңбалы сандарды нөмірлеу» тақырыбын оқытудың негізгі
міндеті – әрбір оқушы бағдарламада көрсетілген кез келген көп
таңдалы санды оқып, жаза білуі керек.
Көп таңбалы сандарды нөмірлеуді дұрыс меңгеру үшін
оқушылар үш таңбалы сандарды оқи білу және кластар мен разрядтар
аттарын білу керек. Осы жағдайға байланысты «Мың көлеміндегі
сандарды нөмірлеу» тақырыбынан төменгі мәселелерді қайталаған
жөн:
- сандардың натурал қатарының құрылу принципі, үш таңбалы
сандардың оқылуы және жазылуы;
- разрядтардың аттары, разряд бірліктерінің арасындағы негізгі
қатынастар;
- үш таңбалы сандарды салыстыру;
- үш таңбалы сандардың құрамындағы ондықтар мен
жүздіктердің санын көрсету, әсіресе ондықтардың. Мысалы: 247.
Қанша ондық бар? – 24. Неге? 2 жүздік-20 ондық. 20 онд. + 4онд. =24
онд.
29
Көп таңбалы сандарды нөмірлеуді оқыту мына ретпен жүзеге
асырылады:
- ІІ класс бірлігі – мыңдықпен таныстыру, оның І класс бірлігіне
қатынасын анықтау, класс ұғымын енгізу;
- мыңдықпен санау, ІІ класс сандарын жазу және оны талдау;
- 10, 100, 1000-ға көбейту, бөлу тәсілдері;
- көп таңбалы сандар кластық - разрядтық сандар қосындысы
екенін көрсету.
Бірінші кезеңдегі жұмыс әдістері төмендегідей: мұғалім сабақта
оқушыларға таныс санау бірліктерін қайталап отырып, жаңа санау
бірліктерінің пайда болуын көрсетеді:
10 бірл.-1онд. 10 бірл. мыңд.- 1онд. мыңд.
10 онд.- 1жүзд. 10 онд. мыңд.- 1жүзд. мыңд.
10 жүзд. –1мыңд. 10 жүзд. мыңд.-1мыңд. мың
Дәл осы кезеңде мұғалім класс ұғымын енгізеді. Ол үшін
оқушылардан қандай разряд бірліктері үш таңбалы сандарды
құрайды деп сұрайды (бірліктер, ондықтар, жүздіктер). Осы үш
разряд бірліктері бірігіп , І класты құрайды, ол бірліктер класы деп
аталады [1-кесте].
Осыдан кейін оқушыларға ең үлкен үш таңбалы санды жазу
ұсынылады: 999.
Келесі санды алу үшін 1- ді қосамыз:
999+1=1000. Мың - ІІ кластың бірлігі. Бұл кластың сандары
мыңдықпен санау арқылы алынады.
Екінші кезеңде мұғалім ІІ кластың бірліктерінен тұратын сандар
қалай жасалатынын, аталатынын және жазылатынын көрсетеді.
Әртүрлі кластардағы сандарды нөмірлеудің ұқсастығы мен
айырмашылығын оқушылар түсіну үшін мына кестені құрып, жұмыс
істеуге болады:
І класс сандары: 100, 101, 102, 103, ..., 997, 998, 999.
ІІ класс сандары: 1 мың, 2 мың, ... , 999997, 999998, 999999.
ІІІ класс сандары: 1 млн, 2 млн, ..., 999999997, 999999998,
999999999.
Көп таңбалы сандардың оқылуы мен жазылуы кластар арқылы
орындалады, ол жоғарғы кластан басталады (3 млн. 2 мың 432).
Сандарды оқу үшін оң жақтан бастап, үш-үш цифрдан санап алып,
санды кластарға бөледі. Сонда әрбір кластың неше бірлігі бар екені
Достарыңызбен бөлісу: |