52
Мәселен,
«Шеңбер»
ою-өрнегiн
шеңбер
туралы
ұғымды
қалыптастыруда қолдана отырып, өмiр сүрiп отырған жерiмiз,
күнiмiз, киiз үй, оның шаңырағы – бәрi дөңгелек екендiгiн, шеңбер
осыларды бейнелейтiндiгiн айту қажет. «Тұмарша» оюы ұшбұрыш
үлгiлес болып келедi. Осындай тұмарлар тiл-көзден сақтау үшiн үй
жануарларының,
бойтұмар
ретiнде
балалардың
мойнына
тағылатындығы туралы әңгiмелеу оқушылардың дүниетанымын
кеңейтедi.
Қолөнер үлгiлерiн оқытудың құралы ретiнде қолданғанда оның
элементтерi
қолданылған
тапсырмалар
жүйесiн
пайдалану
оқушылардың белсендiлiгiн арттырады.
Кез келген геометриялық материалды оқыту байқаудан, оны
әртүрлi жағдайларда қарастырудан басталатыны анық.
Осы қағидаға сәйкес оқушыларға мынадай тапсырмалар
жүйесiн ұсынуға болады:
1.
Байқау тапсырмалары. Оқушылар сәндiк-қолданбалы өнер
туындыларынан,
ою-өрнектерден
геометриялық
фигураларды
табады, олардың қасиеттерiн анықтайды, орналасу тәртiбiн көрсетедi,
өзара салыстырады, яғни мұғалiмнiң басшылығымен қолөнер
материалдарына геометриялық талдау жасайды.
2.
¤лшеуге берiлген тапсырмалар. Мұнда оқушыларға қолөнер
үлгiлерiндегi геометриялық фигураларды салыстыру үшiн олардың
ұзындықтарын, бұрыштарын, аудандарын өлшеу ұсынылады.
3.
Салуға берiлген тапсырмаларды оқушылар сызба
құралдарының көмегiмен не олардың көмегiнсiз орындайды.
Мысалы, геометриялық фигуралардан ұлттық ою-өрнектердi
құрастырады, оюдың элементтерiн өрнекке дейiн толықтырып
салады, геометриялық ою-өрнектердi бұйымдардың, заттардың iшiн
әшекейлеу үшін қолданады.
4.
Есептеуге берiлген тапсырмалар. Сәндiк-қолданбалы өнер
туындыларындағы геометриялық фигуралардың санын есептейдi,
олардың ауданын,
периметрiн табады, т.с.с.
5.
Аралас тапсырмалар. Мұнда байқау, өлшеу, салу, есептеу
тәсiлдерi кешендi түрде жүзеге асырылады, жоғарыда айтылған
тапсырмалардың барлығы өзара араласып келедi.
Сонымен, осы айтылғандарды негiзге ала отырып, сәндiк-
қолданбалы өнер материалдарының педагогикалық мүмкiндiктерiн
ашып көрсетуге болады: бастауыш сыныптарда геометриялық
54
Текемет сызбасындағы берілгендерді пайдаланып, фигураның
периметрін табыңдар.
Суретті
пайдалана отырып, фигураның ауданын табыңдар.
Осындай жаттығуларды орындата отырып, оқушыларға ең
бастысы геометриялық материалдарды оқытуды дұрыс жолға қойсақ,
екінші жағынан сәндік-қолданбалы өнер туралы кең көлемде
мағлұмат береміз және осының негізінде оларды әдемілікті сезуге
тәрбиелеп,
эстетикалық
көзқарастары
мен
танымдарын
қалыптастырамыз.
Алгебра элементтерін оқыту міндеттері:
- өрнектер, теңдіктер, теңсіздік, теңдеулер туралы білім, білік,
дағдыларын қалыптастыру;
- сандық өрнектерде амалдарды орындау ретімен таныстыру
және осы ережеге сәйкес өрнектің мәнін табу дағдысын
қалыптастыру;
- a+b, c-d, c:3, к·с, с:а түріндегі әріптік өрнектерді оқып- жазуға
дағдыландыру және берілген әріптердің мәндері бойынша оларды
шешуге үйрету;
- 5+х=15, х-3=7, 12-х=3, х·7=42, х:4=5, 27:х=2 түріндегі
теңдулермен таныстыру және оларды таңдау тәсілдерімен, сонымен
бірге арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері
арасындағы байланыс туралы білімге сүйене отырып, шешу
дағдыларын қалыптастыру
Бағдарлама негізгі мектепте алгебра курсын оқып үйренуге
қажетті даярлықтың практикалық негізін бастауыш мектепке
қалайтын алгебра элементтерін қарастырудың мүмкін жолдарын
ұсынады. Мұнда алгебралық қарапайым түсініктер мен ұғымдарды:
өрнек, сандық өрнек, сандық теңдік және теңсіздік, әріптік өрнек,
әріптік өрнектің мәні, әріптің әрбір мәніне өрнектің бір ғана мәні
сәйкес болатыны, қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері,
құрылысы күрделі теңдулер және оларды шешу тәсілі, алгебралық
тәсілмен, яғни теңдеу құру арқылы есептер шығару және тағы
басқаларды қарастыру көзделеді.
Әріпті өрнектердің а+5, а-3, 7-а, 7+а, а·2, а:2, 5·а, а:3 сияқты
сандар аймағы кеңейген сайын, сандық деректері күрделене түсетін
қарапайым түрлері қарастырылады.
Арифметикалық амалдар арқылы біріктірілген сандар тізбегін
өрнек деп атайды немесе математикалық өрнек деп белгілі бір ереже