Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет8/34
Дата04.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2861
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

 
24 
 
 
- 1-ден 10-ға дейінгі сандар  қатарында  әрбір сан қандай орында 
тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын 
айтатынын игеріп алулары тиіс. 
Баспа  және  жазба  цифрмен  таныстыру  үшін  оқып-үйренілетін 
сандарды  ең  алдымен  баспа  цифрмен  белгілеп  алады  да,  оларды 
қалталы  полотнада  заттардың  сәйкес  жиынының  тұсына  көрсетіп 
қояды.  Мұғалім  түсініктеме  беруге  болады:  3  қоян,  3  алма  деуге 
болады,  сондай  ақ  3  санын  таңбамен,  яғни  цифрмен  белгілеуге 
болады.  Оқушылар  жаңа  цифрды  өз  кассаларынан  тауып  алып, 
көрсетеді.  Бекіту  үшін  бірден  сан  мен  цифр  арасындағы  сәйкестікті 
тағайындауға  жаттығулар  енгізіледі:  «Мына  цифрдың  қандай  санды 
білдіретінін  таяқшаларды  пайдаланып  көрсетіңдер»;  «Неше  алма 
көрсетіп тұрғанымды білдіретін цифрды көрсетіңдер», т.с.с. 
Жазбаша  цифрмен  таныстырғанда,  мұғалім  цифрдың  жазылу 
үлгісін  тақтаға  жазып  көрсетеді.  Балалар  қолдың  қозғалыс  бағытын, 
цифрдың суретін қимыл жасап, салады немесе мұғалімнің дәптеріне 
жазып берген үлгісін бастыра жазып, ұғып алады. 
2.  Жүз көлеміндегі сандарды оқыту теориясы мен 
технологиясы 
 
 
100  көлеміндегі  сандарды  нөмірлеу  тақырыбының  мазмұны 
мынадай  мәселелерді  қамтиды

  бірлікпен  санау,  бірге  арттыру  және 
кеміту,  бір  таңбалы  натурал  сандар  қатары,  см-мен  дм  арақатынасы 
және  дм-дің  көмегімен  ұзындықты  өлшеу,  ондықтармен  санау  және 
ондықтарды  қосу  және  азайту,  толық  ондықтардың  қатары,  он  және 
ондық ұғымы. 
100  көлеміндегі  сандарды  нөмірлеуді  оқыту  мына  ретпен 
жүргізіліді

 
-  жаңа санау бірлігі  - ондықты енгізу; 
-  толық ондықтар, олардың нөмірленуі; 
-  11-19 сандардың нөмірленуі; 
-  21-99 сандарының нөмірленуі. 
Осы  уақытқа  дейін  бір  таңбалы  сандар  қатары  түзіліп,  әр 
сандардың  қатардағы  орны  анықталған,  кіші  немесе  үлкен  бір 
таңбалы  сан  тағайындалған  болатын.  Енді  натурал  сандар  қатары 
туралы  түсінік  қарастырылады,  яғни  таяқшаларды  санау  барысында 
1,2,..9 сандарын шығарып алып, олардың бір таңбалы натурал сандар 
деп аталатыны  баяндалады. Ал тағы бір таяқша қоссақ, барлығы 10 


 
25 
 
 
таяқша  болады.  Демек,  натурал  сандардың  заттарды  санауға 
қолданылатыны аңғартылады. Әрі қарай осы түсінік басқа сандардың  
мысалында біртіндеп тиянақтылана түседі. 
Таяқшаларды  пайдалану  бірлікпен  санаудың  мән-мағынасын 
ашады. Яғни, бір таяқшадан біртіндеп қосу, санды 1-ге қосу, санды 1-
ге арттыруды білдіреді. 
Әрі қарай бір таңбалы натурал сандар қатары тиянақтала түседі 
және  қалыптасады.  Бір  таңбалы  натурал  сандар  қатарын  бір-бірімен 
және  олардың  әрқайсысын  нөлмен  салыстыру,  сан  сызғышындағы 
нөлдің орны көрсетіледі. 
 
10  санын  шығарып  алудың  әр  түрлі  жолдары  бар:  10 
таяқшаны  санап,  олардан  бір  бума  жасау  арқылы  ондық  жайында 
түсінік  беріледі,  яғни  10  таяқшадан  тұратын  бума  бір  ондықтың 
баламасы 
болады. 
Демек, 
бумаларды 
пайдалану 
арқылы 
ондықтардың атауы енгізіледі. 
10 санын жазып көрсету үшін екі цифр қажет. Осыған ұқсас кез 
келген  толық  ондықты  жазу,  сәйкес  екі  цифрды  таңдап  алумен 
байланысты. 
Толық ондықтар туралы түсінік беру үшін оқушыларға бір бума 
таяқшаны  көрсетіп,  оның  неше  ондықты  білдіретіні  сұралады,  яғни 
бір бума  -  бір  ондық,  10 санын білдіреді.  Ал  екі бума  -  2  ондық,  20 
санын  білдіреді.  Толық  ондықтар  осылайша  жаслып,  екі  цифрды 
пайдалану  арқылы  жазылады,  сондықтан  олар  екі  таңбалы  сандар 
болып табылады. 
11-19  сандарының  нөмірлеуі  бір  ондыққа  бірліктерді  біртіндеп 
қосу  арқылы  үйретіледі.  21-99  сандарының  нөмірленуі  көбейту  мен 
қосу  амалы  арқылы  құрылады,  өйткені  олар  бірнеше  ондықтардан 
және бірнеше бірліктерден жасалады.  
3.  Мың көлеміндегі сандарды оқыту теориясы мен 
технологиясы 
 1000  көлеміндегі  сандардың  нөмірленуін  оқытудың  негізгі 
міндеттері: 
-  оқушыларды  жаңа  санау  бірлігі  -  жүздікпен  және  жүздік 
разрядымен таныстыру; 
-  ондық  санау  жүйесінің  позициялы  түрде  құрылуын  берік 
меңгерту  (цифрлардың  орнына  байланысты  мәні).  Математика 
курсынан  белгілі  сандарды  атап,  жазып  көрсету  үшін  және  оларға 
қолданылатын 
амалдарды 
орындау 
үшін 
пайдаланылатын 


 
26 
 
 
математикалық  тіл  санау  жүйелері  деп  аталады.  Санау  жүйелері 
позициялы  және  позициялы  емес  болып  2-ге  бөлінеді.  Позициялы 
жүйе  бір  таңба  (цифр)  оның  санның  жазылуындағы  тұрған  орнына 
байланысты  әр  түрлі  мағынаға  ие  болады.  Позициялы  жүйе  ретінде 
ондық  санау  жүйесі,  вавилондық  алпыстық  санау  жүйесі  алынады. 
Позициялық  емес  санау  жүйесінде  әрбір  цифр  қай  орында  тұрса  да, 
бір  мағынаға  ие  болады,  оған  мысал  ретінде  рим  цифрын  алуға 
болады. Ондық санау жүйесінде сандарды жазу үшін 10 цифр (0-ден 
9-ға  дейін)  пайдаланылады.  Олардан  сандардың  қысқаша  жазбасы 
болатын сандық тізбектер жасалады.; 
-  үш  таңбалы  сандардың  разряд  бірліктерінің  арасындағы 
қатынасты түсіндіру:  10 бірл.- 1 онд., 10 онд.- 1 жүзд.; 
-  үш  таңбалы  сандардағы  ондықтар  мен  жүздіктердің  санын 
анықтауға үйрету (сандардың ондық құрамы); 
- үш таңбалы сандарды оқу және жазу біліктері мен дағдыларын 
қалыптастыру; 
-  үш  таңбалы  сандардың  разрядтық  құрамына  сүйене  отырып, 
сандарды қосу және азайту біліктерін қалыптастыру; 
-  үш  таңбалы  сандарды  оқып–үйренумен  байланыста  ұзындық 
бірліктері дециметр, метр, км арасындағы қатынасты қарастыру. 
Мың көлеміндегі сандардың нөмірленуін бөліп оқытудың себебі 
-  мұнда  бірінші  класс  –  бірліктер  класы  сандарының  нөмірленуін 
оқып–үйрену аяқталады, бұл көп таңбалы сандар нөмірленуін игеріп 
алуға  негіз  болып  табылады,  өйткені  келесі  кластар:  екінші  класс  – 
мыңдар класы, үшінші класс – млн. класы т.с.с. бірінші класқа ұқсас 
құрылады. Сондықтан үш таңбалы сандардың ауызша және жазбаша 
нөмірленуін балалар берік және саналы ұғынып алуы тиіс. 
Бағдарламаға  сәйкес  «Мың  көлеміндегі  сандарды  нөмірлеу» 
тақырыбы 2-сыныптың екінші жарты жылдығында өтіледі. Материал 
мынадай тәртіппен қарастырылады: бірліктермен, ондықтармен және 
жүздіктермен    санау;  үш  таңбалы  сан  және  оның  ондық  құрамы; 
сандарды салыстыру және мың көлеміндегі сандарды оқу және жазу. 
Мұнда  негізінен  «Жүз  көлеміндегі  сандар»  тақырыбында 
оқушылардың игерген білім, білік және дағдылары біршама өзгерген 
және  жаңа  жағдайларда  қолданылады.  Сондықтан  тақырыпты 
оқытуға  көшпес  бұрын  жүз  көлеміндегі  сандардың  нөмірленуін 
қайталауға ауызша жаттығулар берген жөн: 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау