Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет5/34
Дата04.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

 
15 
 
 
-  ұйымдастыру формалары; 
-  нәтижелері. 
Математикалық бастауыш білім мазмұнын теріс емес сандардың 
арифметикасы  (натурал  сан,  ноль  саны,  арифметикалық  амалдар, 
арифметикалық  амалдардың  қасиеттері,  есептеулер,  үлес,  есептер), 
шамалар және оларды  өлшеу (ұзындық, уақыт, масса, сыйымдылық, 
аудан,  көлем),  геометриялық  ұғымдар  (нүкте,  кесінді,  түзу,  сәуле, 
бұрыш,  көпбұрыш,  шеңбер,  дөңгелек,  параллепипед),  алгебралық 
ұғымдар  (өрнек,  сандық  және  әріптік  өрнектер,  сандық  теңдік  және 
теңсіздік, теңдеу) құрайды. 
Математиканы  оқыту  әдісі  -  оқыту  үрдісінде  көздеген  мақсатқа 
жетудің  бірыңғайланған  тәсілдері,  тәртіпке  келтірілген  іс-әрекеттер 
жүйесі. 
Математикалық  білімді  меңгертуге  бағытталған  оқытудың 
әдістері мыналар: 
-  практикалық: 
ауызша 
және 
жазбаша 
жаттығулар, 
лабораториялық және практикалық жұмыстар, т.б.; 
-  көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, бақылау, т.б. 
-  сөздік: түсіндіру, әңгімелеу, пікірлесу, т.б.; 
-  кітаппен  жұмыс  істеу:  оқып  шығу,  қарап  шығу,  баяндау, 
жоспар құру, т.б.; 
-   бейне: 
көру, 
оқыту, 
«электронды 
материалдармен» 
жаттығулар орындау, т.б. 
Математиканы 
оқытуды 
ұйымдастырудың 
формасы 

математиканы оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушылардың белгілі бір 
тәртіппен  және  ретпен  жүзеге  асыратын  іс-әрекетінің  сыртқы 
көрінісі. 
Математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары оқушылардың 
санына, оқу орнына, оқу уақытының ұзақтығына байланысты болады. 
Оқушылардың  санына  байланысты  математиканы  оқытуды 
ұйымдастыру  формаларын  бұқаралық,  ұжымдық,  топтық,  шағын 
топтық  және  дербес  деп,  оқу  орнына  байланысты  мектепте  және 
мектептен тыс деп,  оқу уақытының ұзақтығына байланысты дәстүрлі 
сабақ (45 минут), біріктірілген сабақ (90 минут), «қоңыраусыз» сабақ 
деп бөлуге болады.  
Математиканы  оқытудың  нәтижелері  (оқытудың  жемісі)  -  оқу 
үрдісінің салдары, алдағы мақсаттың жүзеге асырылу деңгейі. 


 
16 
 
 
Бағдарламада  бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқытудың 
нәтижесінде  оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларына  қойылатын 
талаптардың міндетті және мүмкіндік деңгейлері көрсетілген. 
Міндетті  деңгейге  бастауыш  мектеп  математикасы  көлеміндегі 
берік  меңгерілуге  тиісті  материалдар  жатады.  Олар  теріс  емес  бүтін 
сандардың ауызша және жазбаша нөмірленуі; аса маңызды шамалар 
және олардың өлшем бірліктері; жай есептердің негізгі түрлері және 
оларды  шешу  және  т.б.  Осы  деңгейдің  материалын  әр  оқушы 
қанағаттанарлықтан төмен емес деңгейде игеру тиіс. Осы деңгейдегі 
математикалық  дайындыққа  жету  үшін  білімді  көрсетілген  үлгіге 
орай,  біршама  өзгерген  және  жаңа  жағдайларда  қолдану  керек 
болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді. 
Ал мүмкіндік деңгейлеріне мазмұны тұрғысынан алғанда негізгі 
мәселемен  үйлесетін,  алайда  оқушының  математикалық  ой-өрісін 
кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де 
оны  орындау  шығармашылық  іс-әрекетпен  ұштасатын  материалдар 
жатады.  Мұның  бәрі  міндетті  денгейдің  материалын  кеңейте  және 
тереңдете  түсуге  қызмет  етеді;  математиканың  жүйелі  курстарының 
аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып-үйретудің негізін қалайды. 
Сондай-ақ,  балалардың  дамуына  әсерін  тигізеді  және  негізгі 
материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі. Олар: теңдеулер және 
оларды  шешудің  әдістері,  геометриялық  фигураларды  нүктелердің 
жиыны  түрінде  көрсетіп  беру,  кесінділердің  қосындысы  мен 
айырмасын 
геометриялық 
әдіс 
арқылы 
анықтау, 
берілген 
параметрлері  бойынша  геометриялық  фигураларды  салу,  есептерді 
теңдеулердің 
көмегімен 
шешу, 
қызықты 
және 
логикалық 
материалдар және т.б
.  
Мүмкіндік 
деңгейлеріндегі 
материалды 
жақсы 
білмеу 
оқушының  жетістігін  қанағаттанарлық  емес  деп  бағалаудың  себебі 
бола алмайды. 
«Математика»  пәні  бойынша  білім  беру  стандарты  –  Қазақстан 
Республикасындағы  жалпы  білім  беретін  мектептің  бастауыш 
сатысының  барлық  типтеріне  ортақ  математикадан  оқушылардың 
алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындаитын құжат. 
«Математика»  пәнінің  базалық  мазмұны  –  мектепте  міндетті 
түрде    оқытылуы  тиіс  және  үздіксіз  білім  берудің  келесі  сатылары 
мен  деңгеилерінде  математиканы  оқытуды  жалғастыру  үшін 


 
17 
 
 
жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының 
тізбесі.  
«Математика» пәнін оқытудың басты мақсаттары : 
-  математикалық білім, білік және дағдыларды игеру
-  математика  курсының  мазмұны  арқылы  танымдық  және    
комуникативтік  іс-  әрекет  пен  өздігінен  білім  алуға  және  еңбекке 
бейімделу,  сондай  -  ақ  ата  –  дәстүр,  әдет  –  ғұрып,  салт  –  сана, 
халықтық  және  ұлттық  болмысты  дүниежүзілік  мәдени  мұралармен 
үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру
-  оқушының 
ақыл  –  ойының  математикалық  стилін, 
интелектуалдық  және  ерік  пен  сезімге  қатысты  сапаларын  дамыта 
түсу; 
-  негізгі  мектепте  оқуға,  меңгерген  математикалық  білімдерін 
өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру. 
«Математика» оқу пәнін оқытудың басты міндеттері: 
-  баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл – ойын 
дамытуға,  интелектуалдық  және  крік  пен  сезімге  қатысты 
белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу
-  математиканың  өмірде  болып  жатқан  нақты  құбылыстарды 
жалпылауға  және  қоршаған  болмысты  танып-  білуге  көмектесетін 
ғылым  болып  табылатыны  туралы  түсініктердің  қалыптасуына  әсер 
ету; 
-  оқушының өмір тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында 
оқуын  жалғастыруы  үшін  қажетті  білім,  білік  және  дағдыларды 
қалыптастыру. 
«Математика» оқу пәнінің зерттеу обьектілері: 
-  теріс емес бүтін сандардың нумерациясы ;  
-  аса маңызды шамалар және олардың өлшем бірліктері 
-  арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері ;  
-  есептеу  тәсілдері  және  сәйкес  білік  пен  дағдыларды 
қалыптастыру; 
-  есеп және оны шешу процесі;  
-  алгебраның элементтері ; 
-  геометрияның элементтері. 
«Математика» оқу пәні мазмұнының даму болашағы 
Бастауыш  мектептегі  «Математика»  пәнінің  мазмұнының 
негіздері  болашақта  негізгі  және  жоғарғы  сатыда  мектептегі 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау