Қазақстан Республикасы Білім
және Ғылым Министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Әлеуметтік-педагогикалық факультет
Бастауыш оқытудың педагогикасы
мен әдістемесі кафедрасы
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы
және технологиясы» пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
мамандығына арналған
Қарағанды 2010
2
Құрастырған:
Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы - бастауыш оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және
технологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын осы
пәнді оқып-үйрену бағдарламасы, семинар сабақтарының жоспары
мен әдістемілік нұсқаулар және СӨЖ ұйымдастыру түрлері құрайды.
Пәнді оқып-үйрену бастауыш мектепте математиканы оқыту
теориясы және технологиясы бойынша болашақ мамандардың
теориялық білімдерін тереңдетуге, олардың кәсіби іс-әрекетіне деген
танымдық
ізденімпаздығы
мен
шығармашылық
қабілетін
қалыптастыруға, өздігінен білім алу іскерліктерін шыңдап, зерттеу
бейімділіктерін жетілдіруге бағытталған. Оқу-әдістемелік кешен ҚР
МЖМБС 3.08.252 – 2006 және типтік оқу бағдарламасына сәйкес
жасалған.
Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және
технологиясы»
пәнінен
оқу-әдістемелік
кешен/
Құраст.
Қ.А.Сарбасова – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010. - 116 б.
© Қарағанды
мемлекеттік университеті, 2010
3
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1 Оқытушы туралы мәліметтер: Қ.А.Сарбасова – педагогика
ғылымдарының докторы, доцент
Байланыс ақпараты және кафедрада болу уақыты:
сейсенбі– 13-17 сағ.
жұма – 10-16 сағ.
Оқу корпусы №9, ауд.208
1.2. Пән туралы мәліметтер:
Атауы: «Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы
және технологиясы»
Кредит саны: 3 кредит
Өткізілу орны: әлеуметтік-педагогикалық факультет
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс
Се-
местр
Кредит
Дәріс
Семи-
нар
СОӨЖ
СӨЖ
Барлы-
ғы
Бақылау
түрі
3
5
3
30
15
45
45
135
емтихан
1.3. Пререквизиттер:
Оқу пәнін студенттер сапалы меңгеру үшін:
математика, педагогика, психология, физиология саласынан
білімі болуы қажет;.
өздігінен білімін жетілдіру, ғылыми-педагогикалық және
әдістемелік әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеу, конспект, реферат
жазу, ғылыми баяндамалар мен хабарламаларды дайындау,
мемлекеттік ресми және номативті құжаттарды талдау икемділігі
болуы керек.
1.4. Постреквизиттер:
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және
технологиясы» курсын оқып-үйрену барысында студенттер мынадай
білім, білік, дағды көлемін меңгереді:
4
- әдістемілік ғылымның нысаны, пәні, міндеттері мен зерттеу
әдістері, бастауыш математика курсының оқу пәні ретіндегі мәні мен
оның мазмұны;
- бастауыш математика курсын
оқытуды ұйымдастыру;
- бастауыш математика курсының маңызды ұғымдарын оқыту
әдістемесі.
1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Бастауыш сыныптарда математика пәнi ерекше мәнге ие болады,
оны оқытуға басты назар аударылады. Пәннiң атқаратын қызметiн
негiзге алсақ, бастауыш мектепте математиканы оқыту бастауыш
сынып оқушыларына математикалық бiлiмдi меңгерту және оларды
өмiрде пайдалануға қажеттi білікк, дағдыларымен қамтамасыз етуді
көздейдi. «Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және
технологиясы» курсы болашақ бастауыш сынып мұғалiмдерiне
әдiстемелiк даярлық беруде нормативтi және мiндеттi түрде
оқытылатын курс болып табылады
Курстың мақсаты – болашақ мұғалімдерге математиканы
оқытуға қажетті теориялық, практикалық және әдістемелік даярлық
беру.
Курстың міндеттері:
- бастауыш
сынып оқушыларына математиканы оқыту
процесін ұйымдастырудағы кәсіби білім және біліктермен
қаруландыру;
- әдістемелік ғылымның зерттеу нысаны, пәні, міндеттері және
әдістері,
сонымен
бірге
бастауыш
сынып
оқушыларына
математиканы оқыту теориясы және тәжірибесінің үрдістері мен
бағыттары туралы түсінік беру;
- бастауыш мектептің математика курсын құрайтын негізгі
түсініктер мен әрекет тәсілдерінің мазмұны туралы ғылыми түсінік
қалыптастыру;
- жеке тұлғаның кәсіптік-педагогикалық сапаларын тәрбиелеу;
- әдістемелік іс-әрекет дағдыларын
жетілдіру;
- оқушылардың математикалық білімдерді меңгеру процесі мен
нәтижелерін зерттеу.
Курсты оқып-үйрену нәтижесінде студенттер меңгеруге
тиісті білім, білік және дағдылар көлемі: