21
- геометриялық фигураларды сызуды (кескіндеп көрсетуді)
және латын алфавитінің әріптерімен белгілеуді және сол белгілер
бойынша оқуды;
- Жазықтықтағы
қиылысатын
және
қиылыспайтын
фигураларды ажыратуды және қиылысатын фигуралардың ортақ
бөліктерін, фигураға тиісті және тиісті емес нүктелерді табуды;
- құралдардың (сызғыш, циркуль, бұрыштық) көмегімен
геометриялық фигураларды (кесінді, бұрыш, тік төртбұрыш, квадрат-
шаршы) салуды;
- тәжірибеде кесінді және ауданды өлшеу үшін сызғышты және
палетканы қолдануды;
- тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын, кубтың (текшенің)
және тік бұрышты параллелепипедтің көлемін есептеп шығаруды.
3. Математика оқу пәнін оқыту процесін мамандармен
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын орта
педагогикалық және жоғары педагогикалық білімі бар «Бастауыш
сыныптар мұғалімі» квалификациясы берілген маман жүзеге
асырады.
Оқу пәнін оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан
қамтамасыз ету.
Бастауыш мектепте «математика» пәнін оқыту Қазақстан
Республикасы білім беру саласындағы орталық атқару органдары
жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылында оқыту
туралы нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Математиканы оқыту процесі пән бойынша келесі ОӘК-мен
қамтамасыз етілуі тиіс:
1. Математика оқулықтары (1-4 сыныптар)
2. Математика дәптерлері (1-сынып)
3. Үлестірме дидактикалық материалдар (1-4 сыныптар)
4. Математиканы оқыту әдістемесі.
5. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар (1-4 сыныптар)
6. Көрнекі көрсету кестелері (1-4 сыныптар)
7. Көрнекі көрсету кестелерін қолдануға арналған әдістемелік
нұсқау (1-2 сыныптар)
8. Дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар
22
9. Көру-есту
және
техникалық
оқыту
құралдарында
пайдаланылатын материалдар (1-4 сыныптар)
10. Ата-аналарға арналған «математика оқулығына түсіндірме»
(1-4 сыныптар)
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 14, 17,22
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№2 дәрістің тақырыбы: Теріс емес бүтін сандардың
нөмірленуін оқыту теориясы мен технологиясы
1. Он көлеміндегі сандарды оқыту теориясы мен технологиясы
2. Жүз көлеміндегі сандарды оқыту теориясы мен технологиясы
3. Мың көлеміндегі сандарды оқыту теориясы мен технологиясы
4. Көп таңбалы сандарды оқыту теориясы мен технологиясы
1. Он көлеміндегі сандарды оқыту теориясы мен
технологиясы
10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу мен арифметикалық
амалдарды оқытудың кейбір ерекшеліктері бар: а) 10 -ондық санау
жүйесінің негізі, сондықтан 1-ден 10-ға дейінгі сандар жай сандарды
басқа разрядтық бірліктерді пайдаланбай санау нәтижесінде
жасалады. Осыған байланысты 1-ші ондық сандарының кез келгенін
белгілеу үшін ауызекі сөйлегенде ерекше сөз, ал жазғанда ерекше
таңба қолданылады; ә) 10 көлеміндегі қосу мен азайтудың есептеу
тәсілдері санаумен тығыз байланысты; б) үлкен емес сандар оқушыға
математикалық ұғымдарды ашып көрсету үшін жақсы жағдайлар
туғызады, мысалы, натурал сандардың теңдігі және тең еместігі, қосу
және азайту амалдары сияқты ұғымды қалыптастыруға болады; в)
осы концентрде келесі концентрде әрі қарай жалғастыратын көптеген
мәселелерді оқып-үйрену басталады. Мысалы, 10 көлеміндегі санау
жалпы алғанда санауды үйрену негізі, 1-ші ондық сандарының
атаулары мен белгілеулері кез келген көп таңбалы сандарды атау мен
белгілеу үшін негіз болады. 10 көлемінде қосу мен азайту кейін кез
келген сандармен ауызша және жазбаша есептеулерді орындауға
негіз болып табылады.
«Ондық» концентрін оқып-үйрену үш кезеңге бөлінеді:
дайындық кезеңі, нөмірлеуді оқып-үйрену, қосу және азайтуды оқып-
үйрену.
Дайындық кезеңіндегі жұмыстың мазмұны:
23
- санай білуге машықтандыру қажет, сондықтан заттарды
санауға берілген жаттығулар дайындық кезеңіндегі әрбір сабаққа
енгізіліп отырады;
- санағанда есептік және реттік сан есімдерді пайдалана білуге
балаларды үйрету керек;
- көптеген практикалық жаттығулар негізінде балалар заттардың
екі тобын, олардың қайсысындағы заттар көп (аз) екенін анықтай
отырып немесе олардағы заттар саны бірдей екеніне көзін жеткізе
отырып, салыстыра білуді үйренулері тиіс;
- кеңістік түсініктерін анықтау;
- реттік қатынастарды анықтау;
- цифрларды жазуға дайындық жаттығуларын орындау.
Бірінші ондық сандарының нөмірлеуін оқытудың мазмұны
мынадай мәселелер қамтиды:
- «сан» және «цифр» ұғымдарын бекіту;
- 1-ден 10-ға дейінгі сандардың аталуын, баспа және жазба түрде
белгіленуін, ретін, құрамын меңгерту;
0 санымен және цифрмен таныстыру.
Қазақстандық математиканы оқыту әдістемесіне (Т.Қ.Оспанов,
т.б.) сәйкес бірінші ондық сандарының нөмірлеуін оқыту былайша
жүзеге асырылады:
- 1, 2 сандарымен таныстыру - заттардың тобынан 1 және 2
затты бөліп алу арқылы санды енгізу;
- 3-10 сандарын сандардың натурал қатарының құрылу принципі
негізінде түсіндіру (сандардың натурал қатарының құрылу
принципінің негізгі мәні: санға 1-ді қосу арқылы одан тікелей кейін
тұрған санды шығарып алу немесе саннан 1-ді азайту арқылы одан
тікелей кейін тұрған санды шығарып алу);
- 0 саны «ештеңе қалған жоқ» деген ұғымның негізінде
енгізіледі.
Тақырыпты оқып-үйрену нәтижесінде оқушылар:
- санағанда әрбір сан бірліктен қалай жасалатынын;
- әрбір сан қалай аталады және ол баспа, жазба цифрмен қалай
белгіленетінін;
- әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қаншаға
артық және тікелей өзінен кейінгі саннан қанша кем болатынын;
Достарыңызбен бөлісу: |