Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет1/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93

Лекция 1
Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және ТМД отын - энергетикалық балансы.
ҚР және шетелдегі негізгі мұнай кен орындары

Кіріспе. Заманауи ғылыми-техникалық даму табиғи ресурстарды тұтыну қарқыны мен өндірістердің тұрақты дамуымен тығыз байланысты. Мұнай өңдеу және мұнай өндірісінің негізгі міндеттерінің бірі - мұнайды қолдану тиімділігін арттыру, және оны ары қарай терең өңдеуді қамтамасыз етіп, белгілі қуатты реконструкция және интенсификация есебінен прогрессивті қалдықсыз өңдеу технологиясын, шығарылатын өнімнің көлемін көбейтіп, оның сапасын жоғарылату болып табылады.


Ең негізгі талаптардың бірі мұнайды рационалды пайдалану, яғни отындық дистилляттарды АҚ және АВҚ қондырғыларында айдау арқылы шығымын жоғарылату болып табылады. 3500С-қа дейін қайнайтын ашық фракциялар және АҚ қондырғысындағы ашық мұнай өнімдерінің жиынтығы арасындағы потенциалдар айырмасы өңделуші мұнайдың сапасына, алынаын өнімдер ассортиментіне байланысты, және олардың қатынасы 5-7 % (масс.) мұнай массасына құрайды.
Мұнай өңдеу зауытында мұнайды алғашқы өңдеу қондырғылары үлкен роль атқарады. Газды бөлу , каталитикалық крекинг, кокстеу және т.б. тазалау процестерінің тиімділігі оның жұмыс істеу көрсеткіштеріне байланысты болады.
Еңбек өнімділігін арттыру, тауар өнімдерінің құнын төмендету, энергетикалық шығындарды, металдың меншікті шығынын, капиталдық салымдар және эксплуатациялық шығындарды қысқарту қондырғылардың техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.
Алғашқы айдау қондырғыларын жинақтау құрылысы үлкен экономикалық артықшылық болып саналады. Мұнай өңдеу зауытындағы процестерді жинақтау негізгі өндіріс аумағының шағын орналасуына, технологиялық және энергетикалық коммуникациялардың санын азайтуға, жалпы зауыттық шаруашылықтың көлемін қысқартуға, қызметшілер санын азайтуға мүмкіндік береді.
«Мұнай өңдеу өндірісінің негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
- мұнай-газ саласының химиялық өнімдердегі қажеттіліктері туралы түсінік беру және мұнай өңдеу саласының перспективалық бағыттары бойынша негізгі бағыттарды айқындау, шикізатты қайта өңдеу тереңдігін ұлғайту жолымен өз өндірісі есебінен Қазақстанның отынының барлық түрлеріне қажеттілігін тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған;
-мұнайдың құрамы мен қасиеттері, мұнай және мұнай өнімдерінің жіктелуі, мұнайды өңдеуге дайындау бойынша білім беру;
-мұнайды алғашқы өңдеу мақсатын, атмосфералық және атмосфералық-вакуумдық қондырғылардың жұмыс режимдерін, мұнайды және мұнай ілеспе газдарын термиялық және термокаталитикалық процестерін игеру;
-мұнай өнімдерін өндіру технологиясын, Евро стандарттарына сәйкес іштен жану қозғалтқыштарына қойылатын талаптарды үйрету;
- қазіргі заманғы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және салу перспективаларымен таныстыру.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау