49
- оқушылардың геометриялық фигура туралы айқын түсініктерін
және алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;
- кеңістік ұғымының, бақылау, салыстыру, абстракциялау,
жалпылау біліктерінің дамуына ықпал жасау;
- оқушыларда сызба және өлшеуіш аспаптарының көмегімен
және оларсыз (көз мөлшерімен өлшеу және тағы басқа) өлшеуде
және геометриялық фигураларды салуда практикалық біліктерін
қалыптастыру.
Бастауыш мектепте геометриядан кеңістік туралы түсінік, нақты
фигура туралы ұғым, геометриялық фигуралармен байланысты
қарапайым ұғымдар, оларды ажырату, геометриялық шамаларды
өлшеу, фигураларды салудың алғашқы білігін қалыптастыру, әртүрлі
геометриялық шамалармен таныстыру және тағы басқаларды
қалыптастыру көзделеді.
1-сыныпта оқушылар нүктемен, қисық және түзу сызықпен,
сәулемен, бұрыш ұғымымен танысады.
Балалар мұғалімнің үлгісі бойынша тор көзге нүктелерді салып
үйренеді және нүктеден түзу сызық жүргізіп, оның сәуле деп
аталатын фигура екендігімен танысады және бір нүктеден шыққан екі
түзуден бұрыш жасалатыны түсіндіріледі. Оқушының түзу сызық
туралы түсінігі олардың әртүрлі практикалық жаттығуларды орындау
барысында қалыптастырады. Мұнда түзу сызықты, қисық сызықты
салыстыру жүзеге асады. Мысалы: жіпті керіп, одан кейін оны сәл
босатуға болады немесе түзу жалғыз аяқ қисық жол кескінделген
суреттер пайдаланылады.
Кесіндімен таныстыру үшін түзу сызықта екі нүкте белгілейді
де, мұғалім түзудің бір нүктесінен екінші нүктесінен бөлігін түзудің
кесіндісі деп немесе кесінді деп, ал нүктелер кесіндінің ұштары деп
аталатынын атап көрсетеді. Балалар тақтаға сызылған басқа түзулерге
нүктелер түртіп қояды да, алынған кесінділерді және кесінділердің
ұштарын көрсетеді. Содан кейін мұғалім сызбада қалай
кескінделетінін көрсетеді. Түзумен салыстырылады. Оқушылар
түзулерді және кесінділерді сызбадан көрсетеді және өздері де
түзулер сызады, сөйтіп түзу шектелмегендігін, ал кесінді
шектелгендігін, қағаз бетінде түзудің бір бөлігі ғана кескінделетінін
түсіне бастайды.
Көпбұрыш, бұрыш, шеңбер, дөңгелек туралы ұғым балаларда
бүкіл бастауыш оқу кезеңінде және одан кейінгі сыныптарда
50
қалыптасады.
Алғашқыда
1-ші
ондықты
оқып-үйренгенде
геометриялық фигуралар дидактикалық материалдар түрінде
пайдаланылады. Одан әрі қарай көпбұрыштардың жеке түрлерін
оқып-үйренуге кіріседі. Бұл кезеңде көпбұрыштардың элементтері,
қабырғалары, төбелері бөліп қарастырылады. Мысалы: 3 санын өткен
кезде
әртүрлі
Δ-р
қарастырылады.
Түрлі-түсті
қағаздан,
пластмассадан, тағы басқа материалдан әзірленген Δ-ң моделдеріне
оқушылар әр фигурадағы 3 қабырғаны, 3 Δ-ты және 3 төбені
көрсетеді.
Осыдан кейін тура осы тұрғыдан 4-бұрыштар, 5-бұрыштар, тағы
басқалар қарастырылады. Мұнда бұл жұмысты 1-ші ондық көлемінде
сәйкес сандарды оқумен байланыстырады. Көпбұрыштардың
элемнеттерін бөліп көрсете отырып, оқушылар элементтер санымен
фигураның аталуы арасындағы байланысты (3–қабырға, 3-төбе, 3-
бұрыш, т.б.) аңғарады. Сонымен қатар балалар көпбұрыштың
бұрыштарының төбелері мен қабырғаларының саны бірдей
болатынын түсінеді. Көпбұрыштармен жұмыс істеген кезде
оқушының
бұрыш
туралы
ұғымдары
кеңейе
түседі.
Көпбұрыштарының бір төбесінен шыққан 2 қабырғаны бұрыш деп
атайды. Көпбұрыштардың бұрыштарын құруға үйренеді. Оқушылар
мұғалімнің басшылығымен тік төртбұрышты табуды үйренеді. Олар
кез келген формадағы қағазды екіге бүктеп, онда пайда болған
қиылысатын екі түзу сызықтан бірдей 4 бұрыш жасайды. Мұғалім
мұндай бұрыштар тік бұрыштар деп аталатын түсіндіреді. Тік бұрыш
туралы ұғымды пысықтау үшін арнайы тапсырмалар беріледі:
1. Бірнеше әртүрлі бұрыштардың ішінен тік бұрыштар табу.
2. Берілген көпбүрыштардан тік бұрыштарды табу.
3. Дәптердің жолдарын пайдаланып, оған тік бұрыш сызу.
4. Тік бұрышы бар фигуралар сызу.
Бұрыш ұғымы оқушыларда көпбұрыштарды, мысалы тік
төртбұрышты
оқып-үйреткенде
пысықталады.
Бірнеше
тікбұрыштардың ішінен оқушылар тіктөртбұрыштың моделінің
көмегімен 1,2 тікбұрышы бар фигураларды, сондай-ақ барлық
бұрыштары тік төртбұрышты табады.
Оқушылар қоршаған ортадан тік төртбұрышты формалы
нәрселерді табады. Тақтаға сызылған немесе папкаға қыстырып
қойған басқа геометриялық фигураның ішінен тік төртбұрыштарды
51
көрсетеді. Оларды торкөз қағаздан қиып алады және нүктелер
бойынша дәптерлеріне сызады.
Жұмыстың келесі кезеңінде оқушылар тік төртбұрыштың негізгі
қасиеттерінің бірі - қарама-қарсы қабырғаларының өзара тең
болатынымен танысады. Мұғалім алдымен балалардың тік
төртбұрыштың қандай қабырғаларын қарама-қарсы қабырғалар деп
атауға болатынын қаншалықты түсінгенін анықтап алып, оқушыларға
тік төртбұрыштардың қағаздан жасалған моделін пайдаланып, оны
беттестіру арқылы қарама-қарсы қабырғаларын салыстыруды
ұсынады.
Оқушылар тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының
қасиетін меңгерген соң, тік төртбұрыштар жиынына тартылады, яғни
шаршымен танысады. Сабақта жұмысты шаршы дегеніміз тік
төртбұрыштардың дербес түрі екендігін оқушылар түсінетіндей етіп
ұйымдастыру керек. Шаршылар қабырғалары тең тік төртбұрыштар
екендігін баса көрсету үшін мынадай жаттығулар ұсынылады:
1-ші: Шаршы деп атауға болмайтын тік төртбұрыштарды
көрсетіңдер.
2-ші: Берілген бұрыштардың ішінен тік төртбұрыштарды
табыңдар.
3-ші: Көрсетілген тік төртбұрыштардың ішінен 2 шаршыны
табыңдар.
Бастауыш сыныпта оқушылар шеңбермен танысады. Дөңгелекті
көп бұрышпен салыстыра отырып, оқушылар көпбұрыштың
шекарасы тұйық сынық сызық, ал дөңгелектің шекарасы тұйық қисық
сызық, яғни шеңбер екендігін тағайындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық фигуралар туралы
түсiнiк беруде сәндiк-қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың
мүмкiндiгi зор, өйткенi халық шеберлерi өздерiнiң барлық қиялын,
өмiрден жинаған бай тәжiрибесiн, терең бiлiмiн геометриялық ою-
өрнектер арқылы сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын безендiруге
жұмсады. Ою-өрнектiң барлығының негiзiнде геометриялық ұғым
элементтерi бар, әсiресе, геометриялық ою-өрнектiң негiзi
геомериялық фигуралардан тұрады, атаулары да солардың пiшiнiне
сәйкес. Ең қарапайым оюлар нүкте мен сызықтар туралы түсiнiк
беруге, ал олардың күрделi формаға айналуының нәтижесiнде пайда
болған үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер, т.б. тәрiздес өрнектер
көпбұрыштар туралы ұғымды қалыптастыруға мүмкiндiк туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |