Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік.
Сабақтың типі: білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты: етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру,оқушылардың етістік жайлы ілімдерін кеңейту.
Сабақтың білімділігі: оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру,білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақты дамытушылығы: ауызша және жазбаша жаттығулар,үлестірмелі карточкалар,сабақта пайдаланатын мәтіндер арқылы тұйық етістікті тапқызу,жан-жақты талдау,оқушы ойын дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі: сабақта пайдаланылған мәтіндер,мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,үлестірмелі карточкалар,қазақ тілін оқыту әдістемесі,көркем әдебиеттерден алынған мәтіндер,домбыра,оқулық,тақта,бор,суреттер,магнитті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,саз,орыс тілі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Етістіктің ерекшеліктерін,түрлерін еске түсіру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жаңа сабақ. Тұйық етістік.Тұйық етістік туралы түсінік беру.
Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі.Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес.Етістіктің шақ және рай категориялары жақпен,шақпен байланысты болғанын көрдіңдер.Ал тұйық етістік шақпен де,жақпен де байланысты болмайды.Тұйық етістік етістіктің атауы ретінде ғана қолданылады. Мәселен,бару,жүру,тұру етістіктері бару,жүру,тұру қимылдарының атын білдіріп тұр.
Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.
Тақтадағы плакатқа қараңыздар,маңызды белгілері бар екен,байқап көрелік.
(Плакаттағы жазылған етістіктің септелу,тәуелденулерін түсіндіру)
Ал осыдан нені байқап отырсыңдар,тұйық етістік қалай жасалады екен және қалай түрленеді екен? ...
Көру диктанты
Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.
Тапсырманы уақытында ... керек.Мектепте және үйде тәртіпті ... керек. Үлкендерді ... керек.Ұйым жұмысына ... керек. Мәдениетті ... керек. Сабаққа белсенді ... керек.
Сыныпты 3 топқа бөлу. «Кім тапқыр?» ойынын ұйымдастыру.Ойын шартымен таныстыру.
1-топ.Мұқағали өлеңдерінен өлең шумақтарын оқу.
2-топ. Абай өлеңдерінен өлең шумақтарын оқу.
3-топ.Мақал-мәтел,жұмбақтар.Оқыту,тұйық етістікке қарай талдау.
Домбыраның сүйемелдеуімен ән айтып,сол ән шумақтарынан тұйық етістікті тапқызу.Ән авторларына тоқталу.Мысалы, «Кешікпей келем деп ең». М.Шаханов. Әні: Шәмші Қалдаяқов).
Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс жүргізу,тұйық етістікке талдау.дәптерлеріне жаздыру.
Жаңа сабақты байқау мақсатында үлестірмелі карточкалар және 210жаттығумен жұмыс.
Карточка №1
Өз бетіңмен тұйық етістікті ойла.Оған морфологиялық кешенді талдау жаса.
Карточка №2
Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғып келеді.
Карточка №3
Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
Күзде ағаштың жапырақтары сарғая бастайды.
Карточка №4
Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосымшаға ажырат.
Балалар ойнап жүр.Бізге сабақ блды.
Карточка №5
Шегелеу деген сөзге фонетикалық кешенді талдау жаса.
Карточка №6
Көру сөзіне математикалық кешенді талдау жаса.
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында мынадай сұрақтар беріледі.
1.Тұйық етістік дегеніміз не?
2.Ол қалай жасалады?
3.Бір мысал ойла,септе.
4.Бір тұйық етістікті тәуелде.
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма. Тұйық етістікті оқу.Көркем әдебиеттерден тұйық етістігі бар сөйлемдер жазу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.
Сабақтың міндеттері: білімділік – етістікің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу,жинақтау,талдау жұмыстарын жүргізу;тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.
Оқытудың әдісі: практикалық әдіс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.
б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Қалау райдың жасалу жолын сұрау,мысалдармен дәлелдеу. 180-жаттығуды тексеру.
ІІІ. Актуалдау кезеңі.
Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң,кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.
«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады.
IV.Жаңа сабақ.
Етістіктің райларын қайталау.Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып,еске түсіру.Оқушыларды 4 топқа бөліп,топтарға райлардың атын беру.
Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады,топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп,уақытылы бағалап отырады.
V. Дамыту кезеңі.
1. 181-жаттығудың етістіктерді теріп жазып,ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту,сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай,ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай,ІІ жақ,анайы түрі)
Біздің бекінісіміз ойпңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).
Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:
«Жылаған шешемен бірге жыласа,жігіттің жігіт боланы қайсы,өйтсе,кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап,жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласынының жылағанын көрген соң,үйде қалған ананың көзінен жас кете ме,көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».
2. 182-жаттығу. а) Қалау рай,ашық рай,бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір-бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса,кештік мал жина», «Не ексең,соны орасың».
ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады.Оқушылардың жұмыстары тексеріліп,рай түрлеріне талданады.
3. Оқушыларға жеке,жұптық,топтық тапсырмалар беріледі. «Ашық рай» тобына : «Шалқар – адалдық пен адамдықтың,кііліктің алдында тік тұратын,қыздарын қыз деп қойып қалмай,қыз бала деп сыйлайтын,екіжүзділікті өлімнен де жаман деп абылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды»,
«Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп,шашын төбесіне түйіп,есікті кілттеп далаға шықты».
Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап,бұйрық райға айналдыру.
«Шартты рай» тобына :
«Қарадан хан болсам,халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам,атам жараған болар,
Көнеден дәурен озса,жасы жетуден болар,
Көнеден қамқа тозса,дәурені кеткен болар».
Ер жігіт айтпайды.
Айтса,қайтпайды.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең,жалқаулық басынады.
Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Та жармаса,бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып,ашық райға айналдыр.
«Бұйрық рай» тобына:
«Арлы-ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!
«Құдай жарылқасын,бай қылсын,
Төрт түлігін сай қылсын!»
«Малды теппе,Ақты төкпе».
«Есікті қатты қақпа,қатты серпіп жаппа».
«Кетпес дәулет берсін,Кең пейіл берсін».
Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып,қалау райға айналдыру.
«Қалау рай» тобына:
«Дұғай сәлем бергейсің,
Ағам Есет беренге.
Бекет қайда дегенге,
Бекет кетті дегейсің
Шықпайтұғын тереңге».
Гүлі сұлу орманды
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды
Құшақтағым келеді.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұлын
Өзі билеп тұрса игі.
Мәтіндерден қалау райды етістіктерді тауып,шарты райға айналдыру.
Досы көпті ...
Елдің атын ...
Айтпас жерде сөзіңді ...
өнерлі жан өрге ...
Көп нүктенің орнына тиісті қалау райлы етістік қойып,көшіріп жазу.
4. «Қазымыр» ойыны.Әр топтан бір оқушы тұрып,келесі топқа сұрақ қояды.Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.
«Түйін түю» стратегиясы.Топ басшылары топ аттарына лайық рай түрлерінің жасалу жолдарын қолдарына берілген стрелка үлгісінде қиылған қағазға толтырып,тақтадағы «рай» деген сөздің айналасына ретімен іледі.
Үйге тапсырма. 183-жаттығу.Рай түрлерін қайталау.
Бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты: білімділік 1) етістіктің түрленуі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру; 2) Етістік.Етістіктің құрамына,тұлғасына қарай топталуы бойынша алған білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: топпен жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,шығармашылық жұмыс.
Көрнекіліктері: үлестірмелер,сызбалы кестелер.
Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп,кезекші мәліметімен танысу,сынып тазалығына мән беру,оқушы назарын сабаққа аудару.
2
Етістік
категориялары
Көсемше
Сабақты етістік
Болымды етістік
Есімдік
Салт етістік
Етіс
Болымсыз етістік
.Үй тапсырмасы. 1 (тақтаға сызба ілінеді).
а) Етістік дегеніміз не?
ә) Мағынасына,құрамына,тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
б) Етіс дегеніміз не? Етістіктің түрлері.
в) Есімше дегеніміз не? Жасалу жолы.
г) Көсемше.Көсемшенің жұрнақтарын ата.
Сөйлеп тұрған сәттегі
іс-әрекет
Сөйлеп тұрған сәттен
бұрын болған іс-әрекет
Алда болатын
іс-әрекет
Жаңа сабақ. Ал,енді ширатпа сұрақтарынан сүрінбей өткен болсаңдар,жаңа сабағымыз түсінікті болу үшін назарымызды келесі сызбалы кестеге аударайық.
Шақ іс-әрекеттің өту кезеңі сөйлеп тұрған сәтке
байланысты айқындалады
Етістік шақтары есімше,көсмше
тұлғалы етістік түбіріне
-ып, -іп, -а,
-е, -й
келіп отыр
-ар, -ер, -мақ,
-мек, -бақ, -бек
бармақ екен
-ды, -ді. -ты,
-ті, -ған, -ген
Ол кеше келген
осы шақ келер шақ өткен шақ
Етістік қимыл іс-әрекетті білдіреді де,қашанда оның белгілі бір мерзімде іске асатынын көрсетеді. Іс-әрекеттің орындалу барысы сөйлеушінің хабарлау кезімен және сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Етістік – шақ категориясы арқылы түрленетіндігі жайлы білімімізді толықтыру үшін топ аралық деңгеймен жұмыс жүргіземіз.
1.Үміткерлер тобы: орташа оқитындар
122-жаттығу жұмысын логикалық тұрғыдан қарастырады.
Тапсырма: құстар қалай сайрайды?
Тізбектеп жазып шығыңдар.
Үлгі: бұлбұл сайрайды,қаз қаңқылдайды,... (тауық,әтеш,үйрек,көркей,құр,күзен,құндыз,көкек,сауысқан,торғай, бүркіт,аққу,т.б.).
2.Талапкерлер тобы: жасы оқитындар.
123-жаттығу жұмысын үлгісі бойынша орындайды.
Қосымша бастапқы үш сөйлемге морфологиялық,синтаксистік талдаулар жасаттырамын.
3.Дарындар тобы: өте жақсы оқитындар.
Шығармашылық жұмыспен айналысады.Оларға мынадай сөз тіркестері беріледі:
Күннің қысқаруы,түннің ұзаруы,Жоңғар Алатауы,көл,жайылыс,қыстақтағы малшылар,қыстақ,соғым,шуылдаған балалар.
Осы сөз тіркестрін пайдалану арқылы шағын шығарма жазып шығады.Қосымша дарындар тобындағы алты оқушыға үлестірмелер таратамын.
Естай үлкендермен отырып шай ішті. (сөз құрамы,сөйлем мүшесіне талда)
Барлығымыз көңілді серуенге шықтық (асты сызылған сөзді құрамына талда)
Мен білімге жетікпін.(асты сызылған сөздің сөйлем мүшесі ретіндегі орны).
«Бауырыма,ағама,анама,әкеме» сөздерін құрамына талдап,кез-келген біреуіне сөйлем құра.
Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді септе.
«Басында,қасында,жанында» сөздерін құрамына қарай талдап,буын түріне ажырат.
Ауыл келбеті
(Алдымен жазып үлгерген оқушының шығармасын оқушылар назарына ұсынамын).
Күз айы аяқталып,қыс та келіп қалды.Әдеттегіден гөрі күн қысқарып,түн
ұзарды.Алыстан мұнартып көрінетін Жоңғар Алатауы әлдеқашан қарға
бүркенген.Ауылымыздың батысында орналасқан Алқакөліміздің бетінде де шытқыл
мұздар пайда бола бастады.Ауыл адамдары малды жайылыстан айырып,жаз дайындаған
азығымен қоректендіруде.Өйткені күннің қысқаруына байланысты дала тағысы әредік
бой көрсетіп жүр.
Әсіресе қыстақта отырған малшылар малдарына қырағылықты күшейтті.Аз күнде елдің
қыстық соғымы да сойыла бастайды.Туған туыстар бас қосқан жерде балалар шуылдап
ойнайды.
Бекіту. Сабақ барысын өтілген тақырыптарды сұрақ-жауап түрінде қорытындылап,үйге тапсырма беремін.
Үміткерлерге: 122-жаттығуды көшіріп жып,шақ түріне ажыратып келу.
Талапкерлерге: 123-жаттығудың тапсырмасы.
Дарындарға: 124-жаттығу.
Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушылардың еңбектерін бағалау.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушылардың сөз тіркесінен алған білімдерін нығайту,жинақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.
2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпенжұмыс,СТО стратегиялары,Блум жүйесі.
Сабақтың көрнекілігі: сандықша,кубик,қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдстыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Кіріспе сөз.
Үй тапсырмасын тексеру.27-жаттығу.
Қабысу дегеніміз не? Қалай жасалады?
Оқушыларды үш топқа бөлу.Сабақ жоспары ілулі тұрады.
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.27-жаттығуды тексеру.Үш оқушыға оқыту.
Қабысу дегеніміз не? Жанасу дегеніміз не?
Топтастыу стратегиясы (өткен сабақ ұғымдарын жаздыру).
Блум жүйесі: 1.Білімі. (Біліміңді байқап көр».
Сиқырлы сандықша.Венн диаграммасы.
2.Түсіну. «Сен қалай ойлайсың?»
Кітаппен жұмыс.276-жаттығу.
3. Талдау. «Кім жылдам?» Перфокарта үлестіру.
4.Қолдану. «Сөз байланысын жаса».
Қ.Қайсенов. «Партизан бала».
5. Жинақтау.Кубизм стратегиясы.
Тестілік сұрақ шешу.
6.Бағалау.
7.Үйге тапсырма.277-жаттығу. «Ата-ана» тақырыбына шығарма.
Балалар! Кемінде екі сөздің тіркесіп келіп,сөйлем құрауға негіз болдатын сөздер тобын қалай атаймы? Ол-біздің өтіп жатқан тақырыбымыз.Соны мына сөз тіркестерінен тауып,қайсысы екендігін көрсетіңдер.Үш топ алдында жатқан сөз тіркестері жазылған парақшаның тиістісін көтереді.
Сөз тіркесі
Буын.
Байланысу тәсілі
Байланысу түрі
Сөз тіркесінің құрылысы
Топтастыру әдісі бойынша сөз тіркесінен білетін ұғымдарды жинақтап сызбаға түсіру.Үш топқа тапсырма беріледі.
Блум жүйесі.
І. «Біліміңді байқап көр». Сиқырлы сандықшадағы сұрақты алып,әр топтан шыққан оқушы жауап береді. Тақтадағы ілулі тұрған сөздер тізбегінен әр топ мүшесі (күрделі сөздер,тұрақты тіркес,сөз тіркес.) өзіне тапсырылған тапсырма бойынша тауып,тиістісін астына жазады.Осы сөздер тізбегін Венн диаграммасына салады.
Сөз тіркесі Күрделі сөздер Тұрақты тіркес
1 1 1
2 2 2
3 3 3
Ортақ белгілер
1
2
2. «Сен қалай ойлайсың?».Кітаппен жұыс.276-жаттығу,үш топ орындайды.
3.Талдау. «Кім жылдам?».Перфокарталар үлестіру.
№1 перфокарта
Байланысу жолдары мен жасалу түрлері
|
Қиысу
|
Матасу
|
Меңгеру
|
Қабысу
|
Жанасу
|
Ілік септігі мен тәуелдік жалғау арқылы
байланыс
|
|
|
|
|
|
Бар.,таб.,шығ.,көмек.,сеп.жал.арқылы
байланыс
|
|
|
|
|
|
Орын тәртібі,іргелес әрі алшақ тұрып
байланысуы
|
|
|
|
|
|
Сөз тірк.емес сөйл.баст.пен баян.жіктеле тұлғ.байланысты
|
|
|
|
|
|
Ешбір жалғаусыз,іргелес тұру арқылы
байланыс
|
|
|
|
|
|
№2 перфокарта
Сөздер тізбегі
|
Матасу
|
Меңгеру
|
Қабысу
|
Жанасу
|
Арқаның жері
|
|
|
|
|
Көлікпен келу
|
|
|
|
|
Жер шары
|
|
|
|
|
Ерте жатты
|
|
|
|
|
Оқуға кетті
|
|
|
|
|
№3 перфокарта
Сөз тіркесі
|
Етістік тіркесі
|
Есімдік тіркесі
|
Алтын сағат
|
|
|
Ауылға жету
|
|
|
Қызық кітап
|
|
|
Үйінде отырған
|
|
|
Бөлме терезесі
|
|
|
Маған келді
|
|
|
Тез жүр
|
|
|
«Сөз байланысын жасап,сөйлем мүшесіне талдау.Көп нүкте орнына жалғау қойып байланыстырып,сөз тіркесін тауып,сөйлем мүшесіне талдау жасайды.Қ.Қайсенов «Партизан бала».Үш топқа тапсырма беріледі.
Кубизм. Кубикті тастау арқылы әр топ өзіне тестілік тапсырма алып шешеді.
Үйге тапсырма беру.277-жаттығу. «Ата-ана» тақырыбына тірек сөздер мен тіркестерін қатыстырып шығарма жазу тапсырылады.Сөз тіркесін қайталап оқу.
бағалау.
Бағалау парағы.
Топ реті
|
Блум жүйесі
|
|
Топтастыру
|
Білім
|
Түсіну
|
Талдау
|
Қолдану
|
Жинақтау
|
І
|
|
|
|
|
|
|
ІІ
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ
|
|
|
|
|
|
|
27-3 ұпай – 5 бағасы «5»
21-26 ұпай – 4 бағасы «4»
17-20 ұпай – 3 бағасы «3»
Достарыңызбен бөлісу: |