Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс істеу. Практикалық жұмыс. Сілтеме



жүктеу 249,03 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі249,03 Kb.
#8484
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспарлау.


Пәні: информатика

Cыныбы: 5 №24сабақ

Күні:1 .03.17


Мұғалім:Ибадулла А

Оқушылардың жасы: 11-12

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінмен жұмыс істеу. Практикалық жұмыс.

Сілтеме

Информатика 5сынып Н.Ермеков,Н.Стуфутина Алматы. «Атамұра» 2012

Жалпы мақсаттар

Мәтінмен жұмыс істей білу.

Міндеттер

Оқушыларға алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау, жеке деңгейлік тапсырмаларды өз бетінше орындауға жағдай жасау.

Оқыту нәтижесі

Мәтінді өз қалауы бойынша пішімдеуді,мәтін бөлігінің көшірмесін алуды, орнын ауыстыруды ,яғни мәтінмен жұмыс істеуді біледі.

Ресурстар

Оқу есептеуіш техника кешені, интерактивтік тақта, слайдтар,оқулық,жұмыс дәптері, үлестірме тапсырмалар, бағалау парақшалары.

Тапсырмалар



Топтық жұмыс.(сәйкестендіру,құрастыру)

Жеке жұмыс. (практикалық тапсырма орындау.)




Жүргізілетін жұмыстар

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

2 мин.

1 мин.
6 мин.

6 мин.

1 мин.


8 мин.

8 мин.


7 мин.

1 мин.


1 мин.

2 мин.
1 мин.



Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.



«Шаттық шеңбері» Қайталанбайтын тіліктер.
Түс таңдау арқылы топқа бөлу.
«Кім білгір?» сұрақ –жауап

  1. WordPad қандай редактор?

  2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

  3. WordPad-ты қалай іске қосамыз?

  4. Келесі жолға өту пернесі

  5. Бірыңғай бас әріптер немесе кіші әріптерге ауыстыратын перне

  6. Бас әріппен жазу үшін қай пернені басу керек?

  7. Мәтіндегі символды өшіру үшін қолданылатын пернелерді ата

  8. Жаңа құжатты қалай сақтаймыз?

Үйге берілген «Менің сыныбым» мәтінін тексеру.


Топтық жұмыс

Сәйкестендіру. WordPad мәтіндік редакторының батыраларының қызметтерін анықтаңыз.


Батырма




Қызметі






Жаңа құжат құру






Сақталған құжатты ашу






Қиыпалу






Құжатты баспаға шығару






Көшіру






Құжатты сақтау






Курсив






Қаріп өлшемі






Жартылай қалың






Қаріп түрі






Асты сызылған





Қою





Сергіту сәті

Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»

А-деңгейі 179 бет 1-тапсырма

  1. Өлеңді теріңдер.

  2. Өлеңнің әрбір шумағын әртүрлі түске бояңдар

  3. Өлеңді сақтаңдар.

Өлең керек

Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп,

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Арғы атасы ақынның жырдан туған,

Жыр жолында жанын да қылған құрбан.

Жырлар тұнған хандардың сарайында,

Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған.

(М.Мақатаев)
В-деңгейі:

Берілген қиындылардан сурет құрастыру.

Суретке қарап, мәтін жазу.

Мәтіннің көшірмесін алу.


1-топ 2-топ


С-деңгейі
183 бетте 9 тапсырманы орындау.

  1. Көп нүктенің орнына жауаптарын қойып, жұмбақтарды теріңдер.

  2. Пішімдеу сызғышының көмегін пайдаланып, жұмбақтарды тапсырмада көрсетілгендей етіп орналастырыңдар.

  3. Барлық жауаптарды курсив етіңдер, әріптің мөлшері 13 болсын.

Тұмсығынан торайдың,

Тұмсығы бар аумаған.

Үстін түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған. Кірпі.
Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,- деп,

Қайсы құсты мақтаймыз? Көгершін

Қорытындылау.

Сонымен, бүгінгі сабақтан не үйрендік?



Кері байланыс. Рефлексия.

Сабақ туралы өз ойларынды жазыңдар?




Маған ұнады

Қиын болды

Тілегім









Бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің қалам» тақырыбында эссе жазу.



Оқушылар сәлемдеседі.

Сабаққа келмеген оқушыларды айтады.

«Шаттық шеңбері»

шеңбер бойымен бір-біріне қарап тұрып, қайталанбайтын тілектер айтады.


Оқушылар топқа бөлінеді.
Оқушылар сұраққа жауап береді.

Жазып келгендері оқиды.


Топпен жұмыс жасайды.

Берілген батырмаларды қызметіне сәйкестендіреді.


Екі топ бірін-бірі тексереді.

Тақтаға жауабын жазады.

Сергіту жаттығуын орындайды.

Компьютерда жеке практикалық тапсырма орындайды.


Мәтінді теру ережелерін сақтай отырып,тереді, сақтайды.

Берілген суретке қарап мәтін жазады.

Мәтіннің көшірмесін алады.

Жұмбақты тереді, шешеді, шешуінің өлшемі 13, курсив етіп жазады.

Өз ойларын жазады.
Топ басшылары бағалайды.

Үйге тапсырма алады.



жүктеу 249,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау