Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет24/34
Дата04.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2861
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

 
74 
 
 
Осыған  байланысты  бақылаудың  бірнеше  түрлерін  атауға  болады. 
Олар:  тақырыптық  бақылау,  бөлімдер  бойынша  ағымдық  бақылау, 
қорытынды бақылау. 
Тақырыптық 
бақылау 
математика 
пәнінің 
оқу 
бағдарламасындағы  белгілі  тақырыптар  бойынша  өткізіледі. 
Сабақтың  тақырыбы  және  әрбір  кезеңдері  негізінде  оқушылардың 
білімді,  білікті,  дағдыны  игеруі  тексеріледі.  Сонымен  бірге  мұғалім 
жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу 
материалдарымен  толықтырады,  кейбір  ұғымдарды,  анықтамаларды, 
ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады. 
Бөлімдер бойынша  ағымдық бақылау әрбір тоқсанның аяғында 
оқу  бағдарламасының  белгілі    бөлімін  оқып  болғаннан  кейін 
өткізіледі. 
Бақылаудың 
мақсаты 
математика 
пәнінің 
оқу 
бағдарламасы  негізінде  бақылау  жұмыстары  және  түрлі  техникалық 
құралдар  арқылы  әрбір  тоқсанның  аяғында  оқушылардың  алған 
білімінің  көлемін  және  сапасын,  білігін,  дағдысын  анықтау  болып 
табылады. 
Қорытынды  бақылау  жыл  аяғында  өткізіледі.  Бақылау 
барысында  тақырыптық  және  бөлім  бойынша  бақылау  нәтижелері 
есепке  алынады.  Оқушылардың  жыл  бойындағы  алған  теориялық 
және  практикалық  білімдері  негізгі  емтихан  және  оқушылардың 
үлгерім  бағалары  болады.  Бақылау  әдістері  арқылы  оқушылар 
жұмысының  тиімділігі  мен  мазмұны  туралы  кері  байланыс 
қамтамасыз  етіледі.  Бақылау  әдістеріне  ауызша,  жазбаша  және 
графикалық бақылау әдістері жатады. 
Бастауыш  мектепте  математикадан  оқушылардың  үлгерімін 
бақылау  нәтижесі  бағалау  арқылы  көрсетіледі.  Бағалау  арқылы 
білімнің, біліктің және дағдының сапасы анықталады. 
Үлгерімді  бағалаудың  білім  беру  мен  тәрбиелік  маңызы  бар. 
Білім  берудің  мағынасы  оқушылар  объективті  білім  алады,  ой-өрісі 
кеңиді,  ғылыми  көзқарасы  қалыптасады,  білікті,  дағдыны  игереді. 
Білімді,  білікті  және  дағдыны  тексеру  және  бағалау  танымдық  іс-
әрекет  кезеңдерінің  бірі  болады.  Бұл  жерде  негізгі  мақсат  - 
оқушылардың  оқу  жұмысын  бақылау,  олардың  үлгерімін  және  кері 
байланысын есепке алу. 
Мұғалім  оқушылардың  білімді,  білікті,  дағдыны  игеру  сапасын 
тексеріп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  ойлау  тәсілдеріне, 


 
75 
 
 
практикалық  жұмысқа  үйретеді  және  білімдегі  кемшілікті  жоюдың 
жолдарын іздестіреді. 
Оқушылардың  білімін  бағалау  үшін  мынадай  жағдайларды 
ескеру қажет: 

оқушы  білімінің  жақсы  жақтарын  және  кемшіліктерін 
дәлелдеу; 

баға  әділетті  болуы  қажет,  оқушының  бағасын  әдейі 
төмендетуге, 
оған 
өте 
жеңіл-желпі 
қарауға 
және 
ымырашылыққа салынуға болмайды

әрбір  баға  –  бұл  тек  қана  білімді  есепке  алу  емес,  ол  шын 
тәрбиелік  құрал,  сондықтан  оқушы  білімін  бағалауда 
немқұрайлылыққа салынуға болмайды

оқушылардың  кейбір  теріс  қылықтары  үшін  бағаны  жазалау 
құралы есебінде қарастыруға болмайды

оқушылар  білімін  тексеруді  және  бағалауды  сабақтың  әрбір 
кезеңінде іске асыру керек. 
 Бастауыш  мектепте  математикадан  оқушылардың  үлгерімін 
бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған: 
«5» бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық бірізділікпен 
айтылған жауапқа қойылады
«4»  бағасы  –  материалды  толық  біледі,  бірақ  болар  –  болмас 
кемшілігі бар жауапқа қойылады; 
«3» бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде 
кейбір проблемалар есепке алынбаған жауапқа қойылады;  
«2» бағасы- жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер 
бар; 
«1»  бағасы-  тексерілген  оқу  материалы  бойынша  білімі  жоқ, 
толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады. 
Бастауыш  мектепте  математикадан  оқушылардың  білімін 
тексеру  барысында  оларға  тек  қана  баға  қоюмен  шектелуге 
болмайды.  Мұғалім  оқушы  оқу  материалын  қалай  ұғынды,  білімі 
қаншалықты  берік,  терең,  дәл,  анық,  міне,  осы  жағына  баса  көңіл 
аударуы керек. Мұғалім тексерудің барысында оқушылардың үлгерім 
динамикасын,  білімдерін  тексеруде  олардың  ынтасын  зерттейді, 
тексерудің үнемі жүйелі түрде болып отыруын қамтамасыз етеді. 
Бастауыш мектепте математикадан оқушылардың білімін есепке 
алу  -  бұл  оқытудың  белгілі  кезеңінде  оқушылар  мен  мұғалімнің 
жұмысын жинақтап қорыту. 


 
76 
 
 
Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді еске алған жөн: 
-  оқу  бағдарламасы  бойынша  тақырыпты  және  тарауды  оқып-
үйрену  кезінде  оқушылардың  білімін,  білігін  және  дағдысын  жан-
жақты бақылау; 
-  әрбір  аяқталған  тақырып  бойынша  оқушылардың  жұмысы 
туралы жеткілікті деңгейде толық қорытынды шығарып отыру; 
-  оқушыларға  нақты  мінездеме  беру  үшін  олардың  әрбір  оқу 
жылдарындағы статистикалық үлгерім мәліметтерін негізге алу. 
Математиканы 
оқыту 
барысында 
бастауыш 
мектеп 
оқушыларының  міндетті  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар 
Мемлекеттік 
жалпыға 
міндетті 
стандартында 
көрсетілген. 
Математика  курсы  бойынша  оқушылардың  білім,  білік  және 
дағдыларын бақылау, бағалау және есепке алу осы талаптарға сәйкес 
жүргізіледі.  Шағын  комплектілі  мектептің  өзіндік  ерекшелігі 
мұғалімнің бірнеше сыныптармен бір уақытта  жұмыс жүргізуі болып 
табылады,  сондықтан  да  мұндай  мектептерде  бақылау,  бағалау, 
есепке  алу  жұмыстарын  өзіндік  жұмыстар  жүргізу  арқылы  жүзеге 
асырған  тиімді.  Әсіресе  математика  пәні  бойынша  берілген 
тақырыптарға  байланысты  дербес  және  топтық  тапсырмаларды 
сыныптық  және  сыныпаралық  жүйеде  ұйымдастаруға  болады. 
Мысалы,  1-2  сынып  оқушылары  үшін  қазіргі  уақытта  кеңінен 
қолданылып  жүрген  бақылау  әдісінің  бір  түрі  тест  жұмыстарын 
пайдалануға болады: 
1. 1 метрде қанша см бар? 
    а) 10 см 
    ә) 100 см 
    б) 1 см 
2.                     қандай фигура? 
    а) кесінді 
    ә) түзу 
    б) сәуле 
3. 30 + 20 қосындысының мәнін тап. 
     а) 50 
     ә) 40 
     б) 60 
4.  *  + 10 = 50 жұлдызшаның орнына санды тауып қой. 
      а) 20 
      ә) 10 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау