47
өздерінің жасын, жақын адамдарының жасын, біздің мемлекеттің
«жасын» ғасырмен
салыстыра отырып, түсінік алады.
Уақыт өлшеуіштерін оқыту әдістемесін қарастырған кезде,
қазақша жыл санау дәстүрі (12 жылдың хайуанаттар атауымен белгілі
бір ретке ие болуы, “мүшел”, т.б), қазақ халқының күнтізбегі, аспан
денелерімен уақытты, жыл мезгілдерін анықтаудағы тәжірибе туралы
мағлұмат беріледі. Қазақтарда хайуанат атауы бойынша адамның
туған жылы белгілі болғанда жасын табуға немесе жасы белгілі
болғанда туған жылын анықтауға арналған есептер бар екені мәлім.
Мәселен, Қ. деген азаматша тышқан жылы туып, 2 мүшел өмір
сүрген. Қазір ұлу жылы болса, оның жасы нешеде деген есепті
шығару үшін жыл атауларын рет-ретімен (тышқан, сиыр, барыс,
қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) және адам
жасының мүшелге бөліну шкаласын (1-мүшел-13 жас, 2-мүшел-25
жас, 3-мүшел-37 жас,т.с.с) білу талап етіледі. Сонда екі мүшел
жасаса –25 жас болады, тышқан мен ұлу жылының аралығы-3 жас,
ендеше Қ. деген азаматша-28-де. Бұл есепке кері есеп мындай болып
келеді: Қ. деген азаматша 1972 жылы туған. Оның қазақ күнтізбегі
бойынша туған жылын табу керек. Ол үшін туған жылының сандық
мәніне 9 санын қосады, яғни 1972+9=1981. Алынған қосындыны 12-
ге бөледі:1981:12=165 (1 қалдық). Қалдық бойынша жылдың атауын
табады, 1 қалдық шықты, ендеше Қ. деген азаматша жылдардың
орналасу ретіне сәйкес 1-ші тұрған тышқан жылы туған. Егер
қалдықсыз бөлінсе, ол доңыз жылын білдіреді.
Қазақша ай аттарының мағынасына кеңірек тоқталып өткен жөн.
Жылдың басы наурыз айынан басталып, наурызда күн мен түн
теңеледі.
«Көкек» айының атауы көктемде көкек құсының ұшып келуіне
байланысты шыққан.
«Мамыр» сөзі молшылықты, кеңшілікті білдіреді. Шындығында,
қыстың бораны мен ызғарынан кейінгі мамыр
айында жер аяғы кеңіп,
мал
жайылымға шығады, малшылар жайлауға көшеді.
«Қыркүйек» атауы «қырғи» және «күйек» деген екі сөзден
туындайды. Қырғи-жыртқыш құс, ұсақ құстардың жауы. Осы айда
қырғи жылы жаққа қоныс аударады. «Күйек»- саулық қойға кигізетін
жүн.
«Қазан» айында күн суытып, қатты жел соғады, соған сәйкес ел
аузында “қазанның қара дауылындай” деген мәтел бар.
48
Көшпелі халық үшін қыс ұзаққа созылған. 22 желтоқсанды «күн
тоқырау» деп атаған. Осыдан кейін күн біртіндеп ұзара бастайды.
Табиғаттың бұл құбылысына халқымыз «Желтоқсанда күн торғай
адымындай, қаңтарда қарға адымындай, ақпанда ат адымындай
ұзарады» деген мақал қолданған.
Уақытты есептеуде қазақтар аспан денелерінің орналасуы мен
қозғалысына сүйенген. Мәселен, темірқазық жұлдызы жол бағдарлау
қызметін атқарған. Бетпақдала мен Мойынқұмды шарлағанда үнемі
осы жұлдыз арқылы бағдар жасап отырған. «Жеті қарақшы» қазақтар
үшін сағаттың орнына пайдаланылып, оның қозғалысы сағат тілінің
қозғалысымен сәйкестендірілген.
Жыл мезгілдерін анықтауда «Үркер» жұлдызы ерекше орын
алған. Үркердің көкжиекке жақын көрінуі көктемнің белгісі екендігін
халық: «Жатқанша Үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда не
қалды», «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» - деу арқылы білдірген.
Ата-бабаларымыз жаз айларында «Үркер жерге түсті», ал күз
айларында «Үркер төбеге келіп қалыпты», ал қыс айларында «Үркер
төбеге келіпті, қыс ортасы болды» - деп, аспан денелері мен табиғат
құбылыстары арасындағы сәйкестікті тереңінен болжаған.
Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесiн тарихи –
математикалық мағлұмат ретiнде пайдалану оқушылардың ой-өрiсiн
кеңейтiп, пәнге қызығушылығын арттыратынын студенттерге ескерту
орынды.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№5
дәрістің
тақырыбы:
Геометрия
және
алгебра
элементтерін оқыту теориясы мен технологиясы
1. Геометрия элементтерін оқыту міндеттеріі және оның жалпы
сипатамасы.
2. Қарапайым геометриялық фигуралармен алғаш таныстыру
әдістемесі
3. Алгебралық материалды оқыту әдістемесінің жалпы
сипаттамасы
4. Өрнектерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді, теңдеулерді оқыту
әдістемесі
Бастауыш сыныптарда геометрия элементтерін оқытудың негізгі
міндеттері: