2018 жылы өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі15 1 247,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылға арналған жоспардан (1 032 млрд. теңге) 215,2 млрд. теңгеге немесе 20,9%-ға жоғары.
2015 жылмен салыстырғанда (825,3 млрд.теңге) өңдеу секторына салынған салымдар көлемі номиналды мәнде 421,9 млрд. теңгеге (1,5 есе), нақты мәнде 25,1%-ға өсті.
1.1.3.1-сурет. Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялар, млрд. теңге
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК, * 2018ж. қаңтар-желтоқсандағы жедел деректер
Елдің негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіпке салынған салымдар үлесі 2015 жылғы 11,7%-дан 2018 жылы 11,2%-ға дейін қысқарды. Инвесторлардың меншікті қаражаты секторды қаржыландырудың негізгі көзі болып қала береді (жалпы көлемнің 55,3%-ы) және 689,7 млрд.теңгені құрайды. Сектордың банктердің кредиттеріне тәуелділігі айтарлықтай артты – 2015 жылмен салыстырғанда басқа қарыз қаражатының үлес салмағы 26,6%-дан 6,8%-ға дейін қысқарған кезде олардың үлесі 22,6%-дан 37,9%-ға дейін өсті.
ИИДМБ-ның басым секторлары деңгейіндегі талдау 2018 жылы инвестициялар көлемі бойынша қалпына келтірілген жоспарлы мәндерге ИИДМБ-ның 14 басым секторының 6-ына қол жеткізгенін көрсетті (1.1.3.1-кесте).
1.1.3.1-кесте. 2018 жылы ИИДМБ-ның басым секторлары бөлінісінде өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялар бойынша декомпозицияланған жоспарлы мәндерге қол жеткізуді бағалау нәтижелері, млрд. теңге
Дереккөздер: жоспар - ҚР Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2016.29.12. № 30-08/38 хаттамасы; факт - ҚР ҰЭМ СК
Атап айтқанда, нақты деректер бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2018 жылы декомпозицияланған жоспарлы мәндерден асып түсті:
мұнай өңдеуде Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту және қайта жаңарту жөніндегі ірі жобаны («Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС) іске асыруды 2017 жылдан 2018 жылға ауыстыру нәтижесінде 457,1 млрд. теңгеге;
тамақ өнімдерін өндіруде 60,8 млрд.теңгеге, оның ішінде Ақмола облысында бройлер өсіру бойынша құс фабрикасының құрылысы бойынша ірі жобаны іске қосуды ескере отырып («Макинск құс фабрикасы»ЖШС) үй құсының етін қайта өңдеу және консервілеу (19,6 млрд. теңгеге), Атырау облысында диірмен кешенінің («Карат» ЖШС) құрылысын ескере отырып (13,7 млрд. теңгеге), ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін өндіру, Ақтөбе облысында күнбағыс майы мен жем шротын өндіруге арналған май-экстракциялық зауыттың («АКМЭЗ» ЖШС) құрылысын ескере отырып, майлар өндірісі (7,9 млрд. теңгеге) және дайын және жартылай дайын тамақ өнімдерін («Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС), кептірілген нан және печенье, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, пирожныйлар, пирогтар және бисквиттер өндіру жөніндегі зауыттың құрылысын ескере отырып (6,9 млрд. теңгеге), Павлодар облысында «Президент» буып-түйілген сары май өндіру үшін сүт-тауар фермасын және сүт өңдеу, дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар (7,3 млрд. теңгеге) зауытын («Киров» ЖШС) жаңғыртуда;
құрылыс материалдарын өндіруде 23,3 млрд. теңгеге, оның ішінде клинкерлерді қоса алғанда, цемент өндірісіне (14,2 млрд. теңгеге), Атырау облысында тауарлық бетон өндірісін ұйымдастыруды ескере отырып, Қызылорда облысында («Гежуба Шиели цемент компаниясы» ЖШС) және Рудный қаласында («Рудненский цемент зауыты» ЖШС) цемент зауыттарын салу бойынша ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде (18,6 млрд. теңге), пайдалануға дайын бетон («New Ascent» ЖШС) өндірісінде;
өнеркәсіпке арналған химикаттар өндіру 22 млрд. теңгеге, оның ішінде негізгі бейорганикалық қосылыстар (20,5 млрд. теңгеге) және өзге де химиялық өнімдер (5,2 млрд. теңгеге) өндіру, оған Батыс Қазақстан облысында химиялық өндірістік базаның құрылысы («Топан» ЖШС), сондай-ақ Жамбыл облысындағы «Тараз «химиялық паркі» АЭА аумағында тазалығы 99,9%-дан астам молибден триоксиді өндірісінің («RM Industry» ЖШС) және интеграцияланған химиялық кешеннің құрылысы («ХИМ-плюс» ЖШС) жобаларын іске асыру ықпал етті;
электротехникалық жабдық 10,1 млрд. теңгеге, оның ішінде «Asia Trafo» АҚ («Alageum Electric» АҚ компаниялар тобы) кернеуі 110-220 кВ класты трансформаторлар мен электр бөлшектерін өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру есебінен, оның ішінде электромоторлар, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі (11,8 млрд. теңге), ол 2018 жылы шамамен 12,3 млрд. теңгені құрады;
агрохимия 8,1 млрд.теңгеге, атап айтқанда Жамбыл облысында аммофос өндірісінің көлемін 500 мың тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобаны іске асыру нәтижесінде тыңайтқыштар мен құрамында азоты бар қоспалар өндірісі («Қазфосфат» ЖШС).
Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар тарту бойынша 2018 жылға декомпозицияланған жоспарлы мәндерге қол жеткізілген жоқ:
1) мұнай-газ химиясы 223,6 млрд. теңгеге, оның ішінде Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу бойынша ірі жобаны іске асыру мерзімдерін ауыстыруға байланысты басқа да негізгі органикалық химиялық заттар (160 млрд. теңге) және бастапқы нысандағы пластмассалар (64 млрд. теңге) өндірісі;
2) түсті металлургия 61,4 млрд.теңгеге, атап айтқанда, өнеркәсіп объектілерін салу кезеңдерінің аяқталуын ескере отырып, мыс өндірісі, жабдықтарды сатып алуға және KAZ Minerals PLC (Павлодар облысындағы Ақтоғай КБК және ШҚО Бозшакөл КБК) ірі инвестициялық жобаларын коммерциялық іске асыру сатысына шығу. Бұдан басқа, NFC технологиясының қытайлық әріптесімен (China Nonferrous MetalIndustry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd.) шарттарды (қаржыландыру схемасы, ЕРС-келісімшарт талаптары) ұзақ келісуді ескере отырып), Қазақстан электролиз зауыты» ЖШС-нің қуаттылығы 250 мың тонна (бірінші кезең – 125 мың тонна, 2 кезең - 125 мың тонна) электролиз зауытын салу жөніндегі жобасын іске асыру 2020 жылға ауыстырылды;
3) қара металлургия 58,4 млрд.теңгеге, атап айтқанда Қарағанды кешенді қорытпалар зауытының 1-кезегінің құрылысын 2020 жылға көшіру нәтижесінде (260 млн. АҚШ доллары) шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі;
4) автомобиль жасау 25,6 млрд. теңгеге, оның ішінде жобаны қаржыландыру мәселесін ұзақ қарастыру нәтижесінде Өскемен қаласындағы «Азия Авто Қазақстан» АҚ толық циклді автозауыт және жеңіл автомобильдер мен автокомпоненттер өндіру жөніндегі технопарк құрылысының басталуын көшіруді ескере отырып, автокөлік құралдары өндірісі (17,2 млрд. теңгеге);
5) мұнай-газ машиналарын жасау 4,3 млрд. теңгеге, оның ішінде мұнай-газ машиналарын жасау компанияларының бірқатар (Маңғыстау облысындағы «Каскор-Машзавод» АҚ, СҚО-дағы «ПЗТМ» АҚ) жоспарланған инвестицияларының қысқаруына байланысты басқа топтамаларға енгізілмеген арнайы мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтар өндірісі (3,3 млрд. теңгеге);
6) өнімді сату кезінде жеңілдікті шарттардың күшін жоюынан туындаған бірқатар кәсіпорындар қызметінің стагнациясын ескере отырып, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау 3,4 млрд. теңгеге («КазТехМаш» ақ, «АгромашХолдинг» АҚ, «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС және «Вектор «Комбайновый завод» ЖШС»);
7) тау-кен машиналарын жасау компанияларының бірқатар жоспарларын қайта қарауға байланысты, оның ішінде «Қазгеомаш» ЖШС-ның болжамды инвестициялық жобасы есебінен тау-кен машиналарын жасау 1,2 млрд. теңгеге;
8) темір жол машиналарын жасау 0,1 млрд.теңгеге.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының деңгейіндегі талдау елдің өңдеуші өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойынша 2018 жылға декомпозицияланған жоспарлы мәндер елдің 16 өңірінің 8-нде асыра орындалғанын көрсетті (1.1.3.2-кесте.).
1.1.3.2-кесте. Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялар бойынша декомпозицияланған жоспарлы мәндерге қол жеткізуді бағалау нәтижелері, млрд. теңге
Дереккөздер: жоспар - ҚР Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2016.29.12. № 30-08/38 хаттамасы; факт - ҚР ҰЭМ СК,
* - ОҚО бойынша факт Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ҰЭМ СК жиынтық деректері негізінде қалыптастырылды
Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған салымдардың нақты көлемі 2018 жылғы жоспарлы мәндерден асып түсті:
Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта жаңарту жөніндегі ірі жобаны («Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС) іске асыруды 2017 жылдан 2018 жылға ауыстыру және болат блюм шығару жөніндегі болат құю өндірісін («Shymkent Temir» ЖШС) құру нәтижесінде 404,7 млрд. теңгеге;
Алматы облысында 38 млрд. теңгеге, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру зауытын («Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС) және ет комбинатын («Империя Фуд» ЖШС) құруды ескере отырып, тамақ өнімдерін өндіру бойынша;
Қызылорда облысында табақты шыны («Orda Glass» ЖШС) және цемент зауытын («Гежуба Шиели цемент компаниясы» ЖШС) құру және өңдеу жөніндегі ірі жобаларды іске асыруды ескере отырып, 24,4 млрд. теңгеге;
Ақмола облысында «Масальское» («Масальский КБК» ЖШС) Железорудная кен орны базасында тау-кен металлургия кешенін және Бройлер өсіретін құс фабрикасын («Макинск құс фабрикасы» ЖШС) салу жөніндегі жобаларды іске асыруды ескере отырып, 16,8 млрд. теңгеге;
Алматы қаласында жолаушылар автобустарын одан әрі құрастыра отырып, жолаушылар автобусі паркінің құрылысын («Falcon Euro Bus» ЖШС) және электрондық аспап жасау саласында («KazTechInnovations» ЖШС) бағытталған қазіргі заманғы инновациялық кәсіпорын құруды ескере отырып, 15,5 млрд. теңгеге»;
Жамбыл облысында аммофос маркалы («Қазфосфат» ЖШС) өндіру көлемін ұлғайту және құрылыс арматурасын өндіру жөніндегі ірі жобаларды іске асыруды ескере отырып, 15,2 млрд. теңгеге («Тараз арматуралық зауыты» ЖШС);
СҚО-даағаш көмірі мен жиһаз қалқандары өндірісін («ЗМО - Company» ЖШС), сондай-ақ пластикалық бұйымдар өндірісін («Радуга» ЖШС) ескере отырып, 9,4 млрд. теңгеге;
БҚО-да химиялық өндірістік база құрылысын («Топан» ЖШС) және К5 экологиялық класты мотор отынын өндіруге («Конденсат» АҚ) салымдардың өсуін ескере отырып, 3,3 млрд. теңгеге асып түсті.
Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар тарту бойынша 2018 жылға декомпозицияланған жоспарлы мәндерге қол жеткізілген жоқ:
Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу бойынша ірі жобаны іске асыру мерзімдерін көшіруге байланысты 175,7 млрд. теңгеге;
Ақтөбе облысында қара металлургия өнімдерін өндіруге инвестицияларды қысқарту нәтижесінде («Қазхром «ТҰК» АҚ, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС) 34,1 млрд. теңгеге;
ШҚО-да Өскемен қаласында автокомпоненттер өндірісі бойынша технопарк пен толық циклді автозауыт құрылысы жобасының құнын төмендету және іске асыру мерзімін ауыстыру нәтижесінде 34 млрд. теңгеге («Азия Авто Қазақстан» АҚ);
Қостанай облысында құрылыс материалдары, сондай-ақ автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісіне салынған салымдарды қысқарту нәтижесінде 18 млрд. теңгеге;
Павлодар облысында 2015 жылы Бозшакөл ТБК құрылысы бойынша ірі жобаны іске асыруды аяқтау есебімен металлургияға салымдарды қысқарту нәтижесінде 17,4 млрд. теңгеге;
Маңғыстау облысында кокс және мұнай өңдеу өнімдері, құрылыс материалдары өндірісіне салымдардың қысқаруы нәтижесінде 15,5 млрд. теңгеге;
Қарағанды облысында кешенді қорытпаларды өндіру жөніндегі жобаны іске асыру мерзімін 2020 жылға ауыстыруға байланысты 10,4 млрд. теңгеге;
Астана қаласында құрылыс жұмыстары көлемінің қысқару үрдісін ескере отырып, оның ішінде ЭКСПО ірі объектілерін аяқтау нәтижесінде 7,4 млрд.теңгеге.
Достарыңызбен бөлісу: |