Бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



жүктеу 1,78 Mb.
бет10/14
Дата29.12.2019
өлшемі1,78 Mb.
#25376
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Индикатор 7 өңірде қысқарды (1.1.2.3-сурет), соның ішінде:

Астана қаласында (51,6%), соның ішінде, химия өнеркәсібі (97,4%), негізгі фармацевтикалық өнім өндіру (83%), сусын (82,6%), өзге де бейметалл минералды өнімдер (77,6%), азық-түлік (56,3%), жеңіл өнеркәсіп (26,8%), машина жасау (15,5%) өндірісінде;

Жамбыл облысында (33,7%), соның ішінде, сусын (70,4%), негізгі фармацевтикалық өнім (66,5%), азық-түлік (57,8%), өзге де бейметалл минералды өнімдер (48,7%), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (42,1%), химия өнеркәсібі өнімдері (24%), машина жасау (23,1%) өндірісінде;

Алматы облысында (27,7%), соның ішінде, құрылыс материалдары (75,1%), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (70,4%), металлургия (39,1%), азық-түлік (38,8%), сусын (27,1%), жеңіл (31,4%) және химия өнеркәсібі (22,5%) өндірісінде.

2018 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің өсу екпіні 2018 жылға арналған декомпозицияланған жоспарлық мағынадан асып кеткендігін атап өткен жөн:

ИИДМБ 14 басым секторының 3-де: теміржол, мұнай-газ және электр техникалық машина жасау (1.1.2.1-кесте).

16 өңірдің 2-де: Қарағанды және Қостанай облыстарында (1.1.2.2-кесте).


1.1.2.1-кесте. ИИДМБ басым секторлары кесінінде еңбек өнімділігі бойынша жоспарға* 2018 жылы қол жеткізуді бағалау нәтижелері, %



1.1.2.2-кесте. ҚР өңірлері кесінінде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі бойынша жоспарға* 2018 жылы қол жеткізуді бағалау нәтижелері, %



Дереккөз: ҚР үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы 29.12. № 30-08/38 жоспар-хаттамасы; факт – ҚР ҰЭМ СК,

* 2018 жылға арналған өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі бойынша жоспарлық мағынаға қол жеткізуді бағалау ҚР ҰЭМ СК оларды 2019 жылғы тамызда жариялануына байланысты мүмкін емес

Өңдеуші өнеркәсіп секторларында еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру үшін 2018 жылы төмендегі шаралар қабылданды:

1) Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде жалпы сомасы шамамен 1,3 трлн. теңге 13,3 мың тұрақты жұмыс орнын ашумен жаңа өндіріс құру және қолданыстағы өндірісті кеңейту бойынша 100-ден артық инвестициялық жобаны іске асыру, соның ішінде, ерекше маңыздылары:

- «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС тау-кен байыту кешенінің құрылысы (Шығыс Қазақстан облысы);

- «Проммашкомплект» ЖШС теміржолға арналған доңғалақ өндіру бойынша кешен құру (Павлодар облысы);

- «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС катодты мыс өндіру бойынша зауыт құрылысы (Қарағанды облысы);

- «Maker» ЖШС машина жасау өндірісін жаңғырту (Қарағанды облысы);

2) 15 өңірдің өңдеуші өнеркәсібінің (металлургия және химия, машина жасау, азық-түлік, құрылыс материалдарын өндіру ) 40 кәсіпорнына жалпы сомасы 483,2 млн. теңге еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындар өтелді;

3) цифрлық технологиялар және цифрлық жүйеге көшу, Индустрия 4.0 дәріптеу және қосымша мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу тиімділігін көрсету үшін пилоттық кәсіпорындар («Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Алматы желдеткіш зауыты» АҚ, «Eurasian Foods» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Карлскрона» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС және «АК Алтыналмас» АҚ) үлгісінде 7 модельдік цифрлық фабрика құру бойынша жобаларды іске асыру. Әр пилоттық кәсіпорынға өндірістік процестерді, бизнес-моделді, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жеткізушілер тізбегін, клиенттермен өзара іс-қимылды, қызметкерлерді оқыту және т.б. цифрлық трансформацияға бағытталған шамамен 30 іс-шара ұсынылды. Бұл өндірісі жартылай автоматтандырылған кәсіпорындарға үлкен деректерді пайдаланумен «ашық» фабрикаға трансформациялануға, өндірістік процестерді тиімді оңтайландыруға мүкіндік береді;

4) «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты шикізатпен қамтамасыз етілді, бұл тазартылған алтын өндірісінің көлемін 18 тоннадан 20 тоннаға дейін арттыруға дейін мүмкіндік берді;

5) титанның өзіндік құнын төмендету мақсатында 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап 2019 жылдың аяғына дейін «УК ТМК» АҚ кәсіпорындары үшін алюминий-ванадитті лигатураға импорттық баж салықтары азайтылды;



6) лом, түсті және қара металл қалдығын сақтау, қайта өңдеу және сату бойынша кәсіпкерлік қызметті реттеу мақсатында «Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы бекітілді;

7) «Қазцинк» ЖШС өндірістік қуатын жүктеу және қорғасын өндірісінің көлемін арттыру мақсатында кемінде 45 мас.% қорғасынмен қорғасын концентраты мен кенге қатысты ЕЭО бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелім бажының мөлшерлемесі төмендетілді;

8) «ССКӨБ» АҚ темір кені өндірісінің темір кені концентраты мен жентегін ҚХР-ға жеткізуді жаңғырту мақсатында 2018 жылғы ақпан-желтоқсан кезеңіне магистралдық теміржол желісі тарифтеріне уақытша төмендетуші коэффициент бекітілді;

9) «Қазфосфат» ЖШС үшін сыртқы нарықта сары фосфор бағасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында аймақаралық деңгей желілері бойынша электр энергиясын беру бойынша «KEGOC» АҚ қызметтерінің тарифіне уақытша төмендетуші коэффициент бекітілді;

10) өткізілді:

- әлемнің 50 елінен 2,5 мыңнан астам делегаттың қатысуымен 25-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресі (шілде), көрмеде 260 компания өз стендтерін ұсынды (маусым);

- Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы (қыркүйек) шеңберінде саланың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары қаралды, сондай-ақ, 2019-2030 жылдарға арналған Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы талқыланды;

11) жеңілдікті автокредит және лизингтік қаржыландыру (10 млрд. теңге), автобустар пен ауыл шаруашылық техникасына жеңілдікті лизинг беру (13 млрд. теңге) бағдарламасына республикалық бюджеттен қаражат бөлінді;

12) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде «СК-Фармация» ЖШС дәрілік препараттарды сатып алуын қамтамасыз ету бойынша;

13) Қазақстан Республикасының зергерлік, жиһаз, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібін, сондай-ақ, құрылыс материалдары өнеркәсібін 2025 жылға дейін дамыту бойынша жол картасының жобалары әзірленді;

15) жүйе құрушы кәсіпорындардың (ERG, «Қазцинк» ЖШС, «УКТМК» АҚ, «Алтыналмас» АК» АҚ, «AMT» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС) инновациялық технологияларды цифрлық жүйеге көшіру және енгізу бойынша жобаларды іске асыру.

Сонымен қатар, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда индикатор 100,7% құрағанын ескере отырып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша (2015 жылға 111,9%) жоспарға қол жеткізбеу тәуекелі бар.

1.1.3 Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар көлемі


жүктеу 1,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау