1.2.1. Қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және кеңейту жобаларының саны
2018 жылы еліміздің 8 өңірінде азық-түлік, құрылыс индустриясы, химия және жеңіл өнеркәсіп, металлургия, машина жасау және мұнай өңдеу өндірісінде 2,4 мың тұрақты жұмыс орнын ашумен 19 кәсіпорынды жалпы сомасы 736,1 млрд. теңге жаңғырту мен кеңейту аяқталды (1.2.1.1-кесте).
1.2.1.1-кесте. Қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және кеңейту бойынша 2018 жылға арналған жобалар тізбесі
№
|
Жоба атауы
|
Өтініш беруші
|
Өңір
|
Сала
(сектор)
|
Жоба құны
млн. теңге
|
Жұмыс орнының саны, адам
|
1.
|
Шымкент МӨЗ жаңғырту
және қайта құру
|
«Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС
|
Шымкент қ.
|
Мұнай өңдеу
|
657 948
|
445
|
2.
|
Теміржолға арналған доңғалақ өндіру кешенін жаңғырту
|
«Проммашкомплект» ЖШС
|
Павлодар облысы
|
Машина жасау
|
54 106
|
400
|
3.
|
Ақсу кен байыту фабрикасын жаңғырту және Дружное кен орнынан өндірілетін қорғасын-мырышты қайта өңдеумен
флотациялық-гравитациялық фабрикаға қайта құру
|
«Ер Тай» ЖШС
|
Жамбыл облысы
|
Металлургия
|
1 200
|
300
|
4.
|
Кондитер өнімдерін өндіру жөніндегі цехты жаңғырту
|
ЖК «Хасанов»
|
БҚО
|
Азық-түлік
|
94
|
10
|
5.
|
Табиғи тасты өңдеу жөніндегі өндірісті жаңғырту
|
«Кислород АЗОК» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Құрылыс индустриясы
|
21
|
7
|
6.
|
Жарықдиодты өнім өндірісін жаңғырту
|
«Galaxia Technology» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Машина жасау
|
300
|
12
|
7.
|
Ұн өнімдерін өндіру зауытын жаңғырту және қайта құру
|
«KBS Engineering» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Азық-түлік
|
90
|
30
|
8.
|
Керамикалық тас пен блок өндіру бойынша жаңа желіні жаңғырту және кеңейту
|
«Astana Ceramic» ЖШС
|
Ақмола облысы
|
Құрылыс индустриясы
|
3828
|
60
|
9.
|
Өндірісті жаңғырту (қайта құру) және оны кірпіш балшық (сұратылған алаңдардағы өндіру жұмыстары) қорымен қамтамасыз ету
|
«У-Ка-Кирпич» ЖШС
|
ШҚО
|
Құрылыс индустриясы
|
150
|
30
|
10.
|
Темір-бетон өнімдерін өндіру зауытын жаңғырту
|
«ВЕРФ-строй» ЖШС
|
ШҚО
|
Құрылыс индустриясы
|
160
|
40
|
11.
|
Ет комбинатын жаңғырту
|
«Теректі Май Комбинаты» ЖШС
|
БҚО
|
Азық-түлік
|
857
|
108
|
12.
|
Кондитер өнімдері өндірісін жаңғырту және оларды сату
|
«Рахат» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Азық-түлік
|
1455
|
63
|
13.
|
Жиһаз өндірісі зауытын жаңғырту
|
«Адельфи» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Жеңіл өнеркәсіп
|
300
|
45
|
14.
|
Жартылай фабрикат және балықтан жасалған өнім өндірісін жаңғырту
|
«Fishinvest» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Азық-түлік
|
200
|
10
|
15.
|
Т.М. «Samal» бөтелкедегі су өндіру зауытын жаңғырту
|
«Самал» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Азық-түлік
|
1 200
|
315
|
16.
|
Балмұздақ өндіру цехын жаңғырту және кеңейту
|
«Шин Лайн» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Азық-түлік
|
200
|
250
|
17.
|
Нан-тоқаш өнімдері зауытын жаңғырту
|
«№7 нан зауыты» ЖШС
|
Алматы қ.
|
Азық-түлік
|
184
|
50
|
18.
|
Жоғары вольтты, төмен вольтты және басқа электр жабдықтарын өндіруге арналған жабдықты жаңғырту
|
«Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС
|
Алматы қ
|
Машина жасау
|
89
|
195
|
19.
|
Машина жасау өндірісін жаңғырту
|
«Maker» ЖШС
|
Қарағанды облысы
|
Машина жасау
|
13 762
|
42
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
736,1
|
2 412
|
Дереккөз: ҚР ИИДМ
2018 жылға арналған жоспар (2 жоба) 9,5 есеге артығымен орындалды.
1.2.2. Жаңа ірі жобалардың саны
2018 жылы Индустриализациялау картасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде азық-түлік, мұнай өңдеу, металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп өндірісінде 5,9 мың тұрақты жұмыс орнын ашумен жалпы сомасы 381,9 млрд. теңге 14 жаңа ірі жобалар пайдалануға берілді (1.2.2.1-кесте).
1.2.2.1-кесте. 2018 жылы іске асырылған жаңа ірі жобалардың тізбесі
№
|
Жоба атауы
|
Өтініш беруші
|
Сала
(сектор)
|
Өңір
|
Жоба құны
млрд. теңге
|
Жұмыс орнының саны (адам)
|
1
|
Жылына 2 млн. тонна кен өндіретін «Қызыл» тау-кен байыту кешенінің құрылысы
|
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС
|
Металлургия
|
ШҚО
|
133,8
|
1 100
|
2
|
Тірідей салмағы жылына 60 мың тонна бройлер өсіретін құс фабрикасының құрылысы
|
«Макинск құс фабрикасы» ЖШС
|
Азық-түлік
|
Ақмола облысы
|
49,6
|
910
|
3
|
Жылдам дайындалатын кеспе және макарон өндіру зауыты
|
«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС
|
Азық-түлік
|
Алматы облысы
|
17,3
|
540
|
4
|
Катодты мыс өндіру зауытының құрылысы
|
«Sary-Arka Copper Processing» ЖШС
|
Металлургия
|
Қарағанды облысы
|
14
|
350
|
5
|
Қожасай кен орнында кешенді газ дайындау қондырғысының құрылысы
|
«Gas Processing Company» ЖШС
|
Мұнай өңдеу
|
Ақтөбе облысы
|
21,2
|
258
|
6
|
Рудный қ. цемент
зауытының құрылысы
|
«Рудный цемент зауыты» ЖШС
|
Құрылыс индустриясы
|
Қостанай облысы
|
14,7
|
258
|
7
|
Цемент зауытының құрылысы
|
«Компания Гежуба Шиелі цемент» ЖШС
|
Құрылыс индустриясы
|
Қызылорда облысы
|
64
|
260
|
8
|
ПЭТ қалдықтарды қайта өңдеу және штапельдік талшық өндірісін ұйымдастыру
|
«Green technology industries» ЖШС
|
Жеңіл өнеркәсіп
|
Түркістан облысы
|
5,9
|
208
|
9
|
40 тонналы индукциялық пеш пен үш өзекті ДҮҚМ пайдаланумен болат блюм өндіру бойынша құрыш құю өндірісі
|
«Shymkent Temir» АҚ
|
Металлургия
|
Шымкент қ.
|
5,9
|
400
|
10
|
Ет комбинатының құрылысы
|
«Империя Фуд» ЖШС
|
Азық-түлік
|
Алматы облысы
|
8,4
|
50
|
11
|
Құрғақ түйе және бие сүтін өндіру зауыты
|
«Golden Camel Group LTD» ЖШС
|
Азық-түлік
|
Түркістан облысы
|
7
|
14
|
12
|
Жолаушылар автобусын құрастырумен жолаушылар автобус паркінің құрылысы
|
«Falcon Euro Bus» ЖШС
|
Машина жасау
|
Алматы қ.
|
14
|
1 300
|
13
|
Электрондық құрал жасау саласында заманауи инновациялық кәсіпорын ашу
|
«KazTechInnovations» ЖШС
|
Машина жасау
|
Алматы қ.
|
9,5
|
130
|
14
|
Сұйытылған табиғи газ өндіру зауытының құрылысы
|
«Жамбыл Газ Өнімдері» ЖШС
|
Мұнай өңдеу
|
Жамбыл облысы
|
16,6
|
108
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
381,9
|
5 886
|
Дереккөз: ҚР ИИДМ
2018 жылға арналған жоспар (2 жоба) 7 есеге артығымен орындалды.
1.2.3. Global-2000/ТҰК енгізілген компаниялар тізімінен тартылған инвесторлар саны
Есепті кезеңде жалпы сомасы 10 227 млн. АҚШ долларынан астам фармацевтика, тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, машина жасау, химия және мұнай-газ химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін өндіру жобаларын іске асыру үшін Global-2000/ТҰК-ға енгізілген 8 инвестор тартылды (1.2.3.1-кесте).
1.2.3.1-кесте. Global-2000/ТҰК-ға енгізілген компаниялар тізімінен 2018 жылы тартылған инвесторлар тізімі
р/н №
|
Инвестор
(ел)
|
Іске асырылатын жоба
|
Сала (сектор)
|
Жобаның құны
млн. доллар
|
Global-2000/ТҰК-дағы орны
|
1
|
Pfizer (АҚШ)
|
Фармацевтикалық өнім
|
Фармацевтика
|
35
|
44
|
2
|
CITIC Group (ҚХР)
|
Жағармай өндіру
|
Мұнай-газ химиясы
|
1200
|
76
|
Этиленгликоль өндірісі
|
Химия өнеркәсібі
|
2200
|
3
|
Koc Holding
(Түркия)
|
Қызанақ өнімдері
|
Тамақ өнімдері
|
26
|
717
|
4
|
China Triumph International Engineering (ҚХР)
|
Шыны өндірісі
|
Құрылыс индустриясы
|
198
|
875
|
5
|
Shandong Lovol Heavy Industries Co. (ҚХР)
|
Тракторлар мен басқа да ауыл шаруашылығы техникасын өндіру
|
Машина жасау
|
10
|
1109
|
6
|
Tyson Foods (АҚШ)
|
Ет өңдеу
|
Тамақ өнімдері
|
8,5
|
362
|
7
|
Borealis (Аустрия)
|
Полиэтилен өндірісі
|
Химия өнеркәсібі
|
6 500
|
ТҰК
|
8
|
John Deere (АҚШ)
|
Өнімді шоғырландыру орталығын құру
|
Машина жасау
|
40
|
271
|
|
Жиыны:
|
|
|
10 227,5
|
|
Дереккөз: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, ҚР ЭМ
2018 жылға арналған жоспар (5) 1,6 есе асыра орындалды.
1.2.4. Өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыспен қамтылғандар саны
ИИДМБ-де 2015-2019 ж.ж. өңдеуші сектордағы жұмыскерлер санын еңбек өнімділігін арттыру кезінде 2015 ж. деңгейде (өздігінен жұмыс жасайтын халықты қоспағанда 515,3 мың адам) сақтау жоспарланған.
2018 жылғы20 4-тоқсанда өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны 599,7 мың адамды құрады, соның ішінде, өздігінен жұмыс жасайтын халық – 54,3 мың адам (секторда жұмыс жасайтын халық санынан 9,1%). Секторда жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны (өздігінен жұмыс жасайтын халықты қоспағанда) 545,3 мың адамды құрады, бұл 2018 жылы жоспарды (515,3 мың адам) артығымен 30,0 мың адам немесе 5,8% орындауды қамтамасыз етті (1.2.4.1-сурет).
1.2.4.1-сурет. Өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны
(өздігінен жұмыс жасайтын халықты қоспағанда)
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК,
* 2018 ж. IV-тоқсанға арналған деректер
2015 жылғы 4-тоқсанмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмыскерлер саны еліміздің 14 өңірінде 66,7 мың адамға21 немесе на 12,5% өсті, соның ішінде, Алматы облысында (20,8 мың адамға немесе 1,5 есе), Астана қ. (13,6 мың адамға немесе 2,4 есе) және Жамбыл облысы (9,7 мың адамға немесе 1,6 есе) (1.2.4.2-сурет). Сектор кәсіпорындарында жұмыскерлер саны 2 аймақта: Атырау облысы (7,1 мың адам) және Алматы қ. (4,9 мың адам) қысқарды.
Секторда жұмыс істейтін негізгі жұмыскерлер саны бұрынғыша Қарағанды (15%), Шығыс Қазақстан (12,4%) және Алматы (10,7%) облыстарында.
1.2.4.2-сурет. Өңірлер бойынша өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмыскерлер санының өзгеруі, 2018ж. 4-тоқсан/2015ж. 4-тоқсан, мың адам
Маңғыстау облысы
Атырау облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Ақтөбе облысы
Шығыс Қазақстан
Солтүстік Қазақстан
Павлодар облысы
Қызылорда облысы
Алматы облысы
Батыс Қазақстан
Алматы қ.
Жамбыл облысы
Астана қ.
Ақмола облысы
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Секторда жұмыскерлер санының өсуіне Индустрияландыру картасы және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде 2018 жылы мұнай өңдеу, металлургия, фармацевтика, машина жасау, құрылыс материалдарын, азық-түлік өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіп салаларында 13,3 мыңнан артық жұмыс орнын ашу ықпал етті. Нәтижесінде, секторда жұмыс істейтін жұмыскерлердің жалпы саны 2015 жылы 1,9%-дан 2018 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша 2,2% дейін өсті.
ИИДМБ бойынша кадрларды дайындау инновациялық сипатта білім беру бағдарламалары негізінде 11 базалық ЖОО-да жүргізілуде. Кадрларды дайындау үшін осы ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта 11 базалық ЖОО-да 47 зертхана жұмыс істейді, онда тәжірибелік және зертханалық оқулар жүргізіледі, студенттердің дипломдық және магистрлық, ғылыми жұмыстары орындалады.
2018 жылы заманауи технологиямен жұмыс жасау бойынша тәжірибелік дағдыны, құзыретті дамытуға бағытталған ағылшын тілінде 10 білім беру бағдарламасы әзірленді. Бағдарламалар ИИДМБ нақты жобаларының және кәсіпорындарда кәсіби тәжірибеден өтумен өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес икемді білім беру траекторияларын көздейді. Саланың озық технологиялары мен бағыттарын зерттейтін инновациялық пәндер, сондай-ақ, кәсіпкерлік және басқару құзыреттерін қалыптастыратын аралас пәндер оқытылады.
2018 жылға арналған жоспар (515,3 мың адам) 5,8% артығымен орындалды.
1.2.5. Жасалған экспорттық қазақстандық брендтер саны
2016-2017 жылдары 4 шатырлы бренд (құқық иеленуші - «Атамекен» ҰКП) құрылды, бұл 2016-2018 жылдарға арналған жоспардың мерзімінен бұрын орындалуын қамтамасыз етті (4 бренд):
1) «Qazaq Organic Food» - өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін отандық өндірушілердің және басқа да тауарлар топтарының бірлестігі. Бренді дамыту және ілгерілету жөніндегі жол картасына сәйкес 2019 жылы органикалық өндіріс және органикалық өнім инспекторларын аттестаттау бойынша сыныптамалық талаптарды қамтитын халықаралық талаптармен үйлестірілген ұлттық стандарттарды жасау жоспарлануда;
2) «Halal Kazakhstan» - құрамы мен технологиясы мұсылман дәстүрлеріне сәйкес келетін және Ислам әлемі елдеріне бағдарланған отандық өнім өндірушілердің бірлестігі. Малайзияның, Индонезияның, Араб елдерінің және Түркияның шетелдік стандарттарының үздік тәжірибесін ескере отырып, халықаралық стандарттармен үйлестірілген ұлттық стандарттарды әзірлеу және қабылдау жоспарлануда;
3) «KazMeat» - Қытайға экспорттауға бағдарланған отандық ет компанияларының бірлестігі (тауар белгісі ҚР ӘМ тіркелген);
4) «QazMai» – майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдерін өндіретін отандық өндірушілердің бірлестігі.
Есептік кезеңде шатырлы брендтерді ілгерілету және дамыту шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілді:
1) «QazMai»: Шанхай қаласында (ҚХР) 9 қазақстандық май зауыты мен бір бейінді бизнес-бірлестік өкілдері Sunflower Oil&Meal Trade Conference (маусым) Екінші халықаралық конференциясының жұмысына қатысты, ҚХР-ға рапс және зығыр майын жеткізуге келісім жасалды.
2) «Qazaq Organic Food»:
- Қостанай қаласында «Органикалық өнімдерді өндіру, сертификаттау және сыртқы нарықтарға ілгерілету» тақырыбында семинар және дөңгелек үстел ұйымдастырылды;
- 5 қазақстандық кәсіпорын өкілдері «Қазақстан-Украина: Organic Foods» (Украина) халықаралық конференциясының жұмысына, органикалық егіншілік жөніндегі тренингке және «Астық өңдеу форумы-2018» мамандандырылған конференциясының жұмысына қатысты;
- Астана қаласында «Qazaq Organic Food» атты бірінші халықаралық конференция ұйымдастырылды, оған әлемнің 12 елінен 100-ден астам адам қатысты (қараша).
Қазақстанның органикалық өнімдерін өндірушілер қауымдастығын құру туралы мәселе пысықталуда, ол Қазақстанның органикалық нарығын олардың қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерді білдіру және қорғау, сондай-ақ органикалық саланың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін біріктіруге мүмкіндік береді.
3) «Halal Qazaqstan»: Челябинск қаласында (РФ) «АгроПродЭкспо. Урожай-2018» көрмесіне 5 отандық өндіруші мен бір бейінді бизнес-бірлестіктің қатысуы ұйымдастырылды, 70 миллион теңгеден астам сомаға ресейлік компаниялармен экспорттық келісімшарттар жасасу бойынша келіссөздер жүргізілді.
4) «Qazmeat»: «Қазақстанның Ет Одағы» ЗТБ мен «Assocarni» Қауымдастығы (Италия) арасында Ет өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және «ЕвразияИнвест LTD» ЖШС (Қазақстанның Ет Одағының мүшесі) «Lindena Deutsches Zuchtvieh» неміс компаниясымен «Атамекен» ҰКП «Қазақстанның Ет Одағы» ЗТБ бірлесіп ұйымдастырған іс-шаралардың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.
2018 жылы 1 экспорттық қазақстандық бренд құру жоспары мерзімінен бұрын 2017 жылы - 100% орындалды.
1.2.6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындар саны
2018 жылы 42 кәсіпорынға 2017 жылғы (31) көрсеткіштен 1,3 есе асатын жалпы сомасы 483,2 млн. теңге еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетілді (1.2.6.1-сурет).
1.2.6.1-сурет. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды алған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің саны, бірлік.
Дереккөз: «ҚИДИ» АҚ
Негізгі өтеу көлемі технологиялық процестерді жетілдіру бойынша шығындар (жалпы сомадан 43,7%) және кәсіпорындар құзыретін арттыру (39,2 %).
Жалпы өтелген шығындар көлемінде металлургия (152 млн.теңге) және машина жасау (149,5 млн.теңге) кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындар басым, олардың үлесі жалпы өтеу сомасынан 62% (1.2.6.2-сурет).
Ақтөбе облысынан басқа, еліміздің барлық өңірлерінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары өтелді. Павлодар (192 млн.теңге немесе жалпы өтеу сомасының 40% ), Қостанай (73,7 млн.теңге немесе 15%) облыстары, Астана (75,6 млн.теңге немесе 15,6%) және Алматы қ.қ. (42,3 млн.теңге немесе 8,8%) кәсіпорындары мемлекеттік қолдауды белсенді пайдаланды (1.2.6.3-сурет).
1.2.6.2-сурет. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың 2018 жылға арналған салалық құрылымы
*өзге: химия және тау-кен қазу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және т.б.
1.2.6.3-сурет. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың 2018 жылға арналған өңірлік құрылымы
* өзге: ШҚО, ЗБҚО, ОҚО, СҚО, Алматы, Ақмола, Атырау Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары
Осылайша, 2018 жылы индустриялық-инновациялық қызметтің 42 субъектісіне еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді, бұл 2018 жылға арналған жоспарды (26 бірлік) 161,5% артығымен орындауды қамтамасыз етті.
1.2.7. Өндірісте ендірілген технологиялардың саны
2018 жылы төмендегі жобалар бойынша 7 озық технология енгізілді:
«Өнеркәсіптік биосинтезді ҒЗИ» ЖШС (Ақмола облысы) – ауыл шаруашылық жануарларына арналған инактивирленген сорбцияланған культуралды антирабиялық вакцина жасау технологиясын әзірлеу және өндірістік учаске құру. Вирусты биомассаға арналған культуралды антирабиялық антиген өндіру технологиясының негізіне ВНК-21(сl–13) сезгіш қорытылатын дақыл жасушаларын және вакцинді аттенуирленген құтыру вирусын роллерлік және терең суспензиялық жинақтау алынған.
«Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ (Алматы қ.) – кетчуп, тұздық өндірісі бойынша Тетра Пак желісін іске қосу. Желі Қазақстан Республикасында табиғи кетчуп пен тұздық өндіру бойынша жоғары технологиялық, инновациялық және жалғыз желі болып табылады. Жабдық аналогы Қазақстанда өндірілмейтін жаңа 100% табиғи өнім өндіруге мүмкіндік береді. Құрамында крахмалдың және басқа да қойылтқыштардың болмауы өндірілетін кетчуптердің айрықша ерекшелігі болып табылады, өнім табиғи пектиннен тұратын Hot Break томат пастасынан өндіріледі.
«Металлогамма» ЖШС (Павлодар облысы) – минералды шикізатты қайта өңдеу және алюмосиликаттық бос микросфераның дайын (тауар) өнімін өндіру бойынша өндірістік цех құру. Цех құрылысы күл-қожды материалдарды қайта өңдеу және алюмосиликаттық бос микросфераны жоғары технологиялық өндіру саласында инновациялық жоба болып табылады.
«Интеллект» ғылыми-өндірістік кешені ЖШС (Қарағанды облысы) – мал шаруашылық қалдықтары және тотыққан көмір гуматы негізінде ылғал ұстағыш және өсіруді ынталандырғыш белсенділікпен экологиялық таза биоорганогуминді тыңайтқыштар өндіру. Өндірілетін өнім - экологиялық таза органикалық тыңайтқыш, құрғақ ауа райы кезінде өнімді кемінде 15-20% және қолайлы ауа райы кезінде өнімді кемінде 15-25% арттыру мүмкіндігімен биоүдеткіш (тыңайтқыш компоненттерінің ылғал ұстағыш қабілеті есебінен).
«Қызылорда құрылыс материалдары» ЖШС (Қызылорда облысы) – кеуек бетон жасауға арналған көбіктендіргіш өндіру. Жоба мақсаты – құрылыс саласында табиғи және техногенді шикізаттан жасалған кеуек бетонға арналған көбіктендіргіштің аз тонналы өндірісін ұйымдастыру.
«Орал полиэтилен құбырлар зауыты» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы) – (Patent NO: ZL2012 2 0459986.5) патенттелген қос құрылғы арқылы қол жеткізілген жоғары өнімділікті эмиттерлік тамшылы лента (түтікше) өндірісі бойынша кешен құру. Жоба жеке меншік өндірістік алаңда жаңа өнім түрін өндіру бойынша технология мен жабдық сатып алу арқылы өндірілетін өнім сұрыпталымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндірілетін өнім – оралған, әр түрлі эмиттермен полиэтилен жұқа лента (түтікше).
7) «Физико-техникалық институты» ЖШС (Алматы қ.) – жоғары тиімді гетероауысымды кремнийлі күн сәулелік элементтер мен модульдер әзірлеу және өндіруге арналған инновациялық технологиялар мен жабдықтар сатып алу. Жоғары тиімді күн сәулелік элементтер мен модульдер жасау бойынша әзірленіп жатқан тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске күн сәулелік фотовольтаикалық модульдердің сериялық өндірісін жүзеге асыруға, сондай-ақ, күн сәулелік элементтер мен модульдердің пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) арттыру бойынша ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
6 жобаның жиынтық экономикалық тиімділігі (7 жоба жыл соңында енгізілді) 138,0 млн. АҚШ долл. (51,1 млрд. теңге) құрады, 2017 жылғы $11,8 млн. (3,8 млрд.теңге) қарағанда (12 еседен артық).
2018 жылға арналған жоспар (6) 116,7% артығымен орындалды.
1.2.8. Салалардың технологиялық міндеттерін шешуге бағытталған жобалардың саны
2018 жылы 2 жоба қаржыландырылды:
1) машина жасау саласында «Панельді радиаторлар жасау процесінің технологиясы» («Орал трансформатор зауыты» ЖШС, Батыс Қазақстан облысы). Жоба шеңберінде өндіріске трансформаторларды салқындатуға арналған панельді радиаторлар жасау технологиясын енгізу көзделген. Қазіргі уақытта панельді радиаторлар жиынтықтауыш құралдар ретінде сатып алынуда. Жоба қолданыстағы өндірісті кеңейту мен жаңартуды көздейді;
2) химия өнеркәсібінде алюминий полиоксихлоридін өндіру бойынша («ASCOR өндірістік бірлестігі» ЖШС, Павлодар облысы). Жоба коммуналдық және өнеркәсіптік сумен жабдықтау кәсіпорындарында ауыз су мен ақпасуды химиялық тазалауға арналған алюминий полиоксихлоридінің инновациялық жоғары тиімді коагулянтын енгізуді көздейді.
2018 жылға арналған жоспар (2) 100% орындалды.
1.2.9. Құрылған технологияларды дамыту орталықтарының саны
Есепті кезеңде 2 Технологияларды дамыту орталығы ашылды:
1) «Intellisense-Lab» технологиялық даму орталығы» ЖШС 2018 жылғы маусымда «Intellisense.io Limited» (Ұлыбритания) компаниясымен бірлесе отырып ашылды. Зертхана өндірістің толық циклін оңтайландыруға арналған жасанды парасат шешімдеріне негізделген.
7 моделді сандық фабрика құру бойынша ҚИДИ-мен бірлескен жұмыс шеңберінде «АК Алтыналмас» АҚ арналған пилоттық жоба іске асырылуда - AI (жасанды парасат) және IoT (Заттар интернеті) технологиясын қолданумен алғашқы моделді өндіріс. Осы жоба шеңберінде Зертхананың арнайы қосымшасына (IntelliSense.io Limited технологиясы) технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесінің (ТПАБЖ) деректері, «АК Алтыналмас» АҚ байыту фабрикасы бойынша есептер мен өлшемдер жүктелді. Жиналған деректер негізінде кенді майдалау диірменін жүктеудің болжамдарының моделдері дайындалды. Нақты уақыт режимінде процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар берумен, фабрикадан тікелей келіп түсетін деректермен жұмыс жүргізілуде.
«Intellisense LAB» кеңселері Алматы қ. IT-кварталда және Astana hub орналасқан (жабдық орнатылған, қызметкерлер жалданған, ГМК, мемлекеттік органдар қызметкерлері мен стартаптарға арналған оқу семинарлары жүргізіледі).
2) «Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар орталығы» ЖШС (бұдан әрі – ЖМАТО) Metalysis Inc ТҰК (Ұлыбритания) бірлесе отырып, 2018 жылғы желтоқсанда ашылды. ҚР жер қойнауын пайдаланушыларының шикізаты (аддитивті шикізат, ТМО, қалдықтар, қалдыққойма және т.б.) негізінде жоғары технологиялық ғылыми еңбек сіңіруді қажетсінетін материалдардың жергілікті базасын өндіруге арналған процестерді әзірлеу Орталықтың мақсатты міндеті болып табылады.
Осы жоба шеңберінде ҚР жер қойнауын пайдаланушыларының шикізатынан жоғары технологиялық ғылыми еңбек сіңіруді қажетсінетін металл ұнтақтар мен композиттер өндіруге арналған ҒЗТКЖ жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұнтақ қорытпасын алу бойынша ERG компаниялар тобының шикізатына ҒЗТКЖ аяқталды (құйма құны 150 есеге дейін артады; біртекті ұнтақ материалдардың өзіндік құнын 35% төмендету). ERG кен орнынан алюмо қосылған глинозем топтамасы шикізат ретінде Ұлыбританияға жіберілді. Дайын өнім түрінде титан-алюминий және титан-алюминий-ванадий ұнтақ қорытпалары алынды. Жобаны іске асыру шикізатты қайта өңдеу және металл ұнтақ қорытпаларын алу, отандық кәсіпорындар кадрларын оқытуды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша ҒЗТКЖ жүргізуге арналған зертханалық-өнеркәсіптік база құруға, сондай-ақ, өндірістің өзіндік құнын 35% төмендетуге және ТМК үйінділерін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін, металл ұнтақ өндірісінің ерекше озық технологиясының трансфертін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2019 жылы азаматтық және өнеркәсіптік, қала аумағының құрылысын негізгі жоспарлау, ТКШ, «ақылды қала» концепциясын дамыту және қолдану секторларында BIM (Building Information Modeling немесе Құрылысты ақпараттық модельдеу) технологиясын енгізуге бағытталған «Зияткер жүйе», «BIM+ зертханасы» Технологиялық даму орталығы ашылды.
2018 жылға арналған жоспар (2) 100% орындалды.
1.2.10. «ИТП» АЭА қатысушыларына қосу үшін кластерде инкубацияланған жаңа технологиялық компаниялардың саны
Мемлекет басшысының тапсырмасы (2018 жылғы 08 қаңтардағы №4568-1 ПАБ) шеңберінде Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А.Ұ. Маминнің қатысуымен өткен кеңес хаттамасының (2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 17-11/И-617) 2-тармағына және «ИТП» АЭА Алматы қ. Әкімдігінің басқармасына беру жөніндегі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-әрекеттерінің жоспарына сәйкес 2018 жылы «ИТП» АЭА инфрақұрылымы мен басқармасын жергілікті атқарушы орган - Алматы қ. Әкімдігінің атынан «Алматы» ӘКК» АҚ беру процесі басталды.
ҚР ИИДМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына тиісті түзетулер әзірленіп, ҚР Парламент Мәжілісіне қарауына енгізілді. Бұл заң жобасы «ИТП» АКҚ «ИТП» АЭА басқару органы ретіндегі, соның ішінде, компанияны арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына қосу бойынша өкілеттіктерін қамтитын нормаларды алып тастауды көздейді.
«ИТП» АЭА қатысушыларына қосу үшін жаңа технологиялық компаниялар кластеріне инкубациялауға мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде республикалық бюджеттен 2018 және 2019 жылдары қаражат бөлу көзделмеген.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV ҚР заңының 11 және 18-баптарында көзделген өкілеттіктер мен функциялар шеңберінде «ИТП» АЭА басқару органы ретіндегі «ИТП» АКҚ жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемдеріне сәйкес АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы өтінімдерді тұрақты негізде қарайды. Мысалы, 2018 жылы «ИТП» АЭА қатысушыларына енгізу үшін кластерде 15 жаңа технологиялық компания инкубацияланды.
1.2.10.1-кесте – 2018 жылы «ИТП» АЭА қатысушыларына енгізу үшін кластерде инкубацияланған жаңа технологиялық компаниялардың тізбесі
№
|
Компания атауы
|
Серіктестер
|
Іске асырылатын жобалар, олардың сипаты
|
Инновациялылық, жобаның жаңашылдығы, себептерді көрсетумен проблемалар және
оларды шешу бойынша шаралар және т.б.
|
|
«E-CLOUD» ЖШС
|
ШОБ кәсіпорын
дары
|
E-cloud – SaaS ақпараттандырудың сервистік моделі принципі бойынша электрондық форматта қызмет көрсету және алуға арналған универсалды онлайн сервистен тұратын бұлтты шешім
|
E-cloud электрондық модельдеу сервисі, бизнес-процестерді автоматтандыру, қызмет көрсетуді бақылау және құжаттармен жұмыс құралдарын
үйлестіретін электрондық қолтаңба құралдарын пайдаланумен кешенді шешім болып табылады.
|
|
Shopera» ЖШС
|
ШОБ кәсіпорын
дары, қаржылық институттар
|
Сауда-саттық алаңдарын құруға арналған технологиялық интернет-платформа –
көптеген жеткізушілерді контрагенттермен (клиент, банк, дистрибьютор) бірыңғай сауда-саттық кеңістікте біріктіру
|
Интернет коммерцияны, банктік және логистикалық қызметтерді дамыту мақсатында сауда-саттық интернет-платформасын жасау және іске қосу
|
|
«R-STYLE.KZ» ЖШС
|
Кәсіпорын-
дар, мемлекеттік органдар
|
«Виртуалды кеңсе»
Бұлтты АТС және IP телефония; Корпоративтік почта; CRM жүйе; Ілеспе сервистерден тұратын шешім
|
Қызметкерлердің фирма жүйелеріне қорғалған қолжетімділік каналы, осы жүйелердің хостингі, АТ жүйелері: құжат айналымы, портал, CRM, ERP.
|
|
«Қазгеопортал» ЖШС
|
Инвестор-
лар, жер қойнауын пайдалану-
шылар
|
Пайдалы қазбалар кен орнының бірыңғай қазақстандық порталы – ұңғыма, геофизикалық зерттеу, атаулар және басқа да барлау және өндірістік деректер туралы мәліметтерді қоса алғанда, геологиялық барлаудың деректер қоры
|
Жер қойнауын пайдаланушы және оның лицензиялары, кен орнының географиялық орны туралы мәліметтерге жеңіл қолжетімділікті, әр түрлі критерийлер бойынша іздеу мен сұрыптауды, «бір терезе» технологиясы бойынша инвесторлармен онлайн келісімшарттар жасауды, мемлекттік сервистермен (egov.kz және т.б.) икемді біріктіруді қамтамасыз етеді.
|
|
«K ART PRO» ЖШС
|
БАҚ,
АТ компания-
лар
|
Цифрлық мультимедиялық студиялық кешен
|
Әлемге танылған жетекші өндірушілердің жабдығын қолданумен медиа өндіріс, теледидар, кинематография саласындағы соңғы жетістіктер негізінде технологиялық шешімдер енгізу
New media негізгі құрастырушылары: цифрлық формат, интерактивность және мультимедиялылық
|
|
«ATG-Alatau Tech Group/АТГ - Алатау Тех Групп» ЖШС
|
БАҚ,
АТ компания-
лар
|
Телерадио хабарларын тарату объектілеріне арналған ақпараттық жүйелерді жобалау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет
|
ҚР аумағында және одан тыс жерлерде телерадио хабарларын тарату субъектілеріне арналған телевизиялық студия және аппараттық-мтудиялық кешенді жобалау және техникалық қызмет көрсету. Объектінің жұмыс жасауын қолдау немесе оны мақсаты бойынша пайдалану кезінде оның жұмыс істеуі бойынша технологиялық операциялар мен ұйымдастырушылық іс-әрекеттер кешені.
|
|
«Эвотек Орталық Азия» ЖШС
|
ШОБ кәсіпорын-
дары
|
Шақырулар мен өтініштерді
көп арналы өңдеу міндеттерін шешуге ықпал ететін SDP-платформа құру
|
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ, аралас тілде табиғи сөйлеуді тануды қолдаумен жасанды парасат тәртібі моделін әзірлеу.
SDP-платформа жаңа конвергентті мультимедиялық қызметтерді жедел әзірлеу және күшейту мүмкіндігін ұсынады.
Клиентпен тұтас және үздіксіз коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында жеке коммуникация каналдарын бірыңғай жүйеге өзара интеграциялау
|
|
«Қазақстандық экологиялық жобалау орталығы» ЖШС
|
ШОБ кәсіпорын-
дары (құрылыс компания-
лары,
АТ компаниялар)
|
Жобалаудың барлық сатысында экологиялық және инженерлік құжаттаманы, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке тұлғаларға арналған құрылыс-монтаж жұмыстарын әзірлеу
|
Жобалық және инженерлік қызметтердің толық кешені (engineering services).
Жұмыс құжаттамасын жобалау, әзірлеу жөніндегі АКТ компанияларына арналған телекоммуникациялық қызметтердің толық кешенін ұсынуды ұйымдастыру жөніндегі жоба
|
|
«Maint» ЖШС
|
ШОБ кәсіпорын
дары, мемлекеттік органдар
|
Компания функционалды IT-өнімдер жасайды, PHP, JavaScript бағдарламалау тілдерінде электрондық құжат айналымы мен масштабты CRM-жүйесін әзірлейді.
|
Иерархиялық ұйым жұмысын басқару процесін сүйемелдейтін автоматтандырылған көп пайдаланушы жүйе. Негізгі өнім – «Maint Control» электрондық құжат айналым жүйесі.
|
|
«TrafficWave Inc.» ЖШС
|
ШОБ кәсіпорын
дары, қаржылық институттар
|
Әр түрлі бизнес құрылымы мен ақшалай қаражат агрегаторларына арналған лидогенерация және лидтерді басқару платформасы
|
Электрондық байланыс каналдары арқылы сатушы мен сатып алушының өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық шешімдердің бағдарламалық-аппараттық кешені
|
|
«ATI Group» ЖШС
|
Электр
энергетика кәсіпорын-
дары,
ТКШ ұйымдары
|
Электрмен жабдықтау, электр энергиясын беру және тарату және автоматтандырылған басқару жүйесі саласында инженерлік-техникалық шешімдер
|
Ескірген жабдықты заманауи жабдыққа ауыстыру. Өндіру, жеткізу және шеф-монтажды жұмыстар: ATI-КСО 6/10 кВ біржақты қызмет көрсету құрамалы камералары; TMATI 16QI сериялы басқару және телемеханика шкафтары; ATISCADA оперативті ақпараттық кешен бағдарламалық қамтуы
|
|
«Сұңқар Мониторинг» ЖШС
|
Құқық қорғау органдары, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
Электрондық байқау құралдары
|
Жерсеріктік навигация және GSM ұялы байланыс жүйесі арқылы бақылауға алынған тұлғаның орнын ауыстыруын үнемі бақылауға арналған аппараттық-бағдарламалық техникалық кешенді енгізу
|
|
«EDTECH» халықаралық білім беру орталығы» ЖШС
|
Білім беру ұйымдары
|
«SAR» тестілеу нәтижелеріне мониторинг жүргізу және талдау жүйесі
|
Білім беру сапасының жағдайы туралы шынайы ақпараттың келіп түсуін, оны сақтау мен өңдеуді қамтамасыз ететін
мектеп оқушыларын электрондық тестілеу, диагностикалау жүйесі
|
|
«Azimut Labs» ЖШС
|
АТ компания-лар
|
Инновациялық-ақпараттық технологиялар бойынша құзырет орталығын құру, соның ішінде, блокчейн, машиналық оқу (Big data) бойынша
|
Компаниялардың IT-жүйесін қолдау және дамыту проблемаларын кешенді шешуге арналған жаңа ұйымдастырушылық нысан. Ішкі және әлемдік нарыққа арналған инновациялық-ақпараттық технологиялар негізінде жеке меншік бағдарламалық қамту әзірлеу
|
|
«Soft Link» ЖШС
|
БАҚ,
АТ компания-
лар
|
Виртуалды және шынайылықпен толықтырылған қосымшаларды әзірлеу
|
Ішкі және әлемдік нарыққа арналған 3 Unity және Unreal Engine инновациялық технологиясы негізінде виртуалды және шынайылықпен толықтырылған жеке меншік бағдарламаларды әзірлеу
|
2018 жылға арналған жоспар (14) 107,1% артығымен орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |