«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ мен «Қазпошта» АҚ-ның
«Табыс!» бірлескен жарнамалық акциясын өткізу шарттары
1. «Табыс!» бірлескен жарнамалық акциясының (бұдан әрі – бірлескен жарнамалық
акция) ұйымдастырушылары – «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) және
«Қазпошта» АҚ (бұдан әрі – Серіктес).
2. Бірлескен жарнамалық акциясын өткізу орны (аймағы) – «Қазпошта» АҚ пошталық
байланыс бөлімшелері, «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ банктік бөлімшелері мен
тұтынушылық кредиттеудің сату нүктелері (бұдан әрі – Сауда нүктелері).
3. Бірлескен жарнамалық акциясының қатысушылары – бірлескен жарнамалық акцияны
өткізу кезеңі ішінде Банктен белсенді ұсыныс алған, ақшалай кредит шартын (бұдан әрі
– шарт) Серіктес операторлары Банктің қызметтері ұсынылатын бірыңғай есеп
айырысу терезесі жүйесінде (бұдан әрі – Серіктестің БЕЖ жүйесі) және Сауда
нүктелерінде клинттермен жұмыс жөніндегі менеджер (бұдан әрі – КЖМ) арқылы
ресімдеген Қазақстан Республикасының азаматтары, жеке тұлғалар.
4. Бірлескен жарнамалық акциясын өткізу кезеңі: 2018 жылғы 10 қаңтардан бастап 2018
жылғы 10 шілдеге дейін. Жүлделердің қорытынды ұтыс ойыны 2018 жылғы 16 шілдеде
өткізіледі.
5. Бірлескен жарнамалық акция туралы ақпаратты тарату жолдары:
- бірлескен
жарнамалық
акция
ұйымдастырушыларының
сайттарында
www.homecredit.kz
,
www.post.kz
және Ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілер
тобында жариялау;
- жарнамалық материалдарды (плакаттарды және үндеухаттарды) орналастыру және
тарату.
6.
Бірлескен жарнамалық акцияның жүлделік қоры есепке алынуы тиіс КТС
(корпоративтік табыс салығы) мақсатында ЖТС (жеке табыс салығы) қоса алғанда
8 888 889,00 (сегіз миллион сегіз жүз сексен сегіз мың сегіз жүз сексен тоғыз) теңгені
құрайды.
7.
Бірлескен жарнамалық акцияның жүлделік қоры Жеңімпаздарға жүлдені қабылдау
актісінің негізінде Сауда нүктелерінде ашылған жеке ағымдағы шоттарына төленетін
болады. Егер Жеңімпазда нәтижелерді шығару сәтінде ағымдағы шоты болмаса, оған ұтыс
сомасын аудару үшін шот ашу қажет болады.
8. Бірлескен жарнамалық акцияны өткізу кезеңінде жүлделік қор бойынша барлық
шығындар үшін Банк жауапты болады.
9. Бірлескен жарнамалық акция ұтыс ойыны Банктің келесі мекенжай бойынша
орналасқан бірлескен жарнамалық акция қатысушыларын қатысуынсыз жабық режимде
жүргізілетін болады: Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 248.
10. Серіктестің БЕЖ жүйесінде шартты ресімдеген клиенттері үшін бірлескен жарнамалық
акцияның жүлделік қоры ай сайын 1 000 000 теңге сомасында жүргізіледі:
1 ұтыс – 2018 жылғы 9 ақпан (10.01.2018 ж. бастап 5.02.2018 ж. қоса алғандағы кезең
ішінде қол қойған және әрекет ететін шарттар қатысады);
2 ұтыс – 2018 жылғы 12 наурыз (6.02.2018 ж. бастап 2.03.2018 ж. қоса алғандағы кезең
ішінде қол қойған және әрекет ететін шарттар қатысады);
3 ұтыс – 2018 жылғы 10 сәуір (3.03.2018 ж. бастап 4.04.2018 ж. қоса алғандағы кезең
ішінде қол қойған және әрекет ететін шарттар қатысады);
4 ұтыс - 2018 жылғы 10 мамыр (5.04.2018 ж. бастап 2.05.2018 ж. қоса алғандағы кезең
ішінде қол қойған және әрекет ететін шарттар қатысады);
5 ұтыс – 2018 жылғы 8 маусым (3.05.2018 ж. бастап 5.06.2018 ж. қоса алғандағы кезең
ішінде қол қойған және әрекет ететін шарттар қатысады);
6 ұтыс - 2018 жылғы 16 шілде (6.06.2018 ж. бастап 10.07.2018 ж. қоса алғандағы кезең
ішінде қол қойған және әрекет ететін шарттар қатысады).
Сауда нүктелерінде МЖМ арқылы шарт ресімдеген клиенттер үшін ұтыс ойындары
келесідей өткізіледі:
1 ұтыс – 2018 жылғы 10 сәуір (10.01.2018 ж. бастап 4.04.2018 ж. қоса алғандағы кезең
ішінде қол қойған және әрекет ететін шарттар қатысады);
2 ұтыс – 2018 жылғы 18 шілде (5.04.2018 ж. бастап 10.07.2018 ж. қоса алғандағы кезең
ішінде қол қойған және әрекет ететін шарттар қатысады).
11. Бірлескен жарнамалық акция қатысушылары арасында жүлдені ойнату үшін Банк
Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітілген және құрамында кемінде 3 (үш) мүшесі
бар комиссия құрылады.
11.1. Комиссия мүшелерінің функциясына кіреді:
- жарнамалық акцияның жүлделік қорының ұтыс ойынын өткізу;
- жарнамалық акция жеңімпаздары арасында ұтыс ойынын өткізу нәтижелерін жеңімпаздар
көрсетілген тиісті хаттамаға қол қою арқылы растау.
11.2. Жарнамалық акция қатысушыларының арасындағы ұтыс ойыны жарнамалық
акцияны өткізу мерзімі ішінде Банктің Мәліметтер базасында тіркелген Қатысушының
кодын комиссия мүшелерінің қатысуымен бағдарламалық жасақтаманың (бұдан әрі – БЖ)
көмегімен кездейсоқ анықтау қағидатына негізделген.
11.3. Ұтысқа қол қойылған және ағымдағы шарттар қатыса алады. Ұтыс үшін шарттар
пулы шарт сомасының негізінде қалыптастырылады. Шарттың нөмірі 10 000 (он мың)
теңгеге еселік мөлшерде шарттың жалпы пулында қайталынылуы мүмкін. Осылайша
500 000 (бес жүз мың) теңге сомасына кредит ресімдеген клиент шарттар пулында 50 рет
қайталанады. Шектеуге 1 000 000 (бір миллион) және одан асатын сома жатады. Олардың
шарттар пулында қайталану саны 100 (жүз) болады. Пулды қалыптастыру кезінде шарт
сомасын дөңгелектеу кішірейту жағына жүргізіледі, яғни 499 000 (төрт жүз тоқсан тоғыз
мың) теңге сомасына ресімделген шарт ұтыстың шарттар пулында 40 (қырық) рет
қайталанатын болады.
11.4. Кездейсоқ сандарды құру генерациясының алгоритмі бар БЖ Банктің Деректер
базасынан 1 (бір) шарт нөмірін таңдайды. БЖ таңдаған шарт нөмірі экранда көрсетіліп,
бірлескен жарнамалық акция жеңімпазын анықтайды.
11.5. Бірлескен жарнамалық акция қатысушылары арасындағы ұтысты өткізу нәтижелерін
комиссияның барлық мүшелері қол қоятын ұтыс ойыны бойынша тиісті хаттамасына
комиссия енгізеді.
11.6. Бірлескен жарнамалық акцияны өткізу нәтижелері соңғы болып табылады және
қайта қарастырылмайды.
12. Бірлескен жарнамалық акция жеңімпаздарының тізімдері бірлескен жарнамалық акция
ұйымдастырушыларының
сайттарында
www.homecredit.kz
,
www.post.kz
және
Ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілер тобында жарияланады.
13. Бірлескен жарнамалық акцияның жүлделік қорының ұтыс ойынын өткізу нәтижелері
ұтысты өткізген күні Маркетинг департаменті Маркетингтік коммуникациялар
басқармасы (бұдан әрі – МД МКБ) қызметкеріне сараптамаға беріледі. Сараптаманы
Қауіпсіздік департаменті, Операциялық тәуекелдіктерді, ақпараттық технологиялар және
ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдіктерін басқару бөлімі (бұдан әрі – ОТББ) және
Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті ұтыс нәтижелерін алғаннан кейін 3 (үш)
жұмыс күні ішінде бірлескен жарнамалық акция шарттарына жеңімпаздардың
сәйкестігіне қатысты жүргізеді.
Кредит шартының әрекетсіздігі немесе оның бірлескен жарнамалық акция шарттарына
сәйкессіздігі фактісі анықталған жағдайда, Қатысушы жеңімпаз болып танылмайды.
Мұндай жағдайда бірлесен жарнамалық акцияның жүлделік қоры қайтадан
ойнатылмайды,
Сараптаманы өткізу нәтижелері комиссия мүшелері қол қоятын ұтысты өткізу жөніндегі
тиісті хаттамаға енгізіледі.
14. Жүлделік қорды алу мен тараптардың өзара әрекеттесуінің тәртібі: Жеңімпаз жеке
басын куәландыратын құжатты және ұтыс сомасын аударуға қажетті ағымдағы шотының
бар екендігі туралы анықтаманы ұсынып, жүлдені қабылдау туралы актіге қол қояды (1-
қосымша). Жеңімпаз бірлескен жарнамалық акцияның жүлделік қорынан бас тартқан
жағдайда, жүлдеден бас тарту туралы актіні толтырады (2-қосымша).
15. Бірлескен жарнамалық қордың жүлделік қорына меншік құқығы Жеңімпаздарға
жүлдені қабылдау актісіне қол қойып, Банк жүлделік қорды төлегеннен кейін өтеді.
16. Шағымдарды қарастыру ережелері
Қатысушылар жарнамалық акцияны өткізуді ұйымдастырумен байланысты шағымдарды
client@homecredit.kz
электрондық поштаға жібере алады. Ұйымдастырушылар талап
арыздарға қатысты шешімді мұндай талап арызды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн
ішінде қабылдайды.
17. Өзге ережелер
17.1. Жарнамалық акцияға қатысу фактісі оның Қатысушылары Банк өз қалауы бойынша
жарнамалық мақсатта олардың аты-жөндерін, суреттерін пайдалана алатындығымен
келісетіндігін тұспалдайды.
17.2. Қатысушының жарнамалық акцияға қатысу фактісі оның осы шарттармен толық
келісетіндігін растайды.
17.3. Ұйымдастырушылар бірлескен жарнамалық акцияны кез-келген уақытта тоқтату
немесе ұзарту, жүлделік қордың мөлшері мен құрамын өзгерту, оның ішінде Осы
Ережелерді өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушылар Қатысушыларға
жарнамалық акция шарттарын өзгерту туралы ақпаратты уақытылы бұқаралық ақпарат
құралдары мен жарнамалық материалдар арқылы жеткізеді.
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ мен «Қазпошта» АҚ-ның
«Табыс!» бірлескен акциясын өткізу шарттарының
1-қосымшасы
Жүлдені қабылдау актісі
Нүкте коды
________________ қаласы
Мен,______________________________________________________________________,
Жеке куәлік № __________________________________________________
_______________________ (күні) ___________________ (құжатты берген орган) берген,
кредит шартының нөмірі ________________________________________ «Банк Хоум
Кредит» АҚ ЕБ мен «Қазпошта» АҚ-ның «Табыс!» бірлескен акциясының жеңімпазы
болып табылатындығым туралы хабардармын, Бірлескен жарнамалық акцияны өткізу
шарттарымен танысқанымды және 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшеріндегі жүлдені
алуға келісетіндігімді растаймын.
Осы арқылы «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-ге Шартты мерзімінен бұрын оны ресімдеген
сәттен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде бұзған жағдайда, жүлдені алу құқығы бірлескен
жарнамалық акцияның шарттарына сәйкес жойылатын болады.
Менің дербес деректерімді, оның ішінде фото және видео бейнемді Қазақстан
Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген кез келген әдіспен өңдеуге, сақтауға және
пайдалануға, сонымен бірге оларды ақысыз негізде жарнамалық ацияларда пайдалануға
келісімімді беремін.
Күні _______________
Қолы ________________
СН үшін жауапты сату бастығының аты-жөні________________
СН үшін жауапты сату бастығының қолы________________
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ мен «Қазпошта» АҚ-ның
«Табыс!» бірлескен акциясын өткізу шарттарының
2-қосымшасы
Жүлдеден бас тарту актісі
Нүкте коды
________________ қаласы
Мен,______________________________________________________________________,
Жеке куәлік № __________________________________________________
_______________________ (күні) ___________________ (құжатты берген орган) берген,
кредит шартының нөмірі ________________________________________ «Банк Хоум
Кредит» АҚ ЕБ мен «Қазпошта» АҚ-ның «Табыс!» бірлескен акциясының жеңімпазы
болып табылатындығым туралы хабардармын және осы арқылы жүлдені алудан бас
тартамын.
Бұдан кейін «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-ге шағымым болмайды.
Күні_______________
Қолы________________
СН үшін жауапты сату бастығының аты-жөні________________
СН үшін жауапты сату бастығының қолы________________
Достарыңызбен бөлісу: |