Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы анықтама



жүктеу 33,03 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.05.2018
өлшемі33,03 Kb.
#16798


Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің 2014 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары 

туралы анықтама 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халыққа 

18  мемлекеттік  қызмет  түрлерін  көрсетеді.  Жыл  басынан  бері        4149  адам 

мемлекеттік кызмет түрлерімен қамтамасыз етілді.   

Жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар    бөлімінде    жыл  

басынан  тіркелген  жұмыссыздар  саны 692.  

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі - ақылы қоғамдық 

жұмыстарды ұйымдастыру. Жыл басынан қоғамдық жұмысқа жұмыссыз 

азаматтар есебінен 279  адам  уақытша жұмыспен қамтылды. 

Жұмыссыз  азаматтарды  әлеуметтік  қолдаудың  негізгі  түрі  –  жұмысқа 

орналастыру  болып  табылады.  Жыл  басынан  бері  жұмыспен  қамту  бөлімінің 

жолдамасы бойынша 592  адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде ынталы 

топтарға жататын   184  жастар, 74 мүгедек.  

Сонымен  қатар  жұмысқа  орналастыру  деңгейі    93,2    пайызды  құрайды  . 

2014  жылдың  19  наурызда  «Молықбай»  атындағы  аудандық  мәдениет  үйінде 

мүмкіндігі  шектеулі  азаматтардың  арасында  «Үміт»    атты  бос  жұмыс 

орындары  мен  маусымдық  жұмыс  орындарының  жәрмеңкесі  өтті.  Жәрмеңкеге 

барлығы  149  жұмыссыз  мүгедектер  мен  25  мекеме,  ұжымдардың  өкілдері 

қатысты. Жәрмеңкесінің қортындысы бойынша 22 мүгедек жұмысқа орналасты.  

2014  жылдың  04  маусымда  «Молықбай»  атындағы  аудандық  мәдениет 

үйінде  бос  жұмыс  орындары  мен  маусымдық  жұмыс  орындарының  жәрмеңкесі 



өтті.  Жәрмеңкеге  барлығы  219  жұмыссыз  дар  мен  35  мекеме,  ұжымдардың 

өкілдері  қатысты.  Жәрмеңкесінің  қортындысы  бойынша  147  жұмыссыздар 

жұмысқа орналасты.  

 Жұмыс  берушілер  сұрауы  бойынша,  жыл  басынан  кәсіптік  оқуға  және 

кәсіби  қайта  даярлауға    жылдық  жоспарға  сәйкес  40  жұмыссыз  азаматтар 

жіберіліп жоспар 100 пайызға орындалды.  (2013 ж –нақты 60 адам, жоспар-60 

адам, орындалғаны100%) 

Сол сияқты, жастар практикасына 14 адам жолданды. (2013 ж -13 адам)  

            Әлеуметтік жұмыс орнына  11 жұмыссыз азаматтар жіберілді. (2013 ж 

-11 адам ) 

Жыл басынан 467 жаңа жұмыс орны ашылды.  (2013 ж-457 жаңа жұмыс 

орны ашылды) 

         2014 жылы барлығы 2 млн 692 мың 500 теңгеге 3 әлеуметтік жоба  іске 

асырылды. Оның ішінде 3меморандум қабылданды. Атап айтсақ: 

УПЧ-Ақтоған    мекемесі  332  мың  теңгеге,  ТУ-8  «Матай»  мекемесі  360  мың 

теңгеге  және  ТЧЭ-26  Матай  станциясы»  2  млн  500  мың  теңгеге  Алматы 

қаласындағы 

«Келешек» 

лагерінде 

47 

балаларға 

жаздық 

демалыс 

ұйымдастырды. 

Аудан  бойынша  әр  топқа  жататын  мүгедектер  саны  1646.  Жұмысқа 

жарамды  жастағы  мүгедектердің  саны  857,  оның    жұмысқа  жарамдысы  581, 

денсаулықтарына  байланысты  жұмысқа  жарамайтындары      276.    Жұмысқа 

жарамды  мүгедектердің  ішінен  396    адам  тұрақты  жұмыс  жасайды.  Оның 

ішінде әр түрлі мекемелерде 181 адам жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлікпен және 

шаруа  қожалықтарында  жұмыс  істейтіндері   67  мүгедек,  өзін-өзі  қамтығандар 

148. 


Жыл  басынан  жоспар  бойынша  404  мүмкіндігі  шектеулі  адам  жұмысқа 

орналастып  80%  жету  керек  болған,  Бүгінгі  күнге  396  адам  орналасып    78,3% 

құрауда.  

2014  жылы  атаулы  әлеуметтік  көмек  10  отбасының  48  мүшесіне  1821,5 

мың  тенге  төленсе,    кедейшілік  шегінен  төмен  тұратын  отбасыларына  көмек 

көрсетілді.  Аудан  бойынша  кедейшілік  шегінен  төмен  тұратын  адамдар  халық 

санының 0,1 пайызын құрап, кедейшілік  жылдан жылға азайып келеді. 

Балалы  отбасыларға  төленетін  жәрдемақы  биыл  27  отбасының  93 

баласына 1251,1 мың тенге жәрдемақы  төленді. 

Мүгедек  балаларды  үйде  тәрбиелеп,  оқытатын  отбасыларына 

әлеуметтік көмек 2014 жылы 62  балаға 1251  мы4 тенгеге көмек көрсетілді. 

Тұрғын үй көмегі р жыл басынан 5 отбасының 23 мүшесіне 251 мың теңге 

тенгеге  көрсетілді. 

Облыс  әкімінің  грантымен  оқитын  3  студентке  оқу  ақысына    биылғы  

жылы 1519,7 мың тенгеге көмек төленд3.  

Әлеуметтік  сала  мамандарына  отын  сатып  алуға  біржолғы  көмекке 

барлығы  2177  адамға 21 млн, теңге төленді.  

Ұлы  Отан  соғысына  қатысушылар  мен  мүгедектеріне  2014  жылдан 

бастап мерекелік күндерге біржолғы көмектүрі көрсетіле бастағандықтан,  осы 

биылғы    жылы  көрсетілетін  көмектің  мөлшері  көбейіп    7  адам5а  350,0  мың 

тенгеге көрсетілді. 

Аудан  бойынша  Чернобыль  апатының  зардабын  жоюға  қатысушы  12 

адамға  220 мың теңгеге көмек  көрсетілді. 

Аудан  бойынша  мерекелік  күндерге  арналған  біржолғы  көмек  Ауған 

соғысының  жауынгерлері  және  олардың  отбасыларына  биылғы  жылы  32 

отбасына 720,0 мың тенге көмек көрсетілді. 

Ұлы  Отан  соғысына  қатысушылар  мен  мүгедектеріне  коммуналдық 

жеңілдіктерге биылғы жылы барлығы 8 адамға 366,2 мың теңге көмек көрсетілді. 

1  топ  мүгедектеріне  жеке  көмекшінің  қызметін  көрсеткендері  үшін 

биылғы жылы 3 адамға 341 мың теңге  көмек көрсетілді. 

Аудан  бойынша    биылғы  жылы  7  жалғыз  басты  адам  қарттар  үйіне 

жолдамамен қамтамасыз етіліп отыр. 

    Мүгедектерді оңалту бағдарламасы жайлы: 

Санаторлық-курорттық  жолдамамен  қамтамасыз  етуде  биыл    1  адам 

санаторлық жолдамамен қамтамасыз етілді.   

Мүгедектерді көмекші құралдармен қамтамасыз ету  туралы: 

Мұқтаждықтарына  байланысты  биылғы  жылы  58    адам  міндетті 

гигиеналық құралдармен  қамтамасыз етіліп отыр. 

 Протез жасатуға биылғы жылы 62 адам  протез зауытына жолдама алса, 18 

адам кресло-арбамен қамтамасыз етіліп отыр.  


Сурдо-тифло  құралдармен  және  олардың  орнын  толтыруға  арналған 

құралдармен 16 адам қамтамасыз етілді. 

Биылғы  жылы  аудан  бойынша  түберкүлез  індетімен  ауыратын  72  адамға 

әлеуметтік көмек 360 мың тенгеге көмек көрсетілді.Әлеуметтік пакет 1 адамға 

5 мың тенгеден құралды. 

Биылғы  жылы  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және  өмір  сүру 

сапасын жақсарту жөніндегі іс- шаралдар жоспарын іске асыру мақсатында 19 

нысанға пандус салы көзделініп, соның қазіргі уақытта 18 нысан толық жұмысын 

аяқтады. Тек Қапал мәдениет үйі жұмысын енді аяқтауда. 

 

Аудан  бойынша    76    жалғыз    басты  тұратын  зейнеткерлер      мен  

мүгедектерге   13 әлеуметтік қызметкерлер үйден әлеуметтік қызмет көрсетуде.  

Аудан бойынша  169 мүгедек бала есепке алынған. Оның ішінде             72 

мүгедек балаға  үйден 18 әлеуметтік қызметкер кызымет көрсетіп жур.  

Жыл  басынан  анықталған    30  мүгедек  балаға,  бөлімшеге  берілген  газель-

авто  көлігімен  балаларды  ата-аналарымен  бірге  Талдықорған,  Сарқанд 

қалаларына    тасымалдап  МӘС  қортындысының  үзінді  көшірмесін  алуға  жәрдем 

көрсетіледі.  Атаулы  мерекелерде  балаларға  мәдени  шаралар  ұйымдастырылады. 

Наурыз  мерекесінде  оңалту  кабинетінде  мерекелік  іс-шара  ұйымдастырылып 

балаларға сый-сияпаттар берілді.  

1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық  жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 

мерекелік іс-шара ұйымдастырылған. 

 «1-қазан Халықаралық қарттар» және «Мүгедектер күніне» орай  

ауданның кәсіпкерлерінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 

салтанатты шаралар өткізілді. 

Жаңа жыл мерекесіне орай оңалту кабинетінде балаларға арналған шырша 

мерекесі өткізілді. Балаларға түрлі ойындар ұйымдастырылды. Шырша соңынан 

балаларға сыйлықтар таратылды.  

 

 

           Бөлім  басшысы                                       Қ.Бекбаланов 

 

жүктеу 33,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау