«Кірпілер отбасы» Білім беру саласы: Шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру Мақсаты



жүктеу 35,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі35,5 Kb.
#21755

«Кірпілер отбасы»

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Мақсаты: Балаларды ұжымда жұмыс жасауға тәрбиелеу. Бөлу әдістерін үйрету. Қол қимылдарын дамыту, жапсыру, түсін ретімен таңдау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: кірпінің суреттері, хрестоматия.

Қажетті құрал-жабдықтар: жемістер, ермексаз, желім, түрлі-түсті қағаздар, т.б.

Билингвальді компонент: кірпі-ежик, алма-яблоко, ағаш-дерево.

Мотивациялық-қозғаушылық: - Сәлеметсіздер ме! Қайырлы күн, балалар!

Күніміз сәтті болсын!



Жылулық шеңбері

Балабақша есігін,

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз.

- Балалар, барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы тілектер айтайық.

- Деніміз сау болсын!

- Еліміз аман болсын!

- Бейбітшілік болсын!

Әдебиет орталығы

Суретпен жұмыс.

- Балалар, мына суретте не бейнеленген?

- Иә, балалар, кірпі. Кірпіні көрген боларсыңдар?



Ұйымдастырушылық-ізденістік: Кірпінің түсі қандай?

Қараңдаршы балалар, кірпінің басы, көздері, үшкір тұмсығы, денесі, инелері, аяқтары бар. Аяқтары қысқа болады. Бірақ өте тез жүгіреді. Ол жәндіктермен, саңырауқұлақтармен, жеміс-жидектермен қоректенеді. Кірпі қысқы ұйқыға дайындалады. Ол құрғақ жапырақтарды оңаша жерге тасиды. Сол жапырақтардың ішіне жасырынады. Көктемде кірпілер балалайды. Қысқы ұйқыдан оянады. Тікеніндегі қоқымдарын сілкіп түсіріп, қорек іздеуге кетеді. Жапырақ астынан аналық кірпі шығады. Кішкентай кірпілер інде қалады.



Билингвальді компонент:

Кірпі- ёжик, алма-яблоко, ағаш-дерево.

Сергіту сәті:

Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екі құлақ білемін.

Құм мен су орталығы:

Балаларға құмға кіріпінің жүрген іздерін салдыру.



Үстел үсті орталығы:

Қима суреттерден кірпінің бейнесін құрастыру.



Өнер орталығы:

Балаларға ермексазбен, күнбағыс дәндерінен кіріпінің бейнесін жасату.



Желілі – рольді орталығы:

«Алма» ертегісінің суретін көрсетіп, кірпінің іс-әрекетін анықтау. Кірпінің тапқырлығын әңгімелеу арқылы кейіпкерлерді сипаттау.



Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардан бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл- күйлерін, нені үйренгендерін сұрау



Ләззәт Кизбаева,

«Сыр еркесі» балабақшасының тәрбиешісі

Қызылорда облысы
жүктеу 35,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау