29
(Ұ, Т, Ө) Қыз Жібектің үстіндегі қазақы ою-өрнекпен
әшекейленіп тігілген көйлекпен мұқият танысып
шығамыз.
(Т, Ө) Ойын-жаттығу: «Айырмашылығын тап».
Балалар ою-өрнектердің ұқсастығы мен
айырмашылығын тауып, түстерге көңіл бөледі.
(Ұ) Үлгілерді көрсету: «Қыз Жібек».
Мүсінші суретке қарап, Қыз Жібектің мүсінін сомдаудың
және оны қазақы ою-өрнектермен безендіруді ұсынады
(ермексаздан).
(Ұ) «Мұқият бол» ойыны.
Балалар ережелерді талқылап, түсіндіреді.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды ауызға салмау.
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай болу;
құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл басқа біреуді жарақаттауы мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен кейін
жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаз (сазбалшық)
қалдықтарынан тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен
сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз майлықпен
мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен сабындап жуу
қажет. Артынша сүлгімен немесе майлықпен құрғатып
сүртеміз.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және көрсету»
Ермек Қыз Жібектің мүсінін мұқият қарап шығып,
ойыншықтың қандай бөліктерден тұратынына көңіл
бөлуді ұсынады (бас, дене, қолдары, белдемше).
Қыз Жібек (сәукеле) пен бойжеткеннің (кокошник)
баскиімдерін салыстырыңдар.
(Ұ) Ой қорыту.
Сәукеле – қазақи ою-өрнектермен безендірілген әйелдер
бас киімі.
Мүсіндеу алгоритмі:
– ермексаздың бір бөлігін екіге бөлеміз: белдемшені
жасау үшін ермексазды домалақтап және оны бас
бармақтың көмегімен басып жалпақ пішінге келтіреміз.
Содан соң жиектерін тегістейміз.
– ермексаздың екінші бөлігін де екіге бөлеміз:
– денесін жасау үшін ермексазды сопақша етіп аламыз.
– оны белдемшеге жабыстырып, сыртын саусақ ұшымен
тегістейміз.
Әліппе-альбом.
30
(Т, Ө) Ой қорыту.
Фигураның барлық бөліктері бір-біріне сәйкес, тегіс
болуы шарт.
– Бөлшектерді бір-біріне қандай тәсілмен бекітеміз?
(Жағу).
–
Басын жасау үшін ермексазды теңдей екі бөлікке
бөлеміз. Бір бөлігін аламыз. Бастың пішіні қандай?
(Домалақ). Ендеше, ермексазды алақанымызбен
домалақтап шар жасаймыз.
Екінші домалақты созып мойнын денемен біріктіреміз.
– Қол неге ұқсайды? (Бағанға ұқсас).
– Ермексазды бірдей екі бөлікке бөлеміз. Оны есіп
сопақша жасап, денеге жабыстырамыз. Содан кейін
қолдың пішініне келтіреміз.
Сәукеле жасау үшін алдымен ермексаздан конус
дайындаймыз, сәукеле жасап, мүсіннің басына кигіземіз.
Ару қызымыздың көйлегі мен сәукелесіне көңіл
бөліңдер. Оларды қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен
безендіреміз.
(Т) Саусақтарға арналған жаттығу:
«Бізде осындай ойыншықтар бар».
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жекелей көмек көрсету.
Мүсінші Ермек балаларға жұмыс барысында барынша
мұқият, зейінді болу қажеттігін, жұмыс орнында тазалық
пен тәртіп сақтау керектігін ескертеді.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті ермексаз,
кескіш, тақтайша,
қағаз майлық.
ҰОҚ-нің соңы.
Рефлексия
26-30 минут
(Ұ) Көрме.
Шеберлер жасаған композициялар көрмесін
ұйымдастыру. Педагог балаларды жұмыстарды
талқылап, бұйымдарға баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ-де өзі жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмысына арналған
көрме.
Әліппе- альбом,
қарындаштар.
№7 ҰОҚ. Қарлығаштың ұясы (қазақтың
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің
желісі бойынша мүсіндеу)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандардың
саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.1.3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат)
пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю,
жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың
конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп, бөліктерді
біріктіру.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.
31
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, құстың пішінін жасайды;
• мүсіндеудің негізгі тәсілдерін, мүсіндеу технологияларын орындай
алады;
• мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдаланады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• жекелеген элементтерден композиция құрай алады;
• жеке тазалық ережелерін сақтайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• бейнені бөлшектермен толықтыра алады;
• қарлығашты қалай жасауға болатынын өз бетінше ойластыра алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
• балалардың ҰОҚ-де алған білімін пайдалана отырып, толық әрі жан-
жақты жауап беру қабілетін дамыту.
Көптілділік: қарлығаш – ласточка – swallow.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
домалату, жалпайту, қысу.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Жылы жақтарға ұшып кететін құстарды қалай атаймыз?
– Домалақтау, жалпайту, қысу тәсілдері қалай орындалады?
– Олар мүсіндеудің қай кезеңінде біздің қажетімізге жарайды?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Мүсіндеудің дәстүрлі тәсілдері.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл күй
қалыптастыру
0-1 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Т) Мүсінші Ермек құстар туралы жұмбақтар айтады.
Тәрбиеленушілер жұмбақтардың шешуін табады, өз
жауаптарын түсіндіреді.
(Т) Пікір білдіру.
– Балалар, сендер біздің қанатты достарымыз жайлы
көп білесіңдер. Мектепте «Дүниетану» пәні арқылы олар
туралы бұдан да көбірек білетін боласыңдар.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Үлестірмелі
материалдар:
құстардың қиып,
кесуге арналған
суреттері.
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2-5 минут
(Ө) Ойын-жаттығу: «Бұл қандай құс?»
Тәрбиеленушілер жекелеген дене мүшелері бойынша
құстардың атауын табады. Мәселен, үй құсы, жылы
жаққа ұшып кететін немесе қыстап қалатын құс.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы айтылатынын
болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын
айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |