24
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ
НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Түпкі нәтиже 1.1:
Халық үшін, оның ішін-
де, әлеуметтік тұрғыдан осал және бейбе-
рекет тұлғалар мен топтар үшін кешенді
сапалы әлеуметтік қызметтерге (денсау-
лық, білім алу, әлеуметтік қорғау, құқық
және т.б. саласында) жақсартылған тең
қол жеткізу мүмкіндігі.
Білім беруде, денсаулық сақтауда, тамақтануда
және әлеуметтік қорғауда ең биік стандарттарға
жету барлық әйелдер мен еркектердің, қыз балалар
мен ұл балалардың негізгі құқығы болып табылады
және Қазақстанда тұрақты дамуға бірқалыпты өтуді
қамтамасыз ету үшін нығайтуды талап етеді.
І-Тарау-
да атап өтілгендей, адам дамуы саласындағы көпте-
ген негізгі көрсеткіштер жақсарғанына қарамастан,
елеулі теңсіздіктер әлі сақталып отыр. Әлеуметтік
интеграция мен теңдікті нығайту үшін өзара байла-
нысты стратегиялық міндеттерді, соның ішінде, қол
жеткізуге, бар болуға және әкімшіліктік кедергілерге
қатысты міндеттерді шешу қажет. Өз кезегінде, бұл
көптеген ТДМ-ге, соның ішінде: 1-Мақсат (Кедей-
лікті барлық нысандарында жаппай жою); 2-Мақ-
сат (Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін және
тамақтануды жақсартуды қамтамасыз ету, тұрақты
ауыл шаруашылығына жәрдемдесу); 3-Мақсат
(Салауатты өмір мен кез келген жастағы барлық
адамдардың әл-ауқатына жәрдемдесу); 4-Мақ-
сат (Инклюзивті және әділетті сапалы білім беруді
қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы
оқу мүмкіндіктерін жасауға жәрдемдесу); 5-Мақ-
сат (Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық
әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндік-
терін кеңейту); 6-Мақсат (Судың қолжетімділігі мен
тұрақты
әрі тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ, бар-
лығы үшін тазалықты қамтамасыз ету); 10-Мақсат
(Елдердің ішіндегі және арасындағы теңсіздіктерді
қысқарту) және 16-Мақсат (Тұрақты даму үшін
бейбіт және инклюзивті қоғам құруға жәрдемдесу,
барлығы үшін әділ сотқа қол жеткізуді қамтамасыз
ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін
және инклюзивті институттарды құру) сияқты мақ-
саттарға жетудегі алға басуға тікелей жәрдемдеседі.
БҰҰ жүйесінің салыстырмалы артықшылықтары
экономикалық даму саласындағы зор тәжірибемен
толықтырылатын базалық әлеуметтік қызметтер
бойынша негізгі мандатқа; оның Үкіметке ұлттық
мақсаттарға жетуде қолдау көрсетудегі бұлжыма-
стығына, жаһандық тәжірибемен және халықара-
лық алдыңғы қатарлы
практикамен етене байланы-
сына; сондай-ақ, тиісті министрліктермен сенімді
қарым-қатынасына сүйенеді.
Түпкі нәтижелердің тұрақтылығы әлі де елеулі
сын-қатер болып қалып отырғанын атап өткен жөн;
мысалы, халықтың неғұрлым кедей және осал жік-
терінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін атаулы
әлеуметтік көмектің шектерінен шығатын анағұрлым
мақсатты әлеуметтік қорғау қызметтерін қамтама-
сыз ету қажет. Сондай-ақ, кәсіби әлеуметтік қызмет-
25
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
керлердің қолдауымен құқықтар мен мүмкіндіктерді
кеңейтумен байланысты көптеген мәселелерді, со-
ның ішінде, ұрып-соғудың, зорлықтың және елеме-
удің түрлі нысандарымен
байланысты мәселелерді
шешу қажет.
Тұтас алғанда, БҰҰ жүйесі басты назарын Үкіметке
әлеуметтік сектордағы қол жеткізілген оң нәтиже-
лерді қолдауда жәрдем көрсетуге аудара отырып,
сонымен бірге дәлелдердің негізінде саясатты жа-
сап, оларды іс жүзінде қолдану жолымен, мини-
малды нормаларды жақсарту арқылы әлеуметтік
қорғаудың минималды кепілдіктеріне қол жеткі-
зу құқықтарын растау жолымен әлеуметтік қорғау
сақталып отырған теңсіздіктерге ерекше назар
бөлетін болады. Бұған әйелдер, жастар, балалар
мен мүгедектер, мигранттар мен олардың жанұя мү-
шелері, адам саудасының құрбандары, босқындар,
баспана іздеуші тұлғалар, азаматтығы жоқ тұлғалар
мен инъекциялық есірткілерді тұтынушылар сияқты
осал топтар үшін қызметтерге қол жеткізуді қамта-
масыз ету кіретін болады.
Бұл үшін: (1) әсіресе,
ауылдық жерлерде әлеуметтік
қорғау қызметтерінің сапасын арттыруға жәрдем-
десе отырып, азаматтық қатысуды және жастардың
құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді одан әрі
ынталандыру, халықаралық стандарттарға сәйкес
ұлттық және жергілікті жастарға арналған саясат-
ты жасау, өмірлік дағдылардың негізінде білім бе-
руді (ресми болсын, бейресми болсын) ілгерілету
және жастарға бағытталған қызметтерді дамытуға
жәрдемдесу; (2) мүмкіндіктері шектелген тұлғалар
үшін кедергісіз ортаны құру; (3) балалардың осал-
дықтарына, аймақтардың арасындағы теңсіздік-
тер мен әртүрлі табыс деңгейлеріне байланысты
болатын теңсіздіктердің көптеген факторларына
тиімді жауап қайтаратын күтім және қорғау жүйе-
лерінің реформасына ерекше назар бөлу; және (4)
ел АИВ бағдарламаларына
бөлетін қаражаттарды
қоса алғанда, әлеуметтік сектордағы шығындарды
ұлғайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмы-
сы бойынша күш-жігер қажет болады.
Әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесіндегі келесі
әрекеттер бойынша басымдықтарды айқындау үшін
Азияның көп елдерінде ұлттық мүдделі тұлғалардың,
сондай-ақ, түрлі БҰҰ агенттіктерінің қатысуымен өт-
кізілген Әлеуметтік қорғаудың минималды норма-
ларын бағалау бойынша ұлттық диалог Қазақстан-
дағы әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайдың
кешенді шолуын жасауға көмектесе алады.
БҰҰ жүйесі, сондай-ақ, барлығы үшін өмір бойы,
соның ішінде, бейбітшілікті және жаһандық аза-
маттылықты білім алу арқылы нығайту саласында
сапалы оқу мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемде-
седі. Денсаулық сақтау секторында әлі де сақталып
отырған ерекше қиындықтарды және елдің ең да-
мыған елдердің көрсеткіштеріне барынша жақын
көрсеткіштерге жетуге
деген ұмтылыстарын ескере
отырып, БҰҰ агенттіктері денсаулық сақтау жүй-
есін нығайту мақсаттарында техникалық көмек
көрсетеді. Бұл мемлекеттік саясаттардың барлығы
олардың қоғамдық денсаулыққа ықтимал әсерін
ескере алуы үшін салааралық және көпсалалы ме-
ханизмдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Сонымен бір уақытта, бұл тәсілдеме бүкіл қоғам-
ның күш-жігерін денсаулық сақтау саласындағы
теңсіздіктерге қатысты шаралар қолдануға бағыт-
талған жалпы қабылданған мақсаттарға жету үшін
жұмылдыруға көмектеседі. Денсаулық сақтаудың
жаппай қамтуын қамтамасыз ету үшін техникалық
консультациялар мен қызметтер көрсетіледі, атап
айтқанда, денсаулықты нығайту және жұқпайтын
сырқаттардың төрт қатерлі факторын жою бойынша
науқандарды қоса, жұқпайтын сырқаттар пробле-
маларына айрықша назар бөлінеді. БҰҰ агенттіктері
осы қатерлерді азайту әлеуетін нығайту бойынша
жұмыс істейді және балалар мен жасөспірімдердің
арасында суицидалдық
мінез-құлықтың алдын алу
үшін психикалық денсаулық мәселелерін жақсы-
рақ түсінуге жәрдемдесіп, сонымен бір уақытта ха-
лыққа көрсетілетін психиатриялық көмектің қамтуы
мен сапасын жоғарылатады. Сондай-ақ, туберкулез
ауыртпалығын жеңілдету бойынша және ана денса-
улығы мен репродуктивтік денсаулықты қорғауды
одан әрі жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі. БҰҰ
жүйесіндегі агенттіктер командасы халықтың осал
топтарын шамадан тыс медициналық шығындар-
дан қорғау механизмдерін жасауда, оның ішінде,
денсаулық сақтауды қаржыландырудың тиісті меха-
низмдерін жасау және енгізу бойынша техникалық
кеңес беру арқылы қолдау көрсетеді. Тиімді, кешен-
ді, клиентке бағытталған денсаулық сақтау қызмет-
терін жасау бойынша қолдау көрсетіледі.
Оған қоса, денсаулық сақтау саласындағы страте-
гияны теңсіздік мәселесін шешуге бейімдеу үшін,
жұқпайтын сырқаттарды қоса,
қоғамдық денсау-
лыққа қауіп төндіретін негізгі әлеуметтік-экономи-
калық детерминанттарды анықтауға бағытталған
мақсатты зерттеулер жүргізіледі. Мұның мақсаты
– неғұрлым осал тұлғалар мен топтарға дәлелді
медицинаға негізделген сапалы қызметтерді пай-
далану мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бұл алғашқы
медициналық санитарлық жәрдемді, созылмалы
ауруларды емдеуде басқарылатын медициналық
жәрдемді және психиатриялық жәрдемге жоғары-
латылған қол жеткізу мүмкіндігін және қол жеткізу-
ді басты назарға алатын анағұрлым мықты, адамға