Бағдарламасы, Қазақстан, 2016-2020 Қазақстан республикасындағы біріккен ұлттар ұйымы



жүктеу 3,89 Mb.
Pdf просмотр
бет12/83
Дата23.11.2018
өлшемі3,89 Mb.
#23617
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83

26
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
бағытталған, үйлестірілген және біріктірілген денса-
улық сақтау қызметтеріне алып келуге тиіс. Сонымен 
бірге, нашақорлықтың алдын алу мен емдеу және 
есірткіге тәуелді тұлғаларды оңалту салаларында 
ғылыми негізделген және адам құқықтарына бағыт-
талған саясаттарды, стандарттар мен тәжірибені жа-
сау бойынша қолдау көрсетіледі.
Осы Түпкі нәтиженің шектерінде қолдау көрсетуге 
бекем БҰҰ агенттіктерінің қатарына ДДҰ, БҰҰ Әй-
елдер, БҰҰ БЖКБ, БҰҰ ЕҚБ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, 
ЮНЭЙДС және әріптес-ұйым ретінде МХҰ жатады. 
Ұлттық әріптестердің арасында Денсаулық сақтау 
және әлеуметтік даму министрлігі, Білім беру және 
ғылым министрлігі, Әділет министрлігі және Ішкі 
істер министрлігі халыққа медициналық, әлеумет-
тік, білім беру және құқықтық қызметтердің қол-
жетімдігін қамтамасыз етіп, ондай қызметтердің 
стандарттарын белгілейтін болады. Денсаулық 
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен бо-
лашақ Медициналық сақтандыру қоры да денса-
улыққа қатысты көрсеткіштерді мониторингілеуде 
және кедергілерді жою мен, әсіресе, медициналық 
қызмет көрсету шығындарына байланысты болатын 
қаржылық қатерлерден қорғауға қатысты ауқатсыз 
халықтың мұқтаждықтарына бағытталуды қамтама-
сыз ету үшін заңнаманы және нормативтік актілерді 
жасап шығаруда негізгі рөл атқаратын болады.
Түпкі нәтиже 1.2:
 Экономиканы әрта-
раптандыру жұмыссыздарға, жастарға 
және әлеуметтік тұрғыдан осал әйелдер 
мен еркектерге лайықты еңбек ету мүм-
кіндіктерін қамтамасыз етеді.
Қазақстан экономикасының тұрақтылығын эко-
номикалық өсудің инклюзивті моделі анықтамақ. 
Атап айтқанда, өнеркәсіптік/өндірістік, ауылша-
руашылық және сервистік секторлары бәсекеге 
қабілетті болатын, жеке меншік сектормен қозға-
латын, әртараптандырылған және тұрақты эконо-
миканың дамуы мақсаттарындағы ғылымды қажет 
ететін экономикалық дамуға басым назар бөлінеді. 
Жақсы ойластырылған және, оның ішінде, жұмысқа 
орналастыру саласындағы әртараптандыру сая-
саттары жастар мен ересектердің адамзат капита-
лына инвестиция салуға деген сұраныстың өсуіне 
жәрдемдесіп, ресми секторда жұмысқа орналасуға 
көбірек мүмкіндік береді, бұл болса, экономикалық 
белсенді халықтың әл-ауқатын жоғарылатады. Тура 
солайша олар қандай және қай салаларда өнімділігі 
жоғары жұмыс орындары бар екендігі туралы нақты 
белгілер беріп, еңбекке қабілетті халықтың өнімділі-
гі төмен жұмыс орындарынан өнімділігі жоғары жұ-
мыс орындарына ауыса алуы үшін жеткілікті икемді 
болуға тиіс. Нәтижесінде, ондай саясат пен қыз-


27
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
меттер неғұрлым әртараптандырылған және мақ-
сатты болса, Қазақстанның толығымен инклюзивті, 
әділетті әрі тұрақты экономикаға өтуі соғұрлым 
жеңіл болмақ.
Мұндай стратегиялар ТДМ-ды, атап айтқанда, 
1-Мақсатты (Кедейлікті барлық нысандарында 
жаппай жою); 8-Мақсатты (Тұрақты, инклюзивті 
және тұрақты экономикалық өсуге, толық өнімді 
жұмысбастылыққа және барлығы үшін лайықты жұ-
мысқа жәрдемдесу); 9-Мақсатты (Өмірге бейімді 
инфрақұрылымды құру, инклюзивті және тұрақты 
индустриализацияға жәрдемдесу және инновация-
ларды ынталандыру) және 10-Мақсатты (Елдердің 
ішіндегі және арасындағы теңсіздіктерді қысқарту) 
қолдайды.
Бұған жету үшін Қазақстан орта мерзімді және ұзақ 
мерзімді келешекте бағытын өзгертіп, болашақ 
экономикалық парадигмаға «жасыл экономика» 
моделін ендіру және әсіресе ауыл шаруашылығын-
да климаттың өзгеруіне бейімделу әлеуетін жоға-
рылату қажеттілігін мойындай отырып, өзінің даму 
стратегияларын инновациялық, жоғары өнімді және 
нарыққа көбірек бағытталған тәсілдемелері бар ин-
вестициялық экономикаға бейімдеуге тиіс.
БҰҰ жүйесі инклюзивті және тұрақты өсудің эле-
менттерін қамтитын, жұмыспен қамтумен қозға-
латын және кедейлердің жағдайын жақсартуға 
бағытталған экономиканың түрлі салаларында са-
лыстырмалы артықшылықтарды ұсынады. Олар-
дың экономикадағы қолайсыз жағдайын және ор-
ганикалық ауыл шаруашылығы саласында төменгі 
деңгейде өндірістік-өткізу тізбектерін дамыту әлеу-
етін ескере отырып, басым мақсатты топтар ретінде 
әсіресе, ауылдық жерлердегі жастарға, әйелдерге 
және мүмкіндіктері шектелген адамдарға ерекше 
назар бөлінеді.
БҰҰ жүйесінде, сондай-ақ, кәсіпкерлік ортаны жақ-
сарту, атап айтқанда, жоғары деңгейлі экономика-
лық белсенділік пен экономиканы әртараптандыру 
үшін қажетті алғышарт ретінде материалдық та, әле-
уметтік те инфрақұрылымды дамыту бойынша; жеке 
меншік секторды тартуға қолдау көрсету бойынша; 
инвестицияларды тарту және кәсіпорындарға, атап 
айтқанда, өнеркәсіп кәсіпорындарына бәсекеге қа-
білеттілікті арттыруда көмек көрсету бойынша нақты 
тәжірибе бар.
Нақты жәрдем «Жұмыспен қамту жол картасы 
2020» бағдарламасын одан әрі жетілдіру және ең-
бек нарығындағы өзгерістерге сезімтал болатын 
жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік қыз-
меттерді жақсарту бойынша көрсетіледі. Жастарды 
жұмысқа орналастыру және лайықты жұмыс істеу 
мүмкіндіктерін кеңейту үшін жастарды жұмыспен 
қамтуды қамтамасыз ету бойынша әрекеттер 
жоспарын жасауға және қабылдауға ерекше қол-
дау көрсетіледі; сондай-ақ, іс жүзіндегі мәліметтер-
ге сүйенетін шешімдерді қабылдау мақсаттарында 
жастарды жұмысқа орналастыру саласындағы сая-
саттың кешенді шолуы жасалады. Сонымен қатар, 
жастар және жұмыспен қамтуға қатысты БҰҰ жүйесі 
гендерлік факторларды ескере отырып, жастар үшін 
лайықты еңбекті қамтамасыз ету үшін елдің әлеу-
етін нығайту бойынша ұжымдық тәжірибені ұсына 
алады. Жастардың, атап айтқанда, жас әйелдердің 
арасында кәсіпкерлікке жәрдемдесу механизмдерін 
нығайту жеке меншік секторды дамытуда гендерлік 
теңдікке бағытталған тәсілдемені қамтамасыз ету 
үшін басымдылық болып табылады.
БҰҰ жүйесі одан әрі ауылдық жерлерде жастар үшін 
тартымды болып табылатын мүмкіндіктерді дамы-
туды қоса, осал жастарға лайықты жұмысқа ауы-
суды жеңілдету үшін және ауылдан қалаға көшуге 
баламалар табу үшін еңбек саласында жастардың 
құқықтарын жақсарту және олардың сақталуын 
қамтамасыз ету бойынша және, техникалық және 
кәсіби білім беруді және оқытуды (ТжКБ) қоса, жұ-
мыспен қамту және дағдыларды дамыту бағдар-
ламаларын жүзеге асыру бойынша қолдау көрсете 
алады. Саясат деңгейінде БҰҰ жүйесі тартатын тех-
никалық сарапшылар Үкіметке тиісті біліктілік стан-
дарттары мен нұсқаулықтарымен қамтамасыз ету, 
сапаны қамтамасыз ететін оқу жоспарларын жасау 
және дипломдар мен біліктілікті мойындау бойын-
ша әлеуетті нығайтуда қолдау көрсете алады. Оған 
қоса, мигранттарға жұмыс істеуге рұқсаттар алу 
үдерістерін жеңілдету үшін көші-қон саласында ұлт-
тық заңнаманы қайта қарау бойынша жәрдем көр-
сетіліп, босқындарды, баспана іздеуші тұлғаларды 
және азаматтығы жоқ тұлғаларды еңбек нарығына 
ортақ ету мақсаттарында заңнамалық реформа да 
осы мақсатқа бағытталатын болады.
Ерекше назар Қазақстанның мұнай секторының 
дәстүрлі басты рөлінен кетуді қамтамасыз ететін әр-
тараптандырылған экономика құрылымын жасау 
құралы ретіндегі жасыл экономикаға көшуіне бөлі-
неді. Атап айтқанда, жасыл экономика саласындағы 
білім мен дағдыларды дамытуға, шағын және орта 
бизнесті дамытуға және жергілікті деңгейде мемле-
кеттік басқару жүйесінің әлеуетін нығайтуға ерек-
ше көңіл аударылады. Қосымша назар экотуризм, 
ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, «жасыл» са-
тып алулар сияқты жаңа мүмкіндіктерді дамытуға, 
сондай-ақ, қалалар мен көлікті тұрақты дамыту 
және қалдықтарды басқару тәжірибелерін енгізуге 
бөлінеді (1.3-Түпкі нәтижені де қараңыз).


жүктеу 3,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау