Бағдарламасы, Қазақстан, 2016-2020 Қазақстан республикасындағы біріккен ұлттар ұйымы



жүктеу 3,89 Mb.
Pdf просмотр
бет9/83
Дата23.11.2018
өлшемі3,89 Mb.
#23617
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83

20
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Үш бағыттың шеңберінде барлығы 6 түпкі нәтиже 
бекітілді. Сонымен бірге, осы стратегиялық салалар-
дың шектерінде бір-бірімен қиылысатын мәселелер 
бар және салалар арасында өзара байланыстар атап 
көрсетіледі: (1) адамның, атап айтқанда, жоғарыда 
аталған халықтың осал топтарының құқықтарына 
бағытталған тәсілдеме; (2) мониторинг пен бағалау 
саласындағы әлеуетті мақсатты түрде нығайту; (3) 
дәлелді базаны тұтас алғанда жақсарту; (4) жастар-
ды тарту; (5) гендерлік теңдік.
ДӘНБ үшін, сондай-ақ, 2015 ж. наурызда құжатпен 
жұмысты аяқтаудың алдында оның сапасын қамта-
масыз ету мақсаттарында ұлттық әріптестермен 
өткізілген бірқатар консультациялар пайдалы бол-
ды, алайда, ДӘНБ Қазақстандағы өзгермелі әлеу-
меттік-экономикалық жағдайларға жауап қайтару 
үшін жеткілікті дәрежеде икемді тірі құжат болып 
табылатынын атап өткен жөн. 1.1-Тармақта аталып 
өткендей және төменде нақтыланатындай, ДӘНБ, 
ең алдымен, елдің жетекші рөлін нығайту, даму са-
ласындағы мақсаттарға қатысты мүдделілікті, жа-
уапкершілік пен есеп беруді арттыру үшін мүмкін-
діктерді қамтамасыз етеді, сонымен бірге, БҰҰ ЕК 
Қазақстан халқының және Үкіметтің белсенді, үй-
лестірілген және ықыласты әріптесі болып қалады.
1.4. ӘРІПТЕСТІКТІҢ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН 
ҚАҒИДАЛАРЫ
Әріптестіктің шеңберіндегі ынтымақтастық нұсқа-
сы бүкіл әлемдегі табыс деңгейі орташа елдер үшін 
және, атап айтқанда, Қазақстан сияқты табыс дең-
гейі орташадан жоғары елдер үшін барған сайын 
тартымды болып барады. Бұл өзгеріс, негізінен, 
шапшаң экономикалық дамудың арқасындағы өзі-
не-өзі деген өскелең сенімнен және ондай елдердің 
өздерінің даму бағдарламаларының «иелері» бо-
луға және оларды басқаруға деген ұмтылыстарынан 
шығып отыр. Ынтымақтастықтың мұндай нұсқасы 
бұл елдердің жаһандық даму тұрғысынан ықпал-
дырақ болуға деген саяси ұмтылыстарына да сәйкес 
келеді.
Сәйкесінше, осы ДӘНБ-тің маңызы орасан зор, өй-
ткені ол Үкімет пен БҰҰ ЕК-тің арасындағы берік 
қалыптасқан және тиімді жұмыс істейтін әріптестік-
ті көрсетеді. Ол, сондай-ақ, Үкімет пен БҰҰ ЕК-тің 
арасында 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған 
күн тәртібінің мақсаттарын жүзеге асыру бойын-
ша қалыптасқан мықты әрі өзара тиімді әріптестікті 
нығайтып, әлеуетті нығайту, ашықтық пен есеп бе-
руді қамтамасыз ету жүйелерін күшейту және сапа-
лы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы адамның 
дамуы мен әділетті экономикалық дамуға жәрдем-
деседі.
Тұтас алғанда, толығырақ 2.1-Тарауда қарасты-
рылған ДӘНБ тактикасы халықтың осал топтарын 
қамту және елге оның халықаралық конвенциялар 
мен шарттардың шеңберіндегі, соның ішінде, адам 
құқықтары мен гендерлік теңдік мәселелеріне қа-
тысты міндеттемелерін орындауға көмек көрсету 
бойынша БҰҰ жүйесінің міндеттемелерін орында-
уға жәрдемдесу болып табылады. Ол, сондай-ақ, 
«Қазақстан 2050» стратегиясында келтірілген жеті 
толассыз әрекет қағидасын есепке алады; олардың 
барлығы барлық саясат бағыттарында кідіріссіздік-
ті түсіне отырып қолдау табады деп жоспарлануда. 
Атап айтқанда, ДӘНБ тактикасы қызметтер көрсе-
туді қолдаудан кетуді және, әсіресе, халықтың осал 
топтары үшін тұтас алғандағы даму үшін қолайлы 
жағдайларды нығайту мақсаттарында бұдан әрі 
назарды стратегиялық саясат пен ақпараттық-на-
сихаттау жұмысына салуды атап көрсетеді. Елдегі 
институционалдық әлеуеттің де, адам әлеуетінің де 
сапасына ерекше назар аудара отырып, әлеуетті ин-
ституционалдандыру жасалып отырған әрекеттер 
үшін сыни маңызды болып табылады.
БҰҰ ЕК бірқатар тиімді, өзекті әрі бірізді әрекеттер 
әдістерін пайдалана отырып, оның ішінде, бірле-
скен бағдарламалар арқылы даму саласындағы 
көзделіп отырған түпкі мақсаттарға жету үшін осы 
стратегиялық ДӘНБ-ті басшылыққа алады. Бірдей 
дәрежеде Үкіметтің де, азаматтық қоғам мен жеке 
меншік сектордың да мүдделерін білдіретін әріпте-
стермен бірге жоспарлай және жұмыс істей отырып, 
БҰҰ ЕК дамуды, бірлескен ақпараттық-насихаттау 
жұмысын және байланысты қоса, қызметтің барлық 
бағыттарында қомақтырақ және жақсырақ нәтиже-
лерге жетуге жәрдемдесе алады.
ДӘНБ салалық министрліктерді, Парламентті, сот 
жүйесін, азаматтық қоғам ұйымдары мен жеке мен-
шік секторды қоса, Қазақстандағы әріптестермен 
бірге олардың өздерінің жоспарлары мен бағдар-
ламаларының құрам бөлігі ретінде (IV-Тармақты 
да қараңыз) жүзеге асырылады. Оған қоса, Сы-
ртқы көмектің тиімділігін арттыру жөніндегі Париж 
мәлімдемесі мен Аккра әрекеттер бағдарламасына 
сәйкес, тиімділікті арттыру үшін БҰҰ ЕК-тің ынты-
мақтастығының келісімділігін, үйлесімділігін және 
басқарылу қабілетін кепілдендіру үшін БҰҰ жүйесі 
Бреттон-Вуд мекемелері сияқты даму жөніндегі ха-
лықаралық әріптестермен бірге жұмыс істеп, олар-
мен өз әрекеттерін үйлестіретін болады.


21
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Осылайша, алдымыздағы ДӘНБ Қазақстанмен ын-
тымақтастықтың және әріптестіктің келесі жаңа жол-
дарын келесі жаңа жолдарын ұсынатын болады:
• 
БҰҰ ЕК-тің тиісті білімдері мен тәжірибесін пай-
далануды жақсарту және экономикалық, әлеу-
меттік және экологиялық тұрақтылық саласында; 
ашық және есеп беретін мемлекеттік басқару мен 
аймақтық ынтымақтастық саласында анағұрлым 
бірізді бірлескен сабағаттық қызметтер көрсету:
◊ 
барлық салалардағы теңсіздік мәселелерін 
шешуге бағытталған бірлескен күш-жігерді 
басым ету және үйлесімділігін күшейту;
◊ 
бағдарламалар мен жобалар арқылы «Үкімет 
халық үшін» тұжырымдамасын ілгерілету;
◊ 
Қазақстанның аймақтық көшбасшы болуға 
деген айнымастығына бірлескен қолдау көр-
сету.
• 
Елдегі және аймақтағы саяси экономиканың 
құбылмалы ландшафтын ескере отырып, алға 
басудың белсенді әрі серпінді мониторингін 
жүргізу мақсаттарында ұлттық және жергілікті 
әріптестермен өзара ықпалдастықты тереңдету 
және бірлескен әрекеттерді түзету;
• 
Анағұрлым мақсатты көрсеткіштері топтамасы, 
бастапқы және мақсатты деңгейлері бар страте-
гиялық түпкі және аралық нәтижелердің анағұр-
лым ықшам кешені; статистика бойынша ұлттық 
органмен және басқа әріптестермен әріптестікте 
күшейтілген деректер терімі және дәлелдер жүй-
есімен;
• 
Үкіметтің тарапынан ресурстарды уақтылы 
және болжалдана алатын, ең дұрысы, ұзағырақ 
мерзімді қамтитын (кем дегенде, үш жылдық) ке-
зеңге бөлу бойынша саяси міндеттемені қоса, ұсы-
II. ДӘНБ-ТІҢ ТАКТИКАСЫ, 
БАҒЫТТАРЫ МЕН 
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1. ДӘНБ-ТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТАКТИКАСЫ
2016-2020 жылдарға арналған жаңа ДӘНБ алдыңғы ЮНДАФ-тарға негізделген және 
БҰҰ ЕК-ке Үкіметпен және басқа мүдделі тараптармен әріптестікті елдің ауқымында 
да, аймақтық/ халықаралық ауқымда да стратегиялық маңызды жаңа деңгейге 
шығаруға бірегей мүмкіндік береді. Бұл БҰҰ ЕК пен елдің арасындағы қарым-
қатынастың бұрынғыдай болмайтынын және БҰҰ жүйесі елдің ұзақ мерзімді көруіне 
қатысты, сондай-ақ, жаңа тұрақты даму мақсаттарының кешеніне қатысты өзінің 
салыстырмалы мықты жақтарын ұжымдық түрде бағалауға тиіс болатынын көздейді.


жүктеу 3,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау