28
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Сонымен бір уақытта, стратегиялық өткізу нарықта-
ры туралы ақпаратты жеткізу, өндіру-өткізу тізбегін
дамыту және таңдаулы пилоттық басым салаларда
жұмыс істейтін өнеркәсіптік кәсіпорындардың экс-
порттық әлеуетін нығайту өнеркәсіп салаларын әр-
тараптандыруға бағыттау шектерінде ерекше қой-
ылады. Елдегі инфрақұрылымды жаңғыртуға және
өнімнің сапасын арттыруға, сондай-ақ, Қазақстан-
ның өнеркәсіптік статистикасын халықаралық және
еуропалық стандарттармен үйлестіруге және ин-
вестицияларды ілгерілетуге ерекше жәрдем көр-
сетіледі. Мәдени әртүрлілікке жәрдемдесу диалог,
әлеуметтік бірауыздылық пен тұрақты даму үшін
қозғаушы күш ретінде қолдау табады. Оған қоса,
профилактикалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау
қағидалары еңбек саласындағы заңнаманы рефор-
малаудың құрамына кіретінін қамтамасыз ету үшін
техникалық консультациялар өткізіледі.
БҰҰ жүйесі, сондай-ақ, техникалық ынтымақта-
стық бойынша қызметтің әсерін күшейту үшін, даму
саласындағы қатысушылардан түрлі ресурстарды
жұмылдыру үшін әріптестіктің жаңа инновациялық
тәсілдемелері жасап шығаруда қолдау көрсете ала-
ды. Бұл тұрақты қоғамға айналу үшін және мұндай
кешенді әрі күрделі даму үдерістерін қаржыландыру
үшін түрлі мүдделі тараптардың ұжымдық әрекет-
тері қажет деген сенімнен ағып шығады.
Осыған байланысты және І-Тарауда атап өтілген
іргелі міндеттерді шешу үшін БҰҰ жүйесі, атап ай-
тқанда, жоғары білім алуға арналған оқу бағдар-
ламаларын жақсарту және инновациялармен, тех-
нологиялар мен ғылыммен байланысты салаларда
зерттеулер жүргізу сияқты салалардағы өзінің ора-
сан зор тәжірибесін ұсынады. Мемлекеттік қыз-
меткерлер мен бизнес-бірлестіктердің әлеуетін
нығайту, сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті,
инновациялық саясатты қолдауға және мемлекет-
тік-жекеменшік серіктестіктерді күшейтуге бағыт-
талады. Оған қоса, Шығыс Қазақстан, Қызылорда
және Маңғыстау облыстарында бағдарламалар-
ды бірлесіп іске асыру тәжірибесіне сүйене оты-
рып, БҰҰ жүйесі жұмыссыздардың (жұмыспен
жеткіліксіз қамтылғандар мен өзін-өзі жұмыспен
қамтып отырғандармен қатар) әлеуетін дамыту
жолымен және шағын және орта бизнесті дамы-
ту үшін қаржылық инструменттерге қол жеткізуді
қамтамасыз ету жолымен ауыл халқына тіршілік
көздерін қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсете
алады. Осының бәрі жұмыс істеп жүрген адамдарға
және еңбек нарығына алғаш рет шығып отырған
тұлғаларға пайдалы болады деп күтілуде, себебі
олар әлеуетті түрде анағұрлым сапалы, нарыққа
бағытталған куәлік берілетін оқыту және жұмысқа
орналастыру қызметтеріне қол жеткізе алатын бо-
лады.
Осы Түпкі нәтижеге жетуде қолдау көрсетуге бекем
БҰҰ агенттіктерінің қатарына БҰҰ АҚТБ, ДДҰ, БҰҰ
ЕЭК, ХЕҰ, БҰҰ Әйелдер, БҰҰДБ, БҰҰ БЖКБ, ЮНЕП,
ЮНЕСКО, ЮНИДО, ЮНКТАД және әріптес-ұйым
ретінде МХҰ жатады. Ұлттық әріптестердің арасын-
да таңдалған облыстардың әкімдіктері «Жұмыспен
қамту жол картасы 2020» ұлттық бағдарламасын
жүзеге асыру үшін жауап берсе, Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігі мекемеаралық
техникалық топтың жұмысын үйлестіруді жүзеге
асыратын болады. Басқа басты әріптестердің қа-
тарына Парламент, Білім беру және ғылым мини-
стрлігі, Кәсіподақтар федерациясы мен Жұмыс бе-
рушілердің конфедерациясы (ҚРЖБК) жатады.
Түпкі нәтиже 1.3:
Экожүйелер және та-
биғи ресурстар қорғалуда және тұрақты
түрде пайдалануда, ал елді мекендер та-
биғи және антропогендік апаттар мен
климаттың өзгеруіне тұрақты.
I-Тарауда көрсетілген іргелі міндеттерді шешу үшін
БҰҰ жүйесі басымдық ретінде халықтың экологи-
ялық қатерлерге, табиғи апаттар мен климаттың
өзгеру қатерлеріне тұрақтылығын нығайтуды ерек-
ше бөліп қарайды. Мұнда ауыл шаруашылығын
жүргізу әдістерін жетілдіруге, экожүйелерді басқа-
руға, тұрақты балық шаруашылығын жүргізуге
және биоәртүрлілікті сақтауға назар бөлінеді. Осы
түпкі нәтиженің шектерінде түрлі ТДМ-дерге қол-
дау көрсетіледі, олардың ішінде, 1-Мақсат (Кедей-
лікті барлық нысандарында жаппай жою); 2-Мақ-
сат (Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін және
тамақтануды жақсартуды қамтамасыз ету, тұрақты
ауыл шаруашылығына жәрдемдесу); 5-Мақсат
(Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйел-
дер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін
кеңейту); 7-Мақсат (Барлығы үшін бағасы қол-
жетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергияға
қол жеткізуді қамтамасыз ету); 10-Мақсат (Елдердің
ішіндегі және арасындағы теңсіздіктерді қысқарту);
12-Мақсат (Тұтыну мен өндірудің тұрақты модель-
дерін қамтамасыз ету); 13-Мақсат (Климаттың өзге-
руі мен оның салдарларымен күрес бойынша шұғыл
әрекеттер жасау); 15-Мақсат (Құрлық экожүйелерін
қорғау, қалпына келтіру және олардың тұрақты
пайдаланылуына жәрдемдесу, орман ресурстарын
тұрақты басқару, шөлейттенумен күресу, жер ре-
сурстарының азып-тозу үдерісін тоқтату және кері
қайтару, сондай-ақ, биоәртүрлілікті жоғалтуды
тоқтату) және 16-Мақсат (Тұрақты даму үшін бей-
29
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
біт және инклюзивті қоғам құруға жәрдемдесу, бар-
лығы үшін әділ сотқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және
инклюзивті институттарды құру).
Атап айтқанда, ұлттық заңнаманы халықаралық
міндеттемелерге және Конвенциялардың талапта-
рына сәйкес келтіру және міндеттемелерді орындау
туралы есеп беру бойынша ұсыныстар жасалады.
Жоғарыда аталып өткен жасыл экономикаға өту
бойынша қолдау көрсету шектерінде БҰҰ Агенттік-
тері су ресурстарын тұрақты басқаруды жақсартуға,
табиғатты қорғау қызметін басқаруды жаңғыртуға
және жергілікті деңгейде жасыл дамуға өтуге жәр-
демдесуге ұмтылады. Табиғи ресурстарды тұрақты
пайдалануға және табиғи апаттардың қауіп-қатер-
лерін азайтуға одан әрі қолдау көрсету үшін ұлттық
әрі халықаралық ғылыми ресурстар тартылады.
Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған
күш-жігердің барлық аспектілеріне – әлеуметтік,
экономикалық және экологиялық аспектілеріне әсер
ететін энергетикалық сектордың маңыздылығын
ескере отырып, соның ішінде, өнеркәсіпте де энер-
гияны тұтыну және энергия тиімділігін басқару бой-
ынша алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен техно-
логияларды ендіру және тарату бойынша қолдау
көрсетіледі. Мұндай қолдау 2012 ж. іске қосылған
БҰҰ-ның Барлығы үшін тұрақты энергетика баста-
масының шектеріндегі жұмысқа, сондай-ақ, БҰҰ-
ның бүкіл дүние жүзіндегі энергия тиімділігін артты-
ру және жаңғыртылатын энергия көздері бойынша
ірі ауқымды жобаларынан құралған модельге не-
гізделетін болады. Атап айтқанда, тұрақты энерге-
тикамен байланысты ТДМ-ды орындау үшін ұлттық
әрекеттер жоспары дайындалады.
БҰҰ жүйесі, сондай-ақ, болжам бойынша, ауыл
тұрғындарының да, ұлттық және мемлекеттік
басқарудың да тұрақтылығын көтеруге мүмкіндік
беретін, кедейлік пен қоршаған ортаның жағдайы
арасындағы байланысқа қатысты анағұрлым ке-
шенді тәсілдемені жасау бойынша қызмет жүр-
гізеді. Атап айтқанда, кедейлікті қысқартуға
жәрдемдесе отырып, ауыл тұрғындарына биоло-
гиялық ресурстар мен жерді тұрақты пайдалануға
мүмкіндік беретін механизмдерді жасау және ен-
діру бойынша жәрдем көрсетіледі. Осылайша, БҰҰ
химиялық қауіпсіздік саласында қатерлерді баға-
лауды нығайту, қатерлерді басқару және қадаға-
лау, адам денсаулығын сақтаумен бірге табиғатты
және қоршаған ортаны қорғауды күшейту бой-
ынша техникалық көмек көрсетеді. Апаттардың
қатерін тиімді азайту бойынша ақпараттық-түсін-
діру жұмыстары мен үйлестіру білімдердің және
құрылымдық және құрылымдық емес қатерлерді
түсінудің кеңеюіне жәрдемдесіп, табиғи апаттарға
дайын болуға, оларға қарсы әрекет етуге және
ерте қалпына келтіруге қатысты көпсалалы тәсіл-
демені қамтамасыз етеді.
Осы түпкі нәтиженің шеңберінде қолдау көрсету-
ге бекем БҰҰ агенттіктерінің қатарына ДДҰ, БҰҰ
ҚАД, БҰҰ ЕЭК, БҰҰДБ, ЮНЕП, ЮНЕСКО, ЮНИДО,
ЮНИСЕФ, ЮНОПС және әріптес-ұйым ретінде МХҰ
жатады. Ұлттық әріптестердің арасында таңдалған
облыстардың әкімдіктері әкімшіліктік қолдау көр-
сетіп, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал
Ұлттық экономика министрлігі ұлттық деректер ба-
заларына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етіп,
әкімдіктермен өзара ықпалдасуды орнатуға көмек-
теседі; Ауыл шаруашылығы министрлігі фермер-
Достарыңызбен бөлісу: |