Қазақстан Республикасы білім және ғылым
Миністірлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
Университеті
Презентация
Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңдері
Орындаған:Налибаев .Н
Тобы:ИП20-4к1
Қабылдаған:Джолдыбаев.Ж
Шымкент 2020ж
Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңілділу қажет.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық-методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылыққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жоспарларына енгізілген. Пәннің негізгі бағыттары оқытушыларға ұсынылып отырған осы типтік бағдарламада көрініс тапқа. Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |