18
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Қазақстан және де теңізге шықпайтын дамушы ел-
дерге арналған жаңа жаһандық жол картасын дай-
ындауға жәрдемдесу бойынша өз міндеттемелерінің
шектерінде, мысалы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай ха-
лықаралық транзиттік дәлізінің қазақстандық бөлі-
гін салу және Иран мен Парсы шығанағына қарай
жаңа темір жолдар салу жолымен инфрақұрылым-
ды жақсарту мен транзит нұсқаларын кеңейтуде
елеулі алға басты.
Үкімет KazAID деген атаумен белгілі болатын ха-
лықаралық дамуды үйлестіру бойынша өзінің жеке
агенттігін құруды жоспарлап отыр. Қазақстан Ор-
талық Азиядағы гуманитарлық қызметті және даму
саласындағы қызметті үйлестіру үшін Алматыда
аймақтық көпжақты дипломатиялық хабты құруды
да ұсынған. Сондай-ақ, БҰҰ қолдауымен Қазақстан
Тынық мұхиттағы тоғыз шағын аралдық мемлекетте
биогаз жүйелерін орнату және Африка мен Океани-
яда мұнай-газ, ауыл шаруашылығы және медицина
салаларында оқу бағдарламасын дайындау жоба-
сын бастап отыр.
Оған қоса, ДДҰ-ның Еуропа аймағы үшін алғашқы
медициналық санитарлық жәрдем орталығын (Ал-
маты қ.) өз қанатының астына алатын ел ретінде-
гі Қазақстанның халықаралық денсаулық сақтау
құрылымындағы орны бекем. Бұл еуропалық ай-
мақтағы денсаулық сақтау секторын реформалау
және жаңғырту үшін қажетті сараптамалық қолдауды
қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңның өзінде Қазақстанда
Табиғи апаттарға жауап беру және олардың қатерін
азайту бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы мен Есірт-
кі заттарының заңсыз айналымымен күрес бойынша
Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орта-
лығы (ОАӨАҮО) әрекет етеді.
Үкімет босқындарды қорғау және халықаралық
көші-қон мәселелері бойынша аймақтық сабағат-
тық үдерісте (Алматы үдерісі) төрағалық етеді. Ал-
маты үдерісіне қатысушы мемлекеттер аймақта
тұрақтылықты, өркендеу мен қауіпсіздікті қамтама-
сыз ету мақсаттарында әлеуметтік-экономикалық
теңсіздіктерден, экологиялық факторлардан, көр-
шілес елдердің арасындағы қақтығыстар мен осал
шекаралардан туатын көші-қон саласындағы мәсе-
лелерді шешу үшін бірімен-бірі жақын ынтымақта-
стықта әрекет етеді.
Және, ақырында, Қазақстан толеранттылық пен құр-
мет мәдениетін нығайту бойынша күш-жігер жұмсап
отыр, 2015 ж. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетек-
шілері құрылтайының Қазақстанда өткізілуі мен Қа-
зақстанның 2013-2022 жылдарды Халықаралық
мәдениеттер жақындасуының онжылдығы ретінде
жариялау бастамасы соған дәлел.
19
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
1.3. ДӘНБ-ТІ БІРЛЕСЕ ЖАСАУ
23 дерлік жыл бойы Қазақстан өзінің ұлттық мүдде-
лері мен БҰҰ-ға мүше басқа мемлекеттермен ынты-
мақтастық арасында теңгерімге жетуге үнемі ұмты-
латындығымен ерекшеленетін, БҰҰ-ның белсенді
әрі сындарлы мүшесі болып табылады. Шамамен
сол уақыт бойы БҰҰ ЕК елде ұлттық әріптестермен,
оның ішінде, азаматтық қоғамның коммерциялық
және коммерциялық емес ұйымдарымен тығыз
ынтымақтастықта БҰҰ жүйесінің күш-жігерін ұлт-
тық басымдықтарға сәйкес келтіру мақсаттарында
жұмыс істеп келеді. БҰҰ-ның елдік командасына
кіретін агенттіктердің арасындағы ынтымақтастықты
нығайту бірлескен мақсаттарды тұжырымдауды
жақсартуды қамтамасыз етуге, адам құқықтары
мен заңның үстемдігі, денсаулықты қорғау, көші-
қон, гендер мен жастар сияқты негізгі тақырыптық
бағыттардағы әрекеттердің үйлесімді түрде және бір
мезгілде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүм-
кіндік берді.
ДӘНБ Қазақстанда жұмыс істейтін БҰҰ агенттік-
терінің барлығының ұжымдық мықты жақтарына
сүйене отырып, даму саласындағы ұлттық басым-
дықтарды жүзеге асыруға стратегиялық үлес қосу
үшін мүмкіндік болып табылады. БҰҰ ЕК шеңберін-
де де, Үкіметпен де жүргізілген мұндай бірлескен
жұмыстың жақсы мысалы Шығыс Қазақстанда
басталып, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарын-
да жалғасын тапқан БҰҰ мен Үкіметтің бірлескен
бағдарламаларында көрінеді (1.1-Тармақты да қа-
раңыз). Бұл бағдарламалар «Қазақстан 2050» стра-
тегиясының олар үшін БҰҰ-ның бірлескен бағдар-
ламалары жақсы келетін жергілікті күн тәртіптеріне
қалайша аударыла алатынын көрсетеді. Сонымен
бір уақытта, «Қазақстан 2050» стратегиясы жеке
жауапкершілікке басты назар аудара отырып әлеу-
меттік қорғау мен денсаулық сақтау салаларындағы
жаңа кепілдіктердің басын бастады; бұл нәресте-
лер, балалар мен аналар өлімінің деңгейін одан әрі
төмендету сияқты салалардағы Үкіметтің жетістік-
терін нығайтуға мүмкіндіктер ашады. Оған қоса,
жаңашыл саясатты ұсына отырып және сонымен
бірге жұмысбастылықты қамтамасыз етуде, жұмыс
орындарын құруда және әлеуметтік қорғауда сер-
піндер көрсетіп, БҰҰ ЕК жеке агенттіктердің бірле-
скен бағдарламалары мен жобалар портфельдерін
үйлестіруге және «Нұрлы жол» экономикалық сая-
сатын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге ұмтылады.
Тұтас алғанда, Қазақстанның әріптес, донор және
жаңа тұрпаттағы аймақтық держава ретінде дамуы
елдегі бүкіл БҰҰ жүйесі үшін бұрынғысынша елдің
Үкіметі мен БҰҰ ЕК-тің арасындағы қарым-қаты-
настың бірегейлігіне негіз болып отыр. Өз кезегін-
де, 1.1-Тармақта аталып өткендей, аймақтың бе-
делді елдеріне жаңа модельді және халықаралық
қоғамдастыққа донорлардың жана тұрпаттарын
ұсыну үшін бірлесе жұмыс істеуде және тұтас алған-
да әріптестікте зор әлеует жатыр.
ДӘНБ болашақ ынтымақтастық үшін негіз болатын
жиектемені қамтамасыз етіп қана қоймай, бүгінгі
және жуырда жүргізілген БҰҰ ЕК жұмысына және
Үкіметпен үзілмейтін диалогқа сүйене отырып, стра-
тегиялық басымдықтарды орнату бойынша сабағат-
тық, бәрін қамтитын және серпінді үдерістің нәтижесі
болып та табылады. ДӘНБ үдерісі 2012 ж. қазаннан
2013 ж. наурызға дейін өткізілген 2015 жылдан кей-
інгі кезеңге арналған жаһандық тұрақты даму күн
тәртібіне қатысты ұлттық консультациялардан тиімді
басталды. БҰҰ ЕК тарапынан 2014 ж. ортасында
дайындалған елдегі жағдайдың талдауы БҰҰ жүй-
есі табыс деңгейі орташа елдің жағдайларында са-
лыстырмалы артықшылықтарды ұсына алатын және
бірізді бағдарламалық қолдау мен ынтымақтастық
неғұрлым қомақты нәтижелерді қамтамасыз ете
алатын даму саласындағы басты алаңдаушылықтар
мен мәселелерді одан әрі анықтауға көмектесті.
Үкіметтің 2016-2020 жж. арналған ДӘНБ өз баста-
масын алған 2014 ж. қазанда өткізілген стратеги-
ялық мақсаттарды жоспарлау бойынша мәслихатқа
қатысқанын атап өткен маңызды.
Жалпы проблемалардың таңдауын анықтауда 2015
жылдан кейінгі кезеңге арналған күн тәртібінің мақ-
саттарына жетуге әсер етуші фактор ретіндегі ұлттық
мақсаттар мен басымдықтарға ұзақ мерзімді әсер
ету әлеуеті аса маңызды болды. Ағымдағы ЮНДАФ
кезеңінің ішінде жиналған тәжірибені пайдалану
үшін ұлттық әлеуетті де, халықаралық ынтымақта-
стықты да нығайту мүмкіндіктері, атап айтқанда,
соның ішінде, анағұрлым стратегиялық бағытталу
мен бақылауды күшейту қажеттілігі де ондай мәсе-
лелерді таңдауда іргелі критерийлердің қатарына
жатқызылды.
1.1-Тарауда баяндалған БҰҰ ЕК-тің көруіне
сүйене отырып, ДӘНБ-тің жалпы бағыттары ке-
лесі болып табылады:
•
Теңсіздіктерді қысқарту және адамның дамуын
жақсарту
•
Мемлекеттік институттардың инновациялық қа-
білетін нығайту және арттыру
•
Халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты
нығайту
Достарыңызбен бөлісу: |