6
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Алдымыздағы жылдары ҚР Үкіметімен арада ор-
наған бірегей әрі мығым стратегиялық ынтымақта-
стықтың негізінде БҰҰ мен Қазақстан Республикасы
арасындағы әріптестік тұрғысынан маңызды өзгері-
стер орын алады деп күтілуде. Осыған байланысты
ДӘНБ елдің «Қазақстан 2050» стратегиясында және
«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты іспеттес
байланыстырылған ұлттық стратегиялар мен саясат-
тарда айқындалған және 2015 жылдан кейінгі ке-
зеңге арналған Тұрақты даму мақсаттарында (ТДМ)
көрініс тапқан ұмтылыстарын басшылыққа алған.
Осы стратегиялардың арасында адам құқықтары-
ның, теңдік пен тұрақтылықтың негізгі құндылықта-
рына сүйенетін болашақтың көрінісін қамтамасыз
ететін елеулі теңдeстіктер бар екендігін атап өткен
маңызды. Оған қоса, аталмыш ұлттық және жаһан-
дық мақсаттарды жүзеге асыруда одан әрі елеулі
алға басуға жәрдемдесуге қатысты БҰҰ-ның са-
лыстырмалы артықшылықтары қосымша негізгі
бағдарлардың қызметін атқарады.
Осыған сәйкес, Қазақстандағы БҰҰ ЕК-тің ДӘНБ
шектеріндегі жалпы көзқарасы келесідей тұжы-
рымдала алады:
Гүлденген, әділетті әрі инклюзивті қоғам-
ды құру, есеп беретін әрі тиімді жұмыс
істейтін мемлекеттік институттарды
нығайту және елдің аймақтық және ха-
лықаралық ынтымақтастық саласындағы
күш-жігерлеріне жәрдемдесу жолымен
«Қазақстан 2050» стратегиясының мақ-
саттарын жүзеге асыру үшін Қазақстан-
мен стратегиялық әріптестікке арналған
жаңа жолды дамыту.
Қазақстанда өкілдігі бар агенттіктер болсын, бейре-
зиденттер болсын, Қазақстандағы БҰҰ жүйесі бар-
лық деңгейлерде Үкіметпен және азаматтық қоғам-
мен әріптестіктің тірегі ретіндегі сенімнің тереңдеуіне
жәрдемдесетіні маңызды. Қабылданып отырған
әрекеттер ұлттық және жергілікті деңгейлердегі
институттардың арасындағы горизонталды және
вертикалды байланыстарды тереңдетудегі түрлі
агенттіктердің тәжірибесіне сүйенеді. Табыс деңгейі
орташа ел мәртебесіне қарамастан, Қазақстанда әлі
сақталып отырған адамның дамуы саласындағы ең
маңызды мәселелерге қатысты шараларды қатар
қолдана отырып, Қазақстанға аймақ пен әлем үшін
маңызды даму модельдерін әлеуетті ұсынуда жәр-
дем беруге айрықша көңіл бөлінетін болады.
(1) Теңсіздікті қысқарту және адамның дамуын
жақсарту;
(2) Мемлекеттік институттардың инновациялық
қабілетін нығайту және өсіру;
(3) Халықаралық және аймақтық ынтымақта-
ТҮЙІНДЕМЕ
Даму мақсаттарындағы әріптестіктің негіздемелік бағдарламасы (ДӘНБ) Біріккен Ұлттар
Ұйымының Елдік командасының (БҰҰ ЕК) 2016-2020 жылдар аралығындағы кезеңде
Қазақстанда атқаратын қызметінің стратегиялық тұжырымдамасы мен бағыттарын
анықтайды және Үкімет пен басқа әріптестермен сабағаттық үдерістің нәтижесі болып
табылады. Бағдарламада БҰҰ жүйесінің өз қызметін ұлттық басымдықтарға сәйкес
қалайша жалғастыра алатыны талданып, Қазақстандағы БҰҰ мақсаттары мен қызметінің
шолуы келтірілген.
7
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
стықты нығайту
деп аталған үш бағыттың шең-
берінде алты түпкі нәтиже айқындалды. Сонымен
бірге, толассыз мәселелер де бар: адам құқықта-
рына негізделген тәсілдеме, әсіресе, осал топтарға
қатысты (мүмкіндіктері шектеулі адамдар; балалар
мен жастар; АИВ-пен өмір сүретін адамдар; ішкі
және сыртқы мигранттар); мониторинг пен бағалау
бойынша әлеуетті нығайту; дәлелдік базаны жалпы
жетілдіру; түрлі салалардың арасындағы байланы-
старға сүйене отырып, жастарды тарту және гендер-
лік теңдік.
ДӘНБ шектерінде БҰҰ ЕК соңғы жылдарда үйлестіру
тетіктеріне енгізілген, атап айтқанда, бағдарлама-
ларды бірлесе жасау, мониторинг жүргізу, бағалау
және есеп беруді жақсартуға байланысты бірқатар
өзгерістерді пайдаланатын болады. Сонымен бір
уақытта, әріптестіктің шеңберінде ДӘНБ-тің түпкі
нәтижелерін іске асыру үшін басты жауапкершілік
пен есеп беруді өз мойнына Қазақстан алып отыр.
Басқару тетіктері халықтың осал топтарына ерекше
көңіл бөле отырып БҰҰ-ның, ұлттық және халықа-
ралық қатысушылардың арасындағы бірін-бірі то-
лықтырушылық мүмкіндіктерін күшейте отырып,
қосарланушылықты қысқарта отырып және мақсат-
ты салаларда қолдаудың конвергенциясын қамта-
масыз ете отырып, қызметтің басым бағыттарының
және ДӘНБ-тің түпкі нәтижелерін іске асырудағы
БҰҰ ЕК қолдауының үйлесімді түрде жүзеге асы-
рылуын қамтамасыз етеді.
Атап айтқанда, бүкіл үдеріс бойында қолданылатын,
ДӘНБ-ті тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған
негізгі стратегиялардың бірқатары айқындалды.
Оған қоса, БҰҰ ЕК Қазақстанға әлемдік жетістік-
терді әкеліп қана қоймай, Қазақстанның маңызды
жетістіктерін де әлемге жеткізуге әрекет жасайды.
Осылайша, ДӘНБ Қазақстанмен ынтымақтастық пен
әріптестіктің жаңа жолдарын ұсынады:
•
БҰҰ ЕК-тің тиісті тәжірибесі мен білімдерін жақ-
сырақ қолдану және экономикалық, әлеумет-
тік және экологиялық тұрақтылық, мемлекеттік
басқару ашықтығы мен есеп берушілігі және
аймақтық ынтымақтастық салаларында анағұр-
лым бірізді әрі бірлескен сабағаттық қызметтер
көрсету. Бұған барлық салалардағы теңсіздікті
жою бойынша, «Үкімет халық үшін» тұжырымда-
масын бағдарламалар мен жобалар арқылы
ілгерілету бойынша басым және жақсырақ үй-
лестірілген бірлескен күш-жігер мен Қазақстан-
ның аймақтық көшбасшыға айналу мақсаттарын
жүзеге асыруға бірлескен қолдау көрсету кіретін
болады.
•
Елдегі және аймақтағы саяси экономиканың құ-
былмалы ландшафтын ескере отырып, бағдар-
ламаларға белсенді әрі серпінді мониторинг
жүргізу және бірлескен іс-қимылдар бағытын тү-
зету мақсаттарында ұлттық және жергілікті әріп-
тестермен тереңірек өзара ықпалдастық.
•
Анағұрлым мақсатты индикаторлар кешені, ба-
залық және мақсатты көрсеткіштері мен күшей-
тілген деректер терімі және басты әріптестермен
бірлесе орнатылған дәлелдер жүйесі бар страте-
гиялық аралық және түпкі нәтижелердің анағұр-
лым ықшам кешені.
•
Үкіметтің тарапынан бірге қаржыландыруды іл-
герілету мен ресурстарды уақтылы, ең дұрысы,
орташа мерзімге бөлу бойынша саяси міндетте-
мелерді қоса, ұсынылған ДӘНБ-тің түпкі нәтиже-
лері үшін Үкіметтің мүдделілігі мен жауапкершілі-
гін арттыру.
•
Тиімділікті барынша арттыру тәсілдемесін қол-
дана отырып және бизнес-үдерістерді жақсарта
отырып, басымдықтардың аз саны бойынша қо-
мақтырақ нәтижелерге жету қағидасын сақтау.
•
Білімдерді басқаруды, Шығыс-Шығыс/Оңтүстік-
Оңтүстік ынтымақтастығын, үшжақты ынты-
мақтастық пен нетворкингті елдің шектерінде
де, одан да кеңірек аймақтық және жаһандық
ауқымда да нығайту.
БҰҰ жүйесі, сондай-ақ, саяси ырықты да іске қоса
отырып, даму саласындағы күн тәртібін жүзеге асыру
үшін ұлттық және аймақтық институттармен, үкімет-
тік емес ұйымдармен және азаматтық қоғам ұй-
ымдарымен, аналитикалық орталықтармен, ғылы-
ми шеңберлермен, БАҚ пен жеке меншік сектормен
стратегиялық әріптестікті құру және кеңейту бойын-
ша елеулі әлеуетті ұсынады. Атап айтқанда, БҰҰ ЕК
«Әрекеттер бірлігі» деп аталатын БҰҰ Стандартты
оперативті процедураларының неғұрлым келісті әрі
орынды элементтерін қолдана отырып, сенімдірек
болатын «бірлескен» тәсілдемелер мен мекемеара-
лық ынтымақтастыққа қол жеткізуге ұмтылады.
Тұтас алғанда, 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі ке-
зеңде ДӘНБ-тің әрекет ету мерзімінің ішінде БҰҰ ЕК
ТДМ-ды және Қазақстанның ұлттық стратегияларын
жүзеге асыру үшін инновациялық, неғұрлым өзекті
әрі заманауи білімдер мен тәжірибенің қайнар көзі
болатын әріптестіктің мықтырақ және анағұрлым
стратегиялық бағдарламасын ұсынбақ.
Достарыңызбен бөлісу: |