78
2-ТАРАУ
ді. Осындай бауырластық мүшелері ерекше өмір салтын қабылдайды:
жыныстық ерекшелігіне сәйкес бөлінген үйлерде бірге тұру, тамақта-
ну, басқа мүшелермен қарым-қатынас жасау дағдылары белгілі бір
нормаға сәйкес болады. Осы субмәдениеттің белсенді өкілдері өздері
оқитын оқу орнында күшті қолдауға ие болады және осы байланыс
оқуын бітіргеннен кейін де жалғаса береді.
Субмәдениет устем мәдениеттен ерекшеленеді, бірақ оған қарсы
келмейді. Ал контрмәдениет құндылықтары, мүдделері мен наным-
сенімдері және өмір салты бойынша үстем мәдениетпен сәйкес кел-
мейтін топтарға қатысты. Бұл конфликтінің мәнін АҚШ-тың контрмә-
дени топтары - панктер арасынан анық көре аламыз. Кейбір жартылай
панктер шашын қырып тастап, өлім туралы рок әндерін тыңдаса да
мектепке баруға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік табады. Ал
хардрок панктер «тура» қоғаммен байланысын үзілді-кесілді үзеді.
Олар жүмыс істеуден немесе қайырымдылық көмегін қабылдаудан
бас тартады; көбінесе көшеде ашулы кейіпте, аш қүрсақ жүріп өмір сү-
реді. Олар қолдарына тұтастырып татуировка салғызады, киімдеріне
немесе қасына түйреуіш тағып алады, себебі басқа адамдарға негізгі
құндылықтардан бас тартқанын білдіруі қажет.
Ассимиляция ма, мультимәдениет пе?
Контрмәдениеттер -
құндылықтары, мүдделері,
наным-сенімдері және өмір салты
көпшілік мәдениетіне сәйкес
келмейтін топтар.
Ассимиляция - адамдардың
үстем топтың құндылықтары мен
әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп,
қабылдау процесі. Бұл процесте олар
өз құндылықтарын толығымен
немесе жартылай жоғалтады.
Мультикультурализм -
мәдениеттегі әртүрлі мәдени
құндылықтарды бағалап, қолдау
қажеттігіне деген сенім.
Соңғы кезге дейін көптеген америкалықтар өз қоғамындағы әртүрлі
этникалық және діни субмәдениег өкілдеріне басым көпшіліктің мә-
дениетін қабылдаған дұрыс деп санады. Ассимиляция адамдардың
үстем топтың құндылықтары мен әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп,
қабылдау процесін білдіреді, бүл процесте олар өз құндылықтарын то-
лығымен немесе жартылай жоғалтады. 12-тарауда ассимиляция білім
беру мекемелерініңнегізгі мақсаттарының бірі болып табылатындығы
егжей-тегжейлі талқыланған (Spring, 2004). Мектепке баратын имми
грант балалар ағылшын тілінде оқып, жазуды ғана үйренбейді, сон-
дай-ақ америкалық тағамдарды, идеяларды және әлеуметтік тәжіри-
бені өз мәдениетінен артық көруді үйренеді. Мұғалімдер Хуан немесе
Май Ли есімді балаларды Джон немесе Мэри деп атауға шақырады.
Мектеп бағдарламаларында еуропалықтар мен америкалықтардың
тарихына, өнеріне, әдебиетіне, сондай-ақ олардың ғылымға қосқан
үлесіне баса назар аударылып, АҚШ-тағы үлес салмағы томен топтар
мен батыстық емес мәдениет өкілдерін елеусіз қалдыру бұрынғыға
К а
раганда бәсеңдегенмен әлі де жалғасуда.
Алайда соңғы ширек ғасырда АҚШ әртүрлі мәдениеттерді кірік-
тіретін емес, араластыратын орта бола алатындығына америкалықтар-
дың көздері жетті. Көптеген адамдар бұл «араласу» елге пайдалы екенін
және оны жоюдан гөрі дамыту керектігін түсінді. Мұндай көзқарастарды
негізінен мультимәдениеттілік деп атайды. Осы идеяны басшылыққа
алған көптеген мектептер мен университеттер енді америкалық мәдени
әркелкілікті нақты көрсететін материалдарды қамтымақ.
Case Study: кереңдікті субмәдениет
ретінде тану
Есту қабілеті қалыпты адамдардың көпшілігі кереңдікті жағымсыз,
тіпті сұмдық нәрсе деп есептейді (Dolnick, 1993). Жоқ дегенде емдеуді
қажет ететін ауру ретінде қарайды. Дегенмен кейбір саңырау адамдар
оны мүгедектік емес, мәдени тенденция деп есептейді (Dolnick, 1993;
Padden & Humphries, 2006). Олар үшін кереңдік есту қабілетінің болма-