ӘЛ ЕУМЕТТЕНУ
97
расын қабылдап, басқа жұмыс іздеуге ұйғаруы ғажап емес. Алайда ол
әріптестерінің өз оқыту әдістемесін мақтаган кезін немесе басқа сту-
денттерінің дәрісті қалай бағалағанын есіне түсірсе болды. Сөйтіп, ол
осы семестрде келген студенттердің оқытушы білімін бағалау деңгейі
жеткіліксіз деген қорытынды жасай алады.
Сонымен біздің өзіміз туралы тұжырымдамамыз айналамыз-
дағы адамдардың көзқарастарының механикалық көрінісі ғана емес;
керісінше, өзгелердің гіікіріне қатысты біздің пайымдауларымыз
бен жауабымызға негізделген. Біз өзіміз туралы тұжырымдаманы
анықтауға белсене араласамыз, кімнің пікірін қабылдау керектігін
таңдай отырып, басқа адамдардың пікірлерін түсіну үшін басымыз-
дан өткен тәжірибені қолданамыз.
Символдық интеракционизм теориясы субъективті пайымдауды
«мен» тұжырымдамасының өте маңызды факторы ретінде қарастыра-
ды. В.И. Томастың классикалық тұжырымында символдық интерак-
ционизмнің осы алғышарты анық көрінеді: «Адамдар жағдайды
нақты деп анықтаса оның салдары да нақты болады» (Thomas & Thomas,
1928, 572). Адамдардың басқалармен өзара әрекетке түсуі, өзгелердің
пікірі туралы субъективті пайымдауларына негізделген. Осылайша,
басқалардың ой-пікірлерін дәл көрсете ме, жоқ па - субъективті пай-
ымдаудан нақты нәтиже шығады.
Рөлді қабылдау
Символдық интеракционизм теориясының өткен ғасырдағы ең
ықпалды зерттеушісі Джордж Герберт Мид болды (Stryker, 2008).
Мид (1934) өзім деген ұғым
« м е н »
және
« м е н і »
деп аталатын екі ком-
поненттен тұрады деп есептеді. Ағылшын гілінің грамматикасына
сәйкес біз бірдеңе жасасақ, онда
м е н
сөзін қолданамыз, біреу бізге
бірдеңе жасағанда («Мен анамды тыңдамадым, сосын ол
м е н і
жазала-
ды»)
м е н і
сөзін қолданамыз. Сол себепті Мид
м е н
сөзі «өзім» ұғымы-
ның өздігінен болатын бөлігін, жасампаз бөлігін білдіреді, ал
м е н і
сөзі өзгелердің пайымдауын растайтын өзгелік бөлікті білдіреді деп
сипаттайды.
Мид қоғамда әрекет етуді және
« м е н н ің »
қалауы мен
« м е н і »
деген
қоғамдық сананы таразылап теңгеруді рөлді қабылдау арқылы үйре-
неміз деп сенді. Рөлді қабылдау дегеніміз - әлемді түсінуде өзгелердің
маңыздылығын және біртіндеп өзге пікірлерді қабылдауды үйрену
процесі.
Мидтің айтуынша, рөлді қабылдау бала кезде, отбасының құ-
қықтары мен міндеттерін білу керек болғанда басталады. Баласы
ретінде бізден не күтетінін түсіну үшін әке мен ананың көзқарасын
білуіміз керек. Біз өзімізді ата-анамыздың көзқарасы арқылы көру-
ді және солардың пікірі бойынша мінез-құлқымызды бағалауды үй-
ренуіміз тиіс. Олардың ой-пікірлері мен өзіміздің қалауымызды біл-
ген кезде өз міндеттерімізді түсіне аламыз.
Мид балалар қоғамда қалай әрекет ету керектігін ойын арқылы
дамытатынын айтады. Үйде анасы тамақ пісіріп, әкесі жөндеу жү-
мыстарын жасап жүрсе қыз ойыншық пешпен, үл ойыншық балға-
мен ойнауды қалыпты деп есептейді. Ата-анасы жалғызбасты немесе
ата-аналары күні бойы жұмыста журетін балалар ойыншық машина-
ның ішіне ойыншық портфель немесе басқа
да ойыншық аспаптарды
салып жүруді ұнатуы мүмкін.
Бұл дегеніміз - балалардың ойыны көбінесе олар үшін
маңызды
адамдардың мінез-құлқына негізделеді деген сөз. Мысалы, ата-анасы
мен бауырлары балалардың өзін-өзі бағалауына қатты эсер етеді. Ба
лалар өскен соң отбасынан тыс басқа адамдармен көбірек араласқанда,
Рөлді қабылдау - әлемді түсінуде
өзгелердің қаншалықты маңызды
екенін және біртіндеп өзгелердің
пікірлерін қабылдауды үйрену
процесі.
Маңызды түлғалар - тыгыз
қарым-қатынаста болатын жеке
тұлғалар.
7-251
98
3-ТА РАУ
Назар
аударыңыз
Қыздардың шашы -
қыздардың даралығы
« Шашы қобыраған күн» қыздар мен
әйелдер үшін неліктен соншалықты
маңызды? Тіпті олардың кейбірі үйден
шықпай қалады, кейбіреулер бүл күнді
күйзеліспен, сенімсіздікпен өткізеді, ал
басқалары осы проблеманы шешу үшін
уақытын сарп етіп, ақша шашады. Осы
оқулықтың авторларының бірі Роуз
Вайтц жоғарыдағы сурақтарға жауап із-
деубарысында «Рапунцельдің қыздары:
әйелдің шашы
оның өмірі туралы қандай
сыр шертеді?» атты кітап жазуға бел
байлады (Weitz, 2004). Роуз тапқан жа-
уаптардың оңтайлысы қыздардың әлеу-
меттенуіне байланысты болды.
Вайтцтың айтуынша, қы з балалар-
дың ата-аналары мен тәлімгерлері, дос-
тары мен көршілері, тіпті көшеде көлде-
нең өтіп бара жатқан кез келген адам
олардың санасына шаш қыздың дара-
лығын, өмірлік үстанымын білдіретін
күш екенін сіңіреді. Мәселен, ата-ана-
лар қыздарының шашы тап-түйнақтай
болып жиналып не сәнді кейіпте түрса
ғана оларды шіркеуге, сауда орталығы-
на және т.б алып барады, ал керісінше
жағдайда үйге тастап кетеді Сондай-ақ
қыздары қаламаса да оларды сулу-
лық салонына сүйрелейді Мүғалімдер
оқушы қыздардың шашы дүрыс сәндел
меген деп есептесе қолына тарақ алып,
дүрыстауға кіріседі. Кез келген адам
бейтаныс қыздың әдемі бүйра немесе
иығына жібектей төгілген үзын шашын
көргенде бай ж ігітке түрмысқа шығады
екен
деген болжам жасайды
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҮРАЛДАРЫ ЖӘНЕ МӨДЕНИЕТ
Сонымен қатар «шаш - түлға ретін-
де қалыптасудағы басты нәрсе» деп
дәріптеп, қыздарды материалдық мәде-
ниет пен бүқаралық ақпарат қүралдары
арқылы әлеуметтендіреді. Ойыншықтар
мен бәсқа да сыйлықтар арқылы қыз-
дарды шашын жақсы көруге, бағалауға
үйретеді. Барби қуыршақтары - осы-
ның айқын мысалы. Әдеттегі Барби-
мен қоса қыздарға сары, қара, қызыл
түсті парик киген Fashion Queen Barbie
қуыршағы үсынылды. Сонымен қатар
тартып үзартуға болатын шашы бар
Growin' Pretty Hair Barbie жане аса таны-
мал Totally Hair Barbie шығарылды, оның
шашы аяғына дейін жетеді, сәндейтін
гелі, бірнеше шаш үлгілері және сән кіта-
бы бар. Сәндеуге арналған басы ғана
бар Styling Head Barbie қуыршағы да өте
танымал. Мәселен, үл балаларға шаш
бүйралайтын қүрал (плойка) немесе
шаш кептіретін қүрал (фен) сыйлау еш-
кімнің ойына келмейді, есесіне көптеген
қыздардың ата-аналары мен аға-жеңге-
лері қыздарға осындай сыйлықтар беріп
жатады, сөйтіп, қыздар үшін шаштың
қаншалықты маңызды екенін үқтырады.
Қыздар үшін шаштың маңызды-
лығын бүқаралық ақпарат қуралдары
да насихаттайды Барлық фильмдерде
«қарапайым» қы з шаш үлгісін өэгертсе,
(және көзілдірігін тастағанда) үнатқан
жігітіне қол жеткізеді. Егер сіз фильмде
шаш үлгісі нашар қызды немесе әйелді
көрсеңіз, онда ол не жауыз рөлінде, не
күлдіргі рөлде, болмаса жаңа шаш үлгі-
сін жасап, болашақ ж ігітін күтіп жүрген
болып шығады. Сол сияқты Seventeen не
месе Vogue сияқты журналдар «қыздар
І
Көптеген ойыншықтар
қыздарға шаш өмірдегі басты
нәрсе деп қарауды және оған
ерекше көңіл бөліп, күту қажет
екендігін үйретеді.
үшін өз өмірін өзгертудің ең жақсы тәсі-
лі - шашын немесе дене бітімін өзгерту»
дегенді үнемі насихаттайды Сонымен
қатар теледидардан жиі көрсетілетін
«керемет өзгеріс» туралы бағдарлама-
ларда шаш үлгісін, макияжын, киім үл-
гісін, тіпті сүйек қүрылымын өзгерткен
үсқынсыз қыз-келіншектер нағыз хан-
шайымға айналып шыға келеді.
Кейбір қыздарға бүқаралық ақ-
парат қүралдарының әсері аз десек те
мүлде ықпалы болмайды деп айта ал-
маймыз. Алдыңғы тарауда талдағаны-
мыздай, қыздар адам сыртқы келбеті ар-
қылы танылады деген ойдан бас тартса
да осы идеяны қолдайтындарша әрекет
етеді, себебі басқалар өзін сыртқы кел-
бетіме қарап қабылдайды деп ойлайды
(Milkie, 1999).
Жалпы басқалар - өзара қарым-
қатынаста болатын барлық
адамдардың пайымдауларын
біріктіреді.
мәселен, мұғалімдері, көршілері және жұмыс берушілері сияқты өзге
адамдардың өзінен не күтетініне болжам жасай бастайды.
Сөйтіп, олар өздерінің мінез-құлқын тек өзі үшін маңызды тұлға-
лардың көзқарастары арқылы ғана емес, сонымен қатар Мидше айт-
қанда, «жалпы басқалардың», яғни қарым-қатынас жасайтын бар-
лык; басқа адамдардың пікірлері арқылы бағалауды үйренеді. Жалпы,
басқалардың пікірін түсіну мәдениет нормалары мен қүндылықта-
рын білумен тең. Бүл процесс арқылы, мәселен, америкалық, нигерия-
лық не поляк ретінде әрекет етуді үйренеміз.
Адамдардың барлығы мәдениет нормалары мен қүндылықтарын
үйренсе, бүл олардың бәрі бірдей әрекет етіп, бәрі бірдей ережелерге