Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет31/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   147

МӘДЕНИЕТ
73
жоқ болғандықтан, Сапир-Уорф болжамы бойынша, осы сезімді ағыл- 
шынтілділерге  қарағанда  немістілді  адамдар  әлдеқайда  жақсырақ 
сезінуімүмкін.
Соңғы жылдары бүл теория көп қарсылыққа үшырады. Көптеген 
лингвистер тілдер арасындағы айырмашылықтар ойлауға аздап эсер 
етуі  мүмкін  десе  де  (Deutscher,  2010),  тіл  мен  адам  ойының  әмбебап 
қасиетгері  осы  айырмашылықтардан  асып  түседі  деп  санайды.  Бір 
тілден  екіншісіне  аудару  қиындықтары  тілдер  арасындағы  таным- 
дық-тұжырымдамалық  айырмашылықтарды  бейнелейді;  дегенмен 
бүл айырмашылықтарға қарамастан, осы аударманың өзі барлық мә- 
дениеттегі адамдар бірдей лингвистикалық және тұжырымдамалық 
мүмкіндіктерге  ие  екендігін  көрсетеді  (Trudgill,  2000).  Schadenfreude 
сияқты  сөздердің  жоқтығы  ағылшын  тілінде  сөйлейтіндер  біреудің 
қиындықтарына қуанбайды дегенді білдірмейді.
Құндылықтар
Мәдениеттің тілден кейінгі ең басты және айрықша қыры -  оның қүн- 
дылықтары.  Құндылықтар -  қажетті  мақсаттар  туралы  ортақ  идея- 
лар (Hitlin & Piliavin, 2004). Әдетте құндылықгар жақсы не жаман, қа- 
жетті не қажетсіз  болып келеді.  Мысалы, АҚШ тұрғындарының  көбі 
бақытты  некені қажет деп  санайды.  Осы және  басқа  да жағдайларда 
құндылықтар  жалпылама  болуы  мүмкін.  Олар,  айталық,  бақытты 
неке неден құралатынын айқын көрсетпейді.
Кейбір  мәдениеттер  мейірімділік  пен  ынтымақты  бағалайды; 
енді бірі қатаңдық пен бәсекені қош көреді. Дегенмен барша халықтар- 
ға ортақ құндылықтар да бар, сондықтан белгілі бір құндылықтар әм- 
бебап  болып  келеді.  Мысалы,  әрбір  мәдениет тұрақтылық  пен  қауіп- 
сіздікті,  мықты  отбасы  мен  жақсы  денсаулықты  бағалайды.  Бірақ 
түрлі  мәдениеттер  осы  мақсаттарға  әртүрлі  тәсілдермен  қол  жеткіз- 
еді. Көптеген дәстүрлі қоғамдарда адамдар көп бала тәрбиелеп, сол ар- 
қылы қауіпсіздікке қол жеткізуге тырысады. Керек кезде сол балалар 
ата-анасына  және  бір-біріне  көмектеседі.  Америка  қоғамында  жеке 
тұлғалар банкке ақша салу немесе білімге инвестиция жасау арқылы 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  тырысады.  Ал  Тынық мүхиттың  сол- 
түстік-батысындағы Квакиутл тайпасының өкілдері байлықты жинау 
арқылы  емес, керісінше,  оны  сыйға  тарту арқылы  (өздері  мұны  «пот­
лач дәстүрі» деп атайды) экономикалық қауіпсіздікке жетуге болады 
деп  санайды.  Біреу бөгде  адамға  сыйлық берсе,  оны  алған  адам  бола- 
шақта  әлгі  кісіге  көмектесуге  міндетті  болады.  Осылайша,  кедейлер 
қажетті сыйлықтар алып тұрмысын түзейді, ал байлар  байлығынан 
айырылған жағдайда көмекке үміт арта  алады. Яғни мәдениеттердің 
көбі  кесапат  пен  қарттықтың  қамын  құндылық деп  бағалағаиымен, 
бүл мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсілдері әркелкі болып келеді
әлеуметтану және 
сіз
Теледидар, интернет желісі, 
билбордтар және басқа жерлердегі 
жарнамалар әлеуметтендіруде 
маңызды рөл атқарады. Мысалы, 
Soda жарнамалары бір брендтің 
басқаларға қарағанда дәмді екенін 
көрсетіп қана қоймай, сол брендтің 
пайдаланушылары көңілді, 
бай, тартымды және басқаларға 
қарағанда танымал екендігіне 
көз жегкізуге тырысады. Сіздің 
сүйікті сусыныңыз қалай 
жарнамалануда?
Нормалар
Белгілі бір мәдениет шеңберінде кеңінен қолданылатын мінез-құлық 
ережелерін  нормалар  дейміз.  Нормалар  адамдардың  не  істеуі  керек 
немесе  не  істемеуі  керек  екенін  көрсетеді.  Кейде  біз  орындайтын  іс- 
тердің тізімі шексіз  болып  көрінеді.  Біз  таңертең  «қатты  шаршадым, 
бірақ ерте тұруыма тура келеді» деген сөзбен күнді бастап және кешке 
«қыдырғым келеді, бірақ ертең сабаққа ерте тұруым керек» деп күнді 
аяқтауымыз  мүмкін.  Сонымен  бірге  тісті  тазалау  керек,  көкөніс  жеу 
керек, көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу керек және т.б. нор-
Қүндылықтар - қалаулы 
мақсаттар туралы ортақ идеялар.
Нормалар - адамдардың қалай 
ойлауы және әрекет етуі керектігін 
көрсететін жалпы мінез-қүлық 
ережелері болып табылады.


74
2-ТА РА У

Әдетте күнделікті өмірде ұстанатын 
I   нормалар мына сыныптағыдай айқын 
емес. Соған қарамастан, көпшілігіміз 
айналамызды бақылау арқылы 
әлеуметтік нормаларды еш қиындықсыз 
тусіне аламыз.
малар да жетіп артылады. Тізімнің ұзақтығы соншалық, кейде міндет- 
тер тым көп, ал таңдау тым аз сияқты көрінеді. Әрине, кейбір іс-әрекет- 
тер міндетті емес және таңдау жасауға мүмкіндік береді, бірақ жалпы 
мәдениеттің мәні -  өмір сүрудің тәртібі, орындалуға тиіс ережелер.
Дегенмен  нашар  жоспарланған  жобадан  нашар  үй  салынатыны 
сияқты, «жаман» немесе дисфункциялы норма түрлі қиындықтарға 
әкеп соқтырады (Wilier, Kuwabara, &  Масу, 2009).  Мысалы,  соңғы жыл- 
дары «әркім үлкен үйде тұруы керек, үлкен үй алмаса, ол -  ақымақ» де­
ген  норманың кесірінен несие төлей алмай,  банктер үйлерін тартып 
алған адамдар көбейді. Кей нормалар бір дәуірде жақсы болса, енді бірі 
белгілі топқа ғана лайықты болуы мүмкін. Ал кей нормалардың мүл- 
де мағынасы жоқ.
Пайдалы я  зиянды  болсын,  нормалар  маңыздылығына қарай  әр- 
келкі  болып  келеді.  Кейбіреулері  сән  үлгісі  тәрізді  қысқа  мерзімдік, 
өткінші болады. Енді бірі, айталық, моногамияны (немесе полигамия- 
ны) қолдайтын нормалар күшті болады және ұзақ уақыт өмір сүреді, 
өйткені олар осы мәдениеттің басты бағыты болып табылады. Әдетте 
нормаларды дәстүрлер және ғұрыптар деп екі топқа бөлеміз.
Дисфункциялы нормалар - қоғам 
мүдделеріне қарсы әрекет ететін 
нормаларға жатады.
Дәстүрлер - әдепкі, қарапайым 
және дағдылы тәсілдер арқылы 
жасалатын нормалар.
Дәстүрлер
Дәстүр  сөзі  бір  топтың  әдепкі,  қарапайым  және  дағдылы  тәсілдерін 
білдіретін  нормаларды  сипаттайды.  Дәстүр  -   түрақты  дәстүрлерді 
(мысалы, АҚШ-тың тәуелсіздік күні -  4 шілдедегі отшашу) қамтитын, 
сондай-ақ уақытша сауық пен сәнді де қамтитын (кең немесе тар киім 
кию сияқты) ауқымды түсінік.
Дәстүрдің  ешқандай  моральдық  құндылығы  жоқ.  Егер  қалып- 
тасқан  дәстүрді  бұзып,  таңертеңгілік  гамбургер,  ал  кешкі  асқа  сүлы 
ботқасын  жесеңіз,  еденге  ұйықтап немесе  шашыңызды  күлгін түске 
боясаңыз  басқалар  сізді  біртүрлі,  қызық  немесе  есалаң  адам  деп  қа- 
былдауы  мүмкін,  бірақ  олар  сізді  азғын  немесе  қылмыскер деп  есеп- 
темейді.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау