Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет33/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   147

78
2-ТАРАУ
ді. Осындай бауырластық мүшелері ерекше өмір салтын қабылдайды: 
жыныстық ерекшелігіне  сәйкес бөлінген үйлерде бірге тұру, тамақта- 
ну,  басқа  мүшелермен  қарым-қатынас  жасау  дағдылары  белгілі  бір 
нормаға  сәйкес болады.  Осы  субмәдениеттің белсенді өкілдері  өздері 
оқитын  оқу  орнында  күшті  қолдауға  ие  болады  және  осы  байланыс 
оқуын бітіргеннен кейін де жалғаса береді.
Субмәдениет устем  мәдениеттен  ерекшеленеді,  бірақ  оған  қарсы 
келмейді.  Ал  контрмәдениет құндылықтары,  мүдделері  мен  наным- 
сенімдері  және  өмір  салты  бойынша  үстем  мәдениетпен  сәйкес  кел- 
мейтін топтарға қатысты. Бұл конфликтінің мәнін АҚШ-тың контрмә- 
дени топтары -  панктер арасынан анық көре аламыз. Кейбір жартылай 
панктер  шашын қырып тастап,  өлім  туралы рок әндерін  тыңдаса да 
мектепке  баруға  немесе  жұмысқа  орналасуға  мүмкіндік  табады.  Ал 
хардрок  панктер  «тура»  қоғаммен  байланысын  үзілді-кесілді  үзеді. 
Олар  жүмыс  істеуден  немесе  қайырымдылық  көмегін  қабылдаудан 
бас тартады; көбінесе көшеде ашулы кейіпте, аш қүрсақ жүріп өмір сү- 
реді. Олар қолдарына тұтастырып татуировка салғызады, киімдеріне 
немесе  қасына  түйреуіш  тағып  алады,  себебі  басқа  адамдарға  негізгі 
құндылықтардан бас тартқанын білдіруі қажет.
Ассимиляция ма, мультимәдениет пе?
Контрмәдениеттер -
құндылықтары, мүдделері, 
наным-сенімдері және өмір салты 
көпшілік мәдениетіне сәйкес 
келмейтін топтар.
Ассимиляция - адамдардың 
үстем топтың құндылықтары мен 
әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп, 
қабылдау процесі. Бұл процесте олар 
өз құндылықтарын толығымен 
немесе жартылай жоғалтады.
Мультикультурализм - 
мәдениеттегі әртүрлі мәдени 
құндылықтарды бағалап, қолдау 
қажеттігіне деген сенім.
Соңғы  кезге дейін  көптеген  америкалықтар  өз  қоғамындағы  әртүрлі 
этникалық және діни  субмәдениег өкілдеріне басым көпшіліктің мә- 
дениетін  қабылдаған  дұрыс  деп  санады.  Ассимиляция  адамдардың 
үстем топтың құндылықтары мен әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп, 
қабылдау процесін білдіреді, бүл процесте олар өз құндылықтарын то- 
лығымен немесе жартылай жоғалтады. 12-тарауда ассимиляция білім 
беру мекемелерініңнегізгі мақсаттарының бірі болып табылатындығы 
егжей-тегжейлі талқыланған  (Spring,  2004).  Мектепке  баратын имми­
грант балалар  ағылшын  тілінде  оқып,  жазуды  ғана  үйренбейді,  сон- 
дай-ақ  америкалық тағамдарды,  идеяларды және  әлеуметтік тәжіри- 
бені өз мәдениетінен артық көруді үйренеді. Мұғалімдер Хуан немесе 
Май  Ли  есімді  балаларды  Джон  немесе  Мэри  деп  атауға  шақырады. 
Мектеп  бағдарламаларында  еуропалықтар  мен  америкалықтардың 
тарихына,  өнеріне,  әдебиетіне,  сондай-ақ  олардың  ғылымға  қосқан 
үлесіне  баса  назар  аударылып, АҚШ-тағы үлес  салмағы томен топтар 
мен батыстық емес мәдениет өкілдерін елеусіз қалдыру бұрынғыға 
К а ­
раганда бәсеңдегенмен әлі де жалғасуда.
Алайда  соңғы  ширек  ғасырда  АҚШ  әртүрлі  мәдениеттерді  кірік- 
тіретін  емес,  араластыратын  орта  бола  алатындығына  америкалықтар- 
дың көздері жетті. Көптеген адамдар бұл «араласу» елге пайдалы екенін 
және оны жоюдан гөрі дамыту керектігін түсінді. Мұндай көзқарастарды 
негізінен  мультимәдениеттілік деп атайды.  Осы идеяны  басшылыққа 
алған көптеген мектептер мен университеттер енді америкалық мәдени 
әркелкілікті нақты көрсететін материалдарды қамтымақ.
Case Study: кереңдікті субмәдениет 
ретінде тану
Есту  қабілеті  қалыпты  адамдардың  көпшілігі  кереңдікті  жағымсыз, 
тіпті  сұмдық нәрсе деп есептейді (Dolnick,  1993). Жоқ дегенде емдеуді 
қажет ететін ауру ретінде қарайды. Дегенмен кейбір саңырау адамдар 
оны  мүгедектік  емес, мәдени тенденция деп  есептейді  (Dolnick,  1993; 
Padden & Humphries, 2006). Олар үшін кереңдік есту қабілетінің болма-


МӘДЕНИЕТ
79

Саңырау студенттер мәдениетті ортақ 
I   деп біледі және кез келген азшылық 
мәдениетінің құқықтарына ұқсас 
қүқықтарға ие болуымыз керек деп 
санәйды.
уы емес, америкалық сигнал тіліне (ACT), яғни ортақ тілге негізделген 
құнды  мәдени  тенденция  болып  табылады.  ACT  -   ағылшын  тілінде 
екі қолының көмегімен  сөйлеу ғана  емес,  сондай-ақ грамматика,  сөз 
иірімдері  және  поэзиямен  толықтырылған  тіл.  Сонымен  қатар  ACT 
оқытылады және ортақ пайдаланылады. Ести алатын нәрестелер сөй- 
леуді былдырлаудан  бастаса,  ести  алмайтын  сәбилер  саусақтарымен 
«былдырлайды»  (Dolnick,  1993).  Бұл  ортақ тіл,  өз кезегінде,  ортақ қун- 
дылықтардың болуына  және ұнамды топтық сәйкестікке жетелейді. 
Зерттеулер көрсеткендей, көптеген саңыраулар мүмкіндігі бола тұра 
«есту» тенденциясына қосылуды қаламайды.
Кереңдікті мәдени тенденция ретінде қабылдау, бұрыннан айты- 
лып  жүрген  көптеген  проблеманы  қамтиды.  Мәдениет  проблеманы 
шешеді, сол сияқты саңыраулардың мәдени тенденциясы да адамдар- 
дың қарым-қатынас  проблемасын  шешуге  мүмкіндік  береді. АСТ-ны 
қолдану  саңырау  адамдардың  ортақ  құндылықтарын,  нормаларын 
және  белгілі  бір  мәдениетке  сәйкестігін  ұқтырып,  өмірлік  тәжірибе- 
лерін  қалыптастырады.  Сол  себепті  көптеген  саңырау  адамдар  тың- 
дау  құралдарының  көбеюіне  наразылық  білдірді  (Arana-Ward,  1997). 
Кейбір  адамдардың  құлағына  осы  құрылғыларды  хирургиялық жол- 
мен  енгізгенде  дыбыстарды  ести  алу  қабілетін  қалпына  келтіруге 
көмектеседі.  Алайда  дыбыстарды  есту  олардың  мағынасын  түсінуді 
білдірмейді: имплант қолданушылардың көбі әсіресе туғаннан керең 
балалар  бұл  дыбыстарды  бірнеше  ай  немесе  жылдар  бойы  жасалған 
жаттығулардан кейін де түсіне алмайды. Сондықтан құлаққа жағым- 
сыз үндерден көңілі қалады.  Кейбір  белсенді саңыраулардың пікірін- 
ше,  имплант  қолданатын  көптеген  бала  қалыптасу  кезеңінде  уақы- 
тын мағынасыз күреске, яғни есту әлеміне бейімделуге жұмсайды, ал 
оның  орнына  ACT  тілінде  сөйлесушіге  немесе  кереңдер  қоғамының 
лайықты  мүшесіне  айналуға  болар  еді.  Осылайша,  белсенділер  есту 
импланттарын бейтарап медицина  технологиясы ретінде  емес, ести- 
тін адамдардың этноцентризмінің үлгісі ретінде қарастырады.
Сонымен  бірге  саңырау  америкалықтар  америка  мәдениетін- 
де  өмір  сүретіндіктен  (газет оқу,  сауда  орталығында  киім  сатып  алу,


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау