МӘДЕНИЕТ
71
С и м в о л а р қ ы л ы б а й л а н ы с
нені білдіреді? Мысалы, сіз «ит» сөзін
естісеңіз немесе кітаптан осы сөзді білдіретін қисық және түзу сы-
зықтарды көрсеңіз әңгіме төрт аяқты үй жануары туралы екенін
түсінесіз. Байланыстың барлығы таңбаларды пайдалану арқылы
жүзеге асады. Тіпті қолын тигізу немесе меңзеу секілді дене қи-
мылдарының мағынасы да мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарасты-
рылады.
Әлеуметтік лингвистиканы (тіл мен қоғам арасындағы қарым-қа-
тынас) зерттеушілер тілдің мәдениетке үш түрлі қатысы бар дейді: тіл
мәдениетті
бейнелейді; тіл - мәдениет символы;
тіл мәдениеттің негі-
зін құрайды (Romaine, 2000; Trudgill, 2000).
Тіл - мәдениеттің бейнесі
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы; ол қоғамның құндылықтары мен
мағыналарын, сондай-ақ оның салттары мен рәсімдерін, тарихы мен
мұң-мұқтажын білдіреді. Бір мәдениеттің тілін білмейінше оған то-
лық араласа алмайсыз (Romaine, 2000; Trudgill, 2000).
Тілдің жоғалуы мәдениеттің жоғалуына әкелуі кәдік. Бір кез-
дері АҚШ-тағы байырғы америкалықтар қолданған 300-400-дей
тілдің тек шамамен 20-сы ғана ұзақ өмір сүруі мүмкін (Dalby, 2003,
147-148). Бүл тілдер өлгенде үндістер мәдениетінің маңызды қыр-
лары да жоғалады. Тіл мен мәдениет арасында осындай өмірлік
байланыс болғандықтан АҚШ-тағы француз және қытай балала-
рының көпшілігін ата-аналары мектептен кейін немесе демалыс
күндері ана тілдерін үйрену үшін арнайы дайындық сабақтарына
жібереді. Сол себепті АҚШ заңдары бойынша Америка азаматты-
ғын алардан бұрын ағылшын тілін үйрену талап етіледі. Француз
немесе қытай мәдениетіне толық араласу үшін осы тілдерді білу
керек; АҚШ мәдениетіне араласу үшін ағылшын тілін білу қажет.
■ Тіл осындай маңызды
I тасымалдаушы әрі мәдениет
символы болғандықтан, әлемнің
барлықбөлігінде өз тіліне қауіп төнді
деп санайтын халықкөтеріліске
шығады.
Тіл - символ ретінде
Ортақ тіл - бір халықтың мәдениеті ортақ екенін айғақтайтын ең көр-
некі символ. Тіл өзгешілігі арқылы бір халықты екіншісінен ажыра-
туға болады немесе керісінше, ортақ тілдің болуы халықтың бірлігін
паш етеді (Joseph et al. 2003; Romaine, 2000; Trudgill, 2000). Осы себепті
өз мүшелерін жүмылдыруға тырысатын топтар ортақ тілде сөйлеуді
талап етеді. Мысалы, 1900 жылдардың басында Еуропаның геттолары-
нан сол кездегі Палестинаға көшкен алғашқы еврейлер өз қауымдас-
тығындағы барлық адамнан иврит тілінде сөйлеуді талап етті. Бірақ
тек дұға кезінде болмаса жүздеген жылдар бойы еврейлерден ешкім
иврит тілінде сөйлемеген еді. Соған қарамастан, бірнеше онжылдық
ішінде иврит Израильдің мемлекеттік тіліне айналды.
Сол сияқты, соңғы жиырма жылда кейбір америкалықтар екі
тілді оқытуға қарсы шығып, ағылшын тілін АҚШ-тың жалғыз мем-
лекеттік тілі етіп жариялауды талап етіп келеді, ал канадалық
француздар - француз тілін Квебектің мемлекеттік тілі ету үшін
күрескен (Dalby, 2003). Мексика мен Франциядағы мемлекеттік құ-
рылымдар ағылшын сөздерінің испан және француз тілдеріне еніп
кетпеуі үшін күресіп келеді. Бұл әрекеттің барлығы - символ үшін
күрес, себебі кез келген елдегі иммигранттар болсын, тұрғылық-
ты азаматтар болсын, барлығы ең жоғарғы қоғамдық мәртебесі бар
және қоғамдық түрғыдан ыңғайлы тілге қарай ұмтылады (Ricento
& Burnaby, 1998).
72
2-ТА РА У
2.1-картадан үйінде агылшын тілінен басқа тілде сөйлейтін әр
штаттағы адамдардың үлесін көреміз. Бірнеше штатта (Батые Вирджи
ния мен Монтананы қоса алғанда) бұл көрсеткіш 5 пайыздан төмен.
Ал Техаста, Иью-Мексико мен Калифорнияда халықтың 30-40 пайы-
зына дейін басқа тілде сөйлейді (негізінен, испан тілінде). Алайда бұл
адамдардың көбі үйден тыс жерлерде агылшын тілінде сөйлеседі, ал
қазіргі балалардың көбі агылшын тіліне қарай ойысып жатыр. Тарих
көрсегкендей, ағылшын тілін білмейтін бүл кісілердің балалары ер-
тең тек агылшын тілінде сөйлейтін болады (Dalby, 2003).
Сапир-Уорф болжамы бойынша,
әр тілдегі грамматика,
құрылым
және санаттар сол тілде
сөйлейтіндердің болмысты қалай
көретініне эсер етеді. Мұны кейде
лингвистикалық салыстырмалы
болжам деп те атайды.
Тіл - қалып ретінде
Кейбір тіл мамандарының айтуынша, тіл біздің мәдениетімізді сипат-
тап қана қоймайды, мәдениетімізді дамытатын қалыпты жасауға да
көмектеседі.
Сапир-Уорф болжамы бойынша (лингвистикалық са
лыстырмалы болжам деп те аталады) тілдегі грамматика, құрылым
және тұжырымдамалар осы гілде сөйлейтін адамдардың ойлау қа-
білетіне эсер етеді (Deutscher, 2010). Мысалы, немістің schadenfreude де
ген сөзі «басқа біреудің бақытсыздығы есебінен бақытты болу» деген-
ді білдіреді, ягни біреу қор нарығында ақшасын жоғалтса, енді біреу
жығылып қалса соларга күлу деген сөз. Агылшын тілінде мұндай сөз
2.1-КАРТА. Үйінде ағылшын тілінен басқа тілде сөйлейтін 5 және одан жоғары жастағы АКДІ турғындарының үлесі
Бүгінде АҚШ халқының шамамен 20 па йызы үйлерінде ағылшын тілінен басқа тілде сөйлейді, кейбір америкалықтар: «Бүл Америка
мәдениеті мен ағылшын тіліне қауіп төндіреді», - деп алаңдайды. Бірақбасқа тілде сөйлейтін бүл адамдардың көбі ағылшын
тілінде сөйлей алады, ал олардың балалары тек ағылшынша сөйлеседі
ДЕРЕККӨЗ: АҚШ Халық санағы бюросы (2011Ь)
MONTANA
NORTH DAKOTA
MINNESOTA
SOUTH DAKOTA
WISCONSIN
'•DOMING
NEBRASKA
INDIANA
f
1
VlBOlNV
MISSOURI
KANSAS
KENTUCKY
ARKANSAS
SOUTH
'
-
a r o u n a
..
Mfciv AttX.ro
ALABAMA
LOUISIANA
flORSOA
Ағылшын ті; інен
басқа тілде сөйлейтін
турғындардыңүлесі
□
2-6,9%
□
7-9,9%
Ш
10-19,9%
В >20%