Нұргүл ОҚашева сәлімхан Сәбитов: “Мен мүмкіндігі шектеулі жан емеспін!”



жүктеу 48,77 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі48,77 Kb.
#152

Нұргүл ОҚАШЕВА
Сәлімхан Сәбитов: “Мен мүмкіндігі шектеулі жан емеспін!”
“Ауру адам сау адамның басынан тәж көреді” деп бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмірдің қуанышы мен қызығы да денсаулыққа байланысты екенін балтырың сыздап, бүйрегің шаншығанда білесің. Содан шығар, дана бабаларымыз адамның басты бақыттары – денсаулық пен жастық шақ екендігін айтқан. Денсаулықты күтіп, бағалау – әр адамның өз қолында. Дегенмен де, өмір болған соң неше түрлі жағдайлар орын алып жатады. Табиғаттың тосын құбылыстарының, оқыс оқиғалардың, өзімізге деген немқұрайдықтың салдарынан денсаулыққа көптеген зиян келетіні дүйім жұртқа аян. Ал өмірге келген күннен бастап, мүмкіндігі шектеулі адам атанған жандар қаншама? Сондай жанның бірі – М. Қозыбаев атындағы университеттің түлегі Сәлімхан Сәбитов. Мына суреттегі әп-әдемі жігіттің тірек-қимыл қозғалыс жүйесінің зақымданған бірінші топтағы мүгедек екеніне кім сенеді? Туғаннан екі аяғын еркін басу бақытынан айрылса да, қиындыққа қарсы тұруды үйренген Сәлімхан сұхбаттасуға редакцияға өзі келді.

cialis 5mg australiacheap no prescription cialisonline meds cialisbuy tadalafil europegeneric cialis 10mggeneric cialis cheapestcialis generic tadalafilovernight cheap cialiscanadian pharmacy cialis genericcheap no prescription cialiscialis 35 mggeneric cialis discount

argaiv1529

– Сәлімхан, алдымен өзіңіз жайында айтып өтсеңіз?

– Мен 1991 жылы Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында өмірге келгенмін. Отбасында бес баламыз. Мен балалардың үлкенімін. Менен кейін екі інім мен екі қарындасым бар. Інілерім әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеп келді. Ал қарындасым – студент. Кіші қарындасым үш жаста. Әкем “Айыртау таңы” газетінде 15 жыл бойы тілші болып қызмет еткен. Ал анам үй шаруасымен айналысады. Кейде әлеуметтік, мерзімдік жұмыстарды істейді. Мен, дәрігерлердің айтуынша, өмір есігін мүгедек болып ашқанмын. Яғни, тірек-қимыл қозғалыс жүйесі зақымданған деген сарап қойған. Мен оған Алланың сынағы деп қараймын. “Жаратушы иеміз сүйген құлдарына түрлі қиындықтар жіберіп, өмірде жасаған қате-кемшіліктерін біліп, білмей жасаған күнәларын кешіреді” деген хадисті оқығаным бар. Мен мүгедек болсам да, мүмкіндігім шектеулі емес. Жұрт қатарлы еңбек етемін, жұмыс істеймін, ақша табамын.

Кішкентайымнан ата-әжемнің тәрбиесінде өстім. Олар мені төзімділікке, сыпайылыққа, қандай жағдай болса да, адамгершіліктен аттап өтпеуге үйретті. Бірінші сыныпта оқып жүргенімде әжем мектепке арқалап алып баратын. Кейін мұғалімдер бір жерде құлап, мертігіп қала ма деп, денсаулығыма алаңдай бастаған соң, қаладағы Ш. Шақшақбаев атындағы мүгедек балалар мектеп-интернатына оқуымды ауыстырдым. Сол күннен бастап өмірдің оңай еместігін түсіндім. Ұстазымыз Шәміл ағай “Адам бүгін бар, ертең жоқ” деп үнемі айтып, жігерімізді қайрап отыратын. Өмірде кездесетін түрлі қиындықтардан өтіп, сәтсіздіктерді өз күшімізбен ғана жеңе білуімізді айтатын. Мектепті 5 пен 4-ке тамамдап, М. Қозыбаев атындағы университеттің журналистика мамандығының күндізгі бөлімін бітіріп шығуыма ата-анам мен ұстазымның үлесі зор деп білемін.

– Журналиспін дедіңіз. Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды? Мүмкін әке жолын қуғыңыз келген де шығар?

– Иә. Бұл мамандықты таңдауыма әкемнің де ықпалы болды. Алайда, әкем маған “Жүрегің нені қалайды, соны істе”, – деп өз бетіммен шешім қабылдауыма көп мән беретін. Оқушы кезімнен бастап өлеңдер мен шағын әңгімелер жазуға әуес болдым. Уақыт өте келе бойымдағы қабілетім мен қарымым шыңдалып, журналистикаға алып келді. Университетте оқыған алғашқы жылдар мен үшін ауыр болды. Кейін үшінші және төртінші курстарда МТРА телеарнасы мен “Северный Казахстан” газетінде тәжірибеде жүріп, көп нәрсені үйрендім. Сол кезде жүрналист болудың оңай емес екенін түсіндім. Төлеген Айбергенов айтқандай: “Ақын болу – сыздаған барлық жараның аузында жүрумен тең” деп ұқтым. Жаным мұңайып, әлдекімдерден көңілім қалғанда жарамның емін өлеңнен іздеймін. 1-2 шумақ өлең жазып, уақытша болса да, сергіп қаламын.

– Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Кейбіреулер үшін бақыт қыруар ақшамен, дүние-мүлікпен, зәулім үймен өлшенсе, ал әлдекімдер балашағасының жайнап, қазаношағының қайнап отырғанын бақ көреді. Ал туа-бітті немесе өмірдің түрлі сәтсіздіктерінен сүрініп, әрқилы жағдайға ұшырап, он екі мүшесіне зақым келген жарымжан жандардың түсінігінде бақыт деген ұғым қандай?

– Бұл сұраққа бір-ақ ауыз сөзбен жауап беруге болатын сияқты. Мен үшін бақыт деген – басқа түскен қандай іске болсын қанағат ету.

– “Ардос-Жүрек” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің бірісіз. Аталмыш ұйымның алға қойған мақсат-міндеттері қандай?

Бұл бірлестікті құру біздің, яғни өзім секілді мүгедек жастардың арманы болатын. Досым, аталмыш ұйымның төрағасы Ақжан Кәрім бұл бірлестіктің өмірге келуіне көп еңбек сіңірді. Демеушілер тауып, қаражат көзін ашты. Бүгінде бізге облыстық әкімдік қолдау көрсетіп, “Метро” ғимаратынан бір кабинет ашып берді. Жақында күрделі жөндеуден өткізіп, тұрақты жұмыс істеу ойымызда бар. Құрамымызда 11 адам. Біздің негізгі мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі, яғни өз бетімен жүріп-тұруға, киімдерін өзі киіп, тамақ ішуге қабілетсіз жарымжан жандарға көмектесу. Оларды ата-аналары мен бауырларына салмақ түсірмей, өз беттерімен өмір сүруге дағдыландыру. Өзімізге тартып, оқыту, ғаламтормен жұмыс істеуге үйрету. Қаламызда ДЦП диагнозымен ауыратын, тіпті, басын көтере алмайтын мүгедектер де кездеседі. Сол мүгедек жандарға қолымыздан келгенше көмек беру – бірлестіктің негізгі міндеті.

– Өңіріміздің абыройын республикалық сайыстарда асқақтатып, түрлі жетістіктерге жетіп жүргеніңізді жақсы білеміз. Сол туралы айтып өтсеңіз?

– Иә, республикалық “Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз” атты үздік студенттер сайысы, “Разные, равные” конкурсы, мүгедектер арасындағы жеңіл атлетика сайысы, айта берсем көп. Мен үшін басты нәрсе қатысып, жүлде алу емес. Мүгедектерден үркіп, көре қалса сыртымыздан қолдарын шошайтып қарайтын қоғамның теріс көзқарасын түбегейлі өзгерту. Біз де түрлі байқауларға қатысып, жетістіктерге жете алатынымызды дәлелдегім келеді. Біз де дүниенің кем-кетігіне кірпіш болып қаланып, ойлаған жоспарларымызды жүзеге асырғымыз келеді. Біз де мүмкіндіктерімізді дәлелдеп, жағдайы қиын жандардың қайғысын тең бөліп, көңілдеріне қуаныш сыйлағымыз келеді.

Өмірде біреудің қуанышына ортақтасу өте оңай да, ал қайғы теңізін бірге кешу азапты бастан бірге өткергенмен тең. Сондықтан да өзімдей жандардың мұңшерін жаныммен ұғынып, көмектесу адамдық парызым деп білемін.

– Бүгінгі жастарды қандай мәселелер ойландырады?

– Кейде қол-аяғы сап-сау жас қыз-жігіттердің ішімдікке салынып, әр бұрышта темекісінің түтінін будақтатып, сол әдепсіз әдеттерімен мақтанып тұрғанын көріп: “Шіркін, мен де солардай дені сау жан болсам, қоғамға пайдалы басқа да жұмыстармен айналысар ма едім?” – деп ойлап қоямын. Кейін бұл әрекетімнің күпірлік екенін біліп, Алланың сергек сана бергеніне де шүкіршілік етемін. Қазіргі жастар жаһандану деп жаппай Батысқа еліктеп, ар-ұят, адамгершілік деген адами құндылықтардан ада болып бара жатыр. Бүгін үйленген жастар ертең ажырасады. Жалпы, жастардың санасын ғаламтор жаулап алды. Бұдан құтылудың бірден-бір жолы – адамды рухани тәрбиелейтін әдеби кітаптар оқу. Көркем туындылармен сусындап өскен әрбір өреннің көңілі де таза, өмірі де мәнді болады.

Екіншіден, мүгедек жастардың ертеңіне алаңдаймын. Олардың да ішінде өнерлі, білімділері бар, алайда соны паш ететін мүмкіндіктері жоқтың қасы.

– Әңгімеңізге рақмет!


// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 9 қазан
жүктеу 48,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау