68
2-ТА РА У
1
1911 жылы Роберт Ф.Скотт бастаған
британдық топ пен Руаль Амундсен
бастаған норвегиялықтоп Антарктикаға
жеткен алғашқы зерттеушілер болды.
Британдықтоптың этноцентризмі
оларды құрдымға кетірді: Скоттың тобы
шананы өздері сүйреп, қазаға ушырады,
ал Амундсеннің командасы инуиттердің
ит-шаналары мен шаңғы техникасын
қолданғандықтан, сапарларын сәтті
аяқтады.
дың өзара қарым-қатынасындағы күнделікті ұсақ-түйектен бастап
өркениеттің соңғы жаңалықтарына дейін үйрете бастады. Полинезия-
лықтарды сағат
пайдалануға, кездесуге
уақытында келуге, полинезия-
лық климатқа сай болмаса да киім киюге үйретті. Миссионерлер осы-
лай өмір сүру өзін-өзі үстаудың жалғыз дұрыс жолы деп есептеді.
2.1-сызбада көрсетілгендей, этноцентризм Еуропа елдеріне қа-
рағанда АҚШ-та басым болып келеді. Алайда «басқа мәдениеттермен
салыстырғанда біздің мәдениет жақсы» деп есептейтін америкалық-
тардың саны 2002 жылы 60 пайыздан 2011 жылы 49 пайызға дейін тө-
мендеген және бұл көрсеткіш басқа, көп елдегіден әлдеқайда төмен
(Pew Research Center, 2011).
Этноцентризм, көбінесе әртүрлі мәдениет адамдары арасындағы
өзара әрекеттестікке кедергі келтіреді, бұл жек көру мен түсінбеуші-
лікке әкеледі. Алайда бүл мүлдем жаман нәрсе емес. Этноцентризм өз
мәдениетін мақтан тұтуды және жеке өмір салтына деген сенімділікті
арттырады. Демек, қоғамның бірлігі үшін бұл өте маңызды. Басқаша
айтқанда, адамдар өз мәдениетіне бағынады, өйткені оны өзін дұрыс
ұстаудың жолы деп есептейді. Осындай сенім болмаса қоғамда сәйкес-
тік аз, қайшылық көп болар еді.
Этноцентризм - бір мәдениетте өсіп-өнудің табиғи, тіпті қалау-
лы өнімі. Алайда оның жағымсыз салдары да бар, ол басқаша ойлау
мен сезінудің құнын кемітуге әкелуі мүмкін. Соның салдарынан этно
центризм өзгеріс өздеріне жақсылық әкелетінін біле тұра адамдардың
әдеттерін өзгертуіне мүмкіндік бермейді (Diamond, 2005). Мысалы, Ан-
тарктикадағы норвегиялық зерттеушілер британдық зерттеушілерге
қарағанда әлдеқайда жақсы өмір сүрді,
себебі норвегиялықтар инуит-
тер (эскимос) киімін киіп, шаңғы қолданып, шанаға ит жекті, ал бри-
тандықтар мұндай тәсілді өз деңгейіне сай деп санамай, соның кесірі-
нен қазаға ұшырап жатты (Huntford, 2000).
Мәдениет - әлеуметтік өнім
Әлеуметтанушылардың жасаған қорытындысы: мәдениет- биология-
ның емес, қоғамның нәтижесі. Адамзат қоғамын сипаттайтын мәде-
70
2-ТА РАУ
Әлеуметтік биология - адамның
және басқа барлық тіршілік иелері
мінез-құлқының биологиялық
негіздерін зерттейтін ғылымның
тармағы
Тіл - сөйлеу, жазу немесе ишара
сияқты символдардың көмегімен
байланысу қабілеті.
Биологиялық көзқарас
Discovery арнасы үнемі көрсетіп жүргендей, жаьандағы киім кию және
тамақтану дағдылары, түрмыс жағдайлары және мәдениеттің басқа
қырлары әралуан болып келеді. Адам табиғатының соншалық алуан
турлі болып келетіні таңғалдырмай қоймайды. Сөйтсе де, тереңірек
үңіле қарасақ, отбасы, дін және соғыс сияқты әмбебап ұгымдар
барлық
мәдениетке ортақ болып шығады. Бұл әмбебап ұғымдар биологияның
адам мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Әлеуметтік биология - адамның және басқа барлық тіршілік ие-
лерінің мінез-қүлқының биологиялық негіздерін зерттейтін ғылым-
ның тармағы (Alcock, 2001; Wilson, 1978). Әлеуметтік биологтар барлық
тіршілік формалары эволюция және табиғи іріктеу арқылы дамыған
деп санайды. Осы тұрғыдан алғанда, кейбір гендер жиі репродукция-
ланғандықтан түрлер өзгереді. Гендердің саны артқандықтан, түрлер
осы гендердің белгілеріне ие болады.
Қандай гендер жиі көбейеді? Бойында белгілі бір ген түрі бар
адам көпбалалы болып, оларды ересек жасқа дейін өсірсе, сол ген
дер көбейеді (Alcock, 2001). Мәселен, әлеуметтік биологтар өз балала-
ры үшін құрбандыққа баратын, кейде тіпті бастарын бәйгеге тігетін
ата-аналар көбіне табысты репродукторлар бола алады деп санайды.
Балаларының амандығын қамтамасыз ету арқылы ата-аналар өз
гендерінің жалғасу ықтималдығын арттырады. Әлеуметтік биолог-
тардың айтуынша, соның арқасында біздің бойымызда генді бізден
кейін де жалғастыра беруге мүмкіндік беретін мәдени үлгілерге қа-
тысты биологиялық бейімділік қалыптасқан.
Әлеуметтік биология адамзаттың ондаған мың жылдар бойы да-
муы туралы қызықты теория ұсынады. Биологияның адамның мінез-
құлқына әсерін зерттейтін ғалымдардың көбі «Гормондар, гендер және
хромосомалар адамның құмар ойыншы болып шығуына қалай эсер
етеді?» деген сияқты қазіргі заманның өзекті проблемаларын зерттей-
ді. Биологтар мен әлеуметтанушылардың бірлескен жұмысы адамның
мінез-қүлқын анықтауға биологиялықжәне әлеуметтік факторлардың
әсерін түсінуге көмектеседі. Мысалы, Гуан Го және оның әріптестері
(2009) кіндігі бір және бөлек егіздерді зерттей келе, асқынған маскүнем-
дікке генетикалық бейімі бар әрі достары маскүнем адамдардың іш-
кілікке салыну ықтималдыгы жогары екенін анықтады. Осы сияқты
зерттеулер мәдениет пен биологияның бірлескен әсерін мойындап, оны
ескергенде ғана адамның мінез-құлқын толығымен түсінуге болады де-
генге көз жеткізеді.
Мәдениет таратушылар
Бұл бөлімде материалдық емес мәдениеттің үш маңызды саласын - тіл,
қүндылықтар мен
нормаларды қарастырамыз және олардың қоғам
мен жеке тұлғаларды қалай қалыптастыратынын көрсетеміз. Содан
кейін адамдардың мәдениет ережелеріне сәйкес өмір сүруіне әлеумег-
тік бақылаудың қалай ықпал ететінін қарастырамыз.
Тіл
Мәдениеттің мәні - қоғам мүшелерінің бір-бірімен мән-мағыналар ал-
масуы. Осы алмасудыц басты тетігі - ортақ тіл. Тіл - сөйлеу, жазу неме
се ишара сияқты символдардың көмегімен байланысу қабілеті.