Естімейтін балалар мектебіндегі пәнді іс жүзінде оқыту сабағының құрылымы



жүктеу 36,43 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі36,43 Kb.
#12820

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі



Кожикова С.Н.

Естімейтін балалар мектебіндегі пәнді іс жүзінде оқыту сабағының құрылымы

Пәнді іс жүзінде оқыту сабағы-естімейтін балаларға арналған мектеп- тегі оқу пәні, негізгі пән болып табылады. Пәнді іс жүзінде оқыту пәнінде бағдарлама бойынша дайындық және төртінші сыныптар үшін әртүрлі қолжетімді практикалық жұмыстар қарастырылған. Олар: ермексазбен жұмыс (илеу), жапсырма, қағазбен жұмыс, конструктормен, мозайкамен және матамен жұмыс, әртүрлі материалдарды пішіндеу.

Пәнді іс жүзінде оқыту сабағы естімейтін оқушылардың ой-өрісін, түсінігін, сөйлеу тілін дамытады. Сабақта оқушылар еңбек ету дағдыларын игереді. Жұмыс түрлері кезектестіріліп ұсынылады, бір сабақта балалар ермексазды илейді, келесі сабақта қияды, үшінші сабақта сурет салады, т.б. Пәнді іс жүзінде оқыту сабағының мақсаты оның құрылымына байланысты. Мақсатты таңдау сыныптағы балалардың тілдік деңгейіне және жалпы дамуына байланысты болады. Мұнда пәнді іс жүзінде оқытудың бірыңғай нұсқасы жоқ, ол сабақтардың әртүрлілігімен ерекшеленеді, алайда әрбір сабақта міндетті түрде тақырыппен танысу, жасанды бұйымдарды дайындау және жұмысты бағалау қажет. Сабақтың тақырыбы жасалатын бұйымның атауына байланысты нақтыланады. Мысалы: «Алма» (ермексазбен жұмыс), «Біздің мектеп» (макет), т.б. Ережеге сәйкес, бірінші, дайындық сыныптарында әрбір пәнді іс жүзінде оқыту сабағы жаңа тақырыпты иеленіп, жұмыс түрі алмасып отырады.Мысалы, балалар бірінші сабақта алманы ермексаздан илесе, екінші сабақта жапсырма жасайды, ал келесі сабақта алманың жеміс ретінде суретін салады.

Пәнді іс жүзінде оқытудың міндеттерімен нақтыланған мақсаттары мынадай:



Дамытушылық, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және тұрмыстық түсінік негіздерін қалыптастыруға бағытталған.Мысалы: «Шар», «ермексаз», «илеу» сөздерімен таныстыру, «Қысқы орман» тақырыбында балалардың әңгімелесу барысында білімін жетілдіру, жинақтап қорыту және жүйелендіру.

Логикалық, оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыруға, мысалы: жасалатын бұйымның негізгі бөліктерін ажыратып, есте сақтау, белгілі бір нысанды салыстыруға бағытталған.

Тілдік, оқушылардың тілін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.Мысалы: оқушыларға өз жолдасына ауызша тапсырмалар беруге үйрету, «бұл не?» деген сұраққа жауап беруге үйрету.

Еңбектік, қол икемділігі мен дағдыларға бағытталған.Мысалы: бұйымды жасауға, илеуге, гайка кілті мен бұранданы қолдануды, түйме қадауды үйрету, т.б.

Тәрбиелік, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттеріне, мінез-құлықтарына байланысты бағытталған.Мысалы: тапсырманы орындауда ұқыптылық пен ынталылық таныту, бригадир міндетін атқару барысында белсенділік пен бастамашылыққа тәрбиелеу, т.б.

Пәнді іс жүзінде оқыту сабағында бұйымдармен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдері мыналар:

1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

2. Бұйымдарды жасауға жоспар құру.

3. Жұмысқа қажетті заттарды, құрал-саймандарды дайындау.

4. Бұйымдарды жасау.

5. Жасалған жұмысқа есеп беру.

6. Жұмысты бағалау.

Жоғарыда көрсетілген құрылымдық элементтерді әрбір сабақта жеке бөліп отыру мүмкін емес. Дайындық сыныптарда бұйымды жасау үшін жоспар құрылмайды. Жоспар құру тек қана бірінші сыныпта басталады.Жұмыс барысын жасап, өтініш беріп, барлық қажетті заттар мен құрал-саймандарды таңдап алған соң балалар жұмыс жасауға кіріседі.Дайындық сыныбында алғашқы оқыту күндері естімейтін балаларда сөз тіркесі мен сөздік қоры неғұрлым аз болған кезде балалар жасалатын бұйымдарды мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеу арқылы ғана орындай алуы мүмкін.Мұғалім қандай да бір жасалатын бұйымның үлгісін көрсетеді, мысалы:қызанақтың салынған суретін «қызанақ» деп атын айтады.Сонымен бірге қалталы полотноға алдымен «қызанақ» сөзін, одан кейін «суретін сал» сөзі бар қима қағаз қойылады.Оқушылар әрбір нұсқаулықты мұғаліммен бірге ауызша-дактильді түрде қайталап айтып, кейін оны орындайды.

Көрсеткіштер нұсқаулықпен бірге қалталы полотноға бірінен соң бірі қойылады.Нұсқаулықты ұғыну-мұғалімнің керекті іс-әрекетті тікелей көрсетуімен байланысты.

Балалар оқытудың бастапқы кезеңдерінде өздерінің жұмысы туралы, оны орындау барысына есеп беріп отырады. Мұнда жасалған жұмыс туралы есеп беру кезеңін әрбір сабақта жеке құрылымдық элемент ретінде қарауға болмайды. Ол-бұйымды жасау кезеңімен тікелей байланысты. Сабақты қорытындылау кезеңіне жұмыс туралы есеп беру, балалардың білімін бағалау, үй тапсырмасын беру сияқты құрылымдық элементтер енгізіледі.Оқушылар орындалған жұмыс туралы есеп берген кезде ауызша ғана емес, сондай-ақ тілдің жазбаша да түрін қолданады.

Дайындық сыныптарында оқушылар әлі жаза алмайтын кезде қима қағаздарды қолдана алады және одан керекті сөздер мен есеп берудің сөз тіркестерін құрастыра алады.Содан кейін оқушылар есеп берудің неғұрлым күрделі түріне өтеді, яғни, бұйымды жасау барысына байланысты іс-әрекеттерімен тұтастай «алдымен», «кейін», «сонан соң», «одан кейін» дейтін сөздерді қолдана отырып баяндайды.Білімді бағалау оның мазмұны әртүрлі болғанына қарамай, сабақтың міндетті элементі болып табылады.



Пәнді іс жүзінде оқыту сабағында үй жұмысын беру міндетті болып табылмайды, ол тек қана басталған жұмысты аяқтау үшін қажет болғанда және сабаққа қатысты жұмыс түрінің өзгеруіне байланысты беріледі.
жүктеу 36,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау