Қонақжайлылық мәдениетін дамыту
Қонақжайлылық мәдениетін дамыту шеңберінде бірқатар, ең алдымен, халық арасында түсіндірме сипаттағы шаралар жүйесін жүзеге асыру қарастырылуда.
халық арасында туризмнің ел экономикасындағы рөлі, туристтердің жұмыс орындарын құрудағы экономикалық пайдасы, шетелдік қонақтарға сыпайылық пен төзімділік қолданудың маңыздылығы, қазақстандықтардың қоғамдық орындардағы мінез мәдениеті туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шаралар мен әлеуметтік жарнама акцияларын тұрақты негізде өткізу;
елдің мәдени нысандары мен ескерткіштерін, көшелерін ластауға, дәретханаларда және т.б. тазалық пен гигиенаны сақтамауға бағытталған ұсақ бұзақылыққа нөлдік төзімділікті енгізу.
шетелдік турист үшін кедергісіз ортаны, соның ішінде тілден басталатын, жасау. Ол үшін туристтермен тікелей байланысатын ел халқына – кіру кезіндегі шекарашылар, такси жүргізушілері немесе қонақ үйлердегі әкімшілер, мейрамханалардағы даяшылар, дүкендердегі сатушылар және т.б., жаппай ағылшын тілін оқыту қарастырылуда.
Қолөнершілікті дамыту
Турист үшін мәдени ортаға батудың маңызды факторы қолөнершілікті дамыту болып табылады. Қолөнершілік саласының жүйелік мәселелерін еңсеру үшін келесі шаралар жинағы ұсынылады:
заңнамалық деңгейде қолөнершілік статуты, сондай-ақ уәкілетті органның туризм саласындағы және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері бекітіледі.
өндіріс көлемі мен қолөнер түрлері бойынша Қазақстан қолөнершілігінің тізілімі қалыптастырылады;
басым туристік аумақтарда қолөнершілік шеберханалары желісін құрумен қолөнершілік орталықтарын ашу жоспарлануда;
күмістен жасалатын бұйымдар сапасын мемлекеттік анықтау рәсімін жеңілдету және құнын төмендету;
мемлекеттік орган міндеттерін қолөнершілердің КЕҰ және ҮЕҰ-нан табыстаудың халықаралық үлгісін пайдалану, ол бірқатар мәселелерді шешу кезінде қолөнершілік қызметін жандандыру жұмыстарын айтарлықтай оңтайландырады (Сарапшылық-консультациялық кеңесті құру, статистикалық және аналитикалық жұмыстарды жүргізу, авторлық құқыққа куәлік беру, фестивальдер, көрмелер мен басқа шараларды өткізу);
қолөнер бойынша білім беру бағдарламаларын, қолөнершілер біліктіліктері және қайтадан квалификациялау бойынша бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
ұлттық қолөнер өнімінің стандарттарын әзірлеу.
Туристік нысандарда туристтерді табу қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қазақстан саяхта үшін қолайлы және қауіпсіз бағыт имиджін ұстауы керек. Осыған байланысты, әлем тәжірибесіне және көршілес елдер (Өзбекстан, Грузия) тәжірибесіне сүйене отырып, туристік полиция – қиын жағдайға ұшыраған туристтерге көмек көрсететін полицияның арнайы бөлімшесі құрылады.
Турполиция қызметкері турист үшін өзіндік медиатор болады және біздің құқық қорғаушылар тарапынан болатын ерсі «алым-салық» фактілерін немесе, мысалы, таксишілер тарапынан «алдауды» жояды. Туристік полиция қызметкерлері бірнеше тіл білуі және жоғару коммуникативті дағдыларға ие болуы керек болады.
Туристік полицияның негізгі функциясы:
шетелдік және ішкі туристтерге кез келген қажетті көмек көрсету;
туристік бизнестің барлық секторын бақылау және басқару;
туристік мамандықтар тұлғасының сыртқы түрін және міндеттердің орындалуын қадағалау және бақылау, соның ішінде аудармашы гидтердің қызметін реттеу;
туристік автобустарды, қоғамдық көлікті және туристтер жиналатын басқа орындарды тексеріп қарау;
туризмнің әртүрлі жағымсыз құбылыстарын соттың қудалауы.
Медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін туристтерді медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетін болады. Сондай-ақ туристік нысандарды туристік маусымда медициналық пункттермен жабдықтау мәселесі шешіледі.
Сондай-ақ БСО-лар келесі жолмен медициналық жұмыскерлермен және дәрігерлермен (жазғы жүктеме кезеңінде) қамтамасыз етіледі:
1) ЖБТ нысандарында парамедиктерді оқыту;
2) жазғы жүктеме кезеңінде мектеп дәрігерлерін тарту.
Демалыс уақытында балалардың басқа елді мекендерде/мекендерден тыс орналасқан демалыс және босуақ орталықтарына дейінгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР ІІМ бұйрығы негізінде жол полициясының арнайы автокөлігімен міндетті алып жүру жүзеге асырылатын болады. Ол үшін жол полициясы қосымша арнайы автокөлікпен қамтамасыз етіледі.
Елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда тиімді жылжыту жүйесін қалыптастыру
5.5.1. Елдің туристік брендін қалыптастыру және жылжыту
Қазақстанның ел туристік брендін қалыптастыру және оның оң имиджін жасау – ол елдің туристік әлеуеті тартымдылығын арттырудың күшті құралы. Бренді бар ел туристтерді тартып қана қоймайды, оның ұлттық бизнесі мен тауарлары бәсекелес күресте күшті қолдауға ие болады. Осыған байланысты, Қазақстанның халықаралық нарықта жағымды туристік имиджін қалыптастыру оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды элементі болып табылады.
5.5.1.1. Қазақстанның шетелдегі оң бейнесін қалыптастыру
Саймон Анхольт жасаған бәсекелік сәйкестік тұжырымдамасына сай ел бренді немесе дестинация алты элементтен тұрады: туризм, экспорттық бренд, сыртқы және ішкі саясат, бизнес пен инвестициялар, мәдениет, адамдар.
Элементтердің әрқайсысы басқаны жылжытуға көмектеседі және керісінше, біреуінің әлсіз жылжуы басқаның дамуын тежейді.
Осыған байланысты, Қазақстанның туристік әлеуетін ашу және жылжыту соның ішінде келесі арқылы қарастырылады:
сыртқы саясатты жүзеге асыру;
инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
экспорттық брендтер;
кинематограф және әдебиет;
мәдениет және спорт.
Бұл ретте осы жылжыту арналары арқылы елдің тарихи бірегейлігі, оның табиғи байлықтары, көп ұлттылығы, қазақстан халқының өзіндік ерекшелігі мен бейбітшілігі, әлемдік масштабтың заманауи жетістіктері, соның ішінде саясаттағы, спорттағы, ғылымдағы және т.б. таратылады.
Халықаралық тәжірибемен ұқсастығына қарай мәдениет, тарихи мұра және табиғат элементтерімен дестинацияны ұқсастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі: Жапония – сакура, Фудзияма, шай салтанаты; Қытай – Ұлы қытай қабырғасы, панда, қытай тағамы; Аустралия – кенгуру, маржан кедертастары, Египет – пирамидалар және т.б.
Қазақстанның әлемнің саяси аренасындағы және туризмнің халықаралық нарығындағы өзіндік бірегей бейнесі жасалады.
Осыған байланысты, ықтимал туристтердің Қазақстанға қызығушылығы келесілер арқылы арттырылады:
Қазақстан және оның суб-брендтері туралы ғылыми-танымдық мақалалар: «Алмалар отаны», «Қызғалдақтар отаны», «Жылқыларды қолға үйреткен жер», «Алтай – «Өркениет бесігі» және «Қазақстан – Жібек жолындағы ел»;
БАҚ-да Қазақстанның жетістіктерін баяндау (имидждік мақалалар, оқиғаларды баяндау және т.б.);
Қазақстандағы тарихи оқиғалармен және орындармен байланысты, соның ішінде елдің туристік әлеуетін (мәдениет, табиғат көріністері) дамытуға акценттелген фильмдерді шығару. Ол үшін елдің туристік әлеуетін жылжытуға бағытталған фильмдерді шығаруға жәрдем ақша берілетін болады;
танымал отандық әдеби және көркем туындыларды халықаралық тілдерге аудару және оларды «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жылжытуды қамтамасыз ету;
шетел көрермендерінің Қазақстанға саяхаттау қызығушылығын арттыру мақсатында елді фильмдерді түсіруге арналған орын ретінде жылжыту (фильмдерде Қазақстанның табиғат көрінісін дәріптеу) және Голливуд, Болливуд өкілдерін шақыру;
шетел арналарында Қазақстандағы туризм және саяхат туралы бағдарламалар циклін шығару;
тарихи орындарды (Отырар, Сауран, Сарайшық, Ақыртас, Тамғалы және т.б.) дәріптеу, археологиялық ашылулар мен табылған заттарды сапалы ақпараттық сүйемелдеу (соның ішінде шетел БАҚ-да және интернет-ресурстарда);
этникалық құрамдастармен оқиғалы шараларды ұйымдастыру және өткізу (фестивальдер, спорттық бәсекелер, жорықтар және т.б.);
шетелде қазақстандық асхананы жылжыту;
шетелде ұлттық спорт түрлерін жылжыту;
ұлттық қолөнершілік өнерін жылжыту;
мақсатты елдер студенттері үшін елдің жоғарғы оқу орындарында білім беру гранттарын ұсынуға квоталарды көбейту.
Танымал тұлғалар мен олардың пікірлері шешім қабылдауда үлкен рөл ойнайды. Этникалық туризмді жылжыту элементтерінің бірі 23 елдегі саны 4 млн. адамнан асатын, шетелдегі қазақ диаспорасы болуы мүмкін. ҚР СІМ алқасы шеңберінде туризм саласындағы турөнімдерді, жобаларды шетелде мұнан былайғы жылжыту мақсатында таныстыру үшін, жыл сайынғы негізде шетелдерде ҚР елшілерімен туризм индустриясы өкілдерінің кеңейтілген кездесуі өтеді.
Қазақстандағы кіру туризмін дамыту мақсатында мақсатты елдерде Қазақстанның Елшіліктері мен өкілдіктері қызметін бағалау критерийлерінің бірі осы елдерден Қазақстанға келетін туристік ағымның арту көрсеткіші болады.
Осылайша, туристік брендті жылжытудың тиімді арналарын қалыптастыру және дамыту үшін келесі жүзеге асырылады:
көпшілік тұлғаларды, салалық ықпал ету агенттерін және пікір көшбасшыларын (селебрити, блогерлер, танымал спортшылар, актерлер, әншілер және т.б.) тарту;
Қазақстандағы мақсатты нарық елдерінің елшіліктерімен және өкілдерімен қазақстандық туризмді дәріптеу сұрақтары бойынша жұмысты жандандыру;
қазақстандық туризмді жылжыту үшін шетелдегі қазақ диаспорасы мен қазақстандық студенттер ресурстарын пайдалану;
мақсатты нарық елдерінде хабар тарату арналарын ашу;
кәсіби аудитория, әлеуетті шетел инвесторлары және серіктестері арасында (Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO), Туристік агенттіктер қауымдастығының біріккен федерациясы (UFTAA), Халықаралық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (IH&RA), Туризм және саяхат жөніндегі дүниежүзілік кеңес (WTTC), Туристік агенттіктердің дүниежүзілік қауымдастығы (WATA), Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік қауымдастығы (PATA), Дүниежүзілік туристік форум (WTF) және т.б.) туристік брендті жылжыту мақсатында ірі салалық қауымдастықтардағы ынтымақтастық пен мүшелікті жандандыру;
мемлекеттік шекарада өткізу пункттеріндегі қолданыстағы шетелдік ағымдарды пайдалану (ақпараттық флаерлер, бүктемелер, кітапшалар, сувенирлер, кәдесыйлар және т.б.).
5.5.1.2. Ұлттық туристік брендті бейнелі жайғастыруды және жылжытуды қамтамасыз ету
Бүгінгі күні әлемдегі 195 елдің 146 елі елдің ерекшелігін, ұлттық дәстүрлерді, тарихи бірегейлікті, идеологиялар мен өзгесін сипаттайтын өзіндік туристік брендке ие, тұтас бейне туғызады, оның негізінде бүкіл әлемдік қоғамдастық арасында нақты елді теңестіреді.
Халықаралық нарықта елдің жиынтық бейматериалдық бағасын арттыру үшін Қазақстанның ел туристік бренді және оны жылжытудың кешенді әрі орталықтандырылған жүйесі жасалады.
Қазақстанның туристік бренді қазақстан халқының бейбітшілігі мен қонақжайлылығында, ұлттық ерекшеліктері мен ерекше мәдениетінде қалыптастырылады.
Бірыңғай елдің бренд-менеджері ретінде ел ішінде және шетелде елдің туристік брендін жылжытуға бағытталған жарнама науқандары мен акцияларын жүргізетін «KazakhTourism» ҰК» АҚ шығатын болады.
Бұл ретте, елдің туристік брендін жылжытуға бірқатар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысатын болады:
шетелде жылжыту – Мәдениет және спорт, сыртқы істер министрліктері, Қазақстан халқы ассамблеясы, «Air Astana» АҚ; «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Kazakh Export» ҰК» АҚ, АХҚО, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, қалалар мен облыстардың әкімдіктері;
ел ішінде жылжыту бойынша – Ақпарат және коммуникация, білім және ғылым министрліктері, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, қалалар мен облыстар әкімдіктері.
Осылайша, шетелде елдің туристік брендін кешенді жылжыту үшін келесілер жүзеге асырылады:
мақсатты шетел нарықтарында жергілікті туристік сарапшылар қатарынан шетел маманын тарту;
уәкілетті органмен келісім бойынша шет елдегі мекемелерде негізгі туристік өнімдерді көрсетумен, баспа, фото және бейне материалдармен турист бұрышын жасау;
мақсатты нарықтарда уәкілетті органдармен келісім бойынша ҚР шет елдегі мекемелерінің елдің туристік брендін жылжытуы бойынша шараларды өткізуі;
қазақ мәдениетін жылжыту және дәріптеу үшін шетелдегі қазақ диаспорасын және бұрынғы отандастарды тарту;
инвестициялық әлеуетті, экспорттық брендтерді, АХҚО қызметтерін, шетел нарығына бағдарланған ұлттық әуе тасымалы қызметтерін жылжыту шеңберінде елдің туристік брендін жылжыту;
Қазақстанның көркем туристік орындарда Дүниежүзілік Қазақтар Құрылтайын өткізу;
шетелде қазақстандық телеарналарды тарату елдерін арттыру, мақсатты нарыққа сүйенумен;
және басқалары.
Ішкі нарықта брендті жылжытуға қатысты:
қазақстандық телевидениеде, баспа БАҚ-да және интернетте туризм бойынша контентті арттыру;
телевидениеде, баспа және интернет БАҚ-да, сыртқы тасымалдағыштарда және басқаларында ішкі туризм бойынша әлеуметтік жарнама;
оқыту бағдарламаларына елдің туристік ұсынымдарын тану және өлкетану бойынша сабақтарды қосу;
білім беру мекемелері жанында негізгі туристік көрікті жерлерді көрсетумен бұрыштарды (қабырға) жасау;
туризм бойынша семинарлар, ашық сабақтар өткізу;
балалардың жазға лагерьлерге баруын ұйымдастыру;
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер арқылы елдің туристік брендін жылжыту;
студенттермен алмасу бойынша ( ел ішінде) бағдарламаны іске қосу;
барлық әуежайларда, т/ж вокзалдарында және құрамдарында, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарында, ұшақ борттарында туристтер үшін бірдей ақпаратты орналастырумен елдің туристік брендін жылжыту;
борт журналдында және үлестірме мәліметтерде жарнама материалдарын орналастыру;
туризмнің әлеуметтік маңыздылығын жылжыту;
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде туризмді жылжыту;
туризмнің салалық қауымдастықтарымен ынтымақтастық шеңберінде елдің туристік брендін жылжыту;
бизнеске арналған тұрақты дайджесттерді, бүктемелерді және басқаларын шығару;
және басқалары.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде шетелде жылжыту үшін бірыңғай ел туристік бренді пайдаланылуы керек. Өз кезегінде, өңірлік брендтер ішкі туристтер арасында өңірді жылжыту үшін пайдаланыла алады.
Астана-Ақмола облысы, Алматы-Алматы облысы, Шымкент-Түркістан облысы сондай-ақ шетелде Қазақстанның негізгі туристік дестинациялары ретінде жылжи алады.
Бұл ретте, шетелде қалалар мен өңірлерді жылжытудың стратегиялары мен жоспарлары уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуі керек.
5.5.2. Туристік өнімдер мен қызметтерді жылжыту бойынша маркетингтік коммуникациялар тиімділігін арттыру
Ел ішінде де, халықаралық нарықта да қазақстандық туризмді дәріптеуге мемлекет қаражаттары мен ресурстарын салу тиімділігін қамтамасыз ету және арттыру туристік өнімдер мен қызметтерді жылжыту бойынша маркетингтік коммуникациялардың қалыптасқан тиімді жүйесі есебінен болады.
Маркетингтік күш-жігер жалпы келесілер шеңберінде мақсатты нарықтарда туристік өнімдерді жылжытуға шоғырландырылады:
(i) алты мәдени-туристік кластер (ҚР Мәдени саясаты тұжырымдамалары мен ҚР туристік саласын дамыту тұжырымдамалары басымдықтары);
(ii) ТОП-10 тарту нүктелері (ҚР Туристендіру картасы).
Елдің туристік брендін, ұлттық турөнімдерді ірі дестинациялар және тауашалы бағыттар (медициналық, аңшылық, орнитологиялық, гастрономиялық туризмдер және т.б.) бойынша жылжыту орталықтандырылып жүзеге асырылады, республикалық бюджет есебінен.
Туристік өнімдер мен қызметтерді жылжыту мен маркетингке кеткен шығындарға қатысты мемлекеттік бюджетке түсетін қаржы жүктемесін төмендету үшін, 2021 жылдан бастап Египет, БАӘ, Австрия, Германия, Италия, Мальдив, Чехия, Вьетнам сияқты бірқатар елдердің тәжірибесі бойынша шетел туристтерінен арнайы туристік алым - «bed tax». енгізу жоспарлануда.
Шетел туристтерінен осындай алым орналастыру бойынша қызмет ұсынатын субъектілер арқылы жиналады және арнайы қорға салынады. Қор қаражатын пайдалану бойынша шешімді құрамы мемлекеттік орган өкілдерінен, «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтардан қалыптасатын, Қамқоршылық кеңесі қабылдайды. Туристік алым мөлшерін шетел туристтеріне әрбір тұрған күн үшін АЕК 30% (800 теңгеге жуық) мөлшерінде анықтау ұсынылады. Бұл ретте 16 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен бір бөлмеде тұрған жағдайда осы алымды төлеуден босатылады.
«Вed tax» әкімшілік жүйесі шетел азаматтарын көші-қон тіркеуді және статистикалық деректер мен есептерді автоматты қалыптастыруды біріктіретін, мамандандырылған ІТ бағдарламаны қолданумен жүзеге асырылады.
«Вed tax» туристік алымын алдымен Астана және Алматы қалаларында сынамалы режимде тексеріп, кезең-кезеңмен енгізу жоспарланады. Хостелдер мен қонақ үйлері осы алымды төлеуден босатылады.
Маркетингтік коммуникацияларды басқару келесі арқылы жүзеге асырылады:
Қазақстанның туристік дестинацияларын/өнімдерін/нысандарын туристік нарықты жайғастыру және қазақстандық туристік суб-брендтердің бірегей бәсекелестік артықшылықтарын, құндылықтары мен идеяларын тиянақтау;
мақсатты аудиторияны анықтау;
мақсатты нарық туристтерінің қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қарай туризм түрлерін дамыту және тауашаларды іздеу;
әлемдік нарықта жылжыту үшін көбірек бәсекеге қабілетті қазақстандық турөнімдерді анықтау;
5) бәсекелі нарықты тұрақты мониторингтеуді жүзеге асыру және елдің маркетингтік стратегиясын өзекті қылу (қажеттілікке қарай);
6) мақсатты нарықтардың медиатұтынуын ескерумен туристік өнімдерді жылжыту бойынша арналарды кеңейту, соның ішінде дәстүрлі және цфирлық жылжыту, шетел журналистерімен және блогерлерімен тығыс ынтымақтастық, бейне-роликтерді жасау және жылжыту;
7) интернет желісінде Қазақстанның туристік брендінің/өнімінің болуын арттыру.
5.5.2.1. Негізгі туристік дестинациялар мен нысандар туралы бәсекеге жарамды ақпараттық контентті қалыптастыру
Елдің туристік әлеуетін ашатын, бәсекеге жарамды ақпараттық контентті қалыптастыру мақсатында келесі шаралар қабылданады:
жарнама мақсаттарында және интернет-ресурстарда пайдалану үшін өзекті және «сатылатын» визуалды контент (фото, бейне) қорын қалыптастыру;
туристік ресурстар мен өнімдері туралы бірегей, өзекті, құнды және тұрақты жаңартылатын ақпаратты қағаз және электронды тасығышта қалыптастыру;
ел халқының арасында туризм саласындағы жыл сайынғы ұлттық фото және бейне байқауларды ұйымдастыру және өткізу;
ақпараттық контентті қалыптастыру кезінде «сторителлинг» элементтерін пайдалану, соның ішінде бастауыш және орта білім берудің оқу материалдары мен бағдарламаларында (география, Қазақстан тарихы);
ақпараттық контентті мақсатты нарық елдерінің тіліне аударуды қамтамасыз ету;
ықтимал туристтер мен серіктестер арасында тарату үшін түпнұсқалық брендтелген кәдесый өнімін жасау.
Бірыңғай ел бренд-менеджері рөліндегі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жыл сайын, елдің негізгі турөнімдері, мақсатты топтары, сол сияқты маркетингтік коммуникацияның барлық тәсілдері қарастырылатын, Қазақстанды халықаралық туристік нарықта жылжыту бойынша медиа-жоспарды қалыптастырады:
PR (имидждік мақалалар, оқиғаларды баяндау және басқалары);
сыртқы жарнама;
БАҚ мен телевидениедегі жарнама;
цифрлық маркетинг;
көрмелер, роуд-шоу және өзге шаралар;
көпшілік тұлғаларды, салалық ықпал ету агенттерін және пікір көшбасшыларын (селебрити, блогерлер, танымал спортшылар, актерлер, әншілер және т.б.);
өңірде өзіндік бірегей оқиғаны жасау немесе халықаралық масштабтағы оқиғаны тарту (ірі спорттық шаралар, көрмелер, фестивальдер және т.б.).
Мейманханалардың жүктелуін (әсіресе маусымнан тыс) арттыру мақсатындағы маңызды шара дестинациялардың оқиғалық күнтізбесін әзірлеу болып табылады. Осыған байланысты, туристендіру картасының басым өңірлері жылына 2-3 белгілі шараның өткізілуін қамтамасыз етуі керек.
5.5.2.2. Сыртқы маркетингтік коммуникацияларды қалыптастыру және дамыту
Қазақстандық турөнімдерді сәтті жылжыту үшін ресурстар отандық дестинацияларға туристік ағым көлемін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз ете алатын, перспективалық географиялық нарықтағы көбірек қызықтыратын ұлттық турөнімдерді жылжытуға шоғырландырылатын болады.
Аумақтық жақындыққа, тікелей ұшып өтудің, визасыз режимнің, сондай-ақ қазақстандық турөнімдерге ұқсас турөнімдерге қызығушылықтың болуына негізделе отырып, Қазақстанды жылжыту үшін басым ел топтары келесілер болады:
1-топ – Ресей мен Қытай (елдерге аумақтық жақындық; 6 сағатқа жуық ұшу радиусындағы тікелей сапарлар, Қазақстанда 72-сағаттық визасыз болу);
2-топ – Германия, Нидерланды, Польша, Үндістан, Парсы шығанағы елдері, Оңтүстік Корея (жылына 20 млн. көп аттанатын туристтер), Украина, Беларусь (жиынтықта халық –1,5 млрд. көп адам; тікелей сапарлар);
3-топ – Жапония (перспективалық нарық – жылына 12 млн. дерлік аттанатын туристтер, басқа шетел туристтеріне қарағанда орташа 2-3 есе көп жұмсайды), Түркия, Оңтүстік Шығыс Азия елдері, АҚШ.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарына сәйкес бірінші басымдықты елдер үшін жеке ақпараттық-жарнамалық стратегиялар әзірленеді.
Мақсатты аудиторияның медиа тұтыну қызығушылықтары мен ерекшеліктеріне байланысты ықтимал туристтері бар тікелей коммуникацияға да (Pull-стратегия), мақсатты нарықтың туроператорларымен және турагенттерімен өзара әрекетке (Push-стратегия) бағытталған, әртүрлі жылжыту стратегиялары мен құралдары қолданылады.
Мақсатты аудиториясы түпкілікті тұтынушылар болатын Pull-стратегия кезінде дестинацияларды жылжыту бойынша жарнамалық және өзге хабарламаларды қамту бүкіл әлемде 310 млн. кем емес адамды құрауы керек. Қазақстанда қамту елдің барлық ересек халқын (71%), яғни 12,8 млн. адамды құрауы керек.
Бірінші кезең үшін (2019-2021 жж.) аудиторияны жоспарланған әлемдік қамту мақсатты нарықтарға сәйкес келесі түрде, перспективалық нарықты қамтуды келесі арттырумен бөлінген:
60% аудиторияны бірінші мақсатты топ (Ресей мен Қытай) елдерінен қамту жоспарлануда;
25% - екінші мақсатты топ елдерінде;
15% - перспективалық нарықтарда.
Ұлттық туристік брендті, қазақстандық турөнімдерді жылжытудың тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ Қазақстанды жылжыту үшін басым ел топтарындағы туристік салаға инвестициялар тартуға көмектесу үшін кезең-кезеңмен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілдіктері ашылады.
Қазақстанды туристік бағыт ретінде жылжыту сондай-ақ «KazakhInvest» ҰК» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «AirAstana» АҚ сияқты ірі отандық компанияның шетелдік өкілдіктері арқылы жүзеге асырылады. Ол жарнамалық баспа материалдарын немесе өзге брендтелген өнімді (кәдесыйлар, ел лого және ұраны бар ашық хаттары) тарату, бірлескен жарнама акцияларын және т.б. ұйымдастыру және өткізу.
2020 жылға қарай Қазақстан масштабтық жарнамалық науқанын халықаралық деңгейді өткізу шеңберінде мақсатты шет елдердің ірі қалаларында сыртқы жарнаманың болуы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарнама адамдар жиналатын орындарда орналастырылады, мысалы, әуежайлар мен теміржол вокзалдары, сауда және бизнес орталықтар, орталық алаңдар, метро және т.б., сондай-ақ Lufthansa, Aeroflot, EtihadAirways, TurkishAirlines, LOT сияқты әлемнің озық әуе компанияларының борт журналдарында және халықаралық әуежайларда (Франкфурт, Шереметьево, Дубай, Схипхол, Шоуду, Хитроу, Шарль-де-Голль, Мехрабад).
Республикалық арналар мен ірі баспа БАҚ қоса алғанда, Қазақстанның озық БАҚ-н PressFeed және HARO сервистеріне белсенді тарту қарастырылады, онда журналисттер өздерін қызықтыратын тақырыпқа түсінік беру үшін сарапшыларға сұрату жариялай алады. Осы сервистер мақсатты нарық болып табылатын елдерде мақалалар мен репортаждарға өз түсініктерін қосуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жыл сайын Қазақстан таныстырылатын халықаралық туристік шаралар тізімі кеңейтіледі (Moscow MICE Forum, IBTM China, New York Times Travel Show, IBTM World Barcelona, ITB Berlin, MITT, CITM, ITE, MATKA, KOTFA және т.б.). Сондай-ақ Қазақстанның бірыңғай стенді астында отандық туристік бизнестің әртүрлі субъектілерін (мейманханалар, авто және әуе тасымалдаушылар, туроператорлар және т.б.) біріктіре отырып, Қазақстанның көрмелерге қатысу тұжырымдамасы өзгертілетін болады.
Шетел көрмелеріне қатысумен, шетел серіктестерінің қатысуымен қатар шетел туроператорлары және ITB Asia немесе PATA Travel Mart типі бойынша турбизнес субъектілері үшін Қазақстанда жыл сайынғы көрмелер өткізілетін болады.
Жыл сайын мақсатты топ елдерінде Қазақстанның туризм жылдары және сәйкесінше Қазақстанда осы елдердің туризм жылдары анықталатын және өткізілетін болады.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ «бір терезе» қағидаты бойынша отандық туристік бизнес пен туристік операторлар және мақсатты нарық елдерінің агенттіктері арасында ынтымақтастықты орнату үшін алаңшаны қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар үшін Қазақстан бойынша ақпараттық турлар өткізетін болады.
5.5.2.3. Ішкі маркетингтік коммуникацияларды қалыптастыру және дамыту
Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту бойынша маркетингтік күш-жігерді жүйелеу және үйлестіру мақсатында:
1) республикалық арналардың бірінде елдің туристік әлеуетін ашуға бағытталатын және туристік дестинациялар мен нысандарды дамытудың ағымдағы мәселелері мен перспективаларын талқылау бойынша диалогтық алаңша болатын, «Туристік Қазақстан» теледидарлық хабары іске қосылады;
2) «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-на дамуды үйлестіру, өңірлердегі туристік ақпараттық орталықтарды (ТАО) ақпараттық және әдістемелік сүйемелдеу бойынша міндет қойылады.
Ол:
ТАО қызмет ету және басқару үлгілерін стандарттауға;
ТАО-тың сапалы контентпен тұрақты және орталықтандырылған толуын қамтамасыз етуге;
барлық отандық дестинациялар үшін клиент-туристке қолжетімділікке теңдік қағидатын қамтамасыз етуге;
ТАО ссандық жүйеге көшіруді қамтамасыз етуге;
ТАО бірыңғай желісі арқылы бүкіл ел бойынша кәдесый өнімін (соның ішінде қолөнершілерді) жылжытуды (өткізуді) қамтамасыз етуге;
барлық ірі отандық дестинациялардан кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
3) Қазақстан бойынша қалалық, мұражайлық және киелі экскурсиялар мобильді қосымша түрінде БҰҰ 6 тілінде цифрланады, ол туристтердің қала бойынша нұсқауларсыз, аудармашысыз және жолнұсқаларсыз навигациясын, көп тілді гидтердің мәселелерін шешуді, виртуалды экскурсиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
4) 3D технологияларды пайдаланумен ақпараттық бүктемелерді, жолнұсқаларды, жарқағаздарды, флаерлерді, тақырыптық каталогтарды шығару және тарату жолымен тарихи-мәдени мұра нысандарын сапалы ақпараттық сүйемелдеу қамтамасыз етіледі (мысалы, «Ұлы жібек жолының керуен жолдары», «Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері», «Сақ жауынгерлерінің іздері бойынша», «Бозок – көшпелі өркениет жүрегі» атауымен және т.б.);
5) басым дестинациялар бойынша, соның ішінде ұлттық саябақтар бойынша жүктелетін электронды жолнұсқалар жасалады;
6) елдегі ішкі туризмді жылжыту мақсатында қалалық жарнамалық баннерлерге мақсатты квоталар бөлінеді;
7) елдің ірі қалаларында, соның ішінде адамдар жиналатын орындарда, мысалы, әуежайларда және теміржол вокзалдарында, сауда және бизнес орталықтарында, орталық алаңдарда және т.б., сондай-ақ әуежайларда, теміржолдарда және автомобиль вокзалдарында сыртқы жарнаманың болуы қамтамасыз етіледі.
5.5.2.4. Интернет ортада туристік өнімдер мен қызметтерді жылжыту (цифрлық маркетинг)
Цифрлық маркетинг әртүрлі маркетингтік мақсаттарға жету үшін интернет желісінде елдің туристік брендінің болуын қамтамасыз етуді қамтиды. Цифрлық маркетингтің негізгі артықшылықтары аудиторияны интерактивті тарту мүмкіндігі, ықтимал туристтермен қатынасу, таргеттеу арқылы ақылы жарнама үшін мүдделі аудиторияны нақты таңдау, сондай-ақ жарнама нәтижелерін айқын қадағалау болып табылады.
Интернетте қазақстандық туризмді цифрлық жылжыту және жарнама туристің шешім қабылдауының барлық кезеңін қамтуды болжайды: дестинацияға баруға деген шабыттан бастап турды сатып алу немесе мейманхананы брондауға дейін және дестинацияға бару және пост-саяхат кезеңіне дейін.
Бірінші кезеңде (2019-2021) турист шабытына ерекше көңіл аударылады. Екінші кезеңде (2021-2023), мемлекеттік деңгейде туристік бизнестің (кеңестер, брондау, сату, виртуалдық турлар және т.б.) онлайнға көшуін ынталандыру шаралары енгізіледі.
Әлеуметтік желілердегі аккаунттар жазылушылар базасын жинауға мүмкіндік береді, олар келесіде негізгі хабарламаларды алатын аудитория ретінде ғана емес, сондай-ақ біздің «хабарламаларды» өз аудиториясы арасында тарататын елшілер ретінде пайдаланылады. Бұл ретте әлеуметтік желілер басқа цифрлық арналарға тәуелсіз, ақпаратты жылжыту мен таратудың еркін құралы ретінде әрекет етеді.
Келесі мақсатты аудиториялар үшін ел парақшаларын іске қосу қажет:
Facebook – Қазақстан, Ресей, Еуропа елдері мен басқа елдер үшін орыс және ағылшын тілдерінде;
VK, Одноклассники, Telegram – Қазақстан мен Ресей үшін орыс тілінде;
Instagram – ағылшын тілінде, мақсатты аудитория бойынша шектеусіз – Қазақстан, Қытай, Ресей, батыс елдері;
Weibo және Wechat – Қытай үшін қытай тілінде, себебі Қытайдк пөтеген әйгілі әлеуметтік желілер жұмыс істемейді.
Дестинацияның негізгі хабарламаларын тарату және ақпарат беруден басқа, әлеуметтік желілердегі барлық парақшалар туристтермен байланыс арнасы ретінде пайдаланылады.
Booking.com, TripAdvisor, LonelyPlanet, CTRIP сияқты туристік сайттармен және порталдармен, сондай-ақ мақсатты аудиториядағы әйгілі интернет ресурстармен, бірінші кезекте контентті жаңарту, ко-брендинг және жарнама бойынша ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді.
Қазақстанның ресми туристік сайтын шетелдік туристтерді тарту мен турөнімді жылжытудың негізгі құралы ретінде түрлендіру, жүргізу және сүйемелдеу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады (қазіргі уақытта Kazakhstan.travel сайты). Ресурс туристік сала үшін бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық алаңша болады, сондай-ақ барлық заманауи құралдармен (жүріп өту карталары/сызбалары, фотосуреттер, бейнероликтер, виртуалдық турлар және т.б.). Қазақстанның туристік порталының тиімділігін арттыру шеңберінде сондай-ақ мақсатты нарықты ескерумен оның көп тілділігін қамтамасыз ету керек.
Туристік саланың дамуын басқару және мониторингтеу жүйесін жетілдіру
Басқару жүйесінің жалпы сызбасы
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде елдің туристік әлеуетін тиімді жылжытуды және сала дамуында туындайтын сұрақтардың шешімін қамтамасыз ететін, туристік саланы басқару жүйесі қалыптастырылады.
Саланы басқару бизнесті өңірдің туристік әлеуетін дамытуға тарту және туризм бағыттары бойынша жүзеге асырылатын болады. Туризмді бағыттар/түрлері бойынша дамыту туризм жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттігін кеңейтуді және қайта қарауды талап етеді, соның ішінде медициналық туризм, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризмді дамыту, кадрларды дайындау, туристік нысандарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету сұрақтарын үйлестіру, бизнеспен өзара әрекеттесу және т.б. сұрақтарда.
9-сурет
Қазақстанның туристік саласын басқару сызбасы
Туризм жөніндегі кеңес ҚР Үкіметі
ЖАО ҚР МСМ «Атамекен» ҰКП
Туризм индустриясы комитеті
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ
Компания басқ. Компания басқ.
ТОП-10 ЕҚТА
ЕМС Инвесторлар ӨКП
Бизнес
Туроператорлар Тасымалдаушылар Орналастыру орындары Шипажайлар Сауық орындары Қос. Сервис
Шетел туристтері Ішкі туристтер
Жаңа сын-тегеуріндер мен әлемдік жағдайлардың өзгеруіне жедел жауап қайтару және басқару тиімділігін арттыру үшін саланы басқару және оны дамытуға икемді тәсілдемелерді пайдалану қажет.
Осы жүйенің негізгі элементі «KazakhTourism» ҰК» АҚ болады.
Осыған байланысты, «KazakhTourism» ҰК» АҚ келесі өкілеттіктерді берумен Туристік саланың ұлттық операторы болып анықталады:
1) туристік қызмет саласында ақпараттық-аналитикалық, әдістемелік және кеңес беру қызметтерін көрсету;
2) әлеуметтік инвесторларды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздеу және келіссөздер жүргізуді іске асыру;
3) инвестициялық жобаларға инвестицияларды іске асыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу;
4) туристік саланы дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық және шетел ұйымдарымен ынтымақтасу;
5) туристік қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;
6) уәкілетті орган мүддесінде жергілікті атқарушы органдардың туристік саланы дамыту бойынша шаралар жоспарының жобаларына сарапшылық қорытындыны іске асыру, қарастыру және ұсыну;
7) халықаралық және отандық туристік нарықта елдің туристік бренді мен туристік өнімін пайдалану және жылжыту;
8) туристік саланы дамытуға бағытталған ақпараттық жүйелерді басқару;
9) туристік қызмет саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру;
10) өзге заңды тұлғалардың қызметіне және жасауға қатысу;
11) Қазақстан Республикасы аумағында шетел туристінен орналастыру орнынан (қонақ үй) туристік алымды (bed tax) жинау.
Бұдан басқа, республикалық деңгейдегі (ТОП-10) басым туристік аумақтардың дамуын басқаруды «KazakhInvest» ҰК және халықаралық кеңесшілерді тартумен, ЖАО бірге «KazakhTourism» ҰК» АҚ жасаған арнайы басқарушы компаниялар жүзеге асырады. Басқарушы компанияларға жер телімдерін сақтық қорда сақтау және үлестіру құқығы беріледі. Ол үшін заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша шаралар пысықталады.
Сондай-ақ табиғи саябақтардың (ЕҚТА) туристік әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асыру шеңберінде басқаруды жеке компанияға беру қарастырылатын, ұлттық саябақтарды басқарудың жаңа үлгісі сынамалы режимде енгізіледі.
Елдің туристік әлеуетін арттырудың және ішкі де, шетелдік те туристтерді тартудың негізгі факторы туристік нысандар мен өнімдерді сапалы әрі жан-жақты жылжыту болып табылады. Туристік нысандарды халықаралық деңгейде жылжытуды және ел брэндингін басқаруды «KazakhTourism» ҰК» АҚ жүзеге асыратын болады.
Өңірлік туристік әлеуетті және туристік нысандарды жылжытуды дамыту үшін бизнес өкілдерін DMO (Destination management organization) және DMC (Destination Management Company) механизмін енгізу арқылы саланы басқару процесіне біріктіру маңызды.
DMO – ол маркетингке, инфрақұрылымды жылжыту, кейде дамытуға және дестинацияны немесе турнысанды басқаруға жауапты компания. Оның басқарушы органдарының құрамына мемлекеттік аппарат өкілдері ғана емес, бизнесмендер де – отельерлер, тасымалдаушылар, рестораторлар, тиісті нарықта жұмыс істейтін туроператорлар да кіреді.
Бизнестің дестинацияны жылжыту және дамыту бойынша шешімдер қабылдау процесіне тікелей қатысуы негізгі болып табылады, соның ішінде бюджеттік қаражатқа билік етуде дауыс беру құқығына ие бола отырып. Қызметті қаржыландыру бюджеттік қаражат, нарық қатысушыларының мақсатты жарналары, туралымдар (bed tax), маркетингтік қызметтерді көрсету есебінен жүзеге асырылады.
Есепке алу және мониторингтеу жүйесі
Бағдарламаны жүзеге асыруды, ағымдағы күйді және саланы дамытуды мониторингтеуді қамтамасыз ету мақсатында келесілерге бағытталған статистикалық есеп механизмі жетілдіріледі:
қажет көрсеткіштер мен оларды қалыптау механизмін қосуға;
алым механизмін және деректерді өңдеу мен қолжетімділікке;
деректерді жинау мен өңдеу және оларға қолжетімділік механизміне;
деректерді жинау, өңдеу және ұсыну жеделлігін арттыруға;
саланы статистикалық есепке алу және мониторингтеу жүйесіне келесі көрсеткіштер енгізіледі:
шетел келушілерінің саны;
санаттар мен салалар қимасындағы төсек-орын саны;
ұсынылған төсек-тәулік саны;
қонақ үйлердің толушылығы;
орналасқан орындары қызмет көрсеткен шетел және ішкі туристтер саны;
ел бойынша бөлудегі транзиттік келушілер саны;
шетел туристтерінен түсетін табыс;
ел бойынша бөлудегі шетел туристтерінен түсетін табыстар;
сапар мақсаттары бойынша бөлудегі шетел туристтерінің келуі;
ел бойынша бөлудегі ҚР-да шетел туристтерінің орташа болу ұзақтығы;
ел бойынша бөлудегі шетел туристтерінің ҚР-ғы орташа күн сайынғы шығындары;
ҚР 24 сағаттан аз уақыт болған келушілер;
Ел бойынша және сапар мақсаты бойынша бөлудегі ҚР-ғы шетел туристтері шығынының құрылымы;
ел бойынш бөлудегі шетел туристтерінің тұру орны;
жасы және әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ел бойынша бөлудегі шетелдік туристтер;
шекара арқылы өткізу пункттері бойынша шетел келушілерін бөлу.
ЖБТ бойынша ресми статистиканы жетілдіру үшін ҚР БҒМ/ҰЭМ жанында БСО-на бару және орналастыру нысандары бойынша ресми статистика жүргізіледі.
Сондай-ақ өзекті статистикалық деректерді алу мақсатында туристтер тәртібіне және мобильді қосымша пайдаланушыларының сұратуына талдау жүргізу жолымен деректерді жинау және цифрлау бойынша механизмді енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Ол туристік сала ойыншыларын өңірдің турөнімдеріне бар сұраныс және туристтер бейіні туралы ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (демографиялық ақпарат, жасы, ұлты немесе азаматтығы – көп жағдайда туристтердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтайды).
Бұдан басқа, мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштерінің жиыны/жүйесі қалыптастырылады және мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар арасындағы жетістіктері үшін жауапкершілік бөлу.
Елшіліктер мен консулдықтар өкілдері үшін туристтерді тарту және қызмет көрсету бойынша KPI енгізіледі:
негізгі нарық қимасындағы 14-күндік визаны рәсімдеуге орташа уақыт;
негізгі нарық қимасындағы виза беруден бас тарту %;
негізгі нарықтардан туристтердің өсуі.
Негізгі министрліктердің стратегиялық жоспарларына Дүниежүзілік экономикалық форумның туризм саласының бәсекеге жарамдылығын бағалау параметрлеріне сай көрсеткіштер қосылады (Travel and Tourism Competitiveness Index WEF).
Сондай-ақ өңірде туризмді дамыту деңгейі бойынша Облыс әкімдері үшін рейтинг қойылады.
Ағымдағы күйдің және туристік сала дамуының перспективаларын, соның ішінде Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды мониторингтеу нәтижелері Елбасына Туризм бойынш ұлттық баяндама түрінде қарауға беріледі.
Бағдарламаны жүзеге асыруда МЖС механизмін пайдалану
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде жеке инвестицияларды, басқару технологияларын, халықаралық брендтерді тарту, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтың өзара тиімді ұзақ мерзімді қатынасын құру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі пайдаланылады.
МЖС жобаларын жүзеге асыру бюджеттік заңнама талаптарын, МЖС саласындағы талаптарды (мемлекеттік қолдау шаралары, МЖС шартының мазмұны, МЖС жобаларының жүзеге асырылуын мониторингтеу және бағалау және т.б.), сондай-ақ салалық заңнама ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын болады.
Осы бағыт қонақ үй құрылысын, аквапарк, ойын-сауық паркі, әлеуметтік-мәдени және спорт мақсатындағы, туристік сала үшін мамандарды дайындауды қарастыратын инженерлік инфрақұрылымды жүргізу құнынсыз құны 500 000 (бес жүз мың) кем емес АЕК жобаларға қатысты әрекет етеді.
МЖС жобалар тізімін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаны басқару кеңсесі қалыптастырады. Тізімді Мемлекеттік бағдарламаның басқарушы органы бекітеді. МЖС жобаларына мемлекет қажеттілігіне сәйкес, ол бойынша ақпарат қосымшаға сай мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тұрақты жарияланады, мемлекеттік серіктес немесе жеке серіктес бастамашылық ете алады,
Осы шараны жүзеге асыру келесі түрде іске асырылады:
Мемлекеттік бағдарламаның МЖС жобалар тізіміне ұсыныстар іріктеу және қалыптастыру;
Мемлекеттік бағдарлама басқару органының жобаларды қарауға шығаруы, іріктеуі және Мемлекеттік бағдарламаның МЖС жобалар тізімін бекіту;
Жоба құжаттамасын әзірлеу, соның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын анықтау;
Жобаның жобалық құжаттамасын Басқарушы кеңестің бекітуі;
Жеке серіктесті анықтау;
МЖС Шартын жасасу;
МЖС шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу.
Жобаларды МЖС механизмін пайдаланумен жүзеге асыру келесі жоба типтері бойынша іске асырылады:
- ғимараттарды, үймереттерді, жабдықты кейінгі пайдаланумен салу және/немесе бұрынғы қалпына келтіру және/немесе жаңғырту;
- төлеп алу немесе төлеп алу құқығынсыз мемлекеттік мүлікті жалға алу және/немесе сенімді басқару;
- мемлекетке жеке меншіктегі активтерді жалға беру;
Мемлекеттік МЖС жобаларын жүзеге асыруға қатысуы келесі нысандарда болады:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер телімдерін беру;
2) мемлекеттік меншік нысандарын пайдалану құқығын беру;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын жасауда және қызметіне қатысу;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанын инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге нысандарда.
МЖС жобаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдаудың келесі шаралары ұсынылады:
1) МЖС жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыз бойынша мемлекеттік кепіл;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттарды беру;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бірлесіп қаржыландыру;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыру барысында жасалатын қызметтер мен жұмыстар, тауарлардың белгілі бір көлемін мемлекеттік тұтынуына кепіл.
5) МЖС субъектілерінің шығын бөлігін келесі жолмен өтеу;
Кредит бойынша/банктің/даму банкінің/ лизингтік компаниялардың қаржылық лизингінің шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігіне көмекқаржы бөлу кейінгі пайдалану немесе осындай жобаны МЖС нысанына меншік құқығына тәуелсіз кәсіпкердің өзі басқаратын жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін кредиттер бойынша/ қаржылық лизинг шарттары бойынша іске асырылады;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындар өтемақысы;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шыығндардың өтемақысы;
мемлекет меншігіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанын басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанын пайдаланғаны үшін жалдау ақысы;
қолжетімділік үшін төлеу;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазанындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңына және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды басқаруды ұйымдастыру
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жобалық басқару негізінде ұйымдастырылады, оған сәйкес мәселелерді шешу және шараларды жүзеге асыру жоба түрінде нысандандырылады.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың ұйымдық құрылымы Мемлекеттік бағдарламаның Басқарушы кеңесін, Мемлекеттік бағдарламаның басқару кеңсесін, Жобалық жұмыс топтарын, Мемлекеттік бағдарламаны басқарудың өңірлік кеңселерін ашуды қарастырады.
9-сурет
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды мониторингтеу бойынша жобалық кеңсе
Үкімет
ТДМБ басқарушы кеңесі
Төраға – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (ТДМБ кураторы)
«Атамекен» ҰКП Әкім-өңірдегі МСМ министрі – Ведомстволар
ТДМБ кураторы ТДМБ жетекшісі министрлері мен жетекшілері
Бағдарламаны басқару
Кеңсесі – ББК жетекшісі
–МСМ ВЦМ
Салалық жобалар мен Сабақтас
шағын бағдарламалар бағдарламалар
ТОП-10 Виза-көші-қон ҚР СІМ, ІІМ, ҰКК
Әкім орынб. - Өңірдегі режимін ырықтандыру
жетекші
ТОП-50 Көлік қолжетімділігін ҚР ИДМ
қамтамасыз ету
ӨКП Өңірлік ОУП Маркетинг және жылжыту Цифрландыру ҚР АКМ
Өңірлік жобалар мен Мәдени-оқиғалық және Кадрлық қамтамасыз ету ҚР ЕХӘҚМ, БҒМ
бағдарламалар іскерлік шаралар
Статистика ЕҚТА дамыту ҚР АШМ
Бизнесті, сапаны Шипажайлар ҚР ДСМ
дамыту
Мемлекеттік қолдау ҚР ҚМ, ҰЭМ
Мемлекеттік бағдарламаның басқарушы кеңесі қызметіне Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру статуты мен нәтижелерін бағалау, Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды ведомствоаралық үйлестіру, стратегиялық сұрақтар мен туындайтын қайшылықтар бойынша шешім қабылдау, жобаның басқарушы құжаттамалары мен жұмыс регламенттерін бекіту, Мемлекеттік бағдарламаны түзету қажеттілігі туралы шешімді бекіту кіретін, басқарушы орган болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаның Басқарушы кеңесі құрамына мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың, туризм жөніндегі ұлттық оператордың, «Атамекен» ҰКП бірінші жетекшілері кіреді. Сондай-ақ Туризм жөніндегі кеңестің негізінде қажет өкілеттіктер берумен Мемлекеттік бағдарламаның басқарушы кеңесін қалыптастыру мүмкін.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың атқарушы органы жобаларды жүзеге асыруды, олардың мониторингі мен бақылауды, әдістемелік қамтамасыз ету мен Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижелері мен барысы туралы сәйкес есептерді дайындауды жүзеге асыратын Бағдарламаны басқару кеңсесі болып табылады. Бағдарламаны басқару кеңсесін Туризм жөніндегі ұлттық оператор базасында ұйымдастыру қарастырылады.
Жобаларды тікелей жүзеге асыруды құрамын тағайындау мен бекітуді Бағдарламаның басқарушы кеңесі жүзеге асыратын, Жобалық топтар немесе Атқарушы ұйымдар жүзеге асырады.
Нақты өңір (облыс, республикалық маңызы бар қала) шеңберінде туындайтын бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері шешімдерін үйлестіру және өңірлік жобаларды жүзеге асыруды басқару өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органның бірінші жетекшілері жетекшілік ететін және Бағдарламаны басқару кеңсесіне есеп беруге міндетті, Бағдарламаны басқарудың өңірлік кеңселері арқылы қарастырылады.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын әрбір жауапты атқарушы үшін (жоба жетекшілері, орталық және жергілікті атқарушы органдар жетекшілері) КРІ орнатылады, ол бойынша Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар тиімділігі мен еліктіргіштігі жүргізілетін болады.
Халықаралық қаржы институттарының (ДБ, ЕҚДБ, ИДБ, АДБ) жобаларын жүзеге асырудың қолданыстағы тәжірибесіне ұқсастық бойынша Бағдарламаны басқару кеңсесінің қызметін қаржыландыру, соның ішінде қажет кеңсе техникасын және жиһазды сатып алу және Бағдарламаны басқарудың өңірлік кеңселерінің жеке қызметкерлері қызметін қаржыландыру ағымдағы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |